Бағдарламасы қызылорда, 2023 жыл «voa3206 «Волейболды оқыту әдістемесі»



бет50/88
Дата24.11.2023
өлшемі7.91 Mb.
#484360
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
УМКД ВОЛЕЙБОЛ

Ойншылар саны: 20-30 адам.
Өткізетін орын: спорт зал, алаң.
Керекті құрал-жабдықтар: волейбол добы.
Дайындық: Ойыншылар теңдей екі топқа бөлінеді. Бірінші топ ойыншылары жұп-жұбымен екі лек жасап залдың басындағы сөре сызығына тұрады. Сөре сызығына қарсы топтың да тұсына 15-20 м қашықтықта бағана немесе кегли қойлады. Екі топтың да бірінші тұрған ойыншыларына волейбол добы беріледі.
Ойын мазмұны: Жетекші белгі бергенде екі топтың да бірінші тұрған жұптары допты жоғарыдан бір-біріне беріп қарсы беттегі бағанаға дейін қапталмен жүгіріп барып, бағаңды айналып кері қарай да сөре сызығына дейін жаттығуды жалғастырады. Допты келесі жұпқа беріп өздері лектің соңына барып тұрады. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Қай топ жаттығуды қатесіз, дұрыс орындаса сол топ жеңіске жетеді.
Ойынның басқа түрі:
1. Допты екі қолмен төменнен беріп, ойнатуға болады.
2. Бір ойыншы жоғарыдан беріп, екіншісі төменнен қабылдап күрделендіруге де болады.
Ойын ережесі:
1) Жарыс барысында допты тек волейбол ойынындағыдай беру керек. Допты қағып алуға, жылдам жүгіруге рұқсат етілмейді;
2) Егер жүгіру барысында құлап қалып доптан айырылып қалса, тұрып, допты алып қайта жалғастыруға болады;
3) Жарысты жалғастыратын жұп, алдыңғы жұп келмей жатып сөре сызығына жүгіріп кетуге болмайды.


9. Жас волейболшылардың дене дайындығы және арнайы дене қабілеттерін дамыту әдістемесі

Волейбол ойыншылардың функциялық мүмкіндіктеріне жоғары талаптар қояды. Волейбол ойыны кенеттен және шапшаң қозғалу, секіру, құлау және басқа да қимылдарды қамтиды. Осыған байланысты волейболшының реакциясы тез қозғалысы шапшаң, секіру, бұлшықет жиырылу жылдамдығы тез болуы тиіс. Дене қабілеттерін жүйелі дамыту ойын техникасы мен тактикасы тәсілдерін табысты меңгеруге көмектеседі. Бала және жасөспірім кезінде дене дайындығы негізінен шапшаңдық, ептілік, жылдамдық-күш қабілеттерін, жалпы төзімділікті дамытуға бағытталады. Ойын техникасы мен тактикасына машықтануды нығайту, оларды жетілдіру жасөспірім жаста, дене дайындығы техника мен тактиканы меңгеру деңгейін арттыруға негіз жасайды. Жеткіншектерде күш дайындығы мен арнайы төзімділікке зор көңіл бөлінеді.


Дене дайындығы өзара тығыз байланысты жалпы және арнайы даярлықтан құралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет