Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет21/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. – Бүгінгі сабақта қандай тапсырма қызықты болды?
12 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Р» дыбысы.
Мақсаты: «Р» дыбысымен таныстыру,
Міндеттері: Дыбыстық құрылымы әртүрлі үш, төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету, сөйлем құрауға үйрету, сөйлем туралы түсінік беру. Дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету. Саусақ бұлшық еттерін дамыту.
Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дыбыстық талдау жасайды.
Түсінеді: «Р» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін.
Қолданады: суретке қарап, сөйлем құрауды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: көркем суреттер, жұмыс дәптері.
Билингвалды компонент: раушангүл – роза.
ҰОҚ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Педагог шаттық шеңберіне тұрғызып. Раушангүлді алып келеді. Балалар раушангүлді бірбіріне сыйлау арқылы тілек айтады.

  1. Негізгі кезең:

  • Балалар, біз қандай гүлмен тілек айттық?

  • Раушангүл сөзі қандай дыбыстан басталады?

  • «Р» дыбысы қандай дыбыс дауысты ма, дауыссыз дыбыс па?

  • Естеріңе түсіріңдерші, өткен оқу қызметінде қандай «Р» дыбысынан басталатын ұл, қыз есімдерін айттыңдар?

Енді өздерің айтқан есімдерді байланыстырып, көркем суреттерге қарап, сөйлем құраңдар.
Мысалы: Балалардың еңбек етіп жатқан көркем суреттері тақтаға ілінеді.
Дидактикалық ойын: «Не бар, не жоқ?»
Ойын шарты: Балалар шеңбер болып тұрады. Педагог әр балаға жемістер мен көгөністер таратады.
Педагог: Мен баққа барғанымда, бақта шие жоқ екен.
Шие ұстап тұрған бала: Шие бар, алма жоқ.
Алма ұстап тұрған бала: Алма бар, алмұрт жоқ, – дейді.
Ойын осылай жалғаса береді.
Шатасқан бала айыбын өлең немесе тақпақ айту арқылы өтейді.
Билингвалды компоненттерді қайталатады.
Сергіту сәті:
Алтын айдарлы әтеш оянды,
Тым ерте тұрыпты,
Ойқастап жүріпті,
Жан-жақа қарапты, Айдарын тарапты. «Қо-қо-қ-о», – депті,
Қорада ойранды салыпты,
Бір тауық қайран қалыпты, Секіріп, секіріп айғайлап, Шарбаққа қоныпты.
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді жалғастыр»
Ойын шарты: педагог сөйлемнің басын айтады, сөйлемді балалар аяқтау керек. Мысалы:
Балалар бақта (не істеді?)...........
Ойын соңында бір сөйлем неше сөзден тұратынын талдайды. Педагог саусақ басы бұлшық еттеріне жаттығу жасатады.
Кел, санайық санамақ, Саусақтарды даралап.
Басбармағым алғашқы,
Балаң үйрек жалғасы,
Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 12 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі. 3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Балалар бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерің қандай? Ойнаған ойындар сендерге ұнады ма?
13 ҰОҚ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет