Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет49/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

«Волейболға дайындық ойыны»


Ойыншылар саны: 12 20 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң
Керекті құрал-жабдықтар: волейбол добы, тор.
Дайындық: ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді. Бірінші топ допты ойынға қосушы, келесі топ допты қабылдаушы болып волейбол алаңының келесі бетіне орналасады.
Ойын мазмұны: Белгі бойынша бірінші топтың ойыншысы допты тордан асыра ойынға қосып, алаңды айнала жүгіріп өз орнына келеді. Келесі топ ойыншылары допты қабылдап бір-біріне беру керек. Егер жүгірген ойыншы өз орнына келгенше келесі топ ойыншылары допты бір-біріне беріп үлгермесе келесі ойыншы бастайды. Сол топқа бір ұпай беріледі. Ал допты бір-біріне беріп үлгерген жағдайда ойыншылар орындарын алмастырады. Ойын белгілі-бір уақытқа дейін ойнатылады. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Ойын ережесі:
1) Допты тек белгі бойынша қосу керек;
2) Жүгірген ойыншы алаңды кесіп өтуге, допты қабылдаған топ ойыншыларына кедергі келтіруге құқы жоқ;
3) Әр ойыншыға допты екі рет ойынға қосуға рұқсат етіледі. Егер допты екінші рет ойынға дұрыс қоса алмаса қарсы топқа 5 ұпай беріледі;
4) Допты қабылдағаннан кейін бір ойыншыға екі рет доп беріп ойнауға болмайды;
5) Ойыншы жүгіріп өз орнына келгеннен кейін, доп еденге түсіп кеткен жағдайда, допты ойынға дұрыс қоспаған уақытта тоқтатылады.
Әдістемелік нұсқаулар: Ойынды ойынға қатысушыларға допты беру және допты ойынға қосу техникасын игерген жағдайда ойнатуға болады. Ойынды волейбол алаңында ғана емес, басқа да кең орындарда жүргізуге болады. Ойынды жүргізу барысында міндетті түрде ұпайды санап отыру керек. Допты беру мен қабылдау әдістерін алдын ала көрсетіп, түсіндіру керек.
Ойынның педагогикалық маңызы: Ойын оқушылардың волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін меңгеріп, жетілдіріп, жылдамдық қабілетін дамытып, қоманда алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелейді.
Волейбол элементтері бар эстафета




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет