Жаратылыстануда ойлаудың номотетикалық түрі жеке нәрселерді
түсіндіруден жалпы байланыстарды, ӛзін қоршаған шындық ортадағы жалпы
заңдылықтарды табуға, түсінуге тырысады.
Оның ойынша, идиографиялық тарихи әдіске кӛптеген уақыт бойы
жеткілікті назар аударылмай келді. Винельбандтың пайымдауында, жалпыға
және текке қатыстыдан басқаның бәрін
жоққа шығару элеаттықтардан
Платон арқылы келген грекше ойлауға тән ерекшелік. Бұл ойлау тек
болмысты ғана шындық деп, сондай-ақ шынайы таным тек жалпылыққа тән
деп түсіндірді. Осы тұрғыдан пайымдаған Жаңа заманның ізбасары деп ол
Шопенгауэрді айтты. Шопенгауэр тарихты шынайы ғылым деп есептемеді,
тарих әрдайым жеке нәрселерді қарастырады
және жалпылыққа ешқашан
жете алмайды дегенді ӛз ойына тірек етті. Идиографиялық әдіске бұлайша
қарау кӛптеген ғасырлардың қателігі болып табылады. Виндельбанд оған
керісінше, «адамның кез келген қызығушылығы мен берген бағаларына, адам
үшін маңызды нәрсенің бәріне жекелік тән әрі ол қайталанбайды» дегенді
ұсынды. Егер бұл пікір жеке адам ӛміріне
қатыстылығына қарай дұрыс
айтылған болса, онда оны «күллі тарихи процеске қатысты да қолдануға
болады, себебі тарихи процесс қайталанбайтындығынан құндылық болып
табылады». Сондықтан,
оның ойынша, біз үшін жеке әрі тарихи деп
есептелінетін нәрсенің бәрінде бізге түсініксіз, мағынасыз, беймәлім
нәрселер бар. Ол «адамның санасында біздің себепсіз тіршілігіміз, яғни жеке
еркіндігіміз түрінде бейнеленеді».
Бұл пайымдаулар неокантшылдықтың тағы бір ӛкілі
Генрих
Достарыңызбен бөлісу: