Баекеева айнур толыбаевна


Зерттеудің ғылыми жаңалығы



бет10/41
Дата07.10.2022
өлшемі6.11 Mb.
#462141
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
baekeeva a t -povtor phd (s sop pis)

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  1. Тау-кен терминологиясы алғаш рет интеграция тәсілі (M. Snell-Hornby) арқылы аударматану, салалық терминология, ақпараттық технологиялар, компьютерлік лексикография және компьютерлік лингвистика сынды пәнаралық салалар тоғысында зерттелді.

  2. Салалық терминологияның аударматану тұрғысынан дамуы мен қалыптасуының цифрландыру жағдайындағы жаңа кезеңі айқындалды. Жаңа кезең эмпирика тәсілі арқылы (P. Newmark) сандық технология мен автоматтандырылған аударманың байланысынан туындап отыр.

  3. Тау‑кен терминдерінің аудармашыларға арналған көптілді басқарылмалы тезаурусы құрастырылды. Тезаурус халықаралық Zthes деректер схемасы негізінде Digital Library веб платформасында орналастырылды. Тезауруста қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі тау‑кен терминдері иерархиялық байланыста жүйеленіп, рубрикацияланды.

  4. Тау‑кен терминдерінің көптілді тезаурусы – халықаралық стандарттарға сай құрастырылған, қазақ тілді контенті бар, автоматтандырылған аудармада интероперабельді және ақпаратты релевантты іздеудегі (Information Retrieval) бірден‑бір құрал.

  5. Тау-кен терминдерінің аудармашыларға арналған көптілді басқарылмалы интероперабельді тезаурусын құрастыру әдістемесі мен қадамдық алгоритмі әзірленді. Бұл алгоритм ғылым мен білімнің өзге де саласында көптілді салалық тезаурус құрастырудың моделі болып табылады.

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу барысында жасалған тұжырымдар мен пайымдаулар аударматану, салғастырмалы тіл білімі, салалық терминология, компьютерлік лексикография, компьютерлік аударма салаларының ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге, айқындауға үлесін қосады.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарында оқытылатын аударма теориясы мен практикасы, техникалық аударма практикасы, салалық терминология тәрізді пәндерді оқытуда және жаңа буынды көптілді сөздіктерді түзуде тиімді пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы болып табылатын көптілді тезаурус тау-кен саласындағы аудармашылар мен сала мамандарына арнап құрастырылды. Көптілді басқарылмалы интероперабельді тезаурус тек аудармашы қызметі үшін ғана емес, сондай‑ақ тау‑кен және ақпараттық жүйелер саласының қызметкерлерінің ақпарат іздеуі (Information Retrieval) үшін де маңызды: http://db4.sbras.ru/elbib/data/admin/admin.phtml#menu.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет