Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет131/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   217
философия хасанов

оны туғызады, сӛйтіп тегінде байланыссыз, жүйесіз болмысты ӛзара 
байланыстырып, тәртіп орнатады. Жекелеген заттар мен процестерге тән 
жалпы қасиеттерді механикалық жолмен абстракциялау логикалық әдісі 
арқылы алынған болмыстың ӛзгермейтін әр жалпы субстанцияларын табудан 
принципті түрде бас тарту жаңа пайымды дүниеге әкелді. Ол пайым адамзат 
ақылының 
шығармашылық 
жаратылыс 
күшіне 
сенім 
артады. 
Марбурлықтардың ойынша, ғылыми пайымдардың және осыған сәйкес 
дүниедегі заттардың логикалық байланысы функционалдық байланысқа негіз 
болады.
Ғылыммен анықталатын ақиқаттың жалпы әрі қажеттілігін негіздеу 
үшін Канттың беделіне сын айта отырып, шынайы затқа емес, субъектіге 
сүйене отырып, Марбург мектебінің ӛкілдері Канттың теориялық мұрасынан 
«жасырын заттар» ұғымын шығарып тастады. Ӛз алдына дербес тіршілік 
ететін объектілер мүлдем жоқ, тек ғылыми ойлау актісі туғызатын затты 
әлем бар деп пайымдады. Марбурлықтар алгебра мен геометриядағы қажетті 
әрі жалпыланған пікірлерге негіз болған сезіммен пайымдаудың априорлық 


формалары ретіндегі Канттың уақыт пен кеңістік туралы ойларын сынға 
ұшыратты. Олардың ойынша, уақыт пен кеңістіктің мәні сезіммен 
пайымдаудың априорлық формалары болуында емес, ойлаудың 
формалары болуында.
Марбурлықтар 
танымдық 
әрекет 
барысындағы 
шындықтың 
практикалық та емес, тіпті материалдық тәжірибенің де емес, теориялық 
және логикалық ӛлшемдерінің маңызды рӛлін ерекше атап кӛрсетеді. Себебі 
практикада және материалдық тәжірибеде кӛптеген математикалық 
абстрактылы теорияларды тексеру мүмкін болмайды. Марбурлықтардың 
ғылым тарихын ғылыми ойлар мен мәселелердің ішкі даму логикасынан тыс 
түсіну мүмкін болмайтындығы туралы ойлары да ерекше назар аударарлық. 
Ғылым тарихындағы адамзаттың ақыл белсенділігінің ӛсуі оның басты 
заңдылықтарының бірі болып табылады. Олардың ғылымды адамзаттың 
рухани мәдениетінің ең жоғары формасы деп мойындауына келіспеске 
болмас. Шынында да, ұғымдар мен теорияларда адамның жоғары 
шығармашылық қабілеттері объективті сипат алады.
Сонымен бірге, олардың бағдарламаларының кемшілік жақтары да 
болды, бұл кемшіліктер олардың философия сахнасының тӛрінен кетуіне 
әсер етті. . Біріншіден, білім мен болмыстың байланысына құрылған 
классикалық гносеологиялық мәселелерді қарастырудан бас тартуы оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет