Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»


Волейболшының секіру дайындығының негізі



бет60/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Волейболшының секіру дайындығының негізі
Үнемі жаттығып жүретін спортшы, дене жаттығуының жоғары көрсеткіштеріне жетіп оны ұзақ уақыт сол деңгейде ұстап тұра алмайтыны белгілі. Спортшының жақсы дене әзірлігін ұстап тұруы өте қиын.
Жарысу мерзімі 7-8 айға созылатын волейболшылар үшін дене дайындығының деңгейі жоғары көрсеткіштің 80-90%-ын құру керек. Бұл бірнеше ай сақталуы мүмкін. Бұл жаттығуда жүктеменің нақты өлшемдері болуы керектігін көрсетеді. Волейболшылардың алғашқы дайындық сатысындағы жылдамдық-күш дайындығының негізгі мақсаты, күш деңгейін көтеруден аяқ бұлшықет күші – бұлшықеттің иілуі және оның жиырылуы жылдамдығы ең жоғарғы мүмкіндіктің 80%-90% дейін.
Бұл сапаны жақсарту үшін дайындық кезеңіндегі уақыт апталық уақыт жүктемесінің 25%-ын құрап, 8-10 апта бойына созылады.
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек жылдамдық-күш сапасының қалыпқа келуі 2-4 айда байқалады.
Секіру жаттығуларында қосымша ауырлық күштері оң нәтиже береді. Бұл тұрғыда физикалық жүктеме өлшемі төмендегідей:
№1 кесте.



Сапа
Жүктеме

Секіргіштік

Секіру төзімділігі

Спортшының салмағының
ауырлық салмағы %

10-40

40-60

Секіру саны

10-20

20-40

Серия саны

4-6

3-4


Жылдамдық-күш жаттығуының әсері орталық жүйке жүйесін ең жоғарғы деңгейде қоздыруына байланысты жүйке үдерістерінің қозғалғыштығына байланысты осы импульстарды қабылдайтын талшықтар санына және олардың жиырылу мен қалпына келу жылдамдығына, әр талшықтың көлемі мен күшіне байланысты. Сондықтан секіру жаттығулары мен демалу арасындағы арақашықтық күшін (секіргіштігі) қамтамасыз ететін функциялардың қызметін қалпына келтіретіндей болуы керек. Арнайы секіру жаттығуында (ойында) морфологиялық және биохимиялық бейімделуге сай бұлшықеттің қызмет етуіне бағытталған жұмыс тәртібін жарыс көлемімен салыстыру қажет.
Әлемдік және Ресейлік деңгейдегі ойындарда команда көшбасшыларына аса жоғары секіру жүктемесі беріледі. Бұл жаттығу кезеңінде секіру жаттығу көлемін жарысу көлемінен кемітпеуге бағытталған.
Тосқауылға және шабуылдау соққыларына секіруді орындау техникасының бір-біріне айырмашылығы барын жаттығудың көлемі мен қозғалыс биомеханикасын жоспарлауды еске алу қажет.
Бұдан басқа тосқауылды орындауда өз жарты алаңдағы 4-аймаққа және 2-аймаққа қозғалғанда оң жақты ассиметрия орын алады (№2 кесте).
Тосқауылға секіруді орындау техникасы
№2 кесте

Қоршау орны

3-аймақтағы қозғалу уақыты

Солға ( 4-аймақ)

2,121 сек

Оңға ( 2-аймақ)

1,979 сек

Бұл екінші аймақпен салыстырғанда 4-аймақтағы топтық қоршаудың әлсіздігінің бір себебі. Топтық және командалық қорғану тәсілінде осыны еске алу керек. Болмаған жұмыс уақытта 2-4 аймақтағы қоршауда 50х50 болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет