Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫН ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ



бет38/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

7. ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫН ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ
- мектепте волейбол ойын техникасын үйрету әдістемесі;
- жас волейболшылардың дене дайындығы және арнайы дене қабілеттерін дамыту әдістемесі.

Мектепте орта сыныптан бастап бастапқы қалыпта тұруды, әртүрлі жағдайдан жылдам ауысу тәсілдерін, допты ойынға қосуды, допты төменнен, жоғарыдан қабылдауды, беруді, шабуылдау соққысы мен тосқауыл қоюды үйренеді.


Кез-келген тәсілді орындаудың тиімділігін қамтамасыз ететіндей бастапқы қалыпта ойыншының тұруын қажет етеді. Ойынға қосылған допты қабылдау үшін ойыншы орта қалыпта, шабуыл соққысынан кейінгі допты қабылдау үшін – төменгі, шабуыл соққысын жасау үшін жоғарғы тұрыста болады. Аяқтың табандары бір деңгейде (бір сызық бойында) немесе бір аяқ екіншісінің алдында орналасуы мүмкін. Кез-келген жағдайда әрбір ойыншы өзіне қолайлы қалыпты таңдап алады. Сонда ғана одан қозғалысқа жылдам ауысып, кез-келген тәсілді орындауға мүмкіндік туады.
Ауысу. Ойын кезінде барлық ойыншылар үнемі қозғалыста болады. Ойын жағдайының сипаты мен ойынды қабылдау түріне байланысты жүрісті, тіркеме адымды, екі аттауды, ырғуды, секіруді, құлауды пайдаланады. Ауысу кезінде кеуденің жоғары-төменді елеусіз ғана ауытқуы болуы мүмкін. Әдетте қозғалу тәсілдері жүріс пен жүгіруден кейін ырғумен, тіркеме адымнан кейін секірумен байланыстырылып қолданылады. Құлау кезінде міндетті түрде жинақталу керек, иек кеудеге қарай қысылып ұсталады, қолдар не кеудеге қысып ұсталады, не жоғары көтеріледі.
Д
Сурет №1. Допты жоғарыдан тіке ойынға қосу техникасы
опты ойынға қосу.

Осы тәсілмен доп ойынға енеді. Онсыз ойын да, жарыста болуы мүмкін емес. Допты ойынға қосып, бәсекелестері допты қабылдауда қателік жіберсе, команда ұпай алады.
Допты ойынға қосу техникасы бастапқы қалыптан, допты жоғары көтеріп тастаудан, қолды сілтеуден, допты соғудан, қолды жіберіп, басқа қимылға көшуден тұрады. Сіздер бұрын допты төменнен ойынға қосуды үйренген болсаңыздар, енді допты жоғарыдан тіке ойынға қосуды үйренетін боласыздар. №1-сурет.
Бастапқы қалыпта ойыншы торға қарап тұрады. Бір аяқ алға шығарылып, доп кеуде тұрысында ұсталады. Допты біршама алға қарай және оң иықтың үстіне көтеріп тастап, ойыншы шалқайып оң иығын артқа жоғары қарай сілтеу қимылын жасайды. Ойыншының алдында саусақтары қысып ұсталған алақанмен, түзу жазылған қолмен допты соғу жүзеге асырылады. Бірінші әрекетте барынша күш жұмсауға болмайды, мұның өзі табысты болмайды және қателіктерге ұрындырады: доп не торға тиеді, не алаңның сыртына шығып кетеді. Допты соғумен қатар ойыншы бір мезгілде артта тұрған аяғын жазып, алда тұрған аяғына дененің салмағын түсіреді. Допты ойынға қосқаннан кейінгі ойыншының қалпы доптың соңынан ұмтылғандай ыңғайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет