БАҒдарламасы мазмұны кіріспе


-2015 жылдарға арналған Жамбыл облысы бойынша энергия өндіру балансы



бет24/26
Дата22.02.2016
өлшемі4.65 Mb.
#1769
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

2010-2015 жылдарға арналған Жамбыл облысы бойынша энергия өндіру балансы


Атауы

Өлшем бірлігі

2010

болжам

2011

болжам

2012 болжам

2013 болжам

2014 болжам

2015 болжам

«ЖГРЭС» АҚ

млрд.кВтч/жыл

1.07

2.81

2.37

3.47

3.90

4.2

«ТЭЦ» АҚ

млрд.кВтч/жыл

0.14

0.12

0.12

0.12

0.12

0.15


І және ІІ кезеңдерде (2011-2015 ж.ж.): Жамбыл облысының электр энергетикасы секторын одан әрі дамыту бір жағынан электр энергиясына шығыстарды азайтуға, екінші жағынан облыстың энергетикалық әлеуетін іске асыруға, атап айтқанда сектор жұмысының сапалы сипаттамаларын (экология, жұмыспен қамту) көтере отырып, баламалы электр энергетикасын дамытуға бағытталуы тиіс.

Саладағы шығыстарды азайтудың екі бағытын атауға болады:



  • Жамбыл ГРЭС-інің өндірісін оңтайландыру және АЭС-тердің энергия жабдықтарын жаңарту есебінен электр энергиясының құнын төмендету;

  • Тұрғын үй-коммуналдық шүаруашылықтағы, қызметтер секторындағы, өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы энергия тұтынудың, сондай-ақ халықтың тұрмыстық мұқтаждарға электр энергиясын тұтынуының үлес салмағын азайту.

Электр энергиясының құнын төмендету жөніндегі іс-шаралар республикалық деңгейде тиісті шешімдер, бағдарламалар, мемлекеттік реттеу және ынталандыру шаралары қабылданғаннан кейін нақтыланатын болады.

Қазіргі кезде Жамбыл ГРЭС-нің қуаттарын резервтік есебінде пайдалану варианты талқылануда, алайда шешім орта мерзімді перспективада тұтынудың нақтырақ болжамдарын және Қазақстанның солтүстігінен жеткеру көлемдері алынғаннан соң қабылданатын болады. АЭС энергия жабдықтарын жаңарту тарифтерді көтеруді немесе ерікті баға құрылымына көшуді талап етеді. Тарифті тұтынушылар энергия үнемдейтін технологиялар ендіргеннен және электр энергиясына жалпы шығыстар төмендегеннен кейін және осы үнемдеу есебінен инвестицияның өзін-өзі ақтауына қол жеткізуден соң көтеру мүмкіндігі талқылануда.

Жамбыл облысындағы тұтынылатын электр энергиясы жалпы көлемінің 20% тұтынушылардың барлық топтарына, ал 80% өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына жұмсалады. Сондықтан осы екі бағыт облыстағы ЖӨӨ электр сыйымдылығын төмендетуге елеулі әсер етеді.

ЖӨӨ электр сыйымдылығын азайту Қазақстанның ЖӨӨ электр сыйымдылығын жылына 10% азайту бойынша мемлекеттік мақсатқа сәйкес келеді. Жамбыл облысының өз электр энергиясына тапшылығын ескере отырып ЖӨӨ электр сыйымдылығын азайтудың қолданыстағы әлеуеті тапшылықты 2020 жылға қарай айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Электр сыйымдылығын азайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру 3 кезеңнен тұратын болады: бірінші кезеңде бастаманы іске асырудың қажетті алғышарттары жасалады, екінші кезеңде қызмет көрсету секторындағы және электр энергиясын тұрмыстық қолданудағы электр сыйымдылығын қысқартуға мүмкіндік беретін технологияларды ауқымды түрде ендіру басталады. Үшінші кезеңде өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және ТКШ энергияны үнемдеу технологияларын ендіру жоспарланған. Бұл секторлардың әлеуеті жоғары, алайда бұл бағыттар іске асырылуы бойынша қызметтер көрсету секторымен салыстырғанда күрделі болып табылады және үлкен дайындықты қажет етеді.

Өнеркәсіптегі, ТКШ және тұрмыстық қолданудағы энергия үнемдеу әлеуеті 35-тен 40% құрайды. Яғни энергия үнемдеу әлеуеті жоғары Талас ауданы (химия өнеркәсібі), Тараз қаласы (машина жасау, химия өнеркәсібі және халықтың 30%) және Қордай ауданы (машина жасау) болып табылады.

Электр энергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесін ендіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жүйені ендіру - энергия үнемдеудегі тағы бір маңызды қадам.

Бағдарламамен 220 мыңға жуық тұтынушыларды қамту жоспарлануда, бұл ретте қондырғыларды ауыстыру тегін жүргізіледі. 1.10.2010 жылға Тараз қаласының 14769 абоненттерінде ауыстыру жүргізілді. 2010 жылы перспективалық жоспар-кестеге сәйкес 30 мыңнан астам абонентті қамту көзделуде.

Облыстың ресурстық әлеуетін алдын ала зерттеулер нәтижелері облыста үлкен әлеуетке гидроэнергетика, сонан соң жел энергиясы, күн энергетикасы және биомассалар энергиясы ие екендігін көрсетті.

Алайда баламалы электр энергиясы әзірге дәстүрлі шикізат көздерінен алынатын электр энергиясымен бәсекеге түсе алмайды. Бұдан басқа, республикада өз шикізат базасының болуы бұл бағыттарды жеке инвесторлар үшін тартымсыз етеді. Осыған байланысты баламалы энергетиканы дамыту мемлекеттің қолдауынсыз мүмкін емес. «ҚЭК (қалпына келтірілетін электр көздері) пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңында баламалы электр энергиясын магистралдық желілерде 100% және тарату желілерінде 50% көлемде өткеруге кепілдік беретін механизм бекітілген. Нәтижесінде баламалы электр энергиясының әлеуетті көлемі 172 МВт шамасында бағаланады, оның ішінде республикалық деңгейде мақұлданған қуаты 16-дан 42 МВт құрайтын Қордай ауданында жел электр станциясын құру жөніндегі жобаны және электр станциялардың басқа түрлерімен салыстырғанда гидроэлектрстанцияларын құрудың жоғары экономикалық мақсатқа сайлығын есептегенде жел электр станциясының үлесіне 32%-дан және гидроэлектрстанцияларына 68%-дан келеді.

ҚЭК дамыту мақсатында Жамбыл облысында әкімдікпен әлеуетті инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда әкімдік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ҚЭК объектілерін орналастыру үшін бос жер телімдерін ұсынады.

ҚЭК құрылысы жоспарлануда:

- Меркі ауданының Меркі өзенінде қуаты 1,5 МВт №3 гидроэлектр станциясы, 2010 жылы іске асырылады;

- Шу ауданының Тасөткел су қоймасында қуаты 10 МВт гидроэлектр станциясы, 2012 жылы іске асырылады;

- Қордай ауданындағы қуаты 35 МВт жел электр станциясы, 2014 жылы іске асырылады.

Биостанциялар экономикалық тиімді болып табылады, мемлекеттің қолдауын қажет етпейді, алайда олардың әлеуеті тым аз және жылына 20,0 млн. кВтч электр энергиясы. Биостанциялардың мөлшері үлкен емес, электр энергиясын тұрмыстық қатты қалдықтардан және мал шаруашылығы қалдықтарынан өндіреді және көбінесе ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мұқтажы үшін қажет. Мұндай станциялар Жамбыл ауданында және мал шаруашылығы дамыған Шу, Байзақ, Талас, Жуалы аудандарында даму алуы мүмкін.

Жалпы баламалы энергетиканы дамыту «ҚЭК пайдалануды қолдау туралы» ҚР Заңында бекітілген мемлекеттік саясатқа сәйкес келеді, ЖГРЭС-тің жұмыстан босаған персоналын жұмыспен қамтамасыз етуге, сондай-ақ атмосфераға зиянды заттардың қалдықтарын тастауды қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл бастаманы іске асыруды қазіргі кезде ҚЭК дамытумен айналысып отырған «Жамбыл гидроэнерго» МКК базасында жүзеге асыру көзделіп отыр.


Мақсат 4.3.5: Ақпараттық қоғамға және ақпараттық экономикаға көшу мақсатында инфокоммуникациялар саласын дамытудың жағдайларын және тетіктерін жасау.





Нысаналы индикатор мен көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

баға

1 кезең

2 кезең

2010

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Мақсатты индикатор

ҚР ЖӨӨ құрылымындағы ИКТ секторының инфокоммуникациялық инфрақұрылымды қосқандағы үлесі 2014 жылы 2% (2009 ж.-1,95%).



%

1,96

1,97

1,98

1,99

2,0

2,0




Әлеуметтік елеулі мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру (%).

%

-

4

20

39

50

50

4.3.5.1. міндет халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру

2

Көрсетілген қызметтердің жалпы санындағы электрондық форматта көрсетілген қызметтер пайызы

%

-

1

4

9

15

15

3

Облыс әкімдігінің порталы арқылы көрсетілген электрондық қызметтер пайызы

%

Электрондық пішімде өтініш беру

22 қызмет көрсету



50

70

90

100

100

4

ХҚКО ИИС арқылы ЖАО мемлекеттік қызметтерінің мониторингі

%

20

70

100

100

100

100

5

ЖАО интернет ресурстарының қолжетімділігі және ашықтығы

%

100

100

100

100

100

100

6

ЖАО автоматтандырылған бизнес үрдістерінің үлесі

%

3

7

15

30

40

50

4.3.5.2. міндет Жоғары органдардың нормативтік және деректі құжаттарын орындаудың жеделдігін арттыру

1

ЖАО бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесімен қамту (облыстық, аудандық деңгей)

%

Обл.деңгей 100

Ау.деңгей

100


Ау.деңгей

100


Ау.деңгей

100


Ау.деңгей
100

Ау.деңгей

100


2

Мемлекеттік органдардың Интернет-порталын пайдалану мониторингі (ИНМО ЖАО)




Ай сайын

Ай сайын

Тоқсан сайын

4.3.5.3. міндет Компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру

1

Мақсатты индикатор Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі

%

10

15

20

25

40

40

4.3.5.4. міндет Әкімдіктің АҚ 100% деңгейге арттыру

1

ЖАО АҚ жүйесінің тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік құжаттар әзірлеу

Бүкіл бағдарлама кезеңінде

2

АҚ бойынша тиімді техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру ендіру

Бүкіл бағдарлама кезеңінде

3

Қолданбалы ПО, ЖАО жабдықтары мен серверлік жайларын сертификаттау және аттестациялау

%

0

20

40

60

80

100

4

АҚ қызметкерлерін оқыту

%

5

20

40

60

80

100

5

ЖАО ақпараттық қауіпсіздігі тиімділігін бағалауды жүргізу

%

0

20

40

60

80

100

4.3.5.5. міндет Әкімдік бастамасын кеңінен таныту




Электрондық түрде мемлекеттік қызметтер алу мүмкіндіктерінен хабардар болу деңгейін жоғарылату үшін ЖАО бастамаларын кеңінен таныту мақсатында облыс халқы арасында PR-компаниялар өткізу

саны

1

1

1

1

1

1




Облыс тұрғындары үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктерін көрсету

БАҚ арқылы бүкіл бағдарлама кезеңінде

Қол жеткізу үшін жауапты: облыс әкімдігі

4.3.5.6. міндет Байланыс қызметтерін жетілдіру




2015 жылға қарай жергілікті телефон байланысын 100 пайыздық сандық деңгейге жеткізу

%

-

95

97

98

100

-




Телефон байланысы желілерінің тығыздығы, оның ішінде: ауылдық жерлерде

100 тұрғынға

-


26,6
16,0



26,9
16,2



27,2
16,3



27,4
16,4



27,6
17,0






Мақсатты индикатор

14 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін салу және жаңарту




саны

0

0

0

4

3

7




Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті пайдаланушылардың тығыздығы

100 тұрғынға

-


15,9


18,5


21,6


24


24,2





Интернетті пайдаланушылар тығыздығы

100 тұрғынға

-

27,2

30,4

34,1

37,8

38





Мың және одан көп адам тұратын елде мекендерді ұялы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету

%

-

88

91

94

97

100


Қол жеткізу үшін жауаптылар: «Казахтелеком» АҚ, ұялы байланыс операторлары, «Казпочта»АҚ


I және II кезеңдерде (2011-2015 жж.): Қойылған міндеттерді шешу үшін келесі іс-шаралар іске асырылады:

1. Жаңа ақпараттық жүйелерді, сондай-ақ қолданыстағы жүйелерді қолдауды жасау және ендіру.
«Денсаулық сақтау» АЖ Жамбыл облысы тұрғындарының денсаулық жағдайларын есепке алуды, денсаулық сақтау саласының кадрлык әлеуетін есепке алуды, дәрілерге сұранысты жоспарлауды автоматтандыруға арналған.
«Жамбыл облысының мемлекеттік мұрағаты» АЖ мұрағатты жүргізу үрдісін автоматтандыруға арналған.
«Ауылшаруашылығы» АЖ аудандар, облыс бойынша ауыл шаруашылығы жағдайының мәліметтер базасын қалыптастыруға, ауылшаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға және орындалуын бақылауға арналған.
Жүйе үшін ақпараттық ресурстар «Ауыл әкімі» АЖ мәліметтер базасы, шаруа қожалықтарының, элеваторлардың және басқа ауылшаруашылығы нарығы субъектілерінің есептілігі болып табылады.
«Электрондық оқу жүйесі» АЖ 2011-2020 ж. арналған ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының щеңберінде іске асыру жоспарланған. Жүйе білім беру құжат айналымы үрдісін, мектептік білім беру процестерін есепке алу және бақылау, сондай-ақ материалдық техникалық базамен, кадарлармен, оқушылар базасымен, кітапхана қорымен қамтамасыз етуді автоматтандыруға арналған.
«Тараз қаласының Электрондық картасы» АЖ модернизациялау қаланың электронды картасын және Жамбыл облысының мемлекеттік мекемелерінің, әлеуметтік объектілері мен кәсіпорындарының реестрін жүргізуге арналған.

Осы бағдарлама шеңберінде картаны модернизациялау және мекен-жайы бойынша іздестіру, бағыт салу сияқты жаңа мүмкіндіктер енгізу жоспарланған.

Электрондық карта қала инфрақұрылымы объектілерінің бірнеше бөлігін көрсетуі тиіс.

«Ауыл әкімі» АЖ ауыл Әкімінің өндірістік үрдістерін автоматтандыруға арналған.

Бұл жүйе «корпоративтік, электрондық құжат айналымы,» «РН и ОН» АЖ мен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйелерімен бірігуі тиіс.



Корпоративтік сервистік шина АЖ ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді біріктіру үшін негіз болуы тиіс.

Шина Жамбыл облысы әкімдігінің қолданыстағы өңірлік жүйелерін бір нүктеге біріктіріп, сервистерді жариялауды қамтамасыз етуі және «электронды үкімет» шлюзінің кіші жүйесі Өңірлік шлюз арқылы «Электронды үкіметтің» құрамындағы компоненттерімен өзара іс қимыл жасауы қажет.

ЖАО информациялық жүйелерін өңірлік шлюзбен біріктіру мыналарды қатамасыз етеді:

1. «Электронды үкімет» шлюзіне қосылған мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алу.


2. «Электронды үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтер көрсету.
3. Мемлекеттік органдардағы ақпараттық жүйелерінен тапсырыстардың өту мәртебесін ХҚО маниторингінің кіші жүйесіне беру. ХҚО қабылданған халық өтінімдерін мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне беру.
4. Call – center

Жүйе жергілікті атқарушы органдардың қызмет көрсетулерін ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.

Жүйе келесі міндеттерді шешуі тиіс:

Call – center жоғары жүктемелігі жағдайларында клиенттік жүгінімдерді жедел тіркеу;

диспетчерлер, орындаушылар және сыртқы ұйымдар арасындағы клиенттік жүгінімдердің берілуін қадағалау;

консультациялық көмек көрсетудің жалпы үрдісін үйлестіру;

әрбір клиенттік жүгінімге қызмет көрсету тарихын жүргізу;

жүгінімдердің статистикасын талдау және созылмалы поблемаларды анықтау.


Процессингктік орталық қызметі тұтынушылар, жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызмет жеткерушілері және банктер арасындағы оңтайлы өзара іс- қимылды қамтамасыз етуге арналған.
Функциялары:

Қызметтерді тұтынушылардың біріңғай тұлғалық шотты жүргізуі;

Транзакциялар жүргізу.
2. Облыс әкімдігінің ақпараттық –талдау жүйесін дамыту.

Басқарманың ақпараттық талдау жүйесін дамытудың мақсаттары мыналар болып табылады:

Жамбыл облысы әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек өнімділігін және тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін берілген өлшемдер бойынша талдау ақпаратын өңдеу, жинақтау және беру процестерін барынша автоматтандыру.
Ахуалдық орталықты ашу. Өткізілу мақсаты ТИС жүйелерді, графикалық индикаторларды, кестелер мен диаграммаларды қолдана отырып қолайлы түрде есептер беру үшін мәліметтерді өңдеу механизмін жасау болып табылады.
ЭҚА дамыту – жоба екі құрамадас бөліктен тұрады, бұл облыс аппаратындағы ведомстволық құжат айналымның қолдыныстағы жүйесін қолдау және облыстың барлық жергілікті атқарушы органдары ішіндегі құжат айналымының ведомстволық деңгейін ендіру.
Аудандық және ауылдық деңгейіндегі Бірыңғай көлік желісі (БКЖ). Жамбыл облысы мемлекеттік мекемелерінің БКЖ құжатттарымен ақпарттық алмасуды, әкім аппартының және қала аумағында орналасқан облыстық басқармалардың ақпарат ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететін телекоммуникациялық инфрақұрлым болып табылады. Бүгінгі күні мемлекеттік органдарға келесі қызметтер тізбесін ұсынуға қабілетті тиімді және қажетті инфрақұрылым жасау үшін қорғалған байланыс каналдарын аудандық деңгейге дейін кеңейту қажеттігі туындады:


  1. бірыңғай қорғаныс және қауіпсіздік саясаты:

  2. мемлекеттік органдардың қолданыстағы ведомостволық ақпарттық жүйелерін интеграциялау.

  3. Халықтың және бизнес-құрылымдардың жергілікті атқарушы органдардың ресурстарына қауіпсіз қолжетімділігін қамтамсыз ету.

  4. Мемлекеттік мекемелердің Интернет ресурстарына қауіпсіз қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  5. Облыстың мемлекеттік мекемелері үшін ведомстволық байланыс жүйелерін салуға шығыстарды азайту;

  6. Мәліметтерді беру қызметіне шығыстарды азайту.


Жұмылдыру үкіметі қызметтерін дамыту.

Жұмылдыру байланысы құралдарымен жұмыс істеу үшін қосымша жабдық сатып алуды, сондай-ақ қолданыстағы жүйелерді бейімдеуді және жаңаларын құруды көздейді.


Бейнеконференц байланыс жүйесін жасау өңір деңгейінде облыстың қалалары, аудандары әкімдіктерімен облыс әкімнің бейнеселекторлық кеңестерін өткізу, маңызды оқиғаларды он-лайн көрсету мүмкіндігін көздейді.
Облыс халқы арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылату. Халықтың барлық топтарын компьютерлік техникамен жұмыс істеуге үйрету. Сондай-ақ оқытушыларға төлемақы беруді, қажет болған жағдайларда жаңа компьютерлік сыныптар ашуды, оларды ұстауды және оларға қызмет көрсетуді көздейді.
Қоғамдық қолжетімділік пункттерін кеңейту қолданыстағы ҚҚП –не жүйелік-техникалық және ақпараттық қызмет көрсетуді, оларды жаңартуды, жөндеуді, қажет болған жағдайларда қосымша пункттер сатып алуды, сондай –ақ ҚҚП –не келу мониторингін көздейді.
2011- 2015 ж. арналған электрондық қызметтерді кеңінен насихаттаудың РR–стратегиясын әзірлеу осы стратегияны дайындаудан, жергілікті басылымдағы мақалалардан, теледидирада роликтер көрсетуден тұрады.

Жергілікті атқарушы органдар жүйелерін дамыту шеңберінде электрондық форматта мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қосымша серверлік жабдық сатып алынады және қолданыстағысы жаңартылады.


Лицензиялық бағдарламалық қамсыздандыруды сатып алу. Қолданыстағы АЖ пайдалануға қосымша лицензиялар сатып алу, сондай-ақ жаңа құрылған жүйелер, вирусқа қарсы бағдарламалық қамсыздандыруға және қауіпсіздік жүйесіне қосымша лицензиялар сатып алу.
Жергілікті атқарушы органдардың ИБ бойынша құжаттар әзірлеу. Тиісті құжаттарды әзірлеу үшін мамандандырылған мемлекеттік органдарға тапсырыс беру, сарапшыларды тарту.
Қолданбалы БҚ, ЖАО жабдықтары мен серверлік жайларын сертификаттау және аттестациялау серверлік жайлардың қауіпсіздік жүйесі деңгейіне сәйкестігі үшін оларды қосымша жабдықпен жарақтандыру бойынша жұмысты және БҚ қауіпсіздігін бағалау және оны тиісінше өңдеу үшін сарапшылар тартуды көздейді.
ИБ қызметкерлерін оқыту. Қызметкерлерді оқыту үшін іссапарлық және басқа шығыстарды, сондай-ақ тиісті курстарды өткізуге және оқытушыларға шығыстарды көздейді.
ЖАО мемлекеттік қызметтерін автоматтандыруға бағытталған жүйелерге қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің ҚР Ұлтттық куәландыру орталығының электрондық сандық қолдарын алуын ұйымдастыру.
Қызмет көрсетуді электрондық түрге көшіру тетігі. Міндетті автоматтандыруға жататын қызметтер тізбесі ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 19 қазандағы «Мемлекеттік қызметттерді көрсетуді қамтамасыз ету мерзімдері туралы» №1080 қаулысымен анықталған.

ЖАО мемлекеттік қызметтерін автоматтандыру екі жол арқылы қамтамасыз етіледі:



  • Жамбыл облысы әкімдігі әзірлеген ақпараттық жүйелер есебінен;

  • Қызметттер көрсету процесіне қатысатын «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі ретінде,«Өңірлік шлюз»АЖ кіші жүйесі ретінде ЖАО қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны есебінен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет