Допты төменнен екі қолмен қабылдау.
Алаңға серігі жіберген допты жерге түсірмеу үшін қорғану қимылдарында пайдаланылады. Ойынға қосылған допты қабылдау, қорғаныс кезіндегі қабылдау (шабуыл соққысы мен алдаудан), шабуыл соққысы үшін серігіне допты бағыттаудағы қабылдап беру деп қарастыруға болады. №2-сурет.
Ойынға қосылған допты қабылдағаннан кейін, ол шабуыл жасайтын аймақта (зонада) болған жағдайда ғана доп дұрыс қабылданды деп есептелінеді.
Ойынға қосылған допты қабылдаудың ең сенімді тәсілі оны төменнен қабылдау.А яқтар бүгіліп, бір аяқ алға қойылады, шамалы ғана сыртқа қарай ашылған екі қол тура созылып, қолдардың басы біріктіріліп, төмен түсіріліп ұсталады. Доп білезік буынына тиеді. Ойынға қосылған допты қабылдау сәтінде қолдарды шынтақ буындарынан бүгуге болмайды.
Д
Сурет №2. Допты төменнен қабылдау
опты ойынға қосу бағытын ертерек анықтап және бастапқы қалыпқа уақытылы тұруды дұрыс үйрену мақсатында допты ойынға қосушыны да бақылай білуге дағдыланған жөн. Шабуыл соққысынан кейін допты төменнен екі қолмен қабылдау кезінде ойыншы төменгі тұрысты жиі қабылдауы қажет, күшті соққы кезінде қарсы қимыл жасамай, тек қолды допқа қарсы тосу керек, көп нәрсе допқа уақытылы шыға білуге байланысты. Қарсыластың ойынға қосқан не шабуылдайтын немесе алдайтын соққымен жіберген добын төменнен екі қолмен қабылдаған өте тиімді болып саналады. Бұл жағдайда допты қабылдаудан көп қате кетпейді. Қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпай үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдың қарын (тоқпақ жілікті) көтеріп, бұрады. Допты жұдырықпен қабылдағанда доп дәл тимей, шоршып, доп алаңның сыртына кетуі мүмкін. Допты алақанмен қабылдауға болмайды. Ойынның ережесі бұған рұқсат етпейді. Оған с ебеп – доп алақанда көбірек кідіріп қалуы мүмкін. Допты төменнен қабылдауды көбіне орын ауыстырғаннан кейін, әсіресе қорғаныста ойнағанда орындауға тура келеді.
Б ұл тәсілді көбінесе қыздар қолданады. Допты қабылдау үшін орын ауыстырғаннан кейін доптың бағытына қолды тура тосып және тірейтін аяқты бүгіп аттап басады, допты қайырғаннан кейін бір санмен отырып, арқасымен аунап түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |