Өнеркәсіп
Облыстың жер қойнауында бай пайдалы қазбалардың болуы облысты ірі минералдық-шикізаттық базаға айналдырды.
Облыста 90-дан жоғары темір кені өнімдері, 100 темір кені шекемтастары мен асбест өндіріледі. Облыс аумағында лигнит, көмір, құрылыстық құм, балшық, тас, құрамында алтын бар кен және т.б. өндіріледі.
Өз кезегінде тың және тыңайған жерлерді игеру облыс өнеркәсібінің дамуына қолдау берді. Облыс жер қойнауында шикізат ресурстары орасан зор мөлшерде болған кезде тау-кен өндірісін дамытуда ғана емес, сол сияқты жеңіл, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсіптерінің дамуына және қызмет көрсету саласына ықпалын тигізді.
Облыс Қазақстанның өндірістік дамыған аймақтарының бірі болып табылады.
Облыста тау-кен, өңдеу өнеркәсіптері және электр энергиясын, газ және су өндіру мен бөлу жөнінде кәсіпорындар қызмет етеді. Қазіргі көп салалы өндірісті комбинаттар, зауыттар, заманға сай шағын кәсіпорындар қамтиды.
Облыс аумағында жұмыскерлерінің саны 49 мың адамнан астам 800 жуық кәсіпорын өнеркәсіп өнімдерін өндірумен айналысады.
2012-2014 жылдары тауар өнімдерін өндіру 502 млрд. теңгеден 532,5 млрд. теңгеге дейін 6%-ға өсті.
Тау-кен саласында 269,7 млрд. теңгеден 241,9 млрд. теңгеге дейін 10,3%-ға төмендеді.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдері 198,3 млрд. теңгеден 249,7 млрд. теңгеге дейін 1,3 есе өсті.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 2014 жылы қолданыстағы бағамен 532,5 млрд. теңгеге өнімдер өндірді.
Облыстың өнеркәсіп құрылымында тау-кен өнеркәсібінің және қазбаларды барлау үлесі 45,4% (2012 жылға қарағанда 8,3%-ға төмендеді), өңдеу өнеркәсібінде 46,9% құрады (7,4%-ға өсті).
9-кесте
Жылдар бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі
Жылдар
|
Өнер. өндіру. көлемі, млрд. теңге
|
оның ішінде
|
Тау-кен өнеркәсібі
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
2007 ж
|
236,3
|
128,8
|
81,6
|
2008 ж
|
340,8
|
197,2
|
112,6
|
2009 ж
|
307,9
|
153,9
|
120,4
|
2010 ж
|
450,9
|
280,0
|
131,1
|
2011 ж
|
564,0
|
368,1
|
163,6
|
2012 ж
|
502,0
|
269,7
|
198,3
|
2013 ж
|
530,5
|
279,6
|
214,1
|
2014 ж
|
532,5
|
241,9
|
249,7
|
2014 жылы өндірістің нақты көлем индексі негізгі экспорттық тауарларға (темір кені, шекемтастар, асбест, мысконцентраты) дүниежүзілік сұраныстың түсуінен туындаған қаржылық дағдарысқа байланысты өнімдерге сұраныстың бәсеңдеуінің әсер етуінен төмендеді, бұл облыстың ірі тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысына әсер етті.
10-кесте
Жылдар бойынша нақты көлем индексі, өнеркәсіп
Жылдар
|
НКИ, барлығы, %
|
оның ішінде
|
Тау-кен өнеркәсібі
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
2007 ж
|
112,0
|
108,9
|
117,5
|
2008 ж
|
113,9
|
118,7
|
109,0
|
2009 ж
|
101,6
|
101
|
106,6
|
2010 ж
|
112,6
|
115,8
|
103,8
|
2011 ж
|
100,9
|
100,1
|
102,5
|
2012 ж
|
101,7
|
99,1
|
111,9
|
2013 ж
|
100,6
|
96,2
|
108,1
|
2014 ж
|
100,2
|
93,1
|
109,1
|
Облыста осыған байланысты ірі тау-кен өндіру кәсіпорындарының проблемаларын ескере отырып, экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары әзірленді және іске асырылды, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде іс-шаралар жасалды және іске асырылды.
2014 жылы өнеркәсіптегі нақты көлем индексі 100,2 құрады (республика өңірлерінің арасында 10 орын), өнім өндіру өсті және 532,5 млрд. теңге құрады.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша облыс Республика бойынша 12 орында (елдің өнеркәсіп құрылымында үлес салмағы - 3%).
Тау-кен өнеркәсібі НКИ 93,1%-ға төмендегені және өңдеу өнеркәсібінде 109,1%-ға дейін күрт өскені байқалды.
Өңдеу өнеркәсібінде өнімдердің жаңа түрлерін игеру («Доре» ертіндісі, автомобильдер, бидай және жем-шөп жинайтын комбайндар және т.б.) өнеркәсіп құрылымына айтарлықтай әсер етті.
2014 жылы нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің құрылымы өзгерді. 2012 жылмен салыстырғанда тау-кен саласының үлесі 8,3%-ға төмендеп, 45,4% құрады (2012 жыл – 53,7%), өңдеу өнеркәсібінде 7,4%-ға өсіп, 46,9% (2012 жыл – 39,5%) құрады.
Электр және газбен жабдықтау үлесі 2014 жылы өнеркәсіп құрылымында 6,2%, сумен жабдықтау үлесі 1,5% құрады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің жоспарланған өсуі қол жеткізілген жоқ.
Осы жағдай тау-кен саласындағы өнімдердің мынадай түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің айтарлықтай төмендеу салдарынан қалыптасты (2013 жылмен салыстырғанда): теміркенді шекемтастар – 9,7%-ға, теміркенді қоспасы – 3,1%-ға, мыс қоспасы – 41,4%-ға, боксит 13%-ға, асбест 12,4%-ға. Өңдеу өнеркәсібінде: 10 және одан әрі адам тасымалдау үшін автомобильдер - 76,4%-ға,«Доре» ертіндісі 15,7%-ға, ұн 1%-ға, нан 1,7%-ға, арақ 38,8%-ға.
2014 жылы Индустрияландыру картасының 8 объект пайдалануға берді, инвестициялардың жалпы көлемі 14,5 млрд. теңге құрады, 455 жұмыс орын жасады: Toyota Fortuner автомобиль өндірісін құру, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, Автомобиль шиналарын қайта өндеу және қалпына келтіру бойынша зауыттың құрылысы, «КазШинСервис» ЖШС, Үй салу комбинатын салу «Қостанай МБИ» ЖШС, Рудный қаласындағы құс фабрикасын жаңарту «Жас-Қанат 2006» ЖШС, Тұқымдық репродукторды және семірту алаңын құру «Global Beef KZ» ЖШС, Астықты қабылдау, қосымша өндеу, кептіру және сақтау бойынша кешенді салу «Макс» ЖШС, астық қамбасының құрылысы «Olzha Storage» ЖШС, кен тәжірибелі-өнеркәсіптік өнім және қайта өндеу – «Доре»ертіндісі «Брендт» ЖШС.
Облыста соңғы жылдары өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталдарына инвестициялар өсуінің оң серпіні байқалды. 2012 жылы инвестициялар көлемі 82,9 млрд. теңге, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 52,6 млрд. теңге, өңдеу өнеркәсібінде 13,3 млрд. теңге құрады.
2013 жылы өнеркәсіп негізгі капиталға инвестициялар 2012 жылға қарағанда 1,4 есе өсіп, 112,8 млрд. теңге құрады, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 1,2 есе өсіп, 62,7 млрд. теңгені, өңдеу өнеркәсібінде – 2,7 есе өсіп, 35,5 млрд. теңгені құрады.
11-кесте
Өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар
Жылдар
|
Өнеркәсіпке инвестициялар, барлығы, млрд теңге
|
оның ішінде
|
Тау-кен өнеркәсібі
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
2007 ж
|
53,5
|
39,9
|
10
|
2008 ж
|
46,7
|
32,7
|
8,6
|
2009 ж
|
60,3
|
34,8
|
16,7
|
2010 ж
|
62,9
|
47,7
|
6,5
|
2011 ж
|
72,7
|
50,4
|
12,1
|
2012 ж
|
82,9
|
52,6
|
13,3
|
2013 ж
|
112,8
|
62,7
|
35,5
|
2014 ж
|
106,3
|
55,7
|
26,5
|
Тау-кен өндірісінің негізін мынандай кәсіпорындар құрайды: «ССКӨБ» АҚ, «Варваринская» АҚ, «Қостанай минералдары» АҚ, «Метал Трэйдинг» ЖСШ («Ориол Минералс» ЖШС), «Өркен» ЖСШ Лисаков филиалы, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы КБРУ, «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы ТБРУ және басқалар.
Тау-кен өндірісі облыс экономикасының жалпы жағдайын айқындайды және облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында маңызды үлесін қамтамасыз етеді – 50% астам, тау-кен өнеркәсібінің өнімдері облыс экспортының басты бабы және валюталық түсімдердің негізгі көзі.
2014 жылы агломерацияланған темір кенін өндіру, темір кені концентраттарын, әк тас және гипс, асбест және бокситтерді өндіру ұлғайды.
12-кесте
Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің серпіні
№
р/с
|
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
1
|
Өнеркәсіп өнімнің көлемі, млрд. теңге
|
232,2
|
340,8
|
307,9
|
450,9
|
564
|
502,0
|
530,5
|
532,5
|
2
|
өткен жылға қарағанда НКИ, %
|
108,1
|
97,4
|
101,6
|
112,6
|
100,9
|
101,7
|
100,6
|
100,2
|
|
Өндірістің жалпы көлеміндегі тау-кен өнеркәсібінің үлесі, %
|
55,4
|
58,1
|
49,9
|
62,1
|
65,2
|
53,7
|
52,7
|
45,4
|
3
|
Тау-кен өнеркәсібінің өндіру көлемі, млрд. теңге
|
128,8
|
197,2
|
153,9
|
279,9
|
368,1
|
269,7
|
279,6
|
241,9
|
4
|
Тау-кен саласының негізгі өнім түрлерін өндіруі:
|
|
- темір кені концентраты, мың тонна
|
8600,7
|
8731,9
|
10303,7
|
10699,8
|
10637,1
|
11188,2
|
11710,9
|
11351,6
|
|
- шекемтастар, мың тонна
|
8572,0
|
6951,8
|
6182,4
|
8150
|
7803,2
|
7360,3
|
6919,7
|
6250,5
|
|
- бокситтер, мың тонна
|
4962,6
|
5160,1
|
5130,0
|
5310
|
5495,2
|
5170,2
|
5192,8
|
4514,6
|
|
- асбест, мың тонна
|
292,6
|
230,1
|
230,0
|
214,1
|
223,2
|
241,2
|
243,3
|
213,2
|
|
-құрамында алтын бар кендер, мың тонна
|
727,3
|
4719
|
3944,9
|
4145,4
|
4049,4
|
4018,4
|
3182,8
|
3487,9
|
|
- мыс кендері, мың тонна
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1508,6
|
1031,4
|
655,6
|
|
|
- мыс концентрат-тары, мың тонна
|
-
|
-
|
-
|
-
|
38,7
|
37,6
|
27,3
|
16
|
Қазақстанның тау-кен саласының ірі кәсіпорны – «ССКӨБ» АҚ. «ССКӨБ» АҚ өнімдерінің негізгі тұтынушылары Магнитогор металлургиялық комбинаты, «Миталл Стил Теміртау» АҚ және Қытай кәсіпорындары болып табылады.
Тау-кен өндірісінің дамуы экспорттық бағыттың негізгі саласы ретінде саланың сауда балансында жетекші рөл атқарады.
Қазіргі таңда «ССКӨБ» АҚ-да жоғары сапалы болат түрін өндіру барысында қолданылатын құрамында 90% кем емес темірі бар металл шекемтастарын өндіру жөнінде цех салу – ірі инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында жұмыс жүргізілуде.
«Өркен» ЖШС Лисаков филиалы темір кені концентратын өндіру бойынша ірі кәсіпорын. Кәсіпорында «Темір кенін бөліп алу, шығару және байыту» инвестициялық жобасы іске асырылды. Бұл технологияны енгізу фосфор құрамын 0,7%-дан 0,2%-ға төмендетуге жол ашады, темір кені концентратындағы темірдің құрамын 49%-дан 60%-ға арттырады.
«Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы Торғай және Краснооктябрь бокситтік кен басқармалары – Павлодар алюминий зауытын шикізатпен қамтамасыз ететін, боксит өндіру бойынша ірі кәсіпорындар болып табылады.
Жітіқара қаласындағы «Қостанай минералдары» АҚ – Қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты, оның негізгі қызметінің түрі – хризотил-асбест кендерін өндіру мен байыту және олардың негізінде тауарлық асбест өндіру. Комбинат өнімдері әлемдік асбест нарығымен қатар ТМД елдерінің нарықтарында тұрақты сұранысқа ие.
Облыста алтын, мыс, титан, никель, көмір, қорғасын-цинк кендерінің пайдалы кен орындары барланды.
Сонымен қатар облыс отқа төзімді балшық, құрылыстық тас, құрылыстық құм сияқты металл емес пайдалы қазбаларға да бай.
Облыс өнеркәсіп кәсіпорындары барлығы 90 астам өнім түрлерін өндіреді, үнемі ассортиментті кеңейту, заманауи технологиялар мен жабдықтарды енгізу, жаңа өндірістер ашу және қолданыстағыларын жаңашаландыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
2013 жылы бойынша тау-кен саласында нақты көлем индексі 96,2% құрады. 2013 жылы сала кәсіпорындарымен жалпы 279,6 млрд. теңге сомасына өнімдер өндірді, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 3,8% жоғары (269,7 млрд. теңге). 2012 жылмен салыстырғанда темір кені концентраттарын өндіру 4,7%-ға, асбест - 0,9%-ға, боксит - 0,4%-ға, агломерацияланған темір кенін өндіру - 0,2%-ға ұлғайды.
2014 жылы бойынша тау-кен саласында нақты көлемі индексі 93,1% құрады. Сала кәсіпорындарымен жалпы 241,9 млрд. теңге сомасына өнімдер өндірді, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 10,3% төмен (269,7 млрд. теңге). 2013 жылмен салыстырғанда алтынды кен өндірісі 9,6%-ға өсті.
Облыстың өнеркәсібін дамытудың негізгі мақсаты шикізат бағынан кетіп, өңдеу өнеркәсібі саласының үлесін ұлғайту болып табылады.
Облыстың өңдеу өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: тамақ өнімдерін өндіру, оның ішінде сусындар (50,9%), машина жасау (24,5%), металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл өнімдерін өндіру (15,4%), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (5,0%), резина және пластмасс бұйымдарын өндіру (1,6%), жеңіл өнеркәсіп (1,3%), жиһаз жасау (0,5%), қағаз өнеркәсібі және қағаз өндірісі (0,3%).
Облыстың жалпы өнеркәсіп әлеуетінің көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2007 жылы 34,5% құрады, 2013 жылы 40,4%-ға дейін ұлғайды.
Өнімдердің жаңа түрлері – «Доре» ертіндісі, жеңіл автомобильдер, астық жинайтын комбайндар және басқалары өнеркәсіп құрылымына және облыс өндірісінің көлемідеріне айтарлықтай әсер етті.
2007-2014 жылдары өңдеу өнеркәсібінде ет және ішек-қарын өндіру 4,2 есе, шұжық өнімдері 2,1 есе, өңделген сүт 2,9 есе, ұн 35,2%-ға, нан 61,7%-ға, шоколад және кондитерлік өнімдер 49,7%-ға өсті.
2014 жылы өңдеу саласының кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 249,7 млрд. теңгеге өнімдер өндірді, 2013 жылғы деңгейден 9,1 % артық. Нақты көлем индексі 109,1% құрады.
2010 жылдан бастап «АгромашХолдинг» АҚ кәсіпорнында жеңіл автомобильдерді жинау жүргізіліп жатыр, 2010 жылы олардың 77 дана, 2011 жылы – 869, 2012 жылы – 2581, 2013 жылы 6329, ал 2014 жылы - 8570 дана өндірілді.
Азық-түлік өнімдерін және сусындар өндіру айтарлықтай үлес салмақты алады – 56,7%, облыстың өңдеу өнеркәсібі құрамында және 2013 жылы 127,7 млрд. теңгені құрайды, бұл 2012 жылдан 12,6% артық және 2007 жылмен салыстырғанда 20,4 есе артық.
Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемдерін ұлғайтуға өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлемінде үлесі 47,1% азық-түлік өнімдерін саласында даму үлкен әсерін тигізіп отыр.
13-кесте
Өңдеу өнеркәсібінің өндіру серпіні
Р/с №
|
Көрсеткіштер
|
Жылдар
|
|
2007
жыл
|
2008
жыл
|
2009
жыл
|
2010 жыл
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
1
|
Өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі, млрд. теңге
|
236,3
|
340,8
|
307,9
|
450,9
|
564
|
502,0
|
530,5
|
532,5
|
2
|
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің көлемі, млрд. теңге
|
81,6
|
112,7
|
120,4
|
131,1
|
163,6
|
198,3
|
214,1
|
249,7
|
3
|
Өңдеу өнеркәсібінің НКИ, %
|
117,5
|
109,0
|
106,6
|
103,6
|
102,5
|
111,9
|
108,1
|
109,1
|
4
|
Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі, %
|
34,5
|
33,1
|
39,1
|
29,1
|
29
|
39,5
|
40,4
|
46,9
|
|
Өнімнің негізгі түрлерін өндіру
|
|
Ет және тамақ ішек-қарын өнімдері, тонна
|
2733
|
3088
|
4337
|
4779
|
6895
|
7984
|
9295
|
11523
|
|
Шұжық өнімдері, тонна
|
2059
|
2439
|
2678
|
2761
|
3142
|
3681
|
4071
|
4355
|
|
Тазартылмаған күнбағыс майы, тонна
|
2
|
146
|
988
|
1774
|
176
|
3018
|
1594
|
|
|
Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна
|
26393
|
31062
|
34924
|
46063
|
48414
|
55925
|
64926
|
76020
|
|
Сүт және кілегей қатты түрінде, тонна
|
1606
|
1390
|
697
|
680
|
897
|
54
|
-
|
|
|
Сары май, тонна
|
2086
|
2113
|
2109
|
2290
|
2632
|
2094
|
645
|
1944
|
|
Ірімшік және сүзбе, тонна
|
2482
|
1906
|
2017
|
2130
|
1953
|
2015
|
1891
|
|
|
Дәнді дақылдардан жасалған ұн, тонна
|
726860
|
859469
|
1023596
|
927809
|
911732
|
1028658
|
992813
|
982478
|
|
Жаңа піскен нан, тонна
|
28742
|
31920
|
32004
|
35761
|
38124
|
42324
|
47264
|
46468
|
|
Шоколад және одан жасалған өнімдер, тонна
|
20690
|
21533
|
27085
|
30212
|
28355
|
25257
|
29446
|
30976
|
|
Макарон және ұн өнімдері, тонна
|
9754
|
9921
|
10929
|
14165
|
20958
|
22292
|
24514
|
21346
|
|
Минералды су, мың л.
|
11277,6
|
7534,6
|
6614,4
|
8825,1
|
8735,2
|
11350,3
|
10093,6
|
11620,4
|
|
Алкоголсіз сусындар, мың л.
|
55232,9
|
51050,6
|
32235,9
|
35435,2
|
39406,8
|
34359,1
|
35469,6
|
35220,2
|
|
Арақ және азықтық спирт, мың л.
|
3272,6
|
2612,8
|
2468,6
|
2588,3
|
2800,7
|
3439,4
|
3833,2
|
2346,7
|
|
Сыра, мың литр
|
19089,0
|
18027,1
|
24845,0
|
38179,6
|
40838
|
44741,4
|
39111,2
|
46470,1
|
|
Жүн жіп, кардо және таралған, тонна
|
67
|
57
|
60
|
55
|
54
|
56
|
-
|
-
|
|
Сырты теріден жасалған аяқ-киім, мың жұп
|
337,1
|
367,3
|
502,6
|
399,4
|
417,6
|
423
|
192,3
|
-
|
|
Түсқағаздар, мың шаршы км
|
17875,5
|
10293,0
|
2768,7
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
|
Терезе мен есік, мың шаршы км
|
27,2
|
43,8
|
50,1
|
52,1
|
24,3
|
6,8
|
5,5
|
7,6
|
|
Пластмассадан жасалған терезелер, есіктер және т.б., тонна
|
766088
|
912341
|
1063751
|
1241412
|
1627600
|
1605317
|
1511402
|
1849255
|
|
Этил спирті, мың литр
|
1244,8
|
1215,6
|
1121,5
|
1147,9
|
1271,4
|
1451,5
|
1594,2
|
905,9
|
|
Доре ертіндісі, тонна
|
1105
|
2243
|
2757
|
3178
|
3241
|
3905
|
4835
|
4078
|
|
Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар, дана
|
48
|
204
|
44
|
12
|
6
|
43
|
7
|
-
|
|
Астық жинайтын комбайндар, дана
|
492
|
467
|
365
|
299
|
234
|
547
|
380
|
386
|
|
Жаткалар, тырмалар, қопсытқыштар және т.б., дана
|
227
|
306
|
168
|
76
|
151
|
170
|
-
|
283
|
|
Жеңіл автомобильдер, дана
|
-
|
-
|
-
|
77
|
869
|
2664
|
6464
|
8254
|
|
Ауыл шаруышылығына арналған машиналардың бөлшектері, млн. теңге
|
282,0
|
426,0
|
390,0
|
449,1
|
427,0
|
508,0
|
489,3
|
382,2
|
|
Ағаштан жасалған жиһаз, ас үй, кеңсеге арналған, мың дана
|
23,9
|
43,4
|
41,2
|
37,0
|
52,3
|
44,6
|
36,7
|
41,4
|
|
Тауарлық бетон, мың тонна
|
305,4
|
264,8
|
387,5
|
414,6
|
452,8
|
663,5
|
617,9
|
823,7
|
Тамақ өнімдерін өндірумен 70-тен астам ірі және орта кәсіпорындар айналысады.
Негізгі кәсіпорындар: «Деп» ЖШС, «Милх» ЖШС, «Космис» ЖШС филиалы, «RG Drands Rkazakhstan» ЖШС, «Деп» ЖШС Лисаков филиалы, «Садчиковское» ЖШС, «Лидер 2010» ЖШС (сүт өнімдерін өндіру бойынша), «Ирина и К» ЖШС, «Аян-озат» ЖШС, «Қарасу-ет» ЖШС (ет өнімдерін өңдеу бойынша), «Қостанайский мелькомбинат» АҚ, «Romana-астық» ЖШС, «Саламат» Компаниясы» ЖШС, «Сенат» ЖШС, «Пешковский КХП» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Иволга Холдинг» ЖШС, «МАБ» ЖШС (ұн өндіру бойынша), «Арасан» Фирма ЖШС, «Лидер 2» ЖШС, «Алтын Өмір» ЖШС, «Арасан» ЖШС Рудный филиалы (сусындар өндіру бойынша), «Баян Сұлу» АҚ (кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша), «Алтын май» ЖШС, «Перспектива» ЖШС. «Безбабный» ШҚ, «Қаржау» ШҚ, (өсімдік майын өндіру бойынша).
14-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |