Білім беру саласы: Коммуникация. Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «М» дыбысы
Мақсаты: "М"дауыссыз дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Буындарды және қысқа сөздерді айтқызу. Сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Саусақ моторикасын дамыту. Балаларды әдептілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: дыбыстық талдау жасайды; түсінеді: дыбыстардың жасалу жолын; қолданады:сөздерді буынға бөледі.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, қолайна, малдардың, мысықтың суреттері.
Сөздік жұмыс: мөңірейді. Билингвалды компонент: мысық – кошка, марғау – котенок, маса – комар.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, бүгін бізге қонаққа Алдаркөсе келіпті. Ол өзімен бірге бір дыбыс ала келіпті. Бірақ, ол бізге қандай дыбыс алып келгенін айтпаймын дейді. Ол үшін біз оның тапсырмаларын орындауымыз керек. Қоржынның бірінші басында тапсырмалар, екінші басында асықтар бар. Сұраққа жауап берген балаларға бір-бір асықтан беріп отырады.
2. Негізгі кезең:
Мына қоржын ішінде бірнеше тапсырмалары бар.
Мынау не?
«Мысық» сөзі неше буыннан тұрады?
Мысық қалай дыбыстайды?
«Мысық» сөзінің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
Дұрыс айтасыңдар, «М» дыбысын естіп тұрмыз. «М» – дауыссыз дыбыс. Кәне, қолайнамызды алып бәріміз бірге «М» деп айтайық.
«М» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін бір-біріне қатты тиеді. Тіл дауыс қуысында еркін жатады. «М» дыбысы кішкене тілдің төмен түсіп, демнің мұрын арқылы шығуынан жасалады. «М» дыбысының жасалу жолы осындай.
Енді «М» дыбысынан басталатын сөздер айтып көріңдер.
Сол сөздерді буынға бөлейік.
Балалар, сиырға ұқсап дыбыс шығарып көрейікші.
Бұл да «М» дыбысынан басталып тұр.
Міне, сендер айтқан малдардың, мысықтың суреттері. Осы суреттерге қарап, сөйлем құрап беріңдерші?
Достарыңызбен бөлісу: |