Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық


қозғалыстың философиялық қағидалары»



Pdf көрінісі
бет108/217
Дата22.09.2022
өлшемі1.78 Mb.
#461107
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   217
философия хасанов

қозғалыстың философиялық қағидалары» атты еңбектерінен анық 
кӛрінеді.
Ӛзін француз ағартушыларының ізбасарымын деп жариялаған ІІ 
Екатеринаның шақыруымен Дидро Ресейде 1 жыл болады. Мемлекеттік 
заңдарды шығару және қабылдау, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын 
жақсарту, крепостнойлық құқықты жою, Ресей университетін ашу жӛніндегі 
мәселелерде ол күн сайын патшайымға ӛзінің ақыл-кеңесін беріп отырды. 
Екатеринаға «Ресейде халықпен сайланатын парламентке құрылған 
конституциялық монархия орнату» жӛніндегі ӛзінің жобасын ұсынды. 
Бірақ «патшайымның кӛзін ашқысы келген» ағартушының әрекеті сәтсіз 
аяқталды. Оның жобалары жақсы қабылданғанмен, Адмиралтействоның 
архивінде шаңға кӛміліп қала берді. Осыған қарағанда, ол жобалар күнінен 
бұрын дүниеге келген сияқты. Үлкен ӛзгерістер енгізу үшін жақсы ниет
ынта-ықылас таныту тым жеткіліксіз еді.
Дидро мәңгілік шексіздік, материалдық тұтастық пен әлемнің дамуы 
туралы идеяларын негіздеді. Сана (ойлау) мен болмыс (шындық) бір-біріне 


қарама-қарсы болғанмен, екеуі біртұтастықты құрайды, себебі екеуі де бір 
субстанцияның – материяның атрибуты болып табылады деді. Дидроның 
ойынша, болмыс тек материя мен қозғалысқа ғана тән болып келеді. Табиғат 
материалды, ол барлығының субстанциясы, яки негізі болып табылады. 
Сезімділік – бейорганикалық табиғаттың белгісін кӛрсетеді. Бүкіл әлем 
белгілі бір деңгейде жанды болып келеді. Материяға белсенділік, қозғалыс 
тән болса, абсолюттік тыныштық – бұл дерексіз және ол табиғатта жоқ. Сол 
сияқты рухани субстанция да табиғатта жоқ, ол жеке адамнан тыс қаралғанда 
ғана рухани болады.
Таным теориясы мәселесінде Дидро ӛзінің замандастары секілді 
«сезімділік пен ойлаудың арасында ешқандай айырмашылық жоқ» деген 
пікірде болды. Ал білімнің кӛзі – әсерлену, ойлау дегеніміздің ӛзі «ӛңделген 
әсерлер» деді. Біздің миымызда ойдың пайда болуына сӛз әсер етеді, сӛз 
шындық ӛмірді жинақтап тұрған «тетіктер» секілді қызмет атқарады. Ол 
заттардың жекелеген қасиеттерін дерексіздендіріп, ойлаушының назарын 
жалпыға аударады және бұл қасиет сӛздердің басым кӛпшілігіне тән болып 
келеді.
Дидро сезімдік қабылдау мен ойлаудың арасындағы байланыс пен 
бірлікті анықтай келіп, «деректерсіз ойлау қажетсіз алып-сатарлыққа, ал 
ақылмен ӛңделмеген кӛп дерек хаосқа әкеледі» деді. Басқалай айтқанда
білімнің тұрақтылығы табиғатпен, ӛмірлік тәжірибемен және осы 
тәжірибенің негізінде ойқорытындылар жасау қабілетімен байланысты 
анықталады.
Діни мораль қағидаларын теріске шығара отырып, Дидро адамдардың 
бақытқа деген ұмтылысын адамгершілік әрекетке негіз етті. Ол адамның 
жеке мүддесі мен қоғамдық мүдделерді ақылмен үйлестіруді насихаттады. 
Табиғатты 
материалдық 
тұрғыдан 
түсіндірсе 
де, 
осынау 
ұлы 
«энциклопедист», білгір оқымысты қоғамдық қатынастар турасындағы 
кӛзқарастарында қиялшыл-идеалист, яки утопист-идеалист болып қала берді. 
Қоғамның құрылысын ол қоғамның саяси ұйымдасуына тәуелділікте 
қарастырды. Ал қоғамның саяси ұйымдасу ерекшелігі ондағы заңнамалардан, 
түптеп келгенде, қоғамдағы үстем етуші идеялардан кӛрінеді. Байсалды 
қоғам құрудағы жалғыз үміт-арманын «білімді басшыға» артып қойды.
Шафтсберидің «Лайықты еңбек және рақымшыл жандар туралы 
зерттеулер» атты еңбегінің аудармасына қатысты ойларында Дидро діншіл 
католик ретінде кӛрінбейді. Ол кейбір мәселелерде ӛзінің атеистік 
кӛзқарастарын білдірген, дінге деген жалаң сенім оны ұстанушыларға 
рақымшылық пен адамгершілік әкелетініне күмән келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет