Шабуылдау тактикасы. Оған командалық, топтық, жеке тактикалық іс-әрекеттер енеді.
Командалық іс-әрекетті ойынның жүйесі деп те атайды. Мектеп командаларының ойындарында «алдыңғы алаң ойыншылары арқылы» ойын жүйесі жиі қолданылды. Ойынға қосылған допты қабылдағаннан кейін оны 3-ші немесе 2-ші аймақтағы (байланыстырушыға) жібереді, одан ойыншы допты көтеріп беру арқылы шабуыл соққысын жасауға жібереді.
Топтық іс-әрекеттерді тактикалық үйлестіру деп те атайды. Олар команданың ұстанатын ойын жүйесіне енеді. Жаңадан ойнай бастағандардың барлық іс-әрекеттері (комбинация) мына схема бойынша құрылады: 3 аймақтан 4 немесе 2 аймаққа, бұл ретте осы аймаққа бетті қаратып немесе арқасын беріп тұрып жібереді. Қабылдағанда допты 2 аймаққа, ал бергенде 3 немесе 4 аймаққа бағыттауға болады.
Жеке іс-әрекеттер. Бұл допты ойынға қосқанда нашар ойнайтын ойыншыға, бәсекелестер алаңындағы оңтайлы орынға допты бағыттай білу біліктілігі. Шабуыл соққысы үшін 3 аймақтан допты көтеріп бергенде, оны 4 немесе 2 аймақтағы (күтпеген жерден артқа, бастан асыра) шабуылшыға бағыттайды. Шабуыл соққысын жасағанда допты қатты ұрмай-ақ, «алдау» қимылын жасап, яғни секіру арқылы допты екінші жаққа жіберуге болады.
Қорғану тактикасы. Оған командалық, топтық, дербес тактикалық іс-қимылдар енеді.
Командалық іс-әрекеттер: допты ойынға қосу кезінде ойыншылардың ілгері-кейінді бұрыш жасап орналасуы. Ойыншылардың орналасуы шабуылдаудағы ойын жүйесімен және команда жүзеге асырғысы келетін тактикалық іс-әрекеттерімен (комбинациялармен) тығыз байланысты болады. Ілгері немесе кейін қарай бұрыш жасап қорғаныста ойнау жүйесі 6 аймақтағы ойыншының тұру қалпы бойынша анықталады: алғашқы жағдайда ол торға жақын, ілгерірек тұрады, екінші жағдайда ол беткі сызыққа жақын, артқа қарай шегініңкіреп тұрады.
Топтық іс-әрекеттер - бұл тордың жанында тосқауыл қою кезіндегі ойыншылардың өзара іс-қимылы, сонымен бірге тосқауыл қоюшылар мен артқы аймақтағы ойыншылардың бірлескен іс-әрекеті. Тосқауыл қоюшылардың міндеті - бір мезгілде жоғары қарай секіріп, соққының бағытына қолды тосу. Тосқауыл қоюға қатынаспаған ойыншы қауіпсіздендіруді қамтамасыз етеді. Арттағы аймақтың екі ойыншысы қорғаныста ойнайды, біреуі алға қарай бұрыш жасау жүйесіндегі тосқауылдың сыртын қауіпсіздендіруге ұмтылады. Кейін қарай бұрыш жасау жүйесінде тосқауылдың сыртындағы алаңды тосқауыл жағынан шеткі қорғаушы қауіпсіздендіреді.
Қорғаныстағы жеке іс-әрекеттер тосқауыл қоюда, шабуыл соққысын қабылдауда және қауіпсіздендіруде дұрыс орынды таңдаудан тұрады. Тосқауыл қоюда соққының бағытын анықтау басты мақсат болады, допты қабылдауда бұл тәсілді таңдау (төменнен, жоғарыдан еденге аяқ тіреліп тұрған жағдайдан немесе құлап бара жатқанда) болады.
Допты қабылдау
Орнында тұрып және қозғалыста допты қабырғаға соғып астынан қабылдау - көп қайталау;
Допты қабырғаға лақтырып және шоршығаннан кейін төменнен қабылдау, қабырғадан қашықтық пен доптың қабырғаға тию нүктесі белгілі-бір (шама келетіндей) қиыншылықтар туғыза отырып ауыстырылып отырылады.
- төменнен көп қайтара қабылдау, допты жоғары қарай лақтырып жіберіп жерге түсірмей қағып алу;
- екі ойыншымен, біреуі серігіне допты бағыттап береді, ол допты астынан қабылдап кейін қайтарады;
- екі ойыншымен, біреуі бір қолмен соғып допты екінші ойыншыға бағыттайды, серігі допты төменнен («қорғаныста») қабылдайды;
- екі ойыншымен, біреуі секіріп тордың үстінен допты лақтырады, серігі допты тордан 2-3 м қашықтықтан қабылдайды;
- екі ойыншымен, біреуі бір заттың үстіне шығып тұрып, допты тор арқылы соғып екіншісіне жібереді, серігі допты тордан 3-6 м. қашықтықтан қабылдайды;
- екі ойыншымен, біреуі 3-6 м қашықтықтан допты тордан асырып лақтырады, серігі тордан 3-8 м қашықтықтан берілген допты қабылдайды, онда да допты тордан шамасына қарай түсетін етіп жібереді;
- бұл да сондай, тек ойынға қосылған допты даярлықтарына қарай төменнен, жоғарыдан ойынға қосудан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |