101
Тасымал құралдарының аталған барлық түрлері оларды
пайдаланудың жəне оларды іске асырудың техникалық құрал-
дарының əртүрлі нұсқаларына ие.
Туристік көлікке қойылатын талаптар
Туризм төңірегіндегі мамандардың айтуынша, туристер үшін
көліктің барлық түрлерінің ішінде
ерекше орынды автобустар
алады. Оларды модернизациялау үрдісі мен турист қажеттілігіне
сай етіп бейімдеу қиынға соғады, себебі жоғарыда айтылған
ұшақтар мен пойыздар саяхат барысында туристердің басты
қажеттіктеріне ыңғайлы етіп жасалынған. Осыған байланысты
туристік автобустарға көптеген ерекшелінген талаптар қойылады.
Ең алдымен, бүкіл əлемде тасымалды жүзеге асыратын
автобустарға ыңғайлы жасалуына жоғары талаптар қойыла бас-
тады. Халықаралық кластағы автобустарда салқындатқыштар,
аудио-видео жүйелер, ас үй, гардероб, биодəретхана қарастырылуы
тиіс. Көптеген автобустардың салондары жеке жарықтандыру
шамдарымен,
арнайы аяққойғыштар, жазылатын креслолар,
бүктелетін үстелдермен жабдықталады. Креслолардың өзі
ыңғайлы əрі жұмсақ, икемдері реттелетін, жазылмалы арқасы бар
болуы керек.
Автомобиль көлігінің халықаралық бірлестігінің жіктелімді
комиссиясымен түрлі санаттағы туристік автобустарға белгілі бір
талаптар жасалып шығарылған болатын. Автобуc санаты оның
класымен анықталып, 1-ден 5-ке дейінгі жұлдыздардың саны-
мен белгіленеді. «1 жұлдызды» автобустар санатына ауқымды
түрдегі қалалық жəне жергілікті экскурсиялар жүргізуге
арналған
халықаралық кластағы автобустар жатқызылады; «2 жұлдыз»
санатындағы автобустарға шағын арақашықтықтарға жүруге
арналған ішкі жəне халықаралық туризмдерді жүзеге асыруға
қатысатын көлік құралдары жатады. Жоғарғы класс пен «люкс»
класының автобустары сəйкесінше «3 жұлдыз», «4 жұлдыз»
жəне «5 жұлдыз» санаттарымен сипатталады. Олар ұзақ жəне
алыс туристік бағыттарда қолданылады. Автобустарды санат-
тар бойынша жіктеу келесідей техникалық сипаттарға негізделіп
жүргізіледі:
102
- қозғалтқыш қуаты;
- тежеуіштік жүйе мен амортизацияға арналған талаптар;
- желдеткіштің типі;
- жылыту типі;
- терезелерге арналған талаптар (тұманға қарсы қабат, ва-
куумды қабат; күннен қорғау; температура өзгерістеріне төтеп
бергіштік);
- ішкі жарықтандыру (соның ішінде жекелеген);
- дыбыстың қаттылығы,
микрофон, магнитолдар.
- жүк бөлігінің сыйымдылығы;
- автобустардың тоңазытқышпен, дəретханамен, бейне
жүйемен, сусындарға арналған терможылытқышпен, стакандарға
арналған қойғыштармен, бүктелмелі үстелдермен қалдық
жинауға арналған орындармен жабдықталуы;
- гидке арналған орынмен міндетті жабдықталуы (арнайы
жарықтандырғыш, құжаттарды сақтайтын орын, т.б.) керек.
Соңғы аталғандардың толық көлемде болуы «4 жұлдыз»
бен «5 жұлдыз» санатындағы автобустарға міндетті болып та-
былады. Орындықтар арасындағы кеңістіктің (68 см ден 90 см-
ге дейін)
кең болуы, кресло арқасының биіктігіне (52 см-ден
68 см-ге дейін), кресло арқасының жазылу бұрышына ерекше мəн
беріледі. Аяқтар арасындағы кеңістік еркін, көмекші құрылғысыз
болуы тиіс.
Ең ыңғайлы автобустық лайнер «5 жұлдызды» санаттағы
автобуc болып табылады. Туристердің ыңғайына қарай
жасалынған, жоғарыда аталынған құрылғылардан басқа: гарде роб,
ас үй, қысқатолқынды пеш пен ыстық жəне салқын сусындарға
арналған дозатор, сондай ақ алдын ала əзірленген термошкаф
болады. Мұндай автобустардағы креслолардың тек жазылмалы
арқасы ғана емес, сонымен қатар отырған
адамның бойына қарай
реттелетін бас қоятын бөлік, белге қарай түзетілетін бөлік те бо-
лады. Қозғалыс бағыты жолаушыларға мəлім болуы үшін, салон-
дарда орталық ақпараттық кесте (немесе қатарлар арасындағы
аздаған сұйық кристалды дисплейлер) орналастырылады. Мұнда
жүріп өткен қашықтықтың мəліметтері, жақын арадағы тоқтау
пункттерінің атауы, ауа температурасы жəне т.б. бейнеленеді.
Екі қабатты, бес жұлдызды автобус жүргізушісінің кабинасы
103
екінші қабатты жолаушылар салонын бақылауға арналған бейне-
таспамен жабдықталуы мүмкін. Осындай автобустардағы шудың
деңгейі 100 км/сағ жылдамдығында 7476 дБ-дан аспауы керек.
Санатына байланыссыз барлық автобустар көлік құралының
техникалық жағдайына деген талаптармен
анықталатын қауіпсіз-
дік ережелеріне сəйкес болуы керек. Автобус иелеріне түрлі ел-
дерде əрекет ететін нормативті құжаттармен бекітілген міндетті
техникалық қарау автобустарға техникалық қызмет көрсету мен
жөндеу жұмыстарын анықталған мерзім мен тəртіпте орындап
отыруы қажет.
Сондай-ақ автокөліктік құралдардың эксплуатациялық
ережелерін сақтау керек. «Өлі зоналарды» минимумдық шек-
ке жеткізу үшін соңғы үлгідегі автобустар қосымша айналар-
мен жəне бейнекамералармен, сондай-ақ артқы жақтан келетін
кедергіге дейінгі қашықтықты анықтауға арналған ультракүлгін
көрсеткіштермен жабдықталған. Жуық арадағы болашақта авто-
бустарда жүргізушілерге өзге көлік құралын озып өтуді хабарлай-
тын құралмен жəне жүргізушінің
ұйықтап кетуін болдырмайтын
құралдарды ойлап табу көзделуде.
Тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін туристерді түге лі-
мен тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын эксплуатация-
лау мерзімдері ұсынылады. Көптеген европалық мемлекеттерде
туристік автобустарды эксплуатациялау мерзімі 8-10 жылдан
аспау керек.
Үздіксіз қозғалыста болатын автобустар үшін міндетті қосым-
ша талап ретінде қозғалыс бағытының бастапқы жəне соңғы нүк-
те лері көрсетілген белгі трафаретінің болуын айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: