24 ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ШЫҒЫН(ҮНЕМ), ЖАЛҒАСЫ
Кейінге қалдырылған салықты таза міндеттемемен салыстырып тексеру
|
2014 ж.
мың теңге
|
2013 ж.
мың теңге
|
1 қаңтарға қалдық
|
(694,316)
|
(760,470)
|
Табыс пен шығын құрамында мойындалған есеп кезеңіндегі табыс салығы бойынша шығын
|
(148,067)
|
66,154
|
Басқа табыс жиынтығы құрамында мойындалған есеп кезеңіндегі табыс салығы бойынша үнем
|
(27,166)
|
-
|
31 желтоқсанға қалдық
|
(869,549)
|
(694,316)
|
Егер ағымдағы салықтық активтері мен салықтық міндеттемелеріне есеп жүргізуге заңмен тағайындалған құқығы, Топ салықтық активтері мен салықтық міндеттемелеріне есеп жүргізеді, ал кейінге қалдырылған салық бойынша активтер мен міндеттемелер бір салықтық орган өндіріп алатын табыстық салыққа жатады.
ШАРТТЫ Міндеттемелер, КЕлісімдік Міндеттемелер және ОПЕРАЦИялық қауіп Ағымдағы салықтар
Қазақстандық салықтық заң мен нормативтік-құқықтық акт үнемі өзгерістер мен түрлі түсініктер пәні болып табылады. Республикалық, өңірлік және жергілікті салықтық органдары арасында қайшылықтар жиі кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстанда қолданыстағы заңнамалар негізінде анықталған тәртіп бұзушылыққа өсімақылар мен айыппұл салу жүйесі өте қатаң. Айыппұл санкциясы қосымша есептелген салық сомасының 50% және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекіткен қайта қаржылау мөлшері бойынша есептелген өсімақыны 2,5 көбейтілген көлемін құрайды. Қаржылық кезең салықтық органдар тексеру үшін тексеру өткен жылдың алдындағы 5 (бес) күнтізбелік күн бойы ашық қалдырылады.
Кейбір нақтыланған жағдайларда салықтық тексерулер ұзақ мерзімді қамтиды. Қазақстандық салық салу жүйесіндегі екіұштылыққа тән, потенциалды салық, айыппұл санкциясы мен өсімақы сомасы егер ондай болса, осы кезге қатысты шығындарға саналған және 2014 жылдың 31 желтоқсанына есептелген сомадан жоғары болуы мүмкін.
Салықтық қауіпті бағалау кезінде, басшылық салықтық заңдары сақталмайтын саланы қарастырады, Топ қарсы болып, шағымдана алмайды, егер қосымша салықтарды салықтық органдар есептесе ғана сәтті ұтуы мүмкін. Бұндай анықтама айтарлықтай қорытынды шығаруды талап етеді, өз шешімін күткен салықтық қараулар салық органдары сәйкестікке тексеру нәтижесі және салықтық заңнама мен нормативтік-құқықтық актідегі өзгерістер нәтижесінде өзгеруі мүмкін. Топ басшылығы 2014 жылдың 31 желтоқсанына салық салу тарауында барлық қажетті резервтерді құрады және талап етілген сомаларды есептесті деп санайды.
Аяқталмаған сот қараулары
Топ нарықта өз қызметін дұрыс іске асыру барысында түрлі заңдық талаптармен кездеседі. Басшылық сот қарауы (ондай жағдай болса) нәтижесінде туындаған міндеттемелердің қортынды көлемі Топтың одан арғы қызметінің қаржылық жағдайына айтарлықтай жағымсыз әсер етпейді деп пайымдайды.
Келісімдік міндеттемелер
2014 жылдың 31 желтоқсанына Топта 157,976 мың теңге сомасына (2013 жылдың 31 желтоқсанына: 300,081 мың теңге сомасына) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер алу бойынша келісімдік міндеттемелері болған. 2014 жылдың 31 желтоқсанына Топтың тауар-материалдық қорлар (материалдар мен қосалқы бөлшектер) және басқа қызметтер (2013 жылдың 31 желтоқсанына: жоқ) алу бойынша келісімдік міндеттемелері болған жоқ.
25 ШАРТТЫ Міндеттемелер, КЕлісімдік Міндеттемелер және ОПЕРАЦИялық қауіп, ЖАЛҒАСЫ Сақтандыру
Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметінің нарығы қалыптасу кезеңінде және әлемнің басқа елдерінде кең таратылған көтеген сақтандыру түрлері Қазақстанда жеткіліксіз. Топ өндірістің тоқтауынан болған немесе Топтың қызметінің не апатының нәтижесінде қоршаған ортаға немесе жылжымайтын мүлік нысанына тиген зиянына байланысты үшінші тарап алдында туындаған міндеттемелерден өзінің өндірістік ғимараттарына, шығындарына қатысты толық сақтандыру қорғауы жоқ. Топтың толыққұнды сақтандыруы болмағанша, Топтың қаржылық жағдайы мен қызметіне нақты активтердің істен шығуы не шығынға ұшырауы айтарлықтай жағымсыз әсер қаупі болады.
Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер – Топ жалдаушы ретінде
Топ бірқатар келісімдер бойынша өзінің операциялық қызметін дұрыс іске асыру үшін коммерциялық жылжымайтын мүлікті, сонымен қатар, транспорттық құралдар мен компьютерлік техниканы жалдаушы болып табылады.
Топ жалдаушы ретінде саналатын барлық жағдайда, осы операциялық жалдау әрекетінің кезінде жалданған активтерге байланысты барлық қауіп пен пайдалар жабдықтаушы мойнында сақталады. Келісім бойынша жалдау мерзімі есептік күннен бастап 12 (он екі) айдан көп болмайды және Топта шартты бұзу құқығынсыз келісім болмайды.
Операциялық жалдау бойынша міндеттемелер – Топ жалға беруші ретінде
Топ коммерциялық жылжымайтын мүлікті, Топтың артық кеңсе және өндірістік алаңдарын жалға беруде бірқатар келісімдер бойынша жалға беруші болып табылады. Топта шартты бұзу құқығынсыз келісім болмайды.
Қаржылық құралдар, қауіпті басқару бойынша саясат және мақсаттары
Топтың қызметіне қауіп тән. Топ қауіп лимитін және ішкі бақылау шараларын белгілеу арқылы үнемі анықтау, бағалау және қадағалау барысында қауіпті басқаруды іске асырады. Қауіпті басқару үрдісінің Топтың тұрақты рентабелдігін қолдау үшін шешуші маңызы бар және Топтың әрбір қызметкері оның міндеттемелерімен байланысты қауіп үшін жауапты.
Топтың ұшырауы мүмкін қаржылық қауіптер: валюталық қауіп, несиелік қауіп, пайыздық қауіп, өтімділік қаупі. Топ сонымен қатар, операциялық қауіпке ұшырау мүмкін.
Қауіпті басқару құрылымы
Топта қауіпті басқару құрылымы жүйесі Топтың келесі органдары мен бөлімшелерін тарту арқылы бірнеше деңгейде көрсетіледі: директорлар Кеңесі, Басқарма, қауіпті басқару бойынша қызмет, ішкі аудит Қызметі, басқа құрылымдық бөлімшелер.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі қауіпті бірлесіп басқару жүйесін қадағалауды іске асыруда басты рөл атқарады. Директорлар кеңесі Топ қызметіне мақсат қоюды іске асырады, сонымен қатар, қауіпті басқару саласындағы құжаттарды бекітеді, қауіпті қабылдау мүмкіндігі мен қабылдарлық параметрлерін белгілейді.
Басқарма
Топ Басқармасы қауіпті басқару жүйесін сапалы ұйымдастыру және бірлескен саясат талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін бақылау құрылымын жасау үшін жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: |