жетістіктері мен ӛнеркәсіп жетістіктерінің бірлігі және тәрбиенің құдіретіне
сенім арту – оның ілімінің ең маңызды тұсы болып табылады. Жеке адамның
мүддесі мен ықыласын дұрыс түсіну –
ойшылдың барлық моральдық
кӛзқарастарына негіз болған.
Гельвеций материалдық болмысты ғана мойындайды. Әлем,
Гельвецийдің ойынша, «қозғалмалы материядан басқа ештеңе де емес, ал
уақыт пен кеңістік – материяның ӛмір сүру формасы». Ламетридің және
Гольбахтың ізімен, Гельвеций де адамды табиғаттағы жалпы жүйелердің бірі
ретінде анықтап, оны табиғи тіршілік иесі деп атайды.
Адам туралы
негізделген тұжырымдары үшін Париж парламенті Гельвецийдің
«Адам
туралы» деп аталатын басты еңбегін отқа жағуға үкім шығарды.
Еркін ойлауға қарсы ушыққан репрессия Гельвецийдің зерттеулеріне
тосқауыл бола алмады. Адамның миында
пайда болатын елестер мен
ұғымдарды ол материалдық шындыққа қатысына қарай екінші орынға қояды.
Гельвеций нағыз атеист болды, ол Құдайға сену бір адамдардың мәдениетсіз,
кӛргенсіз әрекеттерінің нәтижесі және олардың екінші бір адамдарды саналы
түрде алдауға баруы деп түсіндірді.
Ламетри Жюльен Оффрэ (1709-1751 жж.) XVIII ғасырдың соңында
француз буржуазиялық революциясының идеялық
пісіп жетілуіне аса зор
үлес қосты.
«Қасиетті отбасы» еңбегінде айтқан батыл ойлары үшін Маркс
Ламетриді Декарттың «физикасынан» ӛсіп-ӛнген бағыт беруші «орталық»
деп атаған болатын.
Ламетри патша гвардиясында дәрігер болып қызмет етті, әскери
амалдарға қатысып, ақыры ауруға шалдығады. Зерттеуші ретінде ӛзінің
ауруына бақылау жүргізе келіп,
адамның психикалық саулығы
физиологиясымен
байланысты
болады
деген
тұжырым
жасайды.
Тұжырымын дамыта келе, Ламетри оның философиялық негіздерін
толықтырды, жалғыз субстанция – материя бола алатындығы жӛнінде ӛзінің
идеясын ұсынды.
«Жанның жаратылыс тарихы» жӛніндегі
алғашқы
философиялық еңбегінде ол осы ойларын жинақтап, Жаңа дәуірдің
материалистік идеяларын дамытуға негіз қалады. Бұл еңбек те, автор да дінге
және идеализмге дұшпандықпен қарағаны үшін қуғынға ұшырады.
Жаратылыстану ғылымдарының нәтижелеріне сүйене отырып, Ламетри
ӛзінің
«Адам-машина» атты екінші еңбегінде механистік материализмнің
басты ұстанымдарының негізін қалады. Басқа
француз материалистері
сияқты Ламетри де Декарттың физикасы мен Локктың сенсуализмін әрі
қарай дамытты. «Жан» деп адамның сезу және ойлау қабілетін түсінді және
сезім күнделікті ӛмірге ең сенімді жетекші бола алатынын айтты. Қоғамдық
құбылыстарды түсіндіруде, әлеуметтік ӛмірдің қандай болмағы адамдардың
мүдделері мен
тілек-қалауларына байланысты, ал ол қоғамдағы үстем
идеяларға тәуелді болады деген пікірді ұстанды.
Достарыңызбен бөлісу: