3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды. Балалар оқу қызметін қалай түсінгенін білдіріп, смайликтер көтереді.
№20 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Б» дыбысы
Мақсаты: «Б» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: «Б» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлгізу. Көркем сурет бойынша әңгіме құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөздерді буынға бөледі
Түсінеді: әңгіме құрап айтуды;
Қолданады: өткен дыбыстарды қатыстырып, сөз құрайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері. Билингвалды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает.
ҰОҚ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңберіне тұрғызу.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді, Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қайырлы күн, балалар!
Негізгі кезең
Балалар, өткен оқу қызметінде алыстағы көлден не келді?
Бақа қалай дыбыстайды екен?
Бақ-бақ еткен бақа қай дыбыстан басталады?
«Б» дыбысы қандай дыбыс?
Енді мына көркем суретке назар аударыңдаршы.
Билингвалды компонент: бақа бақылдайды – лягушка квакает.
Суреттегі көл жағасындағы бақа суретіне әңгіме құрату.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Ойын шарты: педагог балаларға жан-жануарлардың, жәндіктердің аттарын айтады. Балалар сол жануар, жәндіктердің дауысын салып беру керек.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз, Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып, Орнымызға барамыз.
Педагог балаларға «Б» дыбысы бар сөздерден сөйлем құратады, "Б"дыбысын сөз ішінен табуға жаттығулар жасатады.
Дидактикалық ойын: «Не жетіспейді?».
Ойын шарты: педагог гүлдің, партаның , аққаланың, үйдің суреттерін тақта бетіне жапсырып қояды. Балалар жетіспейтін жерлерін апарып қосады. Мысалы: гүлдің жапырағы жоқ, партаның бір аяғы жоқ. Педагог саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасатады.
Кел, санайық санамақ, Саусақтарды даралап.
Басбармағым алғашқы,
Балаң үйрек жалғасы, Ортан терек атасы,
Шылдыр шүмек анасы,
Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 20 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |