Тақырып бойынша өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мәдениеттегі морфология деген не?
2. Мәдениеттің түрлері
3. Мәдениетті типологизациялаудың критерийлері
60
4. Тәңірлік мәдениеттің ерекшелігі
5. Г. Мак-Люэнның теориясы
Ұсынылған әдебиеттердің тізімі:
1. Кокумбаева Б.Д. Казахская музыкальная культура: учебное пособие
/Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ПГПУ, 2020. – 134 с. – сс. 33-40.
http://кітапхана.қаз/catalog/200825/200825-001.htm
2. Мәдениет Типологиясы https://kk.birmiss.com
3. Қазіргі даму кезеңіндегі қазақстан мәдениеті – 10.07.2015//
https://baribar.kz/student/754/qazirgi-damu-kezenhindegi-qazaqstan-m/
4. Кокумбаева Б.Д. Неисчерпаемый мир музыки Великой Степи:
монография / Б.Д. Кокумбаева. – Павлодар: ППУ, 2020. – 155 с. – сс. 86-89.
http://кітапхана.қаз/catalog/201101/201101.htm
12 тақырып. Музыкалық өнер рухани тәжірибе ретінде
Тақырыптың мақсаты: Музыкалық өнердің рухани тәжірибе
түрін сипаттау
Пәннің негізгі терминдері және ұғымдары: рухани тәжірибенің
қасиеттері және түрлері, үнді, мұсылманды, иудалық рухани тәжірибе-
лері, Шығыс және Батыс өңірлеріндегі музыкалық рухани тәжірибесі.
Музыкалық өнер рухани тәжірибе ретінде тақырыбы бойын-
ша сұрақтар:
1. Рухани (діни) мәдениет туралы жалпы түсінік және де оның
аясындағы музыканың орны
2. Орта ғасырдағы Шығыс және Батыс мәдениет аясындағы
музыкалық өнер
Дәріс:
1. Рухани (діни) мәдениет туралы жалпы түсінік және де оның
аясындағы музыканың орны
Музыкалық өнер, атап айтқанда, өнер рухани тәжірибе ретінде
орта ғасыр мәдениетінде құрастырылды. Бұл көп салалы, сонымен
қатар өзіндік шығармашылық бағыты бар, өнегелі ерлігі мен қайғы-
қасіретке толы бүтін әлем. Белгілі бір мәселелерде бірлікті танытып,
еңді бірде қатан күреске түсіп кету де осы ғасыр еншісінде. Есте
қаларлығы, ортағасырлық мәдениетте дінге берілу өткір бейнеленді.
Көптеген адами бағалаулар тек дінде қалыптасты. Дін адамның өзін
түсінуге жол ашты, қоғамдағы саналы бағыттарды белгілеп берді. Тек
дінде көптеген адамзат құндылықтары құрылып, жалпы адамгершілік
көзқарастар қалыптасты. Өміріне мағына еніп, күнделікті істерде
қалай жүруіне бағыт көрсетті. Адамгершілік сананың жоғары үрдісте
61
дамуы туралы ақыл-ой, ең алдымен, адамның, рухани және құлықтық
сапаларының бағалану қажеттігіне әкелді. Әртүрлі діндердің құлық-
тық бағдарламасы мен әдеп шамаларының мазмұны негізінен өзара
сәйкес болғандықтан, ортағасырлық мәдениет тарихының іргетасы
қаландығы айқын.
Дәуірдің діни-әлемдік көзқарас бағыты өнерде де өз бейнесін
тапты, әрі ортағасыр мәдениетінің «айнасы» ретінде айқындалды.
Мұнда сөз бен саздың түп-тегіне негізделген ауызекі дәстүр ең басты
роль атқарады. Бұл тұстағы діни ғибадат құрылымы да көрнекті: ол
иконалар мен құдайдардың мүсіндеріне өзгеріс енгізе алатын немесе
қандай да бір бейнелерді (мұсылмандық, иудалық) жоғалтып жібере
алатын. Шіркеуде діни қызметтер ұйымдастырып, оны сәулет көмегі-
мен сүйенбей-ақ атқара беретін: би тілін пайдалана отырып, оны
қабылдамау сәті де бола беретін; бірақ жартылай айтылатын, жарты-
лай әндететін, яғни шешендік өнерге және сазға бірдей тиесілі
дыбысталатын, сыйнатын, тірі сөзді басты аспап ретінде иеленбеген
бірде-бір дін жоқ.
2. Орта ғасырдағы Шығыс және Батыс мәдениет аясындағы
музыкалық өнер
Өнерде көркемдік түрдегі өзіндік ұқсастық қана емес, Шығыс
және Батыс мәдениетіне тән ерекшеліктер де кездеседі. Тағылық
қойнауынан шыққан шығыс өркениетінің өзіне тән ерекшелігі
кешенділікті нәзік түсінуінде болды, осының негізінде діннің, өнер
мен ғылымның бірлестігі қалыптасты, өнер түрлерінің тұтастығын
қамтамасыз ететін көркем синкретизм пайда болды. Мұнда сәулет,
кескіндеме, мүсіндеу мен музыканың өзара байланысқандығы сонша-
лық, біреуі басқасынан бөлек болса, ол соңына дейін түсініле де
алмайды.
Мұнда мысал ретінде үнділік өнер теориясы жөніндегі трактаттан
үзінді келтіруге болады: Билеуші (раджа): Жаратқан, күнәсіз! Маған
жәрдем қолын созшы және мүсінді бейнелерді тудыруға үйретші. Дана
(брахман): Сурет өнері заңдылығынан жат болған кісі, ешқашан да
мүсінді жасау заңдылығын білмес. – Ендеше мейірбандықпен қарашы
және маған сурет өнерінің заңдарын танытшы. – Биді білмейінше
сурет өнерінің заңдарын түсіну қиын.
– Рақым етіңізші, мені би өнеріне үйретші. – Аспаптық музыканы
білмейінше бидің заңдарын түсіну мүмкін емес. – Жалбарынып
сұраймын, мені аспаптық музыканың заңдарына үйретші. – Әншілік
өнерден жат болған кісіге аспаптық музыка заңдары түсініксіз болар. –
Егер әншілік музыка барлық өнерлердің бастамасы мен соңы болса, о
дана, маған вокалды өнер заңдарын танытшы.
62
Ежелгі дәуірдегі мәдениеттің шығыс өркениетінің ерекшелігі
әлемдік көзқарастағы мифологиялық-діни көркемдіктің өміршеңдігі
арқылы да танылады, әрі олар табиғатқа ұқыптылықпен қараған.
Адамзат табиғатқа әр уақытта бір тіршілік иесі ретінде қараған. Себебі
осы табиғаттың ішінде оның бүкіл өмірі өтеді. Сондықтан ол еш
уақытта оның еш нәрсесіне тиіспейді. Адамзаттың табиғат істеріне
араласуына, оны жоюына ешбір қақысы жоқ деген шығыстық
классикалық пайымдаулар біздің қазіргі күнде де, яғни ғарыш пен
табиғаттың тозу үрдісінде, мойын бұрдыртады және өте қажет нәрсе.
Шығыс өркениетіне тән тағы бір құбылыс – ауызша мәдениет
табиғаты. Бір жағынан, әр Шығыс мәдениеті әлемдің өркениетке өзін-
дік орасан зор із қалдырады. Олардың ішінде алғашқы әйгілі қолжазба
жұмыстары, патшалық кезеңдегі тарихи заңдар, әдеби шығармалар,
ғылыми мәтіндер дүниежүзілік кітапханаларда ерекше мүлік ретінде
орын алады. Тағы бір түсынан қарастыратын болсақ, бүгінгі күнде де
Шығыс мәдениетінің басым көпшілігі ауызша және жазбаша келісші-
лік құрайды. Қорытындысында, жоғары жазбаша мәдениетінің қата-
рында жалпы азиатты феномен ауызша кәсіби-мәдениет даму үстінде
болады.
Батыс туралы айтатын болсақ, оның дамуының жалпы бағыты
жазбаша мәдениетке бағдарлау әсер етті. Оның бастауы грек-римдік
ежелгі қоғамнан басталады, ол батыс мәдениеті үшін үлгі-нұсқа
болды. Жазудың басталуы философияның, ғылымның, әдебиеттің
қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Бұл жерде философиялық ой-
пікірлердің жаңа түрін қалыптастырды. Жаңа ойлау түрі – интел-
лектінің, ақылдың бағытындағы мықты негіз. Бәрімізге мәлім, табиғат
қарым-қатынасынан жақын, жоғары тұрғандықтан, адамзат өзінің
табиғат үстінен үстемдік етуін орнықтыра бастайды. Осыдан барып
батыс философиясының іргетасы болған материалистік көзқарас
пайда бола бастайды. Демек, қоршаған ортаға көңіл бөлу эмоционал-
дықтан рационалдық ауысумен айқындалады.
Антикалық мәдениетте, философияда адамның бағындыру ұғымы
жоғары тұр. Сондықтан да болса керек, Софоклдың «Антигона»
трагедиясында: «Табиғатта әртүрлі күш көп, бірақ адам бәрінен
басым» – деп жырланады. Еуропалық мәдениеттің арғы бейнесі болып
саналатын грек-рим өркениетінде әдебиет сияқты жазу түрінің
қалыптасуы болды. Оның қалыптасуы бір-бірімен тығыз байланыс-
тағы екі түрлі бағытпен сипатталады. Бір жағынан, ол – біртұтас
құбылыс. Екінші жағынан, әдебиет текке «эпос, лирика, драма және
жанрларға бөлінеді. Әр тек өмір құбылыстарын өзінше көркемдік,
шығармашылық тәсілмен өрнектейді. Эпос адамзат басына болмысты,
63
өмірлікті бейнелесе, лирикада рух, демек ойлау мен сезім басым. Ал
драма – іс-әрекетті, яғни еркіндікті нысана етеді де, әртүрлі қақты-
ғыстағы бейнелеуді пайдаланады.
Қалай болғанда да, барынша танымал – эпопеялық түр. Ол
алғашқы қауымдық және көне ғасыр әлемінің, салт-дәстүр және
өркениеттің шекарасында туындайды. «Ол өте мәртебелі шеқара
әлемінде тұрғандықтан, одан кері шексіздің де, келешектің де шексіз-
дігін көруге болады. Эпопея болмыстың ең негізгі мәселерін ұғын-
дырады: олар – өмір мен өлім, бейбітшілікпен соғыс».
Лирика термині Александрия заманында «мелика», алғашқыда
өлең, ән деген атаудың мағынасын ауыстыра келген. Мұнда ол өзінің
ерекшелігімен бірнеше дәуір қарсаңындағы саяси күрес және әлемтану
қиыншылықтарын көрсете білген жекеленген лирикаға айналады.
Г. Гачев лирика мен философияны шығу тегі бір деп бекер айтпады,
себебі бұлар бүтіннен жеке тұлға болып шығып отыр. Бұлардың екеуі
де «өздерінің негізін әлемді айнала шарланған адам өмірінің тағдыры-
нан алады және дүниедегі басынан өткерген, көрген нәрселерін
керемет, пәк, таза қалпында көрсете біледі. Сондықтан да бірінші
жақта қауымның болуы, екінші жақта абстрактілі ақылдың болуы
заңды болып көрінеді. Ақыл адамға емес, әртүрлі іске қызмет еткісі
келеді. Қорытындысында, бұл үрдістің нәтижесінде ХХ ғасырдағы
атомшы-оқымыстылар адамзат өміріне қандай қауіпті «істер» өндір-
гендерін өздері де сезбей қалды. Себебі олар өздерінің жұмыстарын
өркендетуге, басқаша айтқанда, ғылымға қызмет жасады, бірақ жеке
адам тұлғасының бар екенін ескере бермеді.
Тарихи даму барысында батыс типі функциональдық доминант
тұрғысынан көрнекі (визуалды) сипатқа ие болады. Сондықтан көркем
мәдениет сахнасына бейнелеу өнері, оның ішінде әлемді барынша
толықты танытанын кескіндеме шығады. Бұл Еуропада шындықты
танудағы «жоғары» және «жетілген» тәсіл болып саналды. Леонардо
да Винчидің кескіндеме өнерін саздан да, поэзиядан да жоғары деп
дәріптеуі аса қызықты: кескіндеме – көру өнері, ал көру – адам
баласының ең қажетті сезім мүшесі.
Сонымен грек-рим өркениетіне жататын батыстық тип өзіндік
мәдени негіздердің түбегейлі өзгеруімен сипатталады. Діни мәдениет-
тің өзінде шешуші фактор музыкалық өнерде елеулі із қалдыратын
жазбаша бастама болып табылады. Мұнда акустикалық ауызша
мәдениеттен ноталық композиторлық тәжірибеге бетбұрыс жүзеге
асырылады. Осылайша дыбыс өнерінде музыкалық және мәдени
болмыстың барлық негіздерін түбегейлі өзгертуі жүзеге асырылады.
Ақыл мен интеллект ұстанымдарына негізделген ойлаудың жаңа
түрінің қалыптасуы мәдениеттің зайырлы (ақ сүйек) түріне көшуге
64
жол ашты. Мұндай революциялық жылжу өнердің көркем феномен
ретінде қалыптасуының алғышарттары мен жағдайларына себепші
болады. Жаңа феномен Жаңа Уақыттың музыка өнерінде ең танымал
болады, ол келесі тақырыптарда толығырақ қарастырылады.
Түптеп келгенде, орта ғасырдағы музыкалық өнер әмбебап, яғни
универсалды құбылыс болып табылады. Өйткені, бұл кезеңге
музыкалық өнердің рухани тәжірибе ретіндегі түрі тән. Сонымен
қатар, Шығыс мәдениеттің және музыкалық өнердің ерекшеліктері:
біртұтастық феномен, табиғатқа ұқыптылықпен қарау, ауызша және
жазбаша келісшілігі, музыка мәдениетінің 2 түрі дамуы: ауызша және
ауызша мен жазбаша түрлерінің байланысы болып табылады.
Батыс мәдениеттің және музыкалық өнердің ерекшеліктері: грек-
римдік ежелгі қоғамнан басталатыны, табиғат қарым-қатынасынан
гөрі адам өзінің табиғат үстінен үстемдік етуін орнықтыруы, жазбаша
мәдениетке бағдарлау, ноталық, композиторлық тәжірибе маңызды-
лығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |