Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Маусым емес – туристік саяхаттың төмендеу кезеңі. Кезең еместің  күнтізбек шекаралары елдің табиғи-климаттық шарттармен анықталады. Спелеотуризм -



Pdf көрінісі
бет143/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   153
suraganova turizm inf

Маусым емес – туристік саяхаттың төмендеу кезеңі. Кезең еместің 
күнтізбек шекаралары елдің табиғи-климаттық шарттармен анықталады.
Спелеотуризм - үңгiрлердi аралау, зерттеу, танумен байланысты сая-
хат;
Статикалық мəзір - уақытынан бұрын белгiлi бiр уақыт аралығына 
жасалынған мəзір, оның жалғыз мүмкiндiгi себебiне байланысты, 
мейрамханадағы тағамды дайындау сапасы мен бағаларына қатаң 
бақылауына негiзделген.
Табльдот (table d` hote) – бiр бағамен ұсынылатын кешендi меню. 
Бағасына жеңiл астан бастап десертке дейiнгi бағалар қосылады. 
Таверна – мейрамхана түрi, оның негiзгi атқаратын қызметi - тағам-
дарды ұсыну. Олар категорияларға бөлiнедi. Категорияларына байланыс-
ты тағамдар мен сусындар ассортиментi интерьер сəйкестiгiмен бөлiнедi. 
Жұмыс iстеу уақыты бiрнеше сағаттан бiр тəулiкке дейiн.
Тақырыптық саябақ - бiр тақырыпқа сəйкестендiрiлiп 
ұйымдастырылған саябақ. Мысалы,World Disney анимацияларына арналған 
Disneyland.
Тасымалдаушы – туристердің тасымалдауын əртүрлі көлікпен іске 
асыратын ұйым немесе жеке кəсіпкер.
Тасымалдаудың ұзақтығы – саяхатқа жұмсалған уақыт.
Топтық билет – белгілі бір маршрут бойынша бірге жүретін туристік 
тобының барлық мүшелеріне берілетін билет. Топтық билет жол жүру 
құжаттарын толтыру процесін жеңілдету үшін қолданылады. Осындай би-
лет топтық тариф бойынша топтық жетекшісінің атына мүшелердің санын 
атап көрсетуімен жазылады. Бұл билет саяхат жасаушылардың топпен 
бөлініп, саяхатты жалғыз жалғастыруына құқық бермейді.


275
Транспорттық қызмет – негiзгi жəне қосымша болып бөлiнедi. 
Негiзгi - туристердi тұрғылықты мекен жайдан туристiк мекенге жəне 
керiсiнше, қосымша - трансфер, экскурсияны көлiкпен қамтамасыз ету.
Трансфер – туристi көлiк терминалынан қонақүйге, қонақүйден көлiк 
терминалына жеткiзу қызметi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет