26 Қаржылық құралдар, қауіпті басқару бойынша саясат және мақсаттары, ЖАЛҒАСЫ Қауіпті басқару құрылымы, жалғасы
Қауіпті басқару жөніндегі қызмет
Қауіпті басқау жөніндегі қызмет Топтың қауіп лимиті мен саясатын, қағидаларын сақтауды бақылау үшін жауапты. Қауіпті басқау жөніндегі қызмет сонымен қатар, бекітілген лимиттермен салыстырғанда қауіпке ұшырайтын позициялар мөлшерін қоса, қауіпті тәуелсіз бақылау және жаңа өнімдер мен құрылымдық келісім қаупін бағалау үшін жауапты. Осы қызмет қауіп туралы есеп пен қауіпті бағалау жүйесіне толық ақпарат жинауды қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит қызметі
Топтың ішкі аудит қызметі қауіпті басқару процедураларының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар жасайды, қауіпті бағалау бойынша әдістемелер мен қауіп басқару процедураларының аудитіне жауапты. Ішкі аудит қызметі өткізілген тексерулер нәтижелерін басшылықпен талқылайды, өзінің қорытындылары мен ұсыныстарын ішкі аудит жөніндегі Комитетке тапсырады.
Құрылымдық бөлімшелер
Қауіпті басқару жүйесінің құрылымында маңызды элементтерінің біріТоптың құрылымдық бөлімшелері. Құрылымдық бөлімшелер қауіпті басқару бойынша шаралардың жоспарларының орындалуына, өз қызметі саласындағы маңызды қауіптер туралы ақпаратты уақытында табуға жауапты. Оның міндеттемелері шегіне қауіпті басқару жөніндегі шаралар жоспарына ұсыныстар енгізу жатады.
Несиелік қауіп
Несиелік қауіп – контрагенттің өз міндеттемелерін толық көлемде уақытында дұрыс орындамау қаупі.
Несиелік қауіп контрагент не эмитенттің іскерлік беделінің төмендеуі мен қаржылық жағдайының нашарлауынан туындауы мүмкін.
Топта несиелік қауіпті басқару әдісіне жатады: болуы мүмкін шығындарға резервтер құру, тұтынушылармен операция бойынша тағайындалған лимиттерді орындау, контрагент күйреуі қаупін азайтуды қамтитын несиеқабілеттілігін барынша талдау. Сонымен қатар, Топ ақшалай құралды салғанда шарттарды қарастырады – триггерлер, оны іске асыру кезінде Топ контрагенттің тиесілі тілшілік шоттарындағы салым сомаларын шығынға жазуға толық құқықты.
Несиелік қауіптің ең үлкен мөлшері қаржылық құралдар бойынша міндеттемелерді үшінші тараптардың орындамауы жағдайында, жыл аяғында шоғырландырылған есепте тіркелген қаржылық активтер мен ашық қаржылық міндеттемелердің, ондайлары болса, теңгерімдік құнына тең.
Міндеттемелердің несиелік сипатымен байланысты қауіптер
Қамтамасыз ету туралы келісімді қолдану арқылы қауіпті төмендетуге ықпалы есепке алынбаған қаржылық жағдай жөніндегі шоғырландырылған есептің теңгерімдік құн саласы осы саладағынесиелік қауіптің ең жоғары мөлшерін анық көрсетеді.
Әділ құны бойынша көрсетілген қаржылық құралдар, олардың теңгерімдік құны құны өзгеруі нәтидесінде келешекте туындауы мүмкін ағымдағы несиелік қауіпті ғана көрсетеді, бірақ қауіптің ең жоғары мөлшерін емес.
Қаржылық активтердің класстары бойынша несиелік сапа
Топ қаржылық активтің несиелік сапасын рейтинг берудің ішкі жүйесінің көмегімен басқарады. Төмендегі таблицада Топтың несиелік рейтинг жүйесі негізінде қаржылық жағдайы жөніндегі шоғырландырылған есеп салаларында активтерді класстарға бөліп несиелік сапасын талдау көрсетілген.
26 ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАР, ҚАУІПТІ БАСҚАРУ БОЙЫНША САЯСАТ ПЕН МАҚСАТТАРЫ, ЖАЛҒАСЫ Несиелік қауіп, жалғасы
|
|
Мерзімі өтпеген және құнсыздандырылмаған
|
Мерзімі өткен не жеке құнсыздалған
2014 ж.
|
Барлығы
2014 ж.
|
мың теңге
|
ескерту.
|
Жоғары
рейтинг
2014 ж.
|
Стандартты рейтинг
2014 ж.
|
стандарттық рейтингтен төмен
2014 ж.
|
Қызметкерлерге несиелер
|
7
|
-
|
770,730
|
-
|
-
|
770,730
|
Қолдану шектелген ақшалай депозит
|
|
-
|
-
|
126,758
|
-
|
126,758
|
Саудалық және басқа дебиторлық қарыз
|
9
|
-
|
3,511,217
|
-
|
70,806
|
3,582,023
|
Сатуға арналған инвестициялық құнды қағаздар
|
10
|
-
|
11,593,668
|
-
|
-
|
11,593,668
|
Банктегі депозиттер
|
11
|
-
|
1,000,000
|
-
|
-
|
1,000,000
|
Ақшалай құрал және оның эквиваленттері (кассадағы ақша шегерілген)
|
12
|
-
|
8,673,285
|
-
|
-
|
8,673,285
|
Барлығы
|
|
-
|
25,548,900
|
126,758
|
70,806
|
25,746,464
|
|
|
Мерзімі өтпеген және құнсыздандырылмаған
|
Мерзімі өткен не жеке құнсыздалған
2013 ж.
|
Барлығы
2013 ж.
|
мың теңге
|
ескерту
|
Жоғары
рейтинг
2013 ж.
|
Стандарттық рейтинг
2013 ж.
|
стандарттық рейтингтен төмен
2013 ж.
|
Қызметкерлерге несиелер
|
7
|
-
|
740,086
|
-
|
27,446
|
767,532
|
Қолдану шектелген ақшалай депозит
|
|
-
|
-
|
57,625
|
-
|
57,625
|
Саудалық және басқа дебиторлық қарыз
|
9
|
-
|
2,542,092
|
-
|
50,833
|
2,592,925
|
Сатуға арналған инвестициялық құнды қағаздар
|
10
|
-
|
11,219,345
|
-
|
-
|
11,219,345
|
Банктегі депозиттер
|
11
|
-
|
500,000
|
-
|
|
500,000
|
Ақшалай құрал және оның эквиваленттері (кассадағы ақша шегерілген)
|
12
|
-
|
9,738,621
|
-
|
-
|
9,738,621
|
Барлығы
|
|
-
|
24,740,144
|
57,625
|
78,279
|
24,876,048
|
Топ өзінің саясатына сәйкесөзінің несиелік қоржыны шегінде анық және жүйелі рейтинг беруді іске асыруға міндетті. Бұл болатын қауіптерді жұмыла басқаруды қамтиды, сонымен қатар, несиелік қауіп мөлшерін өнім мен географиялық өңірі, қызмет түрлері бойынша салыстыруға мүмкіндік береді. Рейтинг беру жүйесі бірқатар қаржылық-аналитикалық әдістерге, контрагенттердің қаупін бағалау үшін басты негіз болып табылатын өңделген нарықтық мәліметтерге сүйенеді. Қауіптің барлық ішкі санаттары Топтың рейтинг беру саясатына сәйкес және түрлі санаттарды есепке ала отырып анықтайды. Берілген рейтингтер жүйелі түрде бағаланады және жаңартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |