Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет24/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: «Қ» дыбысы.
Мақсаты: «Қ» дыбысымен таныстыру.
Міндеттері: Сөздерге дыбыстық талдау жасату,сөздерді буындарға бөлгізу.
Тапсырмадағы суретті жалғастырту арқылы зейіндерін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: сөздерді буынға бөледі;
Түсінеді: сөздердің мағынасын түсінеді;
Қолданады: сөздердің арасынан өткен дыбысты табады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, қолайна.
Сөздік жұмыс: сырмақ.
Билингвалды компонент: киіз үй – юрта, ұлттық ою – өрнектер – национальный орнамент.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Педагог топтағы үстел үстіне ұлттық бұйымдарды әкеліп қояды.

  • Балалар, сендер не көріп отырсыңдар?

  • Дұрыс айтасыңдар. Мұның бәрі – қазақтың ұлттық бұйымдары.

  • Мына киіз үй неден жасалған?

  • Ал мынау не?

  • Сырмақ неден жасалған?

  • Балалар, мына сырмақ қандай ою-өрнектермен әшекейленген?

  • Сырмақты, киіз үйді қойдың жүнінен жасайды. Сырмақтың бетін неше түрлі оюөрнектермен әшекейлейді.

  • Ою-өрнектердің атын атап беріңдер.

  • Дұрыс, балалар, біз қазақ халқының, өз халқымыздың ою-өрнектерімен, сырмақпен таныстық.

Сырмақ – өрнектелген төсеніш.
Билингвалды компоненттер қайталанады: киіз үй – юрта, ұлттық ою – өрнектер – национальный орнамент.
2.Негізгі кезең:

  • Балалар, бүгін біз «Қ» дыбысымен танысамыз. Дыбысты біз естейміз.

Мысалға, қолымызды шапалақтасақ, үстел үстін ұрсақ, дыбыстар естіледі.

  • Кәне, бәріміз «Қ» деп айтайық.

«Қ» дыбысының дұрыс артикуляциясы мынадай: Ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді. Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Міне, осыдан «Қ» дыбысы жасалады. «Қ» – дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?

  • Енді өздерің «Қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап айтыңдар.

  • Дұрыс айтасыңдар. Мен бір өлең шумағын оқимын, қай сөзде «Қ» дыбысы бар екенін еске сақтап отырыңдар.

Құлыншағым – құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады.
(І.Жансүгіров)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет