Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Туризмде коммуникацияның рөлі, транспорттық



Pdf көрінісі
бет48/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153
suraganova turizm inf

1. Туризмде коммуникацияның рөлі, транспорттық 
коммуникациялық база
Көлік – əрбір мемлекеттің экономикасының материалдық 
базасының ең басты қосымша бөліктерінің бірі. Ерте кезден 
бастап көлік қоғам дамуының ерекше бөлігі болып табылады. 
Адамзат адамдар мен жүктерді тасымалдауға қолда бар əртүрлі 
құралдарды пайдаланған. Дөңгелектің, қозғалыстың басқа да 
əртүрлі типтері пайда болғаннан бастап, адам орын ауыстыру 
құралдарын дамытты. Олар: арбалар, паровоздар, самолеттар 
жəне т.б. Осының бəрі əртүрлі мақсаттағы кең көлемдегі саяхат-
тарды жасауға мүмкіндік берді.
Халықаралық туризм адамдардың бір мемлекеттен екінші 
мемлекетке орын ауыстыруын түсіндіреді. Оның дамуын зерттеу 
барысында оның көліктік индустриямен өзара қатынасын анықтау 
өте маңызды, сондықтан туризмнің көліктік-коммуникациялық 
базасының зерттеуіне аса көңіл аудару керек.
Соңғы он жылдықта туризмнің дамуы көлік саласындағы 
ғылыми-техникалық қозғалыспен байланысты. Транспорттық 
жүйеде саяхат күрделі түрдегі топтық құрылымға айналды. Бұл 
өзгерістердің барысында қазіргі уақыттағы адамдардың массалық 
орын ауыстыруы – темір жол жəне паровоз, кейін автокөлік пен 
ұшақтың пайда болуына əкелді.


94
Туризм мен транспорттың дамуы – өзара байланысқан про-
цесс. Дегенмен, ереже бойынша, жүйедегі байланысты зеттеу ба-
рысында «туризм – көлік» сөзі ғылыми əдебиеттерде жəне туризм 
дамуының факторларында көлік мағынасы ретінде қолданады. 
Бұл табиғи жəне логикалық байланысты құбылыс, өйткені ту-
ризм өзімен салыстырмалы түрде жаңа əлеуметтік-экономикалық 
құбылыстарды көрсетеді жəне көліктің пайда болуы мен даму
деңгейін көрсетеді. 
2. Туризмдегі көліктік тасымал
Орын ауыстыру өзімен туризмнің сипаттамалық кескінін 
көрсетеді, ал көлік орын ауыстыруды қамтамасыз ететін туристік 
типтегі қызмет көрсететін маңызды сала болып табылады. 
Шектеулі туристер саны, сондай-ақ, қашықтықтағы жаяу саяхат-
тар мен жорықтарды айтпағанда көліксіз туризм жоқ.
Туризм адамдардың мемлекет ішінде жəне одан тыс жерде бір 
жерден екінші жерге орын ауыстыруын қарастырады. Еуропалық 
заңнама қатарында, соның ішінде Франция мен Италияда ор-
наластыру құралдарымен қатар, көліктік қызмет саяхатшыға 
көрсетілетін қызметтердің ең маңызды түрлеріне жатады. Туризм 
статистикасы бойынша көлік туристің барған жерінен тұрақты 
тұратын жеріне жеткізетін құрал ретінде қарастырылады. Алай-
да, көптеген көліктік мекемелер мен компаниялар туристердің 
тасымалын жүзеге асырумен қатар, туризмге қатысы жоқ по-
чталар мен жүктерді, қарапайым жолаушыларды тасымалдауды 
қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет