2.2.2. Әлеуметтік сала. 2.2.2.1. Білім беру.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамыту жағдайы нақты секторы сияқты әлеуметтік аясының оң нәтижелі даму серпінімен сипатталады.
2009 жылдан 2011 жыл аралығында мектепке дейінгі тәрбиеленетін балалар мекемелерінің жүйесі 2 бала-бақшаға өсті, яғни «Балапан» бағдарламасының есебінен 2 бала-бақшасы ашылды.
Аудан мектептерінің оқушылары жаңа заман оқулықтарының және қайта басылған оқулықтар мен оқу құралдарының контингентінен 100%-ға қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ демографиялық және көші-қон үрдісіне байланысты аз комплектілі ауыл мектептерінің өсуі мен толық комплекті мектептерінің санының азаюы және оқушы контигентінің қысқару үрдісімен байқалады.
Сонымен қатар, білім саласындағы жағымсыз жақтары білім беру ғимаратының тұрақты және моральдік тозу жағынан, мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиеленетін білім қызметімен қамтылуының төмен және сапалы білім алуына әсер ететін білім объектілеріне сәйкес құрал-жабдық пен инвентардың төмен деңгейде қамтылуымен байқалады. 2007-2009 жылдары білім беру саласында 2005-2010 жылдарға білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысы, күрделі жұмыс бойынша аймақтық бағдарламасы мен ауылдық білімді дамытуымен білім сапасы және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды өткізу шегінде 2005 -2007 жылдарға білімнің материалды-техникалық базасын нығайту жүргізілді.
5-6 жасар балаларды мектепалды даярлықпен қамту, мектепке дейінгі тәрбиеленетін мекемелер жүйесін кеңейту және сақтау бойынша шаралары қабылданды. 2010 жылы ауданда 3 балабақша және 24 шағын орталығы қызмет етуде. Мектепке дейінгі білім беру 1882 балалармен қамтылды, ол мектеп жасына дейінгі бабалар санының 63,4% құрайды. 2007 жылмен салытырғанда бала-бақшалар жүйесі өскен жоқ, 21 шағын-орталығы ашылды, ондағы орын саны 12,2 есеге өсті.
5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100% болды.
Сонымен қатар ауданда мектепке дейінгі мекемелерден орын алуға берілген 480 өтініш тіркелген. Ең үлкен сұраныс Зайсан қаласында болып тұр (62,5%).
9-кесте
Мектепке дейінгі мекемелер желілерінің өсу динамикасы
МДМ саны
|
Шығын орталықтар саны
|
МДМ балалар қамтылуы
|
ШО балалар қамтылуы
|
Балалардың жалпы қамтылуы %
|
1.01. 10ж кезекте тұрған адам саны
|
2009ж
|
2010ж
|
2009ж
|
2010ж
|
2009ж
|
2010ж
|
2009ж
|
2010ж
|
2009ж
|
2010ж
|
3
|
5
|
24
|
23
|
269
|
275
|
919
|
1018
|
63,4
|
92,8
|
480
|
Мектепке дейінгі мекемелердің 33,3% қосалқы ғимараттарда орналасқан, бала-бақшалардың 33,3% ыстық сумен қамтылмаған, барлық мектепке дейінгі мекемелерде канализация бар.
Мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2007-2009 жылдары 2,975 млн.теңге бөлінді.
Орта білім беруде 12 жылдық орта білім беруге көшу жұмыстары, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді.
2009-2010 оқу жылында 29 мемлекеттік орта білім беру мекемелері жұмыс істеді.
Ауданда демографиялық және көшіп қону үрдістерінің салдарынан жалпы білім беру меткептерінің санының қысқаруы және оқушылар контигентінің азаю тенденциясы сақталуда. Оқушы контигентінің азаю салдарынан бастауыш мектептерінің жабылу себебі 2010-2011 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер саны 1-ге кемиді.
2008-2010 жылдар аралығында оқушы контигенті 595 оқушыға қысқарды, осының себебінен 2010-2011 оқу жылында 1 мектепті жабуға әкелді.
10-кесте
2008-2010 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы жалпы білім беретін
желілерінің өзгеру
2008ж.
|
2009ж.
|
2010ж.
|
Мектеп саны
|
Оқушы саны
|
Мектеп саны
|
Оқушы саны
|
Мектеп саны
|
Оқушы саны
|
30
|
7157
|
30
|
6926
|
30
|
6968
|
Аудандағы барлық мектептер компьютерленген. 2010 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтамасыз етілуі – бір компьютерге 10 оқушы болды. Кең жолақты Интернетке 17% мектептер қосылған.
Мектептердің материалды-техникалық базасы пән кабинеттері және құрал-жабдықтарымен жабдықтау жеткіліксіз болып тұр. Демек, 2011 жылы мультимедиалық кабинетпен жабдықталу – 48,2%, физика – 57,7%, химия – 19,2%, биология – 23,1% болды.
11-кесте
2010 жылы мектептердің пән кабинеттері және құрал-жабдықтарымен жабдықталу динамикасы
мультимедия
кабинеті
|
физика кабинеті
|
химия кабинеті
|
биология кабинеті
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
14
|
48,2
|
15
|
57,7
|
5
|
19,2
|
6
|
23,1
|
Ауданда апаттық жағдайдағы мектеп жоқ, 4 мектеп немесе жалпы санынан 13,3% бейімделген ғимараттарда орналасқан.
Аудан мектептерінде 837 педагог қызметкер жұмыс істеді, оның 64,9% ауылдық жерде. Педагог мамандығының тартымсыздығы мен жалақысының төмендігінен жас педегогтардың мектептерге келуі жеткіліксіз. Бұл педагог кадрлардың қартаюына әкеледі - әрбір бесінші педагог 50 жасан үлкен.
Облыста Бірыңғай Ұлттық Тестілеу тапсыру нәтижесі 2010 жылы 85,2 балл, 2009 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 14 баллға өсіп отыр.
Ауданда 77 жеьім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар бар, 77 бала қамқоршылыққа берілген.
Ауданда қаладан тыс демалу лагері жоқ.
Балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту жеткіліксіз болып келеді.
Білім беру саласының жағдайын бағалау үшін SWOT-талдау жүргізілді:
Күшті жақтар:
1.Бала-бақша желілерін ұлғайту және шағын-орталықтарын ашу;
2.Мектепке дейінгі мекемелерге балалармен қамту өсімі;
3. Үш ауысымдық оқудың жойылуы;
4.ҰБТ көрсеткішінің жыл сайынғы өсуі;
Осал жақтар:
1.36,6% мектеп жасына дейінгі бала мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған;
2.Демографиялық және көші-қон үрдістерінің себебінен мектеп оқушыларының контигентінің қысқаруы;
3.Білім беру мекемелерінің метериалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі, соның ішінде мектеп асханаларының техникалық жабдықтары.
Мүмкіндіктер:
1.Мектептің материалдық базасын нығайту;
2.Мектепке дейінгі білім берумен балаларды қамтыуын өсіру;
3.Мүгедек балаларға білім беруді енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |