Бағдарламасы бойынша ересектер тобы (5-6 жас) педагогтеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет29/50
Дата19.04.2024
өлшемі228.65 Kb.
#499288
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
3.Sauat Ashu Metodika 5 Kaz

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, қиылып жапсырылған аққала суреті, смайликтер.
Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, өткен оқу қызметінде бізге кім қонаққа келді?

  • Алдаркөсенің сендер, бір ғана тапсырмасын орындаған болатынсыңдар. Енді қалған тапсырмасын орындаймыз.

2. Негізгі кезең:
Педагог балаларға Алдаркөсенің тапсырмасы – жұмбақты жасырады.
Жұмбақ.
1.Көлдің беті көк әйнек, Сырғанауға тым әйбат.
2.Тонын киіп туған, Жалап бетін жуған.
– Балалар, «мысық», «мұз» сөздері қай дыбыстан басталады?
Билингвалды компонент: жұмбақ – загадка.
«М» дыбысы қандай дыбыс, дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
Педагог «М» дыбысын өткен дыбыстарға қосып, сөз құратады. Мысалы: ма, маса, Марат, арман, мысық т/б сөздерді буынға бөлдіреді.
Дидактикалық ойын: «Аққала»
Ойын шарты: Тақтаның бетіне қиылып жапсырылған аққала суреті, жетіспейтін бөлігін тауып, көздерін жұмып апарып жапсырады.
Сергіту сәті:
Қанат жаям жалма-жан,
Талпынғандай ұшуға
Иіліп қол созамын
Аяғымның ұшына.
Дидактикалық ойын: «Ұшты, ұшты»
Ойын шарты: педагог ұшатын және ұшпайтын нәрселерді айтады. Мысалы: «Ұшты, ұшты – кітап ұшты немесе қарға ұшты».
Педагог саусақ бұлшық еттеріне арналған жаттығу жасатады. Саусағымда сақина Санап көрші, кәнеки.
1, 2, 3 – бір, екі, үш –
Демалайық жинап күш.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 18 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.
3. Рефлексия.
Педагог қорытынды жасайды.
– Бүгінгі оқу қызметі түсінікті болса, бәрің қол шапалақтаңдар, ал түсінбеген болсаңдар, ренжіген смайликті көтеріңдер.
19 ҰОҚ
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі:Сауат ашу негіздері Тақырыбы:«Б» дыбысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет