БАҒдарламасы ақтау, 2016 жыл мазмұны 1 Бағыт. Экономика 11


Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау



бет10/16
Дата03.07.2016
өлшемі8.42 Mb.
#175593
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- ішкі істер, соның ішінде әкімшілік полиция бөлімшелерінің материалды-техникалық жабдықталуының жақсаруына байланысты, жол қауіпсізідігі құқық бұзушылықтарын анықтаудың өсімі;

- қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстарды алдын-алынуы, сонымен қатар ОБО жұмысы аясында қылмыстардың ізі бойынша анықталуы және көшелер мен қоғамдық орындарда видеобақылау жүйесін енгізілуі;

- азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту арқылы ұсақ құқық бұзушылықтар санының азаюы.


- тұрмыстық қылмыстарды алдын-алудың төмен деңгейі (өлім оқиғалары мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру оқиғаларының үштен бірі тұрмыста, әдетте ішімдікті қолдану кезінде жасалады);

- өту жолының кеңдігін талап ететін, кедергілік қоршауларды, жол белгіленуін талап ететін жергілікті жолдар жағдайының төмендігі;

- жүргізушілердің дайындық жүйесін жақсартуды талап ететін жол қозғалысы қатысушыларының төмен көліктік тәртібі.


МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- «мектеп» полиция инспекторлары институттарын одан әрі дамыту;

- тұрғындар мен азаматтық қоғам институттарына тірек етіп, құқық бұзушылықтарды алдын-алу жүйесін құру;

- көлік инфрақұрылымын дамыту, облыс автожолдарында апаттарды азайту үшін автомобиль жолдарын салу және жөндеу.



- экономикадағы қиыншылықтар, халық бөлігінің толықсыз жұмысбастылығы қарақшылытар, ұрлау және басқа да зорлыққа ие, әсіресе жастар арасында қылмыстар санының өсіміне әкеліп соқтырады;

- бостандықтан айыру орындарынан шыққан тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен реабилитациялаудың толық жүйесінің жоқтығынан рецидивтің болу мүмкіндігі;

- миграциялық ағым мен соған байланысты қылмыс санының өсуіне әкеліп соқтыратын облыспен шекаралас мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай.



Қоғамдык қауіпсіздік бойынша негізгі мәселелері:

- ішкі істер органдарының материалды-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;

- кәмелекетке толмағандар арасында қылмыстылықты алдын-алу бойынша жұмыстың толықсыздығы;

- муниципалды полицияның немесе әкімшілік полицияның жергілікті атқарушы органдарға есеп беруге міндеттілігінің жоқтығы;

- жол қозғалысы қатысушыларының, ең бастысы көлік құралдары жүргізушілерінің төмен көліктік тәртібі.


2.1.3.2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын-алу

Қала аумағында қауіпті өнім өндіретін, және онда апаттардың, газ-ауа қосындысы салдарынан жарылыстар болу мүмкіндігі бар кәсіпорындар қызмет етеді. Оларға ЗПД, ПТВС ЦУВС, «МАЭК-Қазатомпром» - хлоп, «Қазазот» ЖШС-гі - күкірт қышқылы, аммиак және басқалар.

Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде (бұдан әрі - ТЖ) заманауи жою құралдарының қолданылуы, аталған кәсіпорындардың әсері бірнеше есе өседі.

Қосымша жоюшы факторларға әсіресе мұнай және газ кәсібінде болатын күшті жарылыстар мен өрттерді жатқызуға болады.


1 кесте. 2012-2014 жылдардағы төтенше жағдайлар динамикасы



кезең

Төтенше жағдайлар саны

Зардап шеккендер,

адам

оның ішінде қаза тапқаны,

адам

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

2012 жыл

28

7

122

4

36

3

2013 жыл

34

8

85

12

32

8

2014 жыл

24

9

46

8

16

4

2014 жылы қалада төтенше жағдайлар саны 2012 жылмен салыстырғанда 28,6%-ға көбейді. Сонымен бірге, 2012 жылмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 2 есе, қаза тапқандар 33,3%-ға көбейді.

Халықты инженерлік, радиациондық, химиялық және медициналық қорғау бойынша шаралар қазіргі нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарға сәйкес жоспарланып, орындалып отыр.

2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы өрттердің 15,5%-ға азаю тенденциясы байқалып отыр. Өрттердің негізгі себебі - электр құралдарын монтаждау және техникалық қолдану ережелерінің бұзылуы. Өрттердің едәуір бөлігі тұрғын-үй секторы мен көлік құралдарында тіркелген.

1 сурет. 2012-2014 жылдардағы суда болған оқиғалардың динамикасы
2014 жылы суда болған 2 оқиға тіркеліп, 3 адам қаза тауып, 1 адам құтқарылды.

Жазғы кездегі жазатайым оқиғалардың санын азайту үшін ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар кешені өткізілді. 2014 жыл ішінде 12 алдын-алу рейдтері, қала мектептерінде су қоймаларындағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы 4 лекция өткізілді.

Суға түсу мезгілінде күніне 5 рет жергілікті телеарна арқылы «Суда қауіпсіздік ережесі» тақырыбына видеоролик көрсетілді.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу аясында мынадай шаралар кешені өткізілді: қала аумағында қала тұрғындарына хабарлау жүйесі орнатылып, стационарлы радиостанса сатып алынды.

Халықты оқыту мақсатында заманауи оқыту түрлері мен техникалық құралдар қолданылады, мыслы: «Көктем-2014», «Қыс-2014», «Қорғау-2014», «Қатер-2014» республикалық оқулары.

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- төтенше жағдайлар санының, зиян шеккендер мен қаза тапқандар санының азаюы;

- апаттарды жою мен оларды алдын-алу бойынша тиімді жүйенің болуы;

- төтенше жағдайлар органдарының материалды-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстардың жүргізілуі.


- облыстың елді-мекендерінде өртке қарсы қызметтер бөлімшелерінің жоқтығы;

- құтқару қызметтерінің жабдықтармен және техникамен аз қамтылуы.




МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- Азаматтық қорғаныс ішкі жүйесінің жетілдірілуі;

- тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғау бойынша алдын-алу шараларын қабылдау.





- аумақтың техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қауіптілігі;

- жер сілкінісі қаупі;

- Каспий теңізі акваториясындағы табиғи көмір-сутегілерді игеру салдарынан төтенше жағдайдың пайда болуы.



Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша негізгі проблемалар:

- азаматтық қорғаныстың шараларын ұйымдастыру және орындау бойынша басқару органдарының әлсіз материалды-техникалық жабдықталуы және әлсіз дайындығы;

- қорғаныс жаблықтарының негізгі қоры 1990 жылға дейін жинақталып, 25-30 жылдан аса қолданылып жатыр. Негізгі құралдар, жабдықтар мен механизмдер үнемі тозады, гидроизоляция бұзылып, агрессияшыл сипаттағы қабатты сулардың астында қалуына әкеліп соқтырады.

2.1.4. Бағыт. Инфрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникациялар

Телекоммуникациялар және байланыс

Байланыс қызметінің үлесі 2012-2014 жылдарда 8089 млн. теңгеден 9691,2 млн. теңгеге дейін өсті. Байланыс қызметтерінің НКИ 2014 жылы 123,5% құрады (2012 жылы – 107,6%, 2013 жылы – 94,9%).

Жергілікті телефон байланысының деңгейін цифрландыру 100%-ға жетті. Халық саны 1000 адам және одан артық болатын облыстың барлық елді мекендері 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

Халыққа көрсетілген, өзге де қызметтер қимасында жетекші позиция облыстық орталықта орнығып отыр. Бұл көрсеткіш облыстық көлемнен 90%-н астамы.


Байланыс және коммуникациялар SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

СЛАБЫЕ СТОРОНЫ:

- облыстың ауылдық елді мекендерінде телекоммуникациялық желілердің дамуы;

- Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық желі жүргізу жөніндегі жобалардың іске асырылуы.




- жобалардың қымбаттығына байланысты тұрғындар саны 1000 адамға едйінгі шағын елді мекендерді интернет-қызметтермен қамтамасыз етудің мүмкінсіздігі.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- телекоммуникациялық желілерді одан әрі дамыту;

-телекоммуникациялық операторлардың қызмет көрсету сапасын көтеру.



- ақпараттық жүйелерді, пошта байланысын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жеткізе қаржыландырылмауы.


Байланыс және коммуникациялар саласындағы негізгі проблемалар:

- ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы.


Халықтың цифрлық сауаттылығы

Халықты, оның ішінде 6-дан 15 жасқа дейінгі балаларды цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту, тиісті білім беру деңгейлерінде жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жалпы білім беретін мекемелерде жүргізілуде.

Сауаттылықты арттыру курстары жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылуда.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығы 2012 жылғы 50% -дан 2014 жылы 63,4%-ға дейін артты (2013 жылы – 53%).


Цифрлық сауаттылық бойынша SWOT-талдау:

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- ақпараттық қоғамды дамыту;

- азаматтардың дағдыларын арттыруға және одан әрі жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтамасыз етілуіне жағдайлар жасау.



- оқытушылардың кәсіби даярлығының төмен деңгейі;

- халықтың оқуға деген белсенділігінің төмендігі.



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:


- облыстың мектептеріне компьютерлік техниканы сатып алу үшін бюджеттен тыс (жер қойнауын пайдаланушы-компанияларлың) қаражат тарту;

- жалпы білім беретін мекемелерде электрондық оқыту жүйесін белсенді түрде енгізу.



- компьютерлік курстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың бюджеттен жете қаржыландырылмауы.


Саладағы негізгі проблемалар:

халықтың едәуір бөлігін цифрлық сауаттылыққа оқыту курстарын ұйымдастыруға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі.


2.1.4.2. Құрылыс

2014 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 39,0 млрд. теңгені құрады (облыс бойынша 172,1 млрд. теңге), бұл 2013 жылдық деңгейден 34,6% жоғары (2012 жылға – 16,7%. Тұрғын-үй құрылысына 7,8 млрд. теңге тартылды, бұл 2013 жылдық деңгейден 56% жоғары (2012 жылға – 83,3%).

2012-2014 жылдарда қала бойынша 288,6 мың шаршы метр салынды, бұл жалпы облыстық көлемінен 24,6%-н құрайды (2012 жылы – 82,9 мың шарша метр, 2013 жылы – 115,7 мың шаршы метр). 2012-2014 жылдары тұрғын-үй құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 14,2 млрд. теңге бағытталды. 2015 жылы тұрғын-үй құрылысына 6,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде ҚР Ұлттық қорының кредит есебінен - 5,3 млрд.теңге.

2015 жылы 10 айда қала бойынша 136,4 мың шаршы м. енгізілді. Ақтау қаласының 1 шаршы м. тұрғын-үй құрылысындағы орташа нақты құн – 115 мың теңгені құрады, бұл облысқа қарағанда жоғары (90 мың теңге). Тұрғын-үймен қамтудың әлеуметтік нормасы 1 тұрғынға 18 шаршы м. құрайды немесе облысорталық нормадан 0,8 шаршы м. жоғары (17,2 шаршы м).

Тұрғын-үй алуға қалалық әкімшілікте кезекте тұрғандар тізімінде 2015 жылдың басында 6 016 адам тұр, олардың 2 040 адамы – халықтың әлеуметтік жағынан осал бөлігі, оның ішінде 476 жетім балдар, 3 447 адам – қаланың бюджеттік ұййымдарында, 53 адам – тұрғын-үйлері апаттық жағдайда деп анықталған.

«Қолжетімді тұрғын-үй 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында, 2012-2015 жылдары жас отбасыларға 15,2 мың шаршы м. тұрғын-үй салынды. Қазіргі таңда Тұрғын-үй Жинақ банкі жүйесі арқылы 76,5 мың шаршы м. тұрғын-үй салынды, ЖАО жүйесі арқылы 43,1 мың шаршы м. Нәтижесінде, өңірде тұрғын-үймен қамтылғандар саны 2000 отбасыдан асады деп жоспарланды.

Тұрғын-үй құрылыстарымен қатарлас, 2012-2014 жылдары жалпы 14,5 млрд. теңге сомаға инженерлі-коммуналдық инфрақұрылым құрылысы жүргізілді.

Сонымен қатар, тұрғын-үй құрылысында 2012-2014 жылдары әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы жүргізілді. Осылайша, қалада 2 аурухана, Өмірзақ селосында 1 дәрігерлік амбулатория салынды.



Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:


- 10 мыңнан аса отбасының тұрғын үйге қажеттілігінің қанағаттануы;

- мемлекеттік бағдарлама салалары аясында әлеуметтік объектілер құрылысын жүргізу;

- толықтай жаңартылған Бас жоспарлар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары;

дамыған құрылыс индустриясы.



- Ақтау қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

- инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелердің жоқтығы;

әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі;

- жеке құрылысшыларға жеңілдік кредиттері қарастырылмаған.




МҮМКІНДІКТЕР:


ҚАТЕРЛЕР:

- өңірде дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының іске асырылуы, бұл – тұрғын үймен қамтамасыз етілуді көтеруге мүмкіндік береді;

- обеспечение строительства арендного (коммунального) жилья;

- обеспечение доступности жилья за счет строительства кредитного и выкупленного жилья для широких слоев населения;

- тұрғын-үй құрылысы аудандарының инженерлі-коммуникациялық дамуы.



- отандық құрылыс материалдардың жоғарғы құны;

-бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы.




Саладағы негізгі проблемалар:

- қалада жер учаскелерінің тапшылығы;

- инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелердің жоқтығы (инфрақұрылымның жетіспеушілігі туындаған мәселе – қаладағы коммуникация құрылысының қаржы көлемі сәйкес қажеттіліктегі көлемді толықтай қамтымайды);

- әлеуметтік тұрғын-үйде қажеттіліктің үздіксіз өсуі (кезектегілердің ұдайы өсуі).


2.1.4.3. Жолдар және көлік.

Ақтау қаласы «Ақтау-Құрық» автокөлік жолы арқылы Қарақия ауданымен, «Ақтау-Форт-Шевченко» автокөлік жолы арқылы Түпқараған ауданымен байланысады.

«Ақтау-Шетпе-Бейнеу» автожолы арқылы Маңғыстау және Бейнеу аудандарымен байланысады, «Түрікменстанмен шекара Бейнеу-Ақтау-Жаңаөзен» жолы арқылы Жаңаөзенмен байланысып, Түрікменстанға шыға алады.

2014 жылдың басында аудандық маңызы бар қалалық автокөлік жолдарының және елді мекендері көшелерінің ұзындығы 161,42 км. құрады, оның ішінде салынған автокөлік жолдар - 4,02 км.



1 кесте. Қалалық маңызы бар автокөлік жолдарының жағдайы:

Жолдардың жағдайы



Қалалық маңызы бар автокөлік жолы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Жақсы

0

0

4,02

4,99

Қанағаттандырарлық

157,4

157,4

157,4

157,4

Барлығы

157,4

157,4

161,42

162,39
Қаланың магистральдық жол желісі тығыздығы 1,9 км/км2 құрайды.

Ақтау қаласында қозғалысты реттейтін жалпы екі магистральдық қалалық маңыздағы жол бар. Олардың ішінде біреуі, қаланың теңіз жақ жиегінің оңтүстік жағалауы бойымен және өнеркәсіп аймағына шығады.

Екіншісі, солтүстік магистраль - қызмет көрсету орталығын үйлестіре өнеркәсіп ауданынан тұрғын-үй аумағына қарасты. Өнеркәсіптік аймақ арқылы өтетін бұл магистраль айналма жолға шығады. Бұл магистральдар, өзіндік образдағы ішкі айналма жолды қалыптастырады.

Көлденең магистраль, «Ақтау-Форт-Шевченко» магистральының бағыты бойынша жағалаудағы демалыс аймағымен байланысуға ықпал етеді және жаңа коммуналды-өнеркәсіптік аймақпен тұрғын-үй аудандарды байланыстырады.

Қаланың негізгі көшелері эспланада үкіметтік-қоғамдық орталығына қызмет етеді. Президент д. қатарлас көп функционалдық орталық арқылы өтетін жағалау жиегінің жалғасы және ірі әкімшілік-қоғамдық орталық эспланадымен қиылысты қалыптастырушы болып саналатын жалпы қалалық маңызды магистраль аэропортқа шығатын авожолмен «Ақтау-Форт-Шевченко» автомагистральының қиылысына шығады.

Аталған магистраль, аэропорт жағынан «кіру қақпасы» өзіндік образда қалаға қызмет етеді.

Ақтау қаласы шекарасында 10 көліктік айырым бар және тағы төрт құрылыс қажет.

Қабылданған көше-жолдарының желілік схемасы, қаланың әр-түрлі аудандарының өзара жаяу жүргіншілері мен көліктік жайлы байланыс мүмкіндіктерін қарастырады, сондай-ақ сыртқы жолдарға шығумен қамтамасыз етеді.

Қаланың автожол желісі 78 техникалық бірлігі бар «Қала жолдары» ЖШС жұмыс жасайды. Барлық техникалар жақын және алыс шет елдерінен сатып алынады (Қытай, Ресей, Беларусь).
Жолаушылар көлігі.

Қазіргі таңда, қаланың қоғамдық жолаушылар көлігі базарында жеті қалалық бағыты бойынша жолаушылар таситын үш компания жұмыс жасайды: «Айна» ЖШС, «Жолаушы Ақтау» ЖШС және «Ахметнабиев Руслан» ЖК. Автобустарды жалпы тұрағы 68 бірліктен тұрады.

Сонымен бірге, автобустардың физикалық үлкен тозуы айқындалып жатыр: 5 жылға дейін - 36 автобус, 5 жылдан жоғары - 32 автобус.

2015 жылы 5 жылдық қолдану мерзіміне дейінгі автобустардың үлесі 35,3%-ды құрады, бұл алдыңғы жылға 64,7% жоғары. Қала ішілік бағытта – 6 ДЭУ маркалы автобус бірлігі («Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы және меншікті қаражат есебінен), 6 «Нефаз» маркалы бірлік, 6 «Hyunda» бірлік сатып алынды. Бұдан басқа, қалалық тасымалдаушылармен Семей қаласының өндірісі 4 «Daewoo» автобус маркасы сатып алында

Тасымалдаушылардың меншікті қаражаты және банк кредиті есебінен 2017 жылдық мерзімге дейін саны 20 бірлік автобус тұрағын жаңарту қарастырылып жатыр

Ақтау қаласының қоғамдық көліктерінде жолақы құны 2012 жылдан 2014 жылға дейін өзгермеді және ересектер үшін 35 теңге, 7-ден 15 жасқа дейінгі балдар үшін – 20 теңге, 7 жасқа дейінгі балдарға тегін. 2015 жылдың шілдесінен бастап ересектерді тасу құны 15 теңгеге өсті және 50 теңге ересектерге, 25 теңге 7 мен 15 жастағы балдарға.


2 кесте. Қаланың қоғамдық автобустарындағы жолақы құны.


Маршруттардың атауы мен нөмірі


Жолақы құны, теңге

Алдыңғы жылмен салыстырғандағы баға,%

Ақтау қалаішілік маршруты

50

142,8

«Ақтау-Өмірзақ-Ақтау» марруты

70

155,5

"Ақтау-Рауан-Ақтау" маршруты

70

155,5

Айта кететін жәйт, Ақтау бойынша қалалық автобуста жолақы құны Қазақстан қаласының қалалары бойынша ең төменгі болып саналады. Салыстыру үшін: 2015 жылдың маусымында Ақтөбе мен Атырау қаласында автобустық тариф – 60 теңгені құраса, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Тараз, Орал қалаларында -70 теңгені құрады.

Қала бойынша автобус тасымалының орташа жылдық өсу қарқыны 120%. 2014 жылы жолаушылар айналымы көрсеткіші 1,7 есе көбейген, ал 2015 жылдық қорытынды бойынша 6,8%-ға төмендеген.

Қала халқының барлығы автобус жолаушылар көлігімен қамтылған. Қала халқының жауабында, (барлығы 1000 жауап анкета) жолаушылар тасымалы сапасымен 70%-н астам жауап берушілер қанағаттанды деген нәтиже қойылды, соңғы жылдары аталған көрсеткіштердің тұрақты өсуі байқалуда.

2015 жылы қаланың коммуналдық көлік қызметтерінде құрылған 50 дана GPS навигатор тексерістен өтті. Мемлекеттік органдарға қозғалыс кестелері мен схемаларын бақылауды атқаруға мүмкіндік беретін жолаушылар көлігі диспетчерлік жүйесі орнатылды. Уақытылы жетіспеушіліктер жойылып келеді.

Көліктердің мемлекеттік белгілер мен техникалық паспорттарын беру процесі автоматтандырылды. Күніне орташа 130 мемлекеттік белгі мен техникалық паспорт беріледі.


Теңіз жолдары

Қаланың көліктік кешені Ақтау теңіз портының бар болуына байланысты ҚР үшін бірегей болып табылады.

Теңіз жолдары арқылы қала Қазақстанның жалғыз халықаралық порты болып табылатын Ақтау халықаралық сауда-саттық теңіз порты арқылы байланысады, сондай-ақ Маңғыстау облысының негізгі көліктік кешені. Жүкті тиеу түрлерінің негізгісі – шикі мұнай мен құрғақ жүктер. Ақтау порты халықаралық «ТРАСЕКА» мен «Солтүстік-Оңтүстік» көліктік коридорларының бөлігін құраушы болып саналыды.

3 кесте. 2012-2014 жылдардағы Ақтау теңіз портының өнеркәсіптің көрсеткіштері, мың. тонна

Атаулары

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға,%

Жүктерді тиеу, барлығы

11 006

10 081

10 268

93,3

Мұнай

7 591

6 283

5 954

78,4

Металл

1 398

718

1 229

87,9

Дән

644

527

686

106,5

Өзге де жүктер

437

574

433

99,1

Паромды жүктер

936

1 979

1 966

2,1 есе

Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту бойынша жұмыстар жүріп жатыр, бұл порттың қуаттылығын күшейтуге жылына 21,0 млн. тоннаға дейін мүмкіндік береді.


Теміржол желісі

Темір жол көлігімен жүктерді және жолаушыларды тасымалдау қызметі Мұнайлы ауданының аумағында орналасқан Маңғыстау станциясында жүргізіледі,

«НК «Қазақстан Темір Жолы» АҚ теміржол станцияларына іргелес кіреберіс жодары бар кәсіпорын «КаскорТрансСервис» АҚ болып табылады. Ақтау қаласынан Теңіз сауда-саттық портына дейін теміржол ұзындығы 18 км. құрайды.
Азаматтық авиация

Қаланың ұшу айлағы халықаралық және Қазақстанішілік тасымалмен айналысатын Ақтау қалалық әуежайы болып саналады.

Әуежай ISO9001:2008, IATA-ISAGO, ICAO стандарттары бойынша сертификатталған. Мына: Астана, Алматы, Атырау, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Мәскеу, Баку, Стамбул, Астрахань, Минеральные воды, Краснодар, Махачкала, Ереван, Тбилиси бағыттары бойынша тұрақты ұшулар жүзеге асырылуда.
4 кесте. 2012-2014 жылдардағы Ақтау әуежайы халықаралық көрсеткіштерінің негізгі өнеркәсіптік көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өндірістік қуаттылығы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл


2014 жыл 2012 жылға,%

Жолаушыларға қызмет көрсету, мың жолаушы

жылына 2,0 млн. жолаушы (450 жол./сағ.)

734,1

776,3

813,7

110,8

Ұшақтың ұшуы, рейс

сағатына 14 әуе кемесі

6 392

6 354

6 481

101,4

Жүкті өңдеу, тоннамен




5 896

4 182

5 115

86,7


Көлік бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- қанағаттанарлықсыз жай күйдегі автомобиль жолдарының 5,8%-дан 3,2%-ға дейін қысқаруы;

- Қазақстандағы жалғыз халықаралық теңіз портының болуы.




- Қаладағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің жеткілікті дамымауы, оның ішінде бірқатар аумақтарда (Өмірзақ ауылы, Рауан, Приморский Т/массиві) инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі;

- автомобиль жолдарының тозуы;

- порт инфрақұрылымының шектеулі қуаттылығы


МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- Нұрлы жол» бағдарламасының және «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» аясында көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларын іске асыру;

- транзиттік жүк және жолаушылар ағынының жандануынан өңір кірістерінің айтарлықтай өсуі;

- Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің стратегиялық көліктік-логистикалық және сервистік-өндірістік учаскесі ретінде облысты дамыту;

- жұмыс істеп тұрған порттарды кеңейту және жаңғырту, сондай-ақ жаңа порт салу есебінен порт инфрақұрылымының қуаттылықтарын арттыру.



- көлік инфрақұрылымын дамыту жобалары үшін бөлінген бюджет қаражатын секвестрлеу;

- облыстың көлік-коммуникациялық инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы себебінен өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.





Көлік саласындағы негізгі проблемалар:

- қаланың ауданішілік асфальт-бетон жамылғысы тозуының жоғары дәрежесі;

- жолаушылар тасымалдаумен айналысатын ұйымдардың заманауи автобус автотұрақтарымен қамтылуының төменгі деңгейі;

- қаланың ескі шағын аудандары мен қиылыстарындағы солтүстік-батыс бағыты автокөлік жолдарының тоқырауы;

- қаланың жаңа аудандарында автокөлік жолдарының жаңбыр ағатын құрылғының жоқтығы.
2.1.4.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Жергілікті бюджетте ауқымды қаражат инженерлі инфрақұрылымға қарастырылып жатыр (жылу-, су-, газ-, электрмен жабдықтау желілері. 2014 жылы бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен 5,6 млрд. теңге бөлінді немесе 2012 жылдық деңгейден 2 есеге (2,7 мрлд.теңге) және 2013 жылдан 14,2%-ға (4,9 млрд. теңге) көп.




1 сурет. 2014 жылы қала бойынша инженерлі инфрақұрылымды қаржыландыру
Аумақты бас жоспары бойынша әрі қарай дамыту мақсатында тұрғын-үй-әкімшілігі мен әлеуметтік-коммерциялық объектілерін орнату қарастырылып жатқан жаңа шағын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарын (бұдан әрі ЕТЖ) жасақтау бойынша алдағы жұмыстар жүріп жатыр. 16,18,19А,34 және 35 шағын аудандардағы ЕТЖ орындалды, 18А,20,20А және 34А шағын аудандарындағы ЕТЖ келісім қадамында. Өнеркәсіп-қойма объектілерін, көрме және өзге де орталықтарын орнатумен қатар шағын және орта бизнесті дамыту үшін индустриалдық аймақ құруы қарастырылып жатқан №8 өнеркәсіптік аймақтың ЕТЖ жасақтау бойынша қаражат бөлініп, жұмыстар басталды.

Электрмен жабдықтау

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС (бұдан әрі – МАЭК) өңірдегі электр энергиясын өндіретін жалғыз кәсіпорын және қаланың барлық тұтынушыларын энергиямен жабдықтайтын ұйым болып табылады.

Бұдан басқа, кәсіпорын қаланы ауыз сумен және жылу электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Қалада электр желісі бойынша электрмен жабдықтау мен тасымалдауды «АЭЖБ» МКП атқарады. Электр энергиясын өндіру бойынша энергия кешенінің белгіленген қуаттылығы – 1342 МВт, қолдағы қуаттылығы - 980 МВт құрайды. Қуаттылықтың 200 МВт шегіндегі болмашы қоры бар.
1 кесте. 2012-2014 жылдардағы сала дамуының негізгі көрсеткіштері (мың.квт.сағ.)


Атаулары


2012 жыл


2013 жыл


2014 жыл

2014 жыл 2012 жылға,%

Э/энергиясы өндірісі

4598,1

4612,7

5079,9

110,5

Э/энергиясының қолданылуы

4548,9

4545,1

5009,9

110,1

Э/энергиясының сарқылуы

49,2

67,7

70,1

142,5

Негізгі қолданушылар:

3 875,5

3 897,6

4 296,9

110,9

Оның ішінде өнеркәсіп

3 352,9

3 383,7

3 706,7

110,6

Халық

522,5

513,8

590,3

112,9

Қаланың электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 681,55 км. құрайды, оның ішінде: кабельді желі 6/10 кв – 239 км, кабельдік желілер 0,4 В – 209 км., электр берудің әуе желілері 0,4/6/10 КВ – 71,35 км., жарықтандыру кабельдік желілер - 162,2 км. Қала бойынша желілердің тозуы 98%.

Меншікті қаржы есебінен 2011-2015 жылдардағы кезеңде кәсіпорындармен 19,5 км. байланыс желісі және 239 трансформаторлық пункт (ТП) жөндеуден өтті. Республикалық бюджет есебінен Ақтау қаласында 20 бір трансформаторлық қосалқы станцияларын екі трансформаторлық қосалқы станцияға ауыстырып, қайта құрылымдау жүргізілді. Сонымен-қатар, электр энергияларын есеп аспабымен жарақтандыру – 100%7

Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін тигізетін саладағы мәселелер қалып отыр.

Олардың ішінде маңыздысы өңірде электр энергиясының тапшылығы мүмкіндігі. «МАЭК, Казатомөнеркәсіп» ЖШС генерациялайтын құрылғыларының физикалық тозуы күтіліп тұр, ал өңірде электр энергиясын пайдаланудың жыл сайынға өсімі 6-8%-ды құрап отыр.

Қазіргі беталыста қуаттылықтардың қолда бар резерві таяу арада таусылмақ және электр энергиясының теңгерімін ұстап тұру үшін облыста оны тұтынуды шектеу немесе энергия торабының шегінен тыс жерлерден тасымалдау қажет болады. Бұл ретте, Маңғыстау облысының іс жүзінде республиканың Бірыңғай энергия жүйесімен байланыс желісі жоқ екенін есепке алу қажет. Осылайша, таяу келешекте өңірде іс жүзінде энергия тапшылығы қаупі туындайды.


Энергия үнемдеу

Өңірдегі энергия тапшылығының ықтимал тапшылығын есепке алғанда, энергия үнемдеу мәселелері ерекше өзекті болмақ.

Энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі кезде өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Қаланың энергия тұтыну құрылымының талдауы көрсеткендей, оның 82%-ы – өнеркәсіптік секторға, оның ішінде 1,2% - құрылысқа, 3,0% - көлік секторына, 8,4% - жалпы пайдаланымдағы желілердегі шығындарға, 0,5% - ауыл шаруашылығына келеді. Ал, 4,8% облыс шегінен тыс жерлерге жіберіледі.

Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру бойынша мәселелерді шешу мақсатында, қалада «АЭЖБ» МКК жұмыс жүріп жатыр.

Энергия жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленіп, оларда энергия тасушыларды бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалануға беру, жарықтандыру желілерінде энергия үнемдейтін лампалар пайдалану бойынша іс-шаралар көздестірілді.


«АЭЖБ» МКК ЭТБЕАЖ енгізу жұмыстарын бастады. Дәлдік классы 0,25-0,5 электр есептеуіштер орнатылатын болады, бұл – тұтынылған электр энергиясын өлшеу дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы есепке алу құралдары, тұтынылған электр энергиясы үшін уақытылы ақы төленбеген жағдайда энергия тұтынуды қашықтан шектеуге және тұтынушыны токтан ажыратуға мүмкіндік береді.

108 қосалқы станциясында СЖ АБЖ-нің (сыртқы жарықтандырудың автоматтандырылған басқару жүйесі) телеметриялық жабдығы орнатылды. Телеметриялық жабдық пен көп тарифтік есепке алу аспаптарын орнату, көшедегі жарықтандырудың жану уақытын қысқартуға және сараланған тарифтер мен нақты тұтыну бойынша ақы төлеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде ай сайынға шығындар 2,5 млн. теңгеге шақ қысқарды.

Тұрғындар арасында электр энергиясын үнемдеуді насихаттау жүргізілуде, энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұтымды және тиімді пайдалану, энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша мақалалар жариялануда.
Жылумен жабдықтау

Қалада орталықтандырылған жылумен жабдықтау қызметімен қамтылу деңгейі 96%-ды құрайды. Қалада жылумен жабдықтау «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның қазандықтарымен қамтамасыз етіледі.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп ЖШС-нен жылуды тасымалдауды «КЖСА» МКК атқарады. Қалада жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 512,1 км. құрайды және тозудың орташа пайызы – 82,4%.

«КЖСА» МКК желілеріндегі нормативтік техникалық ысыраптар 2015 жылға: ауыз суда – 16,98 %; техникалық суда – 16,98%; ыстық суда – 13,78%; жылу энергиясында – 19,4% құрады.

Жаңа шағын аудандарды жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында, Ақтау қаласында 1-ЖЭО-дан жылумен жабдықтаудың ұзындығы 9 км. жаңа магистралды желісі пайдалануға берілді. Ақтау қаласының бірқатар шағын аудандарында жылу желісінің құбыржолдарын реконструкциялау жүргізілуде.

Қалада жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату бойынша жұмыс жүргізілуде. Заңды тұлғалардың есепке алу құралдарымен жарақтандырылу үлесі 85%, жеке тұлғалар бойынша 2,7% құрайды.

2012-2013 жылдары қалада ұзындығы 46,9 км. инженерлік жылу желісі ауыстырылды, оның ішінде 2012 жылы - 21,9 км., 2013 жылы - 13 км., 2014 жылы - 12 км. нәтижесінде, жылу желілерінде авариялар мен сөніп қалу саны 2012 жылы 484 жағдайдан 2014 жылы 425 жағдайға дейін азайды немесе 12,2%-ға.
Газбен жабдықтау

Қазіргі кезде қалада табиғи газбен қамтамасыз етілу деңгейі 100%-ды құрайды.

Облыстағы газ құбырларының жалпы ұзындығы 2690 км-ді құрайды. Желілердің тозуы 30% құрайды. Облыстың жер асты газ құбырларының 40%-ы электр химиялық қорғау жүйесінсіз пайдаланылуы салдарынан газ құбырларының тозуы орын алуда.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ негізінде көрсетілетін қызмет тарифін реттейтін, желілерді реконструкциялау және жөндеу бойынша бірыңғай техникалық саясат жүргізетін газбен жабдықтау және тарату бойынша бірыңғай операторы болып анықталды.

2012-2014 жылдарда қалада газбен жабдықтау және газ тарату инфрақұрылымының құрылысы мен оларды күрделі жөндеу жүргізілді.
Сумен жабдықтау

Қалада сумен жабдықтау «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС арқылы тұщытылған теңіз суымен атқарылады.

Қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігі 100% құрайды. Қаладағы су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығы 400,01 км-ді құрайды. Тозығы жеткен 315,37 км. инженерлік желі тізімделді немесе барлық саннан 78%-ы. ҚЕМ бойынша судың нақты ысырабы 4 395 текше метрді құрайды.

Облыс халқын сумен жабдықтауды жақсарту түралы мәселелер «Ақ бұлақ» 2011-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шешіліп жатыр, 2014 жылы жалпы сомада 1,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен 561,6 млн.теңге.

Қаланың 6,9,11 және 12 шағын аудандарда ұзындығы 6,3 км. сумен қамту желілерінде 285,9 млн. теңгеге құрылыс-монтаж жұмыстары орындалды.

Қаланың 1,3а,6,7,8 және 22 шағын аудандарында 736,4 млн. теңгеге 2013 жылы басталған сумен қамту мен су тарту жүйелерін жаңарту бойынша жұмыстар аяқталды.

2012-2014 жылдары 108,47 км. сумен жабдықтау жүйелері құрылды және 50,1 км. жүйені қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілді. Сумен қамту және су тарату желілерінде жүргізілген жөндеу жұмыстары нәтижесінде, судың қысым параметрі жақсарды,

В результате проводимых ремонтных работ на сетях водоснабжения и водоотведения улучшились параметры давления воды, желілерде серпін қысқарды, судың рұқсатсыз жоғаоуы қысқырды, сондай-ақ ауыз су мен техникалық судың сапасы жақсарды.


Су бұру

Қалада халықтың орталықтандырылған су бұруға қол жетімділігі 99,8%-ды құрайды.

Қазіргі таңда, «КЖСА» МКК өзін-өзі қаланың барлық аудандарын қамтитын ірі су бұру жүйесі ретінде көрсетіп тұр. Су бұру жүйесі 292,74 км. және 13 кәріз сорғы станциялары (КСС) және ағын судың биологиялық тазартудағы кәріздік тазарту құрылғыларынан тұрады.

Су бұру және КСС желілерінде орташа тозу 80%-дан астам. Іс жүзінде, барлық сорғы станциялар өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңы, мен 70-ші жылдарының басында салынған. Ғимаратты салудың ауыр жағдайдағы оның жарамсыздығына әкеліп соқты. Сорғы станцияларын САЖ толықтай қираған және осы объектілерде техногендік апаттардың ықтималдығына жол береді. Көптеген құбырлардың қолданысқа берілу мерзімі 30 жылдан 40 жылға дейін.

Кәріздік тазарту құрылыстары 1971 жылдан бері пайдаланылуда және қаланың оңтүстігіндегі үш км. орналасқан. Ағын судың биологиялық тазарту құрылғыларына орташа есеппен нақты салмақ, қазіргі уақытта 24000 м³/тәул. құрайды. Бұған дейін, қала халқын қауіпсіздікпен қамту үшін қанағаттандырмайтын жағдайлар туындаған. Яғни, ағын суды тазалау техникалық желісінің кез-келген кезеңінде, авариялық жағдайда барлық объектілерде төтенше жағдайлар болуы мүмкін. Авариялық жағдайдан зардап шеккендер жаһандық сипатта атқара алады.

2014 жылы 6,23,9,7 шағын аудандарда ұзындығы 4,18 км. кәріз желілерінде 166,4 млн. теңгеге жұмыстар аяқталды.

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы 3, 3а, 3б, 4, 5, 7, 8, 9, 11, 12 ш/а 463,2 млн. теңгеге ұзындығы 11,1 км. өздігімен ағатын кәріздік желілерді жаңарту жұмыстары басталды.
Тұрғын үй қоры

2015 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша облыстың көп пәтерлік тұрғын үйлерінің саны шамамен 3,1 млн.шаршы м. алаңға 858 бірлікті құрады.


1 кесте. Ақтау қаласының тұрғын-үй қоры



Атаулары

Көп пәтерлі тұрғын-үйлердің саны

Олардың ішінде жаңартуды қажет ететіндер

Тіркелген кодоминиум объектілерінің саны

Кондомниум объектілерін басқару органдарының саны

Кө пәтерлі тұрғын-үйлердің аумағы, мың м.2

Ақтау қаласы

858

170

290

50

3066,1

Қаланың тұрғын үй қоры мейлінше жоғары тозу дәрежесімен сипатталады.



Қазіргі кезде 608,3 мың шаршы м. астамы немесе жалпы саннан 19,8%-ы күрделі жөндеудің кейбір түрлерін жүргізуді қажет етеді, ал және 15 үй (7,902 мың шаршы м.) немесе 1,74%-ы тұру үшін жарамсыз үй ретінде бұзуға жататын апатты үйлер болып табылады


ТҮКШ жаңартудың екінші механизмі бойынша көп пәтерлі тұрғын-үйлердің жөнделуі

кезең

Күрделендіру сомасы, млн.теңге

Жөнделуі тиіс үйлер, саны

Жөнделу орындалғандар, саны

Шағын аудандардың атауы

2011-2012 жыл

273,0

6

6

2 ш/а. – 3 үй

3 ш/а – 3 үй


2014 жыл


650,0


10


10

2 ш/а - 2 үй

3 ш/а – 2 үй

3А ш/а – 6 үй
Тұрғын-үй қорын жақсарту бойынша нәтижелі мүмкіндік, Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты жаңарту - 2020 бағдарламасы шеңберінде қарастырылған. Аталған бағдарламаның іске асыруға ықпал етуі, үйлердің пайдаланылу мерзімін ұзартуға, үйлердің арасындағы инженерлік желілердің жағдайын жақсартуға, жайлы тұрмыс жағдайына мүмкіндік туғызады. 2012-2014 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде қаланың 16 көп пәтерлі тұрғын-үйлеріне жалпы 923 млн. теңге сомаға күрделі жөндеу жүргізілді.

2 сурет. 2012-2014 жылдардағы ТҮКШ жаңарту
2014 жылы Қазақстанның ТБЖ экономикалық қызмет субъектілерінің толық тізімінің рейтингінде «Ақтау тұрғын үй» ЖШС «сала лидері-2014» құрмет атағына және Кеден одағы елдері қатысқан ұлттық бизнес-рейтингі бірлестіктер халықаралы одақтың «Сала көшбасшысы» қабырға күміс медальіне лайық болды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- қаланың энергиялық тәуелсіздігі;

- қаланың 100% табиғи газбен қамтылған;

- жылу желілеріндегі авариялардың төмендеуі.


- су тапшылығы, сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылымның барынша тозуы;

- газбен жабдықтау инфрақұрылымының 40% тозу дәрежесі;

- жылу энергиясының жоғары ысыраптары;

электр желілерінің жоғары тозу дәрежесі.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- ЖЭК дамыту есебінен энергия тапшылығының орнын толтыру;

- «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» іс-шараларын іске асыру есебінен инфрақұрылымның барлық түрлерін дамыту.




- энергия өндіретін МАЭК негізгі кәсіпорнындағы тозу салдарынан қуаттылықтардың істен шығуы және оның салдарынан өңірдің энергия тапшылығының ықтималдығы;

- халық санының өсуі және жабдықтың тозуы салдарынан экономиканың шектеулі дамуы, облыс халқы үшін судың жетіспеушілігі.




Саладағы негізгі проблемалар:

- тұрғын үй қорының жоғары тозуы, сондай-ақ авариялық тұрғын үйлердің болуы (1,74%);

- қаладағы электр энергиясының ықтимал тапшылығы;

- жылу желілерінің тозуы (82%), ол жаңаларын салу және жаңғырту есебінен шешуді қажет етеді;

- халықтың және экономиканың тұрақты өсуіне қарай қаладағы бұрыннан бар су тапшылығы;

ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтылмауы.


2.1.5. Бағыт. Экология және жер ресурстары.

2.1.5.1. Қоршаған ортаны қорғау

Жерде көмірсутегілердің тасымалдануы мен өндірілуінің қарқынды өсуі және Каспий теңізі қайраңындағы барлау жұмыстары өндірісінің басталуы қоршаған орта мен медициналық-демографиялық жағдайларына теріс әсерін тигізуде.


Ауаның атмосфералық жағдайы

2015 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша Ақтау қаласында кәсіпорындар саны 2012 жылы 365-тен 2014 жылы 372-ге дейін көбейді немесе 2%-ға өсті.


Атмосфераға кәсіпорындардың ластаудың стационарлы қайнар көзінен шығатын заттардың шығарылу динамикасы 1 суретте көрсетілген.
1 сурет. Ластаудың стационарлы қайнар көзінен шығатын заттардың шығарылу саны, мың тонна

Өңірдің атмосфералы ауасын ластауға едәуір үлесті - бардық шағырылатын заттардың 20%-ын облыс орталығы - Ақтау қаласының өндірістік кәсіпорындарынан шығады.

Ақтау қаласы бойынша әзірленген экологиялық құжаты бар.

Қалада қоршаған ортанының ластануын бақылайтын, аттестацияланған лабораториясы жоқ «Казгидромет» РМК-ң облыстық филиалының 4 бақылау посттары бар.


Өндіру мен қолдану қалдықтары

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар көлемі 2012 жылы 487,7 мың тонна, 2013 жылы - 470,7 мың тонна, 2014 жылы - 350 мың тонна құрады.

Коммуналдық қалдықтар көлемінің жыл сайын өсімі байқалады.

Өңірдегі қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтау және сақтаудың негізгі орындары бұл - қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, ал ауылдық елді мекендерде - жинақтау және ұйымдастырылған төкпелері.

Коммуналдық қалдықтарды орналастыруға арналған бір полигон бар, онда қатты тұрмыстық қалдықтардың 744,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтары жиналған.

2014 жылы қалада жаңа қатты тұрмыстақ қалдықтар полигонының құрылысы басталды, сонымен қатар Еуропалық жаңарту және даму банкімен бірлесіп, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою және биогаз шығару зауытын салу мәселесі пысықталып жатыр.


Радиоактивті қалдықтар

«Қошқар-Ата» химиялық өндіріс қалдықтарының жинағы Каспий жағалауының маңызды мәселесі болып отыр. Ол Каспий теңізінен 7-8 шақырым жерде және облыс орталығынан 3-4 шақырым жерде орналасқан.

«Казгидромет» құйрық сақтау орнының радиоактивті және зиянды қалдықтарының шаңдануын азайту және Ақтау қаласы мен жақын маңындағы елді мекендер маңындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында, жыл сайын жасанды өзеннің сұйық фазасының деңгейін тұрақтандыру бойынша жұмыстары атқарылады.

Өңір бойынша гидродинамикалық және гидрохимиялық жағдайларға жасалған талдауы қазіргі таңда Қошқар-Ата құйрық сақтау орны кесірінен Каспий теңізі суының ластану қаупі жоқ екенін көрсетеді.

Аса үлкен қауіпті Қошқар-Атаның Мұнайлы ауданындағы Басқұдық, Атамекен және Дәулет ауылдарына жақын орналасқаны туындап отыр.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- табиғат қорғау жобаларының іске асырылуы;

- қоршаған орта жағдайы мен халықтың денсаулығына қолайсыз антропогендік әсерді төмендету үшін қажетті зерттеулердің жүргізілуі;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған қаржыландыру көлемінің ұлғаюы;

- жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын аумақтардың құрылуы;

- жергілікті экологиялық проблемаларды жою жөніндегі шаралардың әзірленуі;

қаланың экологиялық паспорттарының болуы.



- қоршаған ортаның ағымдағы және тарихи ластануы;

- су ресурстарының, бірінші кезекте ауыз судың болмауы, су көздерінің ластануы, тазарту құрылыстарының нашар жағдайы;

- өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму бойынша өндірістік қуаттылықтардың болмауы;

- мемлекеттік мониторинг жүйесінің болмауы, мұнай өндіру үлерісінде Каспий теңізінің ластануын болдырмау үшін бақылаудың жеткіліксіздігі.



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін төлемақылар мен табиғат қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген ақшалай қаражаттың барабарлығын қамтамасыз ету, өзекті табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік бермек;

- тазарту құрылыстарын жаңғырту, ұйымдастырылған қоқыс төгетін жерлермен бөлініп қалған, ауыл шаруашылығы үшін жарамды және өзге мақсаттта пайдаланылатын жерлердің аудандарын қалпына келтіру;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың ластау көлеміне бақылауды арттыру;

- мониторингтік бақылау үшін стационарлық экологиялық алаңдар саны арттыру, шаруашылық жүргізуші субъектілердің техногендік қызметіне жедел ден қою есебінен қоршаған ортаның сапасын көтеруге мүмкіндік бермек;

экологиялық міндеттерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың ақшалай қаражаты мен технологияларын тарту.


- атмосфераны, су қорын ластау көздері үшін тазарту құрылыстарын нашар жаңғыртқан жағдайда экологиялық ахуалдың шиеленісуі;

- жерде және Каспий теңізінің қайраңында қарқынды мұнай операцияларының жүргізілуі;

- БН-350 реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын» орындау кестесіңнің бұзылуы;

- стационарлық және жылжымалы ластаушы көздерден атмосфреға шығарылудың артуы.





Қоршаған ортаны қорғау бойынша негізгі проблемалар:

- атмосфералық ауаның ластануы;

- Каспий теңізі мен Өлі көлдің ластану деңгейінің артуы;

- коммуналдық қалдықтар көлемін дәлме-дәл есепке алудың бірыңғай жүйесінің болмауы, ауылдық елді мекендерде ТҚҚ-ды жинау мен шығарудың тұрақты жүзеге асырылмауы; ТҚҚ-ды жинау үшін контейнерлер санының жеткіліксіздігі;

- ТҚҚ-ды қайта өңдеудің, ТҚҚ-дағы пайдалы компонентттердің айтарлықтай мөлшерін қайтадан пайдаланудың болмауы;

- «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасының шекті межедегі ахуалы.





2.1.5.2. Жер ресурстары

Ақтау қаласының жалпы алаңы 29,84 мың га құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығына тағайындалған жерлер – 1,49 мың га, елді мекендер жерлері – 16,83 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және бұдан басқа ауыл шаруашылығына тағайындалмаған жерлер – 11,21 мың га, емдік-сауықтыру мақсатындағы және ерекше қорғалатын табиғат алаңдары жерлері – 307 га.


1 сурет. Мақсаттары бойынша қала жер қорының жалпы алаңы
Ауыл шаруашылығы айналымына қатысы жоқ ауыл шаруашылық алқаптары 14848 га құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың негізгі мақсаттары – бақшалық және саяжай құрылыстарын енгізу, сондай-ақ шаруа қожалығын енгізу.

Бұрынғы «Приморский» мен «Рауан» саяжай массивтері тұрғын-үй массиві санатына ауыстырылды және Өмірзақ селосына кірісті. Саяжай құрылысынан нысаналы жер учаскесін тағайындауды жеке тұрғын-үй құрылысына өзгерту тәжірибеленуде. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың негізгі мәселелері тұрақты сумен қамтудың жоқтығы болып табылады.

Шаруа қожалығы негізінен көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге бағытталған. Суландыру жүйесі жоқ. Бірақ, шаруа қожалықтары соңғы жылдары жерлерлі суғару кезінде даусыз артықшылықтары бар тамшылатып суғару әдісін қолдануда.

Жерлерді түгендеу аясында, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жағдайы мен пайдалануына, пайдаланылмайтын жердің барлығына, ауыл шаруашылығы учаскесінің сапалы сипаттамасына тексеріс жүргізілді. Түгендеу нәтижесінде, уақытша жер пайдалану құқығының жойылуына (мерзімі біткен) және таралатын шағын кәсіпорындардың жер балансын жоюға байланысты жердің 277 га төмендеуі орнатылды.

Қалада Каспий теңізі су қорғау аймақтарының шекарасын белгілеу орындарында, су қоры жерлері оның аймағын анықтайтын санаттарды құру қажеттілікті ескеретін су қоры жері жоқ.

Құрғақ климат өсімдік қабатының сиректігі жағдайында әлсіз құнарлы қабат пайда болды. Бұл қыртыс сапасына әсерін тигізді. Құнарлы қабат негізінен бонитеттің орташа 4-5 баллымен қоңыр және сұр-қоңыр құнарымен айқындалған.

Жер реформасын одын әрі дамыту жер ресурстарын және оларды қорғау шамасын қолданудың тиімді механизмін іске асыру қажеттілігімен байланысты.

Жер учаскелерін меншікке және қолдануға берудің мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында, қала аумағында жер нарығын құру тәжірибесін енгізу және жер учаскелерін аукциондар мен конкурстар арқылы өткізу бойынша нақты жұмыстар басталып кетті.


Жер ресурстары бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрылуы және қорғалуы, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары анықталған кезде және игеруге мемлекеттік қажеттіліктер үшін, магистралдық құбыржолдарлы салу (реконструкциялау), жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп бөліп алу.

- ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін қажетті жағдайлары бар жер учаскелерінің жоқтығы (су көздерінің, жолдардың электрдің жоқтығы).

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аукциондар мен конкурстар, оның ішінде электрондық конкурстар арқылы беру жолымен жер пайдаланушылардың санын арттыру.

- табиғи-климаттық факторлардың облыстың жер қорына әсері;

- Каспий теңізінің су деңгейінің азаю немесе арту тәуекелі.





Саланың негізгі проблемалары:

- ауданын анықтаумен су қоры жерлерінің санаты қалыптасқан жоқ;

- облыстың елді мекендері бойынша 1:1000, 1:2000, 1:5000 масштабындағы картографиялық материалдардың болмауы, бұл – жер учаскелерінің тиімсіз болуына, шекараларды белгілеу кезінде қателіктерге және тағы басқаларға әкеледі;

- қазіргі заманғы жоспарлық-картографиялық, топырақ және басқа зерттеу материалдарының болмауы, бұл жер-кадастрлық жұмыстарды жүргізу сапасына әсер етеді, жер учаскелерінің тиімсіз пайдалануылуына, жерлерді сапасыз экономикалық бағалауға әкеледі;

- инвестициялар тарту, жер учаскелерін одан әрі игеру мақсатында жерлердің жай-күйі, оларда болып жатқан өзгерістер туралы толық және шынайы ақпараттың жетіспеушілігі.
2.1.5.3. Қаланың ауылдық аумақтары

Қаланың әкімшілік-аумақтық бөлінуі 2,7 мың халқы бар немесе қаланың жалпы халық санына шаққанда 1,5% құрайтын Өмірзақ ауылымен, Рауан, Приморский, Приозерный-1,2,3 тұрғын-үй массивтерімен айқындалады.

Қазіргі нормативтерге сәйкес, ауылдық елді мекендер білім беру және денсаулық сақтау нысандарымен қамтылған. Өмірзақ ауылында жалпы білім беру мекемелерінің желісі бір №27 орта білім мектебімен (571 оқушы) және 25 орынды 1 шағын-орталығымен айқындалады. Мектеп жасындағы балалардың оқумен қамтылу деңгейі 100 пайызды құрайды.

Ауыл халқына медициналық көмекті 2014 жылы салынып біткен, 20 қаралуға арналған фельдшерлік-амбулаториялық емхана көрсетеді. Өмірзақ ауылында қалалық Орталық кітапхананың филиалы, пошта, полицияның тірек пункты қызмет көрсетеді.

Өмірзақ ауылы, тұрғын-үй массивтерінің территориясымен бірге электрмен, орталықтандырылған газбен, телефон желісімен толық қамтылған.

«Приморский» тұрғын-үй массивін инженерлік қамту бойынша жұмыстары жалғасып жатыр: 2013 жылы - 314,3 млн.теңгеге газбен жабдықтау жұмыстары, 2014 жылы - 525,3 млн.теңгеге электр желілері салынды, 2015 жылы - 388,9 млн.теңгеге сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы басталды.

«Жол картасы-2020» және «Өңірлерді дамыту» мемлекетік бағдарламалары аясында 100,7 млн.теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылды, Өмірзақ ауылының тұрғын-массивтерінің аумағын жайландыру үшін (2012 жылы - 40,3 млн.теңгеге 1 жоба, 2013 жылы - 60,4 млн.теңгеге 9 жоба) іске асырылды. Осы жобаларды іске асыру 41 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Қала мен Өмірзақ аулы арасындағы автокөлік жолының ара-қашықтығы - 13 шақырым, бұл жол қанағаттанарлық жағдайда. Сонымен қатар, «Рауан» тұрғын-массивінде 12 шақырым құрайтын автокөлік жолы болмай отыр. Жаңа автокөлік жолының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыстары жасалып жатыр.

Маман тапшылығы мәселесін шешу мақсатында және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2012-2014 жылдары ауылдық мектептің 7 жас білім беру мамандарына 866,2 млн.теңгеге (2012 жылы - 226,5 млн.теңгеге 2 маманға, 2013 жылы - 121,2 млн.теңгеге 1 маманға, 2014 жылы - 518,5 млн.теңгеге 4 маманға) көтерме жәрдемақысы төленді.
Ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- ауылдық елді мекендердің 100 пайыз газбен және электрмен жабдықталуы;

- ауылдағы миграцияның оңтайлы сальдосы, жалпы санындағы ауыл тұрғыны үлесінің өсуі.



- ауыз-су тапшылығы әсерінен ауыл-шаруашылығын дамытудағы қиындықтар;

- Өмізақ ауылында өнеркәсіптік өндірістің жеткіліксіз дамуы.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- Мемлекетік және салалық мемлекеттік бағдарламалапр аясында облыстық елді мекендері әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартып, одан әрі дамыту;

- ауылда экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту;

- несиелер мен гранттер бөлу арқылы ауылдық мекендегі әлеуметтік ұйымдарды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.


- өңірлерді дамыту бойынша бағдарламалардың тиімсіз орындалуы;

- қала мен ауыл халқының өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтардың күшеюі.






Ауылдық аумақтар бойынша негізгі проблемалар:

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелеріндегі мамандар тапшылығы:

- ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықталуының төмен деңгейі;

- ауыл-ішілік автокөлік жолдарының төмен жағдайы, жаңа автокөлік жолдарын салу қажеттілігі;

- ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын материалды-техникалық жабдықтау және оларды дамыту қажетілігі.
2.1.6. Бағыт. Мемлекеттік қызметтер

Кешенді шараларды қолдану арқасында қаланың мемлекеттік қызметтер көрсету аясында негізгі көрсеткіштер бойынша оңтайлы өсімге қол жеткізілді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау және аудит жүргізу бойынша әкімдік қызметіне жүргізілген талдау ішкі бақылаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуын көрсетті.

Ақтау қаласы әкімдігінің қызметі ақпараттық, аналитикалық, ұйымдастырушылық және басқа да қызметті ғана қамтамасыз етуді емес, сонымен бірге мемлекеттік органдар функцияларының бизнес-процесстерін автоматтандыру жолымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылатуды қамсыздандырады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының тиімділігін көтеру және қызметтерді алушылармен кері байланысты орнату үшін 2013 жылдан бастап Ақтау қаласы әкімдігінің реси сайты - www.aktau.gov.kz. қызмет етеді. Онда мемлекеттік қызметтер туралы барлық қажетті ақпарат және «Электронды үкімет» порталы арқылы керекті қызметті алу мүмкіндігі бар.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар және интернетке қолы жетпейтін азаматтар өздеріне қажетті қызметтерді халыққа қызмет көрсету (ХҚКО) арқылы қағаз түрінде алады. Қала әкімінің сайтында мемлекеттік қызметтер регламенттері мен стандарттарының тексттері, паспорттары орналастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер жобасына шағым түсіру мүмкіндігі бар.

2014 жылы Ақтау қаласының мемлекеттік органдары электронды түрде (Е-gov) 6881 мемлекеттік қызмет көрсетті, немесе 2013 жылмен салыстырғанда (9615 қызмет) 28,5%-ға төмен.

2014 жылы Ақтау қаласының тұрғындарына қала әкімдігі 79 мемлекеттік қызмет көрсетті немесе 2012 жыл деңгейімен салыстырғанда (2012 жылы – 45, 2013 жылы - 51) өсті. Жалпы санынан 45 мемлекеттік қызмет электронды түрге (57%) айналды.

2014 жылы Ақтау қаласының әкімдігі 51107 қызмет көрсетті, немесе 2013 жылмен салыстырғанда (53262 қызмет) 4%-ға төмен.

1 сурет. 2012-2014 жылдардағы қала бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны.
Тұрғындар арасында көп көрсетілетін қызметтер: некені тіркеу, бала туылуын тіркеу, мектеп жасына дейінгі балаларды есепке тұрғызу, қамқорлық пен тәрбиелеу бойынша анықтамаларды беру, жұмыссыз азаматтарды есепке тұрғызу, жер орналастыру жобаларын бекіту, жер учаскесінің мақсатты бағытын өзгертуге рұқсат беру және тағы басқалар.

Халықтың мемлекеттік қызметтермен қанағаттану деңгейі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында үкіметтік емес ұйымдар өткізген әлеуметтік зерттеулер негізінде анықталды.



2 сурет. Халықтың мемлекеттік қызметтермен қанағаттану деңгейі.
Осы тұрғыда, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер уақытылығы мен сапасын бақылау және мониторингілеу мәселесі әлі де маңызды болып отыр.

Қоғамның көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ойын білу мақсатында «Қолдау-Қазақстан» жеке меншік емес ұйымы қоғамдық мониторинг жүргізді.

Оның нәтижесі бойынша, қызметтің 4 таңдалған түрі бойынша олардың сапасын жақсарту керек деген ойлар айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің мөлдірлігі мен сапасын жақсарту үшін тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер өткізіледі.
Мемлекеттік қызметтер бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- жергілікті атқарушы органдардың жеткілікті техникалық жабдықталуы;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіздің болуы;

- мемлекеттік қызметтерді «электронды портал» арқылы қысқа мерзімде көрсету;

- мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қызмет алушылар жағынан шағымдардың жоқтығы;

- халықтың мемлекеттік қызметтермен қанағаттануы.

.


  • мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша әкімдік қызметінің төмен көрсеткіші;

  • мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ыңғайлы жағдайларды құрудың төмен ұйымдастырушылығы (электронды кезектің, күту орындарының, ақпараттық стендтердің, пандустардың, қызметтерді көрсету сапасын бағалауға арналған электронды жабдықтың бар болғаны, );

- мемлекеттік қызметтер көрсету аясындағы мамандардың біліктілік деңгейінің әлсіз жүйесі;

- тұрғындардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы әлсіз ақпараттануы;

- жоғары біліктілікті мамандардың жетіспеушілігі.


МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- E-gov порталын одан әрі дамыту және қала тұрғындарын мемлекеттік электронды қызметтермен толық қамту;

- «электронды портал» және халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесін көбейту;

- шалғай елді мекендерді интернетке қол жеткізу;

- телефон байланысы арқылы мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратты табыс ету.



- Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік органдардың қызметін бағалау Әдістемесіне өзгерістердің жиі енгізілуі;

- ақпараттық технологиялардағы техникалық ақаулар;

- тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімінің жоқтығы;

- елді мекендер тұрғындарының интернет-ресурстарға теңсіз қол жетімділігі.





Мемлекеттік қызметтер аясындағы негізгі проблемалар:

  • мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру бойынша жұмыстарды тиімсіз үйлестірілуі (қала әкімдігінде мемлекеттік қызметтерді көрсету аясын бақылау және үйлестіру бойынша құрылымдық бөлімшелердің жоқтығы, жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметтерді көрсететін жоғары біліктілікті мамандардың жоқтығы);

- мемлекеттік қызметтерді көрсету мен мониторингілеумен байланысты ақпараттық жүйелердің дамымағаны (халыққа қызмет көрсету орталығының біріктірілген ақпараттық жүйесінің сапасы төмен деңгейде болып отыр);

- тұрғындардың ақпараттанбауы (қызмет алушылар қызметтерді қайдан алуды – ХҚКО-да ма, әлде мемлекеттік органда ма білдмейді);

- мемлекеттік қызметтерді көрсетуге белгіленген мерзімдердің уақытының бұзылу себептеріне факторлық талдаудың жүргізілмеуі.

3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет