Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Ойын-сауық – күнделiктi өмiрден босаңсу, көңiл көтеруге мүмкiндiк  беретiн, рахаттанатын қызмет түрi. Орналастыру жабдықтарының қызметтерi -



Pdf көрінісі
бет142/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   153
suraganova turizm inf

Ойын-сауық – күнделiктi өмiрден босаңсу, көңiл көтеруге мүмкiндiк 
беретiн, рахаттанатын қызмет түрi.
Орналастыру жабдықтарының қызметтерi - туристердi орналасты-
ру жəне қонақүй, арнайы емдiк-сауықтандыру, санаторийлiк, туристiк жəне 
басқа қызметтердi орындаушылық iс-қимыл.
Отель – бұл iрi қалада немесе рекреациялық орында қызмет етушi 
қызметкерлерi бар, қосымша қызметтердiң кең спектрiн, комфорттылықтың 
жоғары деңгейiн ұсынатын қонақүй кəсiпорнының дəстүрлi типi.
Өзiндiк туризм – туристер өз бетiмен ұйымдастыратын жүрiп тұрудың 
белсендi тəсiлдерiн пайдаланатын саяхат.
Пансион – бұл əлемдiк тəжiрибедегi ең кең таралған орналастыру 
кəсiпорны. Басқа қонақүйлермен салыстырғанда пансионды жалдау ар-
зан. Оның стандартқа сəйкес болуы мiндеттi емес, жұлдыз категориясына 
бөлiнбейдi.
18–1037


274
Растау кітабы – қызмет көрсету үшін төлемдерін растайтын туристік 
топпен бірге жүрген гид аудармашыларға берілетін құжат. Туристерге 
қызмет көрсетуін растайды. Бұл кітапты қызмет көрсетудің түрі, туристер-
дің саны, төленген қызметтердің тізімі көрсетіледі.
Рекреация – еңбек ету процесiнде жұмсалған күш пен денсаулықты 
қалпына келтiру.
Рекреациялық туризм - демалу жəне емдiк үшiн болатын саяхат.
Ротель – бiр немесе екi орындық нөмерден тұратын вагон (қозғамалы 
қонақүй). Онда асханасы, əжетханасы жəне киiнетiн бөлмесi болады.
Сақтандыру полисі – сақтандыру компанияның саяхатшыға олардың 
арасындағы сақтандыру туралы келісімді растайтын құжат. Бұл құжатта 
сақтандыру жағдайында саяхатшыға төленетін белгіленген ақша сомасы.
Саяжай (дача) – жеке адамдардың меншiгiндегi демалу үшiн қолда-
нылатын екiншi рекреациялық тұрақ.
Саяхат маршруты – туристің саяхат кезінде ретпен баратын барлық 
пункттер мен орындардың тізімі, жүретін жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет