Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет51/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153
suraganova turizm inf

Теміржол саяхаты
Кез келген теміржол саяхаты жайында егер ол неғұрлым 
ұзақ болған сайын соғұрлым жағымсыз əрі шаршататыны анық 
деген қалыптасып қалған пікір бар. Ол тек жай ғана қажеттілік 
тұрғысынан бір жерден екінші жерге орын ауыстыратын құрал 
емес, ол сондай-ақ əуестендіргіш саяхат бола алатындығын елес-
тету қиын емес. Дегенмен, бұл ақиқатты мамандандырылған 
теміржол турларын ұсынатын шетел туристік фирмалары мен 
операторлары бұрыннан таныды. Оларды жүргізудің технология-
7


98
сын батыстық мамандар айтарлықтай дəрежеде жетілдірді. 
Стандартты теміржол турларын шартты түрде үш санатқа 
бөлуге болады:
- бір күндік;
- жалғасымсыз (2-3 тəулік);
- көп күндік (5 күн жəне одан да көп).
Бір күндік турлар таңертең басталып сол күннің кешінде 
аяқталады. Туристер жолда мейрамхана вагондарының дастархан-
дарына орналасады. Олар жолшыбай тек тамақтанып қана қоймай, 
сондай-ақ эстрадалық жəне цирк артистерінің қойылымдарын та-
машалай алады. Туристерді оларға арнайы бағдарлама əзірленген 
қандай да бір станцияға дейін апарады. Бұл экскурсиялық саяхат 
немесе табиғат аясында тамақтану болуы мүмкін. Жолаушылар 
əдетте өздеріне пайдалыны жағымдымен үйлестіре алады.
Жалғасымсыз турлар. Екі-үш сөткелі теміржол турларында 
жолаушылар бөлек купелерге орналасады. Жолсапарлар дəстүрлі 
түрде түнде, барлығы ұйықтап жатқанда, пойыз жолда бола-
ды деген есеппен құрылған. Күндіз туристер мүмкін боларлық 
экскурсиялық мерекелік шараларды тамашалаумен болады. 
Көпкүндік турлар. Көп күндік жүріске арналған пойыздардың 
қозғалыс кестесі əркелкі болумен сипатталады. Қозғалыс бағдары 
мен экскурсиялық бағдарламаға байланысты туристер көбінесе 
күндіз де жолда болады. Тəжірибе көрсеткендей, жолаушылар 
зарықпас үшін турпойыз екі пункттің арасында тоқтаусыз бір жа-
рым сөткеден артық жүрмеуі керек. Жолда қызықты көріністер 
мен ландшафттар кездесетін болса онда күндізгі уақытта жүруге 
арналған жалғасымды қозғалыстар жоспарланады. Жекелеген 
жағдайларда тікелей орманда немесе тауларда, теңіз немесе үлкен 
өзендердің жағасында орналасқан қысқа мерзімдік «жасыл бекет-
тер» де ұсынылады.
Туристік пойыздарды жүріс барысында «дөңгелекті отель-
дер» деп атайды. Теміржолдың қатаң стандарттарымен шектел-
ген габаритті вагондарға қарамастан, олардың жанға жайлылығы 
мен ішкі дизайны көптеген стационарлы қонақүйлерден артық. 
Вагондарда жалпы саны сегізден аспайтын əрбір купеде екі адам-
нан артық тұрмайды. Пойыздың санатына байланысты купе бір 
адамдық екі төсекпен (тігінен немесе көлденеңінен орналасқан) 


99
немесе екі адамға арналған бір төсекпен, салқындатқыштарымен, 
жазба үстелмен, телефон, теледидармен жабдықталады. Дəрет-
ханалық жəне душтық бөлмелер бүкіл вагонга біреу немесе бір-
екі нөмірге персоналды түрде болуы мүмкін. Туристік пойыздың 
құрамына сондай ақ бірнеше вагон-мейрамханалар, (кітапхана, 
карта ойындарына, əңгімелесуге, демалуға арналған орын ретін-
де қолданылатын) вагон-салондар, (лекторий, би кеші немесе 
бейнетаспалық салон) конференц-вагон, сонымен қатар, «бала-
лар вагоны» немесе «ойын залдары» кіреді.
Теміржол саяхаттары – шетелдегі демалыс түрінің жеткілікті 
дəрежедегі танымал түрі болып саналады. Туризмнің осы түрінің 
басиерлері болып немістер, ағылшындар жəне швейцарлар болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет