Бағдарламасы syllabus семестр 5 оқу аптасынан және сессия аптасынан тұрады. Пәннің көлемі кредитті құрайды


Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар



бет3/25
Дата01.04.2024
өлшемі0.52 Mb.
#497133
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов

Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Студент семинар сабақтарға 5. Курс мазмұны мен кестесі бөлімінде көрсетілген тақырыптар бойынша міндетті түрде әзірленіп жүруі тиіс. Қажетті әдебиеттер әр семинар мен СОӨЖ, СӨЖ соңында көрсетілген. Пәннің теориялық мәселелерін оқу құралдарынан, қосымша ғылыми әдебиеттерден оқып, бекітіп отыруы қажет.
4.1 Ұйымдастыру талаптары:
- Семинар сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестілігі.
- Семинар сабақтардың дәріс, лабораториялық жұмыстар, курстық жобалар және т.б. байланысын білдіретін құжаттардың болуы.
- Семинар сабақтардың қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.
- Семинар сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.
- Семинар сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.
4.2. Тәжірибелік сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:
- Тәжірибелік сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.
- Пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.
- Сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.
- Тапсырмаларды орындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.
4.3. Әдістемелік талаптар:
- Дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету.
- Сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.
- Студенттердің жеке жұмыстарын жүргізуде басшылық ету.
5. Курстың мазмұны
Бірінші апта
1 дәрістің тақырыбы: Жалпы тіл білімі пәні, зерттеу нысанасы. Көне дәуірдегі тіл білімі.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Жалпы тіл білімі пәні, зерттеу нысанасы
2.Көне дәуірдегі тіл білімі
Терминдер мен анықтамалар
Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
Экстралингвистика – экстра латын тілінде «сыртқы, сыртқары» мағынасын береді.
Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.
«Жалпы тіл білімі» - тіл білімінің тарихы мен теориясын оқытатын пән. Бұл пәннің алдына қойылған міндеті – студенттерді тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымның откен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндеттерінен, шешілген және әлі шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру. Тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданылып жүрген және жаңадан туа бастаған арнаулы әдістер мен әдістемелердің сырларын ашып беру. Тіл білімінің басқа қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын айқындау. Тіл білімін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерімен таныстыру.
1.Көне дәуірдегі тіл білімі. Бұл дәуірде пайда болған философиалық бағыттар. Филологианың тууына түрткі болған себептер. Көне дәуір тіл біліміне тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет