Көлік
Облыста теміржол, автомобиль, электр, әуе және су көлігі дамыған.
2010 жылы темір жол көлігін есепке алмағанда барлық көлік түрлерімен 1272,6 млн. адам тасымалданды, ал жолаушы ағыны 11 485,1млн. жолаушы шақырымын құрады, бұл 15,6 және 2008 жылғы деңгейден сәйкесінше 19 % артық ( 25 және 26 кесте). Жүкті тасымалдау көлемі (теміржол көлігінің есебінсіз) 327,0 млн. тонна, ал жүк айналымы 7157,2 млн. тонна, бұл 0,1 және 2008 жылғы деңгейден 0,6 % артық.
19 кесте
2008-2010 жылдары
барлық көлік түрлерімен жолаушыларды тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Барлық көлік түрлерімен жолаушылар тасымалданды (жолаушы көлігі есебінсіз)
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Электр көлігімен жолаушылар тасымалданды, млн. адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушылар тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Өзен көлігімен жолаушыларды тасымалданды, мың адам
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2008
|
1100,3
|
101,8
|
1089,9
|
101,8
|
13,3
|
101,9
|
13,4
|
75,3
|
3,1
|
-
|
2009
|
1140,5
|
103,7
|
1127,1
|
103,7
|
13,4
|
100,8
|
11,3
|
84,3
|
3
|
93,5
|
2010
|
1272,6
|
111,6
|
1261,1
|
15,6
|
11,520
|
86,0
|
16,7
|
147,8
|
6,2
|
2,1
|
20 кесте
Жылдар
|
Көліктегі жолаушы ағыны (темір жол көлігін есепке алмағанда) млн. жол. км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Автомобиль көлігімен жолаушы ағыны, млн. п. км
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Электр көлігімен жолаушы ағыны, млн. жкм.
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Әуе көлігімен жолаушы ағыны, мың жкм.
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
Өзен көлігімен жолаушы ағыны
|
Алдыңғы жылдың сәйкесінше кезеңіне, %
|
2008
|
9650,2
|
102,6
|
9571,8
|
102,7
|
66,4
|
101,9
|
11,9
|
78,3
|
0,7
|
-
|
2009
|
9859,7
|
102,2
|
9772,0
|
102,1
|
98
|
103,8
|
9,9
|
82,5
|
0,8
|
114,3
|
2010
|
11485,1
|
116,7
|
11427,5
|
116,9
|
57,6
|
86,0
|
14232,6
|
147,9
|
129,7
|
162,1
| 2008-2010 жылдарға арналған жолаушы ағынының өзгеру
динамикасы
2011 жылдың басына жолаушыларды тасымалдауда 1 502 автобус, 220 жеңіл такси және 49 трамвай қызмет атқарды.
Талданатын кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау жалпы көлемі бойынша барлық көлік түрлерінің үлес салмағы мүлдем өзгерген жоқ. 2010 жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау саласында автомобиль көлігінің үлесі 98,8 %, теміржол -1,2%, әуе - 0,01% және өзен - 0,003%.
Облыста қазіргі уақытта автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 344 тұрақты бағыттарда, оның ішінде 156- қалаішілік, 155- облысішілік қалааралық және қаламаңы бағыттары, 15 – облысаралық және облыстың елді мекендерімен байланыстыратын 18 - Ресей Федерациясының – Барнаул, Новосібір, Омск, Томск, Рубцовск, Кемерово, Красноярск, Новокузнецк, Змеиногорск қалаларымен, ҚХР – Үрімші, Монғолияның – Баян Үлгі, Қырғыз Республикасының – Бішкек қаласымен байланыстыратын халықаралық бағыттарда жүзеге асырылады.
2010 жылы облыстың автомобиль көлігімен 1261,1 млн. жолаушы тасымалданды, бұл 2008 жылғы деңгейден 5,6 % жоғары. Көліктің жолаушы ағыны 11 485,1 млн. жолаушы км. құрады, бұл 2008 жылғы деңгейден 8,8% жоғары.
Қазіргі уақытта облыста тұрақты бағыттардағы қозғалыс құрамы бағыты бойынша елді мекендерде орналасқан, 5 автобекет және 30 автостанция қызмет атқарады.
Сондай-ақ шешімін таппай отырған мәселердің бірі өзен көлігін дамыту болып отыр, мұндағы жолаушы ағынының үлесі 0,003% және жүк 0,001%, дамуды тежеп отырған жалғыз ғана себеп, ол көлік кемелерінің және сәйкесінше инфрақұрылымның жоқтығы.
Жүк тасымалының жалпы көлемінде көлік түрлерінің үлес салмағы талданатын кезеңде мүлдем өзгерген жоқ. 2010 жылдың қорытындылары бойынша жүк тасымалы құрылымында автомобиль көлігінің үлесі 99,9 %, су – 0,01 % және әуе – 0,000004%.
2011 жылдың басында жүк тасымалдауда 990 жүк автомобилі қызмет атқарады
21 кесте
2008-2010 жылдары барлық көлік түрлерімен жүкті тасымалдау көлемінің өзгеру динамикасы
Жылдар
|
Автомобиль көлігі, млн. т.
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Әуе көлігі, тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Су көлігі, мың тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
Жүк тасымалдау, млн. тонна
|
Алдыңғы жылға арналған қарқын, %
|
2008
|
287,3
|
103
|
11
|
68,8
|
292,2
|
72
|
278,6
|
103,1
|
2009
|
279,2
|
97,2
|
11
|
100
|
329,4
|
112,7
|
279,5
|
97,2
|
2010
|
327
|
117,2
|
32,6
|
3,1
|
255,91
|
77,7
|
327,2
|
117
|
22 кесте
2008-2010 жылдарға жүк айналымының өзгеру
динамикасы
Годы
|
Автомобильный транспорт, млн. т.
|
Темп к предыдущему году, %
|
Воздушный транспорт, тонн
|
Темп к предыдущему году, %
|
Водный транспорт, тыс. тонн
|
Темп к предыдущему году, %
|
Грузооборот, млн. тонн
|
Темп к предыдущему году, %
|
2008
|
6026,1
|
101,4
|
9,3
|
68,9
|
17,0
|
59,0
|
6043,1
|
101,2
|
2009
|
5988,8
|
99,4
|
н.д.
|
-
|
18,5
|
108,8
|
6007,3
|
99,4
|
2010
|
7157,2
|
119,5
|
28,100
|
3,2
|
17,768
|
96
|
7174,9
|
119,4
| 2010 жылы автомобиль көлігімен 327,0 млн. тонна жүк тасымалданған, 2008 жылдың деңгейінен 13,8% артық. Жүк айналымы 7157,2 млн. тонна, 2008 жылдың деңгейінен 17,7% артық.
Бүгінгі күні республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 102 ЖЖС, 1 ТҚО, 121 тамақтану пункттері, 3 қонақүй және 1 тұрақ, облыстық маңызы бар жолдарда - 19 ЖЖС, 2 ТҚО, 11 тамақтану пункттері және 1 жылыту бекеті, аудандық маңызы бар жолдарда – 14 ЖЖС, 2 ТҚО, 3 тамақтану пункттері, 1 қонақүй, 2 кемпинг қызмет етеді.
Облыстың темір жол желісінің ұзындығы – 1 243 км құрайды, онда 24 темір жол бекеті және 31 жолаушы платформасы орналасқан. Темір жол көлігімен жолаушыларды және жүкті тасымалдау мынадай облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Защита-Алматы, Лениногорск-Астана (Мәскеуге дейінгі тіркелген вагонмен), Лениногорск-Барнаул (бір тіркелген вагонмен Новосибисркіге дейін және бір тіркемемен Бийскіге дейін), Семей-Қызылорада, сонымен қатар транзиттік: Новокузнецк-Семей-Бішкек, Новосибирск-Семей-Алматы, Новосибирск-Семей-Ташкент, Павлодар-Семей-Алматы, Павлодар-Семей-Қарағанды бағыттары.
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 қарашадағы қаулысына сәйкес, облыста темір жол көлігімен әлеуметтік-маңызды ауданаралық қатынастар анықталды: Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Шығыс Жолсерік» КМК бекітілген «Защита-Зырян», «Защита-Лениногор» және «Защита-Серебрянск» бағыттары.
2010 жылы 157,4 мың жолаушы тасымалданды, 175,0 млн. теңге көлемінде субсидия төленді, сондай-ақ облыстық бюджет қаражаты есебінен 37,5 млн. теңге сомаға «Шығыс Жолсерік» КМК 3 жолаушы вагонының қызмет мерзімін ұзарту арқылы күрделі жөндеу жүргізілді.
1995 жылға дейін облыстың 23 елді мекендерде жергілікті әуе желілерінің әуе айлақтары болған.
Қазіргі уақытта облыста «Халықаралық» деңгейдегі екі әуежай уақытша сызба бойынша қызмет атақаруда – бұл Өскемен және Семей қалаларының әуежайлары, сонымен қатар «Д» санатындағы төрт елді мекендегі әуежай.
Өскемен қаласы әуежайынан Астана, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Баян Үлгі қалаларына әуе рейстері орындалуда. Семей қаласының әуежайынан – Астана және Алматы қалалырына.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығымен бекітілген, «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік стратегиясын», сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, өңірдің тұрғындарын әуе тасымалдары бойынша қызметтермен қамтамасыз ету үшін жергілікті әуе желілері бойынша тұрақты әуе рейстерін жандандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2008 жылы облыстың жергілікті әуе желілерінде 4785 жолаушы тасымалданды, 2009 жылы – 5414, 2010 жылы тасымалданған жолаушылар саны 15883 адамды құрады. Тұрғындар үшін тұрақты ішкі жолаушы және жүктің әуе тасымалына қол жетімді тарифін сақтау үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен жыл сайын сәйкесінше қаржыландыру жүргізіледі. Мысалы, 2008 жылы 20 млн. теңге, 2009 жылы – 111,1 млн. теңге бөлінді. 2010 жылы тұрақты ішкі әуе тасымалдарын субсидиялау үшін 122,1 млн. теңге қарастырылды.
Қалыптасқан жағдай төмендегі SWОT талдауда көрсетілген:
Күшті жақтары
-
2008 жылдан бастап тасымалданған жолаушылар саны 15,6 % артты;
-
Ішкі әуе бағыттарын қайта жандандыру, ішкі теміржол және әуе қатынастарын қаржыландыруды ұйымдастыру арқылы, көліктің барлық түрлері қызметіне облыс тұрғындарының колжеткізушілігін қамтамасыз ету.
Әлсіз жақтары
-
Заңсыз тасымалдаушылар әрекеттеріне байланысты алыстағы елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі.
-
Жеке аудандарда ауданішілік жолаушылар тасымалы жоқ.
Мүмкіндіктері:
-
Мақсаттардың орындалу жетістігі басқа мүдделі органдармен бірігіп, әрекеттесу.
-
Рұқсат құжаттарынсыз жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын заңсыз тасымалдаушылар мәселесін шешу үшін Жолаушы көлігі және автомобиль басқармасының, Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Жол полиция басқармасының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының, сондай-ақ, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің ынтымақтастығы қажет.
Қауіптер:
-
Макроэкономикалық қатерлер сыртқы және ішкі конъюктураның нашарлау мүмкіндігіне, экономиканың өсу қарқыны және инвестициялық белсенділіктің төмендеуіне, банк жүйесінің дағдарысына, өнеркәсіптегі құлдырауға және т.б. байланысты. Макроэкономикалық қатерлердің орындалған жағдайында көлік қызметі сұранысының төмендеуі мүмкін, бұл өз кезегінде мақсаттық көрсеткіштерге әсер етеді.
2. Бағалық қауіптер. Жұмыстардың өзіндік құнына әсер ететін энергия тасымалдаушылардың және құрылыс материалдарының бағасы көлік саласы дамуының сындық факторлары болып табылады. Кейбір салалар (жанар-жағармай, құрылыс материалдарының өндірісі) жеткіліксіз дамыған.
2.2.3.4. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы
Өңірдің инфрақұрылымдық кешені электрмен қамту, сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, су бұру, жол саласы, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және абаттандыруду салаларымен ұсынылған.
Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуы аталған қызметтерде экономика және халық қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Сумен қамту
Өңірде 798 елді мекеннің 242-і орталықтандырылған сумен қамтылған немесе 10 қаладағы 79,5% тұрғын, 3 кент және 229 ауыл су құбыры суына қол жеткізген. Жергілікті көздерден сумен қамту 20,4% тұрғынды қамтитын 550 елді мекенде жүзеге асырылады, тасып жеткізілетін суды 0,2% тұрғынды қамтитын 6 елді мекен пайдаланады
Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3808 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 45% - 1704 км). Желілер қанағаттанарлықсыз жағдайда болғандықтан желілердегі судың үлкен көлемі шығынға ұшырайды және халықтың суды тұтынуының үлес мөлшері артады.
13 қала, қала типіндегі кенттер тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 99,7%-ды құрайды, қала тұрғындарының 0,3%-ы суды жергілікті көздерден алады.
Ауылды сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 54,3 %-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 45,7 %-ы жер асты және беткі су көздерінің суын қолданады, сонымен қатар 0,2 % тасып жеткізілетін суды пайдаланады. 1634 адам тұратын 6 елді мекенге су тасып жеткізетін ұйымдардың есебінен жүзеге асырылады.
2008 жылдан бері облыс тұрғындарын орталықтандырылған су құбырының суымен қамтамасыз ету 15,9 пайыздық пунктіне өсті және 2011 жылдың 1 қаңтарына 79,5 %-ды құрады, керісінше 2008 жылы 75,57%.
.
23 кесте
Облыстың қалалары мен аудандары тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуды қамтамасыз ету және 2008-2010 жылдардағы желілердің ұзындығы туралы ақпарат.
Сумен қамтамасыз ету, %
|
Су құбыры желілерінің ұзындығыбарлығы, км
|
Олардан ауытыруды қажет ететіні
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
|
барлығы, км
|
Жалпы ұзындыққа %
|
75,57
|
77,9
|
79,5
|
3807,7
|
2357,2
|
61,9
|
Облыс тұрғындарын коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 3807,7 км су құбыры бар (оның ішінде қалаларда 45% - 1704 км). Су құбырлары желілерінің жалпы ұзындығының 2357,2 км немесе 61,9%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда болғандықтан желілердегі судың үлкен көлемі шығынға ұшырайды және халықтың суды тұтынуының үлес мөлшері артады.
Қолданыстағы «Ауыз суы» бағдарламасының аясында 2008 жылдан 2010 жылға дейін бюджет қаржысынан 4,3 млрд. теңге игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 0,9 млрд. теңге (20 кестені қара).
3 жылда 44 ауыз сумен қамту объектінің жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді, 580,5 км құбыр салынды және қалпына келтірілді, 131,7 мың адамның сумен қамтылу жағдайы жақсартылды
24 кесте
«Ауыз суы» бағдарламасының аясында бюджеттің игерілген қаражаты көлемінің өзгеру динамикасы
|
2008-2010
|
2008
|
2009
|
2010
|
Барлығы, млн.тенге:
|
4317,5
|
2033,0
|
955,1
|
1329,4
|
РБ
|
3448,8
|
1384,8
|
813,8
|
1250,2
|
ЖБ
|
868,7
|
648,2
|
141,3
|
79,2
|
2007-2010 жылдары іске қосылған объектілер
|
44
|
15
|
20
|
9
|
Өткізілген шаралардың нәтижесінде 2010 жылы 104,6 км желі салынып, жөнделді, пайдалануға берілді, 13,0 мың адамнан астам тұрғындарды сумен қамту жағдайы жақсартылды, тұрғындар саны 3,85 адам Бегень және Тарбағатай екі ауыл мекендері орталықтандырылған суме қамту желілеріне көшірілді.
Жер асты сулары сумен қамту көздері болып табылғандықтан, жер асты суларының орындары мен қорлары барланып, бекітілуі қажет. Іске асырылуы жоспарланған 144 объектінің 37 елді мекендегі қорлар бекітілген, 37 ауылда қорларды қайта бекіту қажет, 69 елді мекенде қорларды бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.
Геологиялық-барлау жұмыстары Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетімен ең аз мөлшерде қаржыландырылады (2010 жылы 14 ауылда жұмыстар жүргізілді), ал барланған қорлар бойынша қорытындылар екі жылдан кейін беріледі.
Бұл жағдай жобаларды іске асыруды тежейтін фактор болуы мүмкін. Ауылдық елді мекендерде де, қалаларда да геологиялық-барлау жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту қажет. Жоспарланған жобаларды уақытында іске асыру мақсатында кем дегенде 30 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстарын жыл сайын қаржыландыру қажет.
2008-2010 жылдар кезеңі ішінде жер асты суларының қорын бекіту үшін 72 елді мекенде іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.
242 су құбырына қызмет көрсету және пайдаланумен мамандар және пайдаланудың ең қажетті құралдарымен жабдықталмаған 37 коммуналдық кәсіпорын, 77 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, шаруа қожалығы, жеке кәсіпкерлер және 33 ауылдық әкімдік айналысады. Осыған себептердің кесірінен құрылысы аяқталған және пайдалануға берілген ауыз сумен қамтитын объектілердің одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз етуге байланысты проблемалар бар.
2010 жылы облыстың қалалары мен аудандарындағы халық үшін сумен қамту қызметтерінің тарифтері куб метрі 6 теңгеден 294 теңгеге дейін түрленіп отырды.
Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;
2. ауыз суға аса қажетсіну;
3. сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің бар болуы;
4. халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін 77,9 %-ға дейін жеткізу;
5. пайдаланудың қолданыстағы қызметінің бар болуы.
Әлсіз жақтары:
1. Қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану;
2. сумен қамту объектілері мен желілерінің аса тозуының және осының салдарынан апаттардың, жоғалтулардың, ауыз су сапасының төмен деңгейінің болуы;
3. негізгі өндірістік қорлардың ескіру процесі жаңартудан гөрі аса жылдам қарқынмен өтуде;
4. сумен қамту жүйелерінің жаңаларын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі;
5. инфекциялық аурулардың туындау қауіптілігі;
6. берілетін судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лабораториялардың көптеген аудандарда болмауы;
7. ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су тарту кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы.
Қауіптер:
1. Ұңғымаларды пайдалану режімінің бұзылу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық ұңғымалардың көп мөлшерде болуы, жер асты суының техногендік ластануы;
2.табиғи тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекелі;
3. сумен қамту объектілерінің ұзақ мерзім пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;
4. халықтың денсаулығының нашарлауына әкелетін су дайындаудың ескірген технологиясы қолданылады;
5. апаттың көбеюі, тәуліктік судың болмауы.
Мүмкіндіктер:
1. Жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;
2. халықтың сапалы ауыз суымен қамтылуы;
3. сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйінің жақсаруы, су тазарту және су дайындауға шығынның ұлғаюы;
4. замануи тиімді технологияларды қолдану мүмкіндігі;
5. пайдалану қызметін материалдық-техникалық базаны жарақтандыру жолымен жетілдіру.
Жылумен қамту
Өңірде 3 аса үлкен көмір кеніші бар – Қаражыра, Майқұба және Кендірлік. Қазып алынатын қатты отын өңірдің ішкі сұранысын ғана қамтамасыз етіп қоймай, республиканың басқа да облыстарына жіберіледі және республика аумағынан тыс жерлерге де экспортқа жіберіледі.
Облыс аумағында 5 жылу электр станциясы орналасқан – Өскемен, Семей, Риддер қалаларының тұтынушыларын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін Өскемен ЖЭО, Согра ЖЭО, Риддер ЖЭО, Семей қаласындағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2.
Шығыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтері бойынша 2010 жылы өңірде жылумен қамту көздерінің жалпы саны 198 бірлікті құрады, онда орналасқан қазандар саны (энергия қондырғылары) – 686 бірлікті құрады.
Облыс бойынша қос құбырлы есептеулерде жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1 031,6 км құрайды, олардан таратушы желілер – 881,7 км (құбырдың диаметрі – 400 мм-ге дейін). Жылу желілерінің жалпы ұзындығының 183,9 км (немесе 17,8%) тез арада ауыстыруды қажет етеді
Статистикалық мәліметтер бойынша облыстың жылумен қамту кәсіпорындарымен барлығы 2010 жылы 8086 мың Гкал жылу энергиясы өндірілген, 7100,6 мың Гкал жылу энергиясы жіберілген, оның ішінде жылу электр станцияларымен – 3912,6 мың Гкал, қазандықтармен – 3151,3 мың Гкал. Жылу энергиясын өндіру мен жіберу бойынша республикада облысымыз Қарағанды мен Павлодар облыстарынан кейін 3-орынды алады (төмендеу шкаласы бойынша).
2009 жылдан 2010 жылға дейін облыстың жылу көздерімен жылу энергиясы өндірісінің 7654,8 мың Гкалдан 8086,0 мың Гкалға дейін өскені байқалды, бұл жаңадан қосылған тұрғын үй, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық объектілер санының өсуімен байланысты.
38 сурет
2010 жылға жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне – 38%, ұйымдардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері – 15%, кәсіпорындардың өндірістік қажеттіліктері – 21%, басқа кәсіпорындар (алып қайта сатушылар) – 30% болып келеді.
2010 жылы желілерде жылу энергиясын жоғалту көлемі 1047,9 мың Гкал немесе жылу энергиясын босатудың жалпы көлемінің 14,8%-ын құрады. Егер жылу энергиясын жоғалту көрсеткіштерін республика бойынша салыстырсақ, онда біздің облыс бұл көрсеткіш бойынша Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан кейін 3-орынды алады.
2008-2010 жылдарға тұтынушыларға жылу энергиясын бостау көлемінің өзгеру динамикасы біраз ауытқуларды қоспағанда жалпы тұрақты болып тұр (2008 жыл – 7167,9 мың Гкал, 2009 жыл – 7100,6 мың Гкал, 2010 жыл – 7132,4 мың Гкал).
Бұдан басқа, облыста заманауй энегрия үнемдеу технологиясын енгізу тәжірибесі жүзеге асырылды, атап айтқанда жылу сорғыш қондырғыларынан Прапорщиков кентінің Киров ОМ ТНУ жобасы іске асырылады.
Жүргізілген талдаудың негізінде өңірдің жылумен қаму саласының дамуын ұстайтын келесі негізгі проблемалар анықталды. Жылу көздерінің
Жылу көздерінің, магистральді және квартал ішілік желілерінің энергетиклық және қазандық құралдарының қатты тозуының проблемалары ТЭО құралдарының және қазандықтарының тозуына, жылу көздерінің энергетикалық құралдарын жңартуға және жаңалауға инвестиция көлемінің аздығымен байланысты. Семей қаласының жылу көздері қатты қауіпті тудырады. Өткен жылу кезеңінде көрсетілгендей Семей қаласының жылумен жабдықтау жүйесі әсіресе қаланың сол жағалау бөлігі қатты қиындықтарға душар болған. Сол жағалаудың негізгі жылу көздері ТЭО-1 және РК-1 қайта жаңғырту және жаңалау бойынша жұмыстарды міндетті және дереу жүргізуді талап етеді, өйткені аталған жылу көздерінің барлық қазандық агрегаттары өзінің қызмет ету мерзімін жойған, олардың тозу деңгейі нашар ретінде бағаланады және 70-93% құрайды.
Жылу энергиясын жоғалту кезінде оны тұтынушыға тасымалдау кезінде 2009-2010 жылдары облыс Қарағанды облысы және Алматы қаласынан кейін республика бойынша 3 орында болған. Осыған байланысты жылу желілері үшін алдын ала ажырату құбырларын пайдалану мәселесі өте өзекті болып табылады. Құбыр төсеніштерінің аталған технологиясын пайдалану жылумен қамту ұйымдарымен желілк судың жоғалтуларын бекітілген нормалардан 50% дейін төмендетуге мүмкіндік береді, құбырларды жөндеусіз пайдалануға беру мерзімін 30 жылға дейін арттырады, өйткені құбырлардың коррезиялық бұзылулары жоғалады.
Тарифтерді талдаған кезде, тариф тапшылығының негізгі үлесі «электроэнергия» шығын бабы бойынша қалыптасады. Өйткені, шығындар сметасына электроэнергия бойынша ескі тарифтер салынады. Электроэнергияға жаңа тарифтерді бекіткен кезден бастап жыл, ыстық сумен қамтамасыз ету, сумен қамтамасыз ету бойынша тарифтер қалыптаса бастайтын болады.
Бүгінгі күні келесі кәсіпорынбар шығынды болып табылады: Семей қ. «Жылукоммунэнерго» МКК, Курчатов қ. «КМЭП» МКК, Зырян қ. «Жылу орталық» МК, Глубокое к. «Жылуэнергия» МКК.
Жүргізілген талдауға сәйкес тәртіп ретінде отын сатып алуға берілетін кәсчіпорындардың мемлекеттік субсидиялардың бөлігі басқа желілерді жабуға бағытталады: «электроэнергия», «Технологияға су». Осына ескере отырып, АРЕМ түзету есебімен тарифтік сметаларды бекітеді.
Қазіргі уақытта коммуналдық мекемелерде орта шұғыл тарифтер енгізіледі.
Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Облыстың жылу көздерімен жылу энергиясын өндірудің өсуі;
2. облыстың ЖЭО-лары мен қазандықтарына арзан отын көздері болып табылатын көмір кен орындарының облыста бар болуы;
Әлсіз жақтары:
1. Семей, Курчатов, Зырян, Риддер қалаларындағы, Глубокое кентіндегі жылумен қамтудың сапасыз қызметтері;
2. жылумен қамтамасыз ететін желілердің 17,8 %-ы ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
-
Жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерін дамыту песпективалары.
Қауіптер:
1. ЖЭО орнатылған және мүмкіндігі бар қуаттарының көптеп төмендеуінің болуы, қазандықтар қуаттылықтарының істен шығуы, жылу көздері агрегаттарының негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейде болуына байланысты апаттық жөндеуде тұрып қалуы;
2. бәсекелестік ортаның дамымауы.
3. Жылу желілерінің жылу көздерінің, магистральдік және ішкі кварталдық энергетикалық және қазандық құралдарының қатты тозуы;
4. Жылу энергиясын жоғалтудың жоғары деңгейі.
Су бұру
Өңірде орталықтандырылған су тарту 798 елді мекеннің (бұдан әрі ЕМ) 41 елді мекенінде жұмыс істейді. Облыста барлығы 119 канализациялық сору станциясы, 50 тазарту имараттары бар. 3 ауданда тазарту тазарту имараттары жоқ. 2010 жылы толық биологиялық тазарту арқылы тәулігіне 298,3 мың текше метр ағынды сулар өткізілді.
Канализация желілерінің жалпы ұзындығы 1143,08 км, тозған желілер 801 км немесе 70%, бұл жиі апаттық жағдайларға әкеп соқтырады. 2010 жылы канализация желілерінде 686 апат тіркелді.
70-жылдары салынған тазарту имараттары өздерінің пайдалану ресурстарын орындаған, имараттардың жобалық қуаты жеткіліксіз, соның салдарынан толық тазартылмаған шаруашылық-тұрмыстық, өнеркәсіптік және нөсер сулары Ертіске төгіледі.
Қалалық су каналдарының басты бір проблемасы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2 және 3 токситтік сыныбының ауыр металдармен: темір, никель, мырыш, бериллий, мыс, мышьякпен және т.б. ластанған суларды ағызуы болып отыр.
Тазарту имараттар кешені шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларын тазартуға арналғандықтан, өнеркәсіптік ағындалар түскен кезде табиғи тазарту қиынға соғады (микрофлора өледі), қоршаған ортаға зиян келеді. Қалалық су каналдарымен балық шаруашылығына арналған су қоймасы болып табылатын Ертіс өзеніне ластаушы заттарды тастағаны үшін айып салынады.
Әсіресе кіші қалалар мен аудан орталықтарында қиын жағдайлар қалыптасқан. Елді мекендердің тазарту имараттары қатардан шығып қалады. Нәтижесінде нормативті техникалық жоғалтулардың орташа деңгейі облыстың су шаруашылық жүйелерінде шамамен 30-35%-ды құрайды.
Су тартуға қолданыстағы тарифтер технологияларды жаңартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған кешенді жаңарту жүргізу шығындарын есепке алмайды, өйткені тарифтың структурасы мен пайданың инвестициясы көздерінің үлесі шамалы
Сонымен, облыс бойынша 2010 жылға канализация қызметіне тарифтер 1 куб метр үшін қосымша құн салығымен 10,2 теңгеден 111,9 теңгеге дейін өзгерді. Сол кезде Су каналдарының есептері бойынша эксплуатациялық шыығындарды жабуға жеткілікті тариф 20 теңгеден 190 теңгеге дейінгі деңгейде болу керек болған.
Тазарту имараттарын неғұрлым сапалы пайдалану және олардың қатардын шығуына жол бермеу мақсатында канализация желілерін қайта жаңарту қажет.
Облыс тұрғындарын су тарту қызметтерімен қамтамасыз ету деңгейі 2010 жылы 34,1%-ды құрады.
Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
-
Қолданыстағы пайдалану қызметінің болуы;
-
Халықтың су бұру қызметтеріне қол жетімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткзуі 34,1%.
Әлсіз жақтары:
1. 70 % канализациялық желі қанағаттанарлықсыз жай-күйде тұр және ауыстыруды талап етеді.
Мүмкіндіктер:
1. Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қауіптер:
Су тарту объектілерін, канализация жүйелерін, тазарту имараттары мен канализация желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы объектілерді пайдалануға беру мерзімін бұзуы және облыс халқының санитарлық-экологиялық аман-есендігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Газбен қамту
Шығыс Қазақстан облысында орталық газбен қамту 6 қалада және 2 кентте бар. Сұйытылған газдың негізгі үлесі Павлодар мұнайөндеуші зауытынан жеткізіледі.
Сұйытылған газдың аккредиталған жеткізушілері: «Капан» ПКФ ЖШС (Өскемен қ.), «ШҚ Газ» ЖШС (Өскемен қ.), «Ертiс трансгаз» ЖШС (Семей), «Аманат газ» ЖШС (Семей).
Газ таратушы қондырғылар және халықты орталықтандырылдған газбен қамтамасыз ету ыдыстары бүгінгі күні қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда болып табылады. Газ шаруашылығын қалыпты жұмыс жағдайына келтіру үшін ГТҚ, ыдыстар мен газ желілерін түгендеу, жөндеу жұмыстары қажет нысандарды анықтау қажет. Ыдыстарға қызмет көрсету және толтырумен айналысатын ұйымдар өз қаражаты есебінен қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге жағдайлары жоқ. Зырян және Серебрянск қалаларында ГТҚ консервациясына байланысты тұрғындар толығымен электроплита қолдануға көшкен.
Сарыбаұлақ табиғи газ кенорнын әзірлеуге байланысты қазіргі уақытта Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын табиғи газбен қамту мәселесі пысықталуда.
Саланың дамуына SWOT- талдау:
Күшті жақтары:
Облыстың газбен қамту ұйымдарын аккредитациялау Қазақстанның мұнайхимия зауыттарынан сұйытылған газды тұрақты бағада импорттауға мүмкіндік берді ;
Әлсіз жақтары:
газ таратушы қондырғылардың, квартал іші желілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы тұрғындардың денсакулығы мен өміріне қаіп туғызады;
Мүмкіндіктер:
Сарыбаұлақ газ кенорнын өндіру Зайсан және Тарбағатай аудандарының тұтынушыларын табиғи газбен қамтуға, және ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында үкіметаралық келісімге сәйкес сұйытылған газды Шығыс Қазақстан облысының ішкі нарқына жеткізуге мүмкіндік береді;
Қауіптер:
Жаңа немесе қолданыстағы орталық газбен қамту жүйелерін салу іс-шараларын жеткіліксіз қаржыландыру өңірді газбен қамту деңгейін сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік бермейді.
Тұрғын үй қоры
Шығыс Қазақстан облысында 5200 көппәтерлі тұрғын үй есептеледі, соның ішінде облыстық орталықта 1645 кондоминимум нысандары бар және Семей қаласында 1305 үйлер. Өңір аумағындағы үй құрылыстарынан 90 пайыздан астамы 20 жылдан астам пайдалану мерзіміне ие.
25 кесте
Үйлер саны
|
Пайдалану мерзімі
|
%
|
1643
|
50 жылдан астам
|
25
|
1352
|
50-40 жыл
|
26
|
1055
|
40-30 жыл
|
20
|
1040
|
30-20 жыл
|
20
|
Алдын ала жүргізілген зерттеу бүгінгі күні 3500 нысан жөндеуді қажет ететінін, ал 1661 тұрғын үй апаттық деп танылу үшін инструментальді зерттеуді талап ететінін көрсетті.
Көп қабатты тұрғын үйлерді ресми түрде апатты деп тану үшін мамандандырылған ұйымдармен нысандарға техникалық зерттеу жүргізу қажет. Қажетті қаржылық бекітумен республикалық деңгейде кондоминимум нысандарын инструментальді зерттеу бойынша бағдарлама әзрлеуді ұсынамыз.
Тұрғын үй қорын пайдалану және ұстауды негізінен пәтерлердің жеке меншіктерінің кооперативті жүзеге асырады (бұдан әрі – ПЖК). Қазіргі уақытта өңір аумағында 371 ПЖК жұмыс істейді, соның ішінде қалаларда – 365 және аудандарда – 6.
Коммуналдық қызмет есебінің құралдарын сатып алу бойынша істер қанағаттанарлықсыз жағдайда. Есеп құралдары энергия ресурстарын үнемдеуіне қарамастан оларды енгізу көп жағдайда энергия тұтынуды азайтуға әкеледі. Бұл тұтынушылар өздерінің тұтынулары туралы нақты ақпарат ала бастайтынына негізделген, және нәтижесінде тұтынушылар табиғи түрде энергия ұнемдеуге көшеді. Сондықтан барлық энергия ресурстар есебінің құралдарын орнату және есептегіш көрсеткіштер бойынша энергия ресурстарын пайдалануға есепті ұйымдастыру мәселесі энергия ресурстарын тұтынудың тиімділігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді.
Бүгінгі күні тәжірибе жүзінде кондоминимум нысандарын басқарудың негізгі формасы болып табылатын ПЖК қызметіндегі аса ір проблема тұрғын үйдің күрделі жөндеуін жүзеге асыру болып табылады. Мезгілсіз және толық емес көлемде жүргізілген жөндеулердің нәтижесінде ғимараттың ескіру процессі жылдамдайды. Нәтижесінде үйді ұстау адал төлеушілер – ПЖК мүшелеріне жатады.
Жүргізілген талдау ПЖК бойынша пайдалану салымдарын жинаудың орта пайызы 70-80% құрайтынын көрсетеді, шамамен пәтер иелерінің 20% пайдалану шығындарын төлемейді.
Жалпы үйлік құрастырулар және инженерлі құралдарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар шағын апаттық жөндеуге келтірілген, бұл негізгі қорлардың жылдам тозуына әкеп соғады.
Нақты тұрғын үй құрылыстарының жоспарлы-ескертуді жөндеудің жүйесі жоғалтылған, соның ішінде жөнделмейтін құрылыс құрылымдарының және олардың пайда болу кезінде инженерлік коммуникацияларды анықтау және ескіру мақсатында тексеру және жөндеу-оңалту жұмыстарын жүргізу тәжірибесі.
Тұрғын үй қорын жылумен қамтудағы бұзушылықтар ең алдымен үй ішілік жүйенің қанағаттанарлықсыз жағдайымен байланысты.
Басқарушы компаниялар тұрғын үй коммуналдық шаруашылықта энергия үнемдеуші жобаларды және іс-шараларды енгізуде негізгі мүдделі тараптар болуы мүмкін. Басқарушы компаниялар негізгі табысты тұрғындарға коммуналдық қызмет көрсетуден алатын болады, оны сапалы көрсету үшін олар сәйкес энергетикалық ресурстар сатып алады. Және де сатып алынған энергия ресурстардың құнынын және көрсетілген коммуналдық қызмет құныны арасындағы айырмашылық қаншалықты көп болса солайша басқарушы компанияның бизнесі тиімді болып табылады. Энергия үнемдеуші іс-шараларды енгізу коммуналдық қызметтерді көрсету сапасын сақтау кезінде энергия ресурстарын пайдалануды төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ тұрғын үй көмегін көрсетуге республикалық бюджеттен 2012 жылға 35,2 млн. теңге көлемінде ақша қаражаттарының көлемі анықталған.
Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жаңарту бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы респубилкалық бюджеттен көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және термомодернизациялаву үшін 858,8 млн. тенге бөлінді.
Жобаны іске асыру 2 тетік арқылы «Өскемен тәртіп» МКК, «МЭПС» МКК (Семей қ.) және «Ертіс» ӘКК жүзеге асырылады.
Аталған қаражатқа 117 үй, соның ішінде Өскемен қаласында 93 кондоминиум нысаны, Семей қ. 23 үй және Абай ауданы Қарауыл а. 1 үй жөнделді.
2012 жылы республикалық бюджеттен 812,5 млн. тенге мөлшерінде қаражат бөлінді, соның ішінде «Ертіс» ӘКК 1 тетік бойынша 312,5 млн. теңге және 2- тетік бойынша 500,0 млн. теңге бөлінді.
1 тетік бойынша 127 млн. Теңге сомасына 16 тұрғын үй жөнделеді. 2 тетік бойынша 44 тұрғын үй, соның ішінде Өскемен қ. 37 нысан, Семей қ. 7 нысан жөнделеді.
Кондомиумның ортақ мүлкін жөндеу термомодернизация элементтерін қамтиды, бұл ғимараттардың жылутехникалық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл қабырғаларды, үйдің шатыры мен фасадын жылылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қол жеткізіледі, ағымдағы жөндеу кезінде 10 пайызға дейін, күрделі жөндеу кезінде 30 пайызға дейін үнемдеуге қол жеткізіледі.
Кондомиум нысандарын жөндеу жобасын 2013-2015 жылдары іске асыру жөндеуді қажет ететін кондомиум нысандарын 69,7% дан 49,2% дейін азайтады, 2020 жылға дейін 3970 үйден 2600 жөндеу және үлесін 10% жеткізу жоспарланған.
Сала жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жүргізіледі. 2020 жылға дейін жөндеуді қажет ететін үйлердің 10% үлесі күтіліп отыр.
Әлсіз жақтары:
1. Кондоминимум нысандарының жалпы мүлкін ұстауда тұрғындардың нашар белсенділігі.
Мүмкіндіктер:
1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды іске асыру кондоминимум нысандарының техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Қатерлер:
1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландыру, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңартудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы нашар түсініктеме жұмыс.
Абаттандыру
Облыс аумағында 5061,2 км көшелер мен жолдар, 421 га саябақтар, скверлер, алаңдар, аулалар, 2227 тұрғын үй кондоминиумдарының аулалары, 296 ескерткіштер мен қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы 350 орындар бар.
Облыстың елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, рұқсат берілмеген қоқыс төгу орындарын жою, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
39 сурет
Жыл сайын облыс бойынша 140 мың ағаш көшеті, 40 мың погон метр бұталар және 50 мың шаршы метр гүлзар отырғызылады.
Елді мекендерді көріктендіру бойынша жұмыстарды жүргізуге жергілікті бюджеттен 2007 жылдан 2009 жылға дейін 4218,5 млн. теңге бөлініп, 99,7% игерілді (32 суретті қара).
Қаржыландыру нәтижесінде 2227 аула аумағының 918-інде көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 858,8 мың ағаш көшеті, 199,1 мың погон метр бұта, 409 мың шаршы метр гүлзар отырғызылды.
Алайда шешілмеген проблемалар қалады.
Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула аумақтарының 40%-ы балалар мен спорттық алаңдар салуды, ескі ағаштарды кесіп, шығаруға, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізуді қажет етеді Көгалмен жабылған алаңдардың азаюына байланысты елді мекендерді көгалдандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Аумақтарды көріктендіру және көгалдандыру конкурстарын өткізу үшін облыстық бюджеттен жыл сайын қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Аудандар үшін көріктендірудің проблемалы мәселелерінің бірі ол қатты-тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды ұстау болып табылады. Қоқыстар экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес келмейтін және қатты-тұрмыстық қалдықтар полигонының статусы жоқ ұйымдастырылмаған қоқыс тастайтын жерлерге төгіледі. Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинап, шығаратын мамандандырылған кәсіпорындар жетіспейді.
Газ шаруашылығы бойынша Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын 2020 жылға дейін дамытудың салалық бағдарламасы аясында Қостанай-Көкшетау-Астана-Қарағанды магистралдық газ құбырын салу мәселесі қарастырылды және келешекте облыс бұл газ құбырын Шығыс Қазақстан облысының аумағында салу мәселесін түбегейлі қарастыратын болады
Сала жай-күйін бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:
Күшті жақтары:
1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Әлсіз жақтары:
1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.
Мүмкіндіктер:
Аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.
Қауіптер:
1. Облыс елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.
Достарыңызбен бөлісу: |