Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Туристік индустрияда транспорт оның негізгі бөлігі жəне



Pdf көрінісі
бет49/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153
suraganova turizm inf

3. Туристік индустрияда транспорт оның негізгі бөлігі жəне 
қажетті жағдайы ретінде
Туризм нарығындағы сəттіліктер негізгі жəне саналы 
көліктік инфрақұрылым кез келген туристік орталықтың 
дамуының маңызды бастамаларының бірін құрайды. Өз тара-
пынан туризмдегі сұраныс туризм көліктік индустрияның тез 
қарқынмен дамуына итермелейді. Соңғы он жылдықта көлік 
индустриясының ғылыми-техникалық жетістіктері белгілі бір 
рөл ойнады.


95
Туризм толығымен көлікке, туристің орын ауыстыру кезінде 
көрсетілетін қауіпсіздігіне, жылдамдығы мен жайлылығына 
бағынышты. Транспорттық компаниялардың өзара қатынасының
негізгі түсінігі, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
мəселесі бойынша өзара қозғалыс ережелеріне сəйкес туристер ге, 
сондай-ақ саяхатты ұйымдастырушыларға жеңілдіктерді қол дану 
сату кезінде басты мағынаға ие болады. Туризмнің дамуын дағы 
кедергі болатын факторлар, ол транспорттық жүйе 
дегі кейбір 
мемлекеттердің əлемдік стандартқа сəйкес кел 
меуі, ал тран-
спорттық жобалар əуе жолдары, автомобиль мен темір жолдар 
жаңа құрылыстың бөліктері болғандықтан олар ауқым ды инвес-
тиция мен уақытты талап етеді.
Транспорттың дамуындағы туризмнің əсері кең ауқымды 
жəне əр тарапты болып келеді. Ол материалдық-технологиялық 
базаның дамуын, транспортты басқарудың жоғарғы деңгейін, 
транспорттық қызмет жүйесін, сонымен қатар көліктік тариф сая-
сатына сай жүргізуді талап етеді.
4. Туристерге арналған мамандандырылған əртүрлі көліктер: 
туристерге қызмет көрсетудегі əуелік, теміржолдық жəне басқа 
да көліктің түрлерімен қызмет көрсету мүмкіндіктері
Саяхат барысында туристік тасымалды ұйымдастыру үшін 
əртүрлі транспорт түрлері қолданылады.
Туристік тасымалдаудағы əуе көлігі
Статистикалық мəліметтерге қарағанда соңғы кездері авто 
көліктермен салыстырғанда əуе көлігінің рөлі жоғары. Бұл ұзақ 
қашықтыққа қысқа мерзімдік турларды ұйымдастыру мүмкіндігін 
береді. Бұның барлығы туристік бизнесте əуе тасымалына басты 
назар аударуды талап етеді. Ұшақтар – əлемдегі ең тиімді транс-
порт түрі. Осы жерде туризмдегі əуе тасымалы туралы айтуға бо-
лады. Бұның бірнеше дəлелі бар:
- біріншіден, əуе – ұзақ қашықтыққа саяхат жасау үшін ең тез 
жəне ыңғайлы транспорт түрі.
- екіншіден, қазіргі кезде əуе рейстерінің сервисі туристер 
үшін жағымды түрге ие.


96
- үшіншіден, əуе компаниялары тікелей жəне халықаралық 
желі арқылы броньдау жəне резервтеу жүйелерін жүзеге асырады 
жəне броньдалған əрбір орын үшін комиссиялық төлем төлейді.
Əуе транспорты əлемдік шаруашылықта ең тез жəне жоғары 
дəрежеде дамып келе жатқан сала болып табылады жəне жылдан-
жылға бүкіл əлемдік көлік жүйесінде рөлі артуда.
Қазір əлемде 1300-ден астам əуе компаниялары жұмыс жа-
сайды. Орташа есеппен алғанда əуе рейстері арқылы жылы-
на 1,5 млрд. астам жолаушы тасымалданады. Халықаралық əуе 
қатынасында 470-тен жоғары тасымалдаушылар бар, олардың 250-
дейі халық ара лық əуе рейстерін жүзеге асырады. Халықаралық 
əуе қатынасы қызметтерінде 1000-нан астам əлемдік əуе жайлар 
бар, олардың 650-і халықаралық əуе тасымалын жүзеге асырады.
Əлемдік тасымалдар саны бойынша ең ірі əуе компанияла-
ры: американдық «Pelta Air Lines», «Pan Amerikan», «United», 
француздық «Air Frence», неміс «Lufthansa», британдық «British 
Airways» жəне т.б. Ресейдің ең ірі əуе компаниясы «Аэрофлот», 
Қазақстанда «Air Astana».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет