Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Туризмнiң экономикалық тиiмдiлiгi



Pdf көрінісі
бет145/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   153
suraganova turizm inf

Туризмнэкономикалық тиiмдiлiгi – бұл мемлекет ауқымында 
туризмдi ұйымдастырудан түсетiн экономикалық ұтыс; аймақтық туристiк 
қызмет көрсетуi; туристiк фирманың өндiрiстiк - қызмет ету процесi 
арқылы қол жеткiзуi мүмкiн.


276
Туризмнің материалды-техникалық базасы – туристерге қызмет 
көрсету үшін арналған (ғимарат, құрылыс, көлік, құрал-жабдық жəне т.б.) 
еңбек құралдарының жиынтығы.
Турист – жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi мерзiм кезеңiнде 
уақытша болатын елдi (жердi) аралап көретiн жəне ақылы қызметпен ай-
налыспай, сол елде сауықтыру, танымдық, кəсiби-iскерлiк, спорттық, дiни 
жəне де өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнеп шығатын жеке тұлға.
Туристiк агент – туроператор мен тұтынушының арасындағы делдал 
фирма. 
Туристік класс – 2-3 жұлдызды қонақүйде орналасу, экономикалық 
класпен, тұрақты рейспен (чартерде болуы мүмкін) топты тасымалдау. 
Туристік класта қызмет көрсету туристік саяхаттарды ұйымдастырғанда 
қолданылады.
Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы 
түрiне лицензиясы бар жеке жəне заңды тұлғалардың (бұдан əрi – турагент)
туристiк өнiмдi ұсыну жəне өткiзу жөнiндегi қызметi.
Туристiк аймақ - демалу, оқу процесi немесе денсаулықты 
сауықтандыру үшiн қызмет көрсету мен қондырғылар орналасқан терри-
ториялар. Тəуелсiз болуы үшiн туристердiң тұрақтануына керектi барлық 
құрылыстар.
Туристiк əсер – бұл туристердiң туристiк өнiмдi тұтыну нəтижесiндегi 
рухани жағдайы мен оң эмоцияларының кешенi.
Туристiк ваучер – турдың құрамына кiретiн қызметтерге туристiң 
құқығы жəне олардың ақысы төленгенiнің фактісін растайтын құжат;
Туристiк жолдама – туристiк қызмет көрсету кешенiн алуға құқықты 
растайтын құжат;
Туристiк индустрия – туристердi орналастыру құралдарының, көлiктiң
қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерiмен 
құралдарының, танымдық-сауықтыру, iскерлiк, спорттық жəне өзге де 
мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, 
сондай-ақ экскурсиялық қызмет жəне гидтер (гид-аудармашылар) қызметiн
көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет