3.Рефлексия. Педагог қорытынды жасайды. Балаларға еңбек етуден жалықпау керек екенін ұғындыру.
№ 14 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: "О" дыбысын қайталау.
Мақсаты: "О" дыбысы және оның таныстыру.
Міндеттері: О дыбысының сөздегі орнын тапқызу. Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту. Ұсақ қол қимылдарын дамыту.Ұғымталдыққа тәрбиелеу,
Күтілетін нәтиже:
Жасайды; дыбыстық талдау жасайды;
Түсінеді: "О" дыбысының дауысты екенін түсінеді; Қолданады: буынды қолданып, сөз құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: мамандық иелерінің суреттері, жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: аспаз – повар.
ҰОҚ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балаларға өлең жолдарын оқиды.
Әкем менің – дәрігер, Шешем менің – аспаз. Ағам менің – етікші, Жеңгем менің – суретші. Атам менің – ол ұста, Бәрі-бәрі жұмыста.
Педагог өлең жолдарындағы мамандық иелерінің аудармасын орыс тілінде балаларға түсіндіріп өтеді.
Балалар, өлеңде не туралы айтылған?
Иә, дұрыс айтасыңдар, өлеңде отбасы туралы айтылады.
2. Негізгі кезең
Отбасы қандай дыбыстан басталады?
"О" дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?
Біз өткен тақырыптан дыбыс буынды, буын сөзді құрайтынын білеміз.
Айтыңдаршы, бір буында неше дауысты дыбыс болады?
Дидактикалық ойын: "Буынға буын қос".
Педагог балаларға бір буын айтады, балалар буынға буын қосып жалғастырады.
Мысалы: ор- ..., дор-..., бот- ..., то- ..., оқу-..., оқы-..., са-... .
Ор- ман, дор-ба, бот-қа, то-қылдақ, оқу-шы, са-ғыз т.б.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық.
Дидактикалық ойын:"Мамандықтың бәрі жақсы".
Ойын шарты: балаларды әртүрлі мамандықпен таныстыру. Суреттерін тақтаға ілу. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді. Кімге не керек екенін айтады. Саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу:
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Басбармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – қозыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Жұмыс дәптермен жұмыс. Дәптердегі №13 тапсырманы орындайды. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Қандай ойындар ойнадық? Егер ойнаған ойындарың ұнаса, шапалақтау арқылы қуаныштарыңды білдіріңдер.
№ 15 ҰОҚ
Достарыңызбен бөлісу: |