Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды



бет6/25
Дата01.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#497133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

2-СОӨЖ тақырыбы: Көне дәуірдегі тіл білімі.
Тапсырмалар: презентациялық слайдтар дайындау.
Есеп беру түрі: слайдтар арқылы әрбір студентке белгіленген тапсырмаларды қорғау, орыс тіліндегі әдебиеттер бойынша конспект дайындау.
СӨЖ тапсырмалары:1.Үнді-европа, семит-хамит және түркі тілдік топтары.
2. Қайта өркендеу дәуірі атауының мән-мағынасы.
3.Универсалды грамматика – логикалық грамматика.
Есеп беру түрі:сөздіктер негізінде мән-мағынасын ашу, реферат дайындау
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Сусов И.П. История языкознания М., 2006.
2. Шелховская Л.А. Общее языкознания. А., 2001.
3. Амирова Т.А. История языкознания М., 2003.
4. Березин Ф.М. История лингвистических учений. М., 1975.
5. Кондрашов Н.А. История лингвистических учений. М., 1979.
6. Кодухов В.И. Общее языкознание. М., 1974.
7. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1999.
8. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. А., 2004.
9. Қалиұлы Б. Жалпы тіл білімі. А., 2005.
10. Жолмаханов Ш. Тіл білімінің тарихы, Қарағанды, 1999.
11. Рүстемов Л. Тіл білімі тарихына қысқаша шолу А., 1984.
12. Хасенов Ә. Тіл білімі. А., 1996.
Үшінші апта
3 дәрістің тақырыбы: Қайта өркендеу дәуірі мен XVII-XVIII ғасырлардағы тіл білімі.
Қарастырылытын мәселелер:
1. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі
2. ХVII- XVIII ғасырлардағы тіл білімі
3.Универсалды грамматика
Терминдер мен анықтамалар:
Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.
Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea – кеңістік, аудан) – лингвистикалық география әдістері арқылы тіл құбылыстарының таралу жайын, тіларалық (диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі. Бұл дәуірдің өзіндік сипатына қысқаша шолу.Жаңа жерлердің, бұрын белгісіз халықтар мен тілдердің ашылуы, соның негізінде тіл білімінің жаңа сипатта дамуы. Бұл дәуірдің тіл біліміндегі негізгі проблемалары: 1) Ұлттық тілдерді қалыптастырып, дамыту; 2) Жаңадан ашылған тілдерді үйреніп, зерттеу; 3) Көне заман тіл біліміндегі ой- пікір, филологияны көркейтіп дамыту. Ұлттық сезімнің оянуына байланысты ұлттық тіл мен ұлттық мәдениетті, әдебиетті дамытуға күш жұмсау.
ХVII- XVIII ғасырлардағы тіл білімі. Бұл кезеңде тілдің шығуы туралы мәселені қайтадан көтерілуі. Тілдің шығуы туралы Ж.Руссо, Н.Гердер тұжырымдары. Тілдің даму сипаты жөнінде зерттеушілердің әр түрлі пікірлер айтуы. Бұл туралы ағылшын ғалымдары Дж.Пристоли, Дж. Монбодо көзқарастары.
XVII-XVIII ғасырларда жарық көрген әр түрлі нормативтік сөздіктер, көптілділік сөздіктер. Жинақталған материалдар негізінде әр түрлі тілдер фактілерін бір- біріне салыстыра зерттеу бағытының біртіндеп көріне бастауы, сонын нәтижесінде тілдердің өзара туыстас, төркіндес болатындығы туралы пікірлердің тууы.
Универсалды грамматика. Бұл еңбектің француз ғалымдары Антуан Арно мен Колод Ланслоптың 1660 жылы жаряланған. Еңбектің әр түрлі аталуындағы себептер. Универсалды грамматиканың логика- типологиялық еңбек екендігі.Грамматиканы жазушылардың ұстанған принциптері. Универсалды грамматиканың құрылымы, оның тарауында қарастырылған мәселелер.Бұл грамматиканың өз кезеңінде Батыс Еуропа зор беделге ие болды. Грамматикадағы жетістіктер мен кемшіліктер.
3 практикалық сабақтың тақырыбы: Тіл білімінің қайта өркендеу дәуірі мен XYII-XYIII ғасырларда дамуы.
Тапсырмалар:

  1. Қайта өркендеу дәуіріндегі тілдік зерттеулердің ерекшеліктері.

  2. XYII-XYIII ғасырлар тіл біліміндегі басты еңбектер.

  3. Пор-Рояль грамматикасының өзгешеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет