Билингвалды компонент: мысық – кошка, марғау – котенок, маса – комар. – Енді орнымыздан тұрып, бойымызды сергітейік.
Сергіту сәті:
Ақ лақ
Жүні жібек шудадай,
Ақ мүйізді аппағым, Үстіңді жүр былғамай, Баспа жердің батпағын. Аяғыңды аңдап бас,
Тізеңді тас тілмесін. Бөрі көрсе аямас,
Сайға сүйреп жүрмесін.
(С.Оңғарбаев)
«Маса», «мама», «мата» сөздерін буынға бөлейік. Осы сөздерге дыбыстық талдау жасайық.
Балалар, «маса» сөзінде неше дыбыс бар?
Бұл сөз неше буынға бөлінеді?
Енді дыбыстардың дауысты не дауыссыз дыбыс екенін анықтап алайық.
Мен сендерге өлең оқып беремін, қай жерде «М» дыбысынан басталған сөздер бар, есте сақтап отырыңдар.
Сиыр Мүйізі айдай иілген, Мұрнын көкке шүйірген. Керілген желін, сала емшек, Сауғанда жаның сүйсінген. Ірімшік пенен құрт, майы, Жегенде тілді үйіреген.
(Б.Ысқақов)
«Кім жылдам?» дидактикалық ойынын ойнатуға болады.
Ойын шарты: педагог балаларға «М» дыбысынан басталатын сөздерді тез ойлантып айтқызады. Сөз айтқан сайын бір қаламнан қолдарына ұстатып отырады. Қай бала көп сөз айтса, соның қаламы көп, демек жеңімпаз атанады.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі №17 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. – Бүгінгі сабақта қандай тапсырма ең қызықты болды?
№18 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сауат ашу және жазу.
Тақырыбы: «М» дыбысы.
Мақсаты: "М"дауыссыз дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Буындарды және қысқа сөздерді айтқызу. Сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету. Тілдерін, саусақ моторикасын дамыту. Балаларды әдептілікке тәрбиелеу Күтілетін нәтиже:
жасайды: дыбыстық талдау жасайды; түсінеді: қысқа сөздер қандай болатынын; қолданады: сөздерді буынға бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |