Ауданда 1 қала (аудан орталығы Зайсан қаласы), 8 ауылдық округ бар.
36 ауылдық елді мекеннің бірде-бірінде бас жоспар жасалмаған.
2010 жылдың 1 қаңтарына аймақтың халық саны 40,4 мың адам, соңғы жылдары өсу қарқынының жоғарылауы байқалады. Бұл уақыт аралығында қала халқының үлесі 1,0% азайып, ауылдық жерлердегі халық саны 1,2%-ға өсті, бұған қарамай халықтың табиғи өсімі 1,7 мың адамды құрады.
Халықтың көшу қарқынының өсуі байқалмайды. Осы мерзім аралығында халық санының 2,9 % өсуі аймақтың бірқалыпты даму қарқынынаие екенін көрсетеді.
Аудан бойынша халықты электр энергиясымен қамту 94,5% құрайды, электр энергиясымен қамтылмаған Талды және Сарши ауылдары. Әлеуметтік сала нысандарының жабдықталуы тұрғындардың біркелкі орналаспауымен түсіндіріледі.
Аудан бойынша халықтың орналасу тығыздылығы 3,9 кв.км./адам. Ауданның индустриялық тиімділігі 43,3 мың. теңге/адам.
Аудандағы ауыл тұрғындарының тиімділігі 251,6 мың. теңге/адам.
Ауылшаруашылық жерлерінің тиімділігі 14,5 млн. теңге/кв.км.
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету 62,8%.
Жол жүйелерінің тығыздығы 0,03 км/кв.км, оның ішінде қатты қабаттысы– 0,015 км/кв.км.
Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT-сараптама жасалды:
Осал жақтары:
1.Бас жобасыз бейберекет салынған құрылыстар меншік иесінің құқығына нұқсан келтііп, аймақтардың тиімсіз игерілуіне, құрылыс құнының қымбаттауына, әсіресе әлеуметтік құрылыстардың, үйлердің және инженерлік-коммуникациялық инфражүйенің қымбаттауына әкеп соғады.
Қауіп:
1.Елді мекендерде жете жоспарланған құрылыс жобаларын және белгіленген тәртіпке сәйкес жасалған бас жобасыз, жер телімдері мен құрылыс нысандарын салуға Қазақстан Республикасының заңымен тиым салынған.
2.2.4.1 Ауылдардың тіршілігін қамтамасыз ету
Ауылдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарымен нормативтерге сай қамту, оның ішінде өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтерімен, сапалы ауыз
сумен, автожолдармен, электрқуатымен, байланыс қызметімен, телекөрсетіліммен, интернетпен қамтамасыз ету қажет.
Ауылды жерлердің тұрғындарының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 7 ауылдық ЖҰЕ, 12 ДП, 8 ғимаратсыз медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Ауылды жерлерде 23 мектеп бар. Мектеп жасындағы балалар толық қамтылған. 8 кітапхана мен 8 клуб халыққа қызмет көрсетеді.
Жергілікті маңызды автомобиль жолдары 460 шақырым, оның ішінде асфальтобетонды жамылғысы бар - 201 шақырым, тас төселгені – 98 шақырым, қара жол – 161 шақырым.
36 ауылдық елді мекендердің 2-де электр жарығы жоқ, бұл ауылдардың әрқайсысында 50-ден кем адам тұрады.
Мемлекеттік қолдау шаралары инфрақұрылымның дамуына бағытталды, оның ішінде алдымен жоғары және орта әлеуметтік-экономикалық деңгейдегі ауылдық елді мекендердегі тұрғындардың қажетті табысын қамтамасыз етуге.
Ауылды жерлерде айлық орта жалақының өсуі байқалады. Зейнетақының орташа деңгейі 15 мың теңгеден асты. Күнкөріс деңгейінен төмен тұратындарға мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Сонымен бірге ауылдық жерлерде үй шаруашылығынан табыс табу қанатын жайған. Үй шаруашылығындағы әр жанұя мүшесіне айына 3500-4000 теңгеден табыс келеді.
Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT-сараптама жасалды:
Күшті жақтары:
1.Ауыл халқының негізгі табыс көзі болып табылатын ауыл шаруашылығын
дамытуға қолайлы топырақ-климат жағдайы.
Осал жақтары:
1.Әлеуметтік инфрақұрылым жүйесінің жеткіліксіздігі;
2.Жан басына табыстың аймақтық бөлінуінің алшақтығы
3.Ауылдық жерлерде адам әлеуетін төмендететін ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спортқа қол жетімдігінің тең еместігі.
Мүмкіндіктер:
1.Жұмыс істеп жүрген дәрігер және білім саласындағы мамандарды ұзақ
мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту үшін жүйелі шаралар жасау;
2.Ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру.
Қауіп:
1.Көшіп кету салдарынан ауыл тұрғындарының санының кемуі.
2.2.4.2 Шекаралық аймақтар
Шекаралық аймақтар – бұл мемлекеттің шекарасы бойындағы ерекше шекаралық функциялары бар, соған байланысты ерекшеліктері бар аймақтары.
Шекаралық аймақтардың даму потенциалы инвестициялық жағдайдың ерекшеліктерімен, мемлекеттік шекараны кесіп өтуге байланысты туындайтын нарықтық өндірістік факторлармен, көлік қатынасы шарттарымен, шекаралық өткізу және кедендік жүйе инфрақұрылымдарымен, сонымен бірге тұрғылықты халық санымен белгіленеді.
Зайсан ауданы шығыс және оңтүстік шығыста ҚХР-мен шектеседі. Аудан көлемі 10,44 мың ш.шақырым, халық саны 40,4 мың адам.
Ауданда 7 елді мекен шекаралыққа жатқызылған. Олар - Сартерек, Үлкен Қаратал, Жалши, Шілікти, Қосқора, Аққойын, Қарасай. Шекаралық елді мекендерде әлеуметтік сала мен сауда аз дамыған, кейбірінде орталық сумен қамтамысыз ету және қалдық суларды әкету жүйелері жоқ. нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуына байланысты инвестициялық жағдай қалыпты емес. Сол себепті шекаралық сауда ұсақ құрылымдар мен жеке саудагерлердің қолында қалып отыр. Сонымен бірге, шекаралық аймақтарды дамытудың жоғары мүмкіндігі барлығын, оған айтарлықтай ауылшаруашылық жерлердің барлығын, туристік саланы дамыту мүмкіндігін, шекара бойы саудасын дамытудың болашағы барлығын айтуға болады.
Сондықтан, шекаралық елді мекендерде халық санын көбейтіп, олардың жақсы өмір-тұрмысына жағдай туғызу қажет.
Саланың жағдайын бағалау үшін SWOT-сараптама жасалды:
Күшті жақтары:
1.Көрші елмен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге қолайлы географиялық жағдай.
Әлсіз жақтары:
1.Инфрақұрылымдар мен әлеуметтік саланың жеткілікті дамымауы.
Мүмкіндіктер:
1.Шекаралық сауда мен туристік саланы дамыту, көшіп келгендерге жер учаскелерін беру.
Қауіп-қатер:
1.Тұрғылықты халық санының азаюы, елді мекендердің құлдырауы.
2.2.5. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу үшін басқару жүйесін жетілдіру, өкілетті және атқарушы органдардың жұмыстарының тиімділігін нәтижелігін арттыру қажет.
Аудандық мемлекеттік органдарының құрылымын төмендегілер құрайды: аудан әкімінің аппараты, 8 ауылдық округ әкімдерінің аппараты, 1 Зайсан қаласы әкімінің аппараты және аудандық мәслихаттың аппараты. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 13 атқарушы органдар және орталық органдардың 3 аумақтық бөлімшелері.
2011 жылғы 1 қаңтарға Зайсан ауданында 123 мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде 10 саяси және 113 әкімшілік қызметшілер. Мемлекеттік қызметшілердің орта жасы 45, 4 жыл. Мемлекеттік қызметтегі орта өтілі - 11 жыл. 1 жыл мен 5 жыл аралығында еңбек өтілі барлар 28,5 %. Бұл қызметке жас мамандарды қабылдаумен байланысты. Ұлттық құрамы бойынша қазақ ұлтының үлес салмағы басым. (97,5%).
Мәслихат аппаратының құрамы 5 бірлік. Жергілікті өкілетті органның құрамын 13 депутат құрайды.
Зайсан аудандық мәслихатының қызметі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартуға, қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге, теориялық және тәжірибелік білімді жаңалауға, техникалық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған. Мәслихат қызметінің ең басты бағыты - өздерінің сайлаушыларымен тығыз қарым – қатынас орнату. Депутаттардың сайлаушылармен байланысын кеңейту, азаматтардың мәселелеріне көңіл бөліп шұғыл шешу, ақпараттық – коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды қажет етеді.
Аудан әкімі аппаратының қызметі тек қана аудан әкімдігінің аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін ақпараттық, талдамалық, ұйымдастырылушылық және басқа да түрде қолдау етумен шектелмейді. Қазіргі уақыттағы ең басты мақсат - жергілікті атқарушы биліктің қызметінің тиімділігін және үйлесімділігін жақсарту.
Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік органдардың қызметіндегі ашықтықты айқындықты арттыруды қажет етеді. Осы мақсатта аудан әкімінің виртуальды қабылдауы және аудан әкімінің сайтында тұрғындардың сұрау салуы кең көлемде тұрақты жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттырудың «бір терезе» принципі бойынша бір жолы халыққа қызмет көрсету орталығы (ары қарай ХҚКО).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің тізілімін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес ХҚКО Зайсан ауданында халықтан өтініш қабылдау және балама және баламасыз негізде құжаттар беру бойынша 59 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.
Зайсан ауданында ХҚКО қызмет ете бастаған мерзім ішінде 57856 қызмет көрсетті.
2009 жылы 17821 құжат берілді (17441 - жеке тұлғаларға, 380 - заңды тұлғаларға) , 2010 жылы – 18417, 2011 жылы – 18514 құжат берілді.
Аудан әкімі аппаратының корпоративті басқару жүйесін және мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсартудағы ең басты негізгі келелі мәселелері мен қажеттілігі төмендегідей:
Қала және аудан деңгейіндегі БЭҚАЖ және көліктік ортаның жеткіліксіз дамуы;
Республикалық, облыстық деңгейдегі тапсырмаларды бақылау мен есептеу жүйесінің жетілдірілмеуі;
Әлеуметтік маңызды жобалардың және жоспарлардың орындалуын бақылау жүйесінің деңгейі мен қазіргі ақпараттық-коммуникативтік технология деңгейінің сәйкессіздігі;
Кешенді стратегиялық құжаттарды дайындау мен ведомоствоаралық және салааралық жергілікті мемлекеттік органдардың арасындағы функционалдық үйлесімділіктің сәйкессіздігі;
Аудан әкімі аппаратының құқықтық шығармашылық қызметін қолдау, оның ішінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын көтеру және олардың тұрақты жаңаланып отыратын электронды заңнамалық базаға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің сапасын бағалау және құжаттарды жүйелеу жүйесі мониторингінің деңгейінің жеткіліксіздігі;
Аудан дамуы мен басқару бойынша шешімдер қабылдауда ұсыныстар мен стратегиялық құжаттарды қабылдау кезінде халықты және азаматтық қоғам институттарын тарту деңгейінің жеткіліксіздігі;
Әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді Үкіметтің веб-ресурстары және облыс әкімінің порталы, аудан әкімінің сайты арқылы көрсетудің тиімділігін және қолжетімділігін арттыру;
Тұтынушылармен қарым-қатынас кезінде ХҚКО қызметкерлерінің жеке бастарындағы және кәсіби деңгейдегі дайындықтарының төмендігі;
Аудандағы ірі елді мекендерде ХҚКО бөлімшелерінің жүйесін кеңейту қажеттігі.
Қазіргі кезде Зайсан ауданының әкімдігінде төмендегі ақпараттық жүйелер жұмыс істейді, АЖ «Жеке тұлғалардың есебі», АЖ «Тапсырмалар есебі», АЖ «Мекенжай тіркелімі».
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің базалық санаттарын автоматтандыру аясында төмендегідей шаралар жүзеге асырылады.
Зайсан ауданы әкімінің веб-порталы құрылды
http : // zaysan.vko.gov.kz .Сайтта 57 рубриканы жан-жақты ашып көрсететін 30 мақсатты бет ұсынылған. Порталдың ақпараттық-интерактивті компоненттері (таныстыру-іскерлік, анықтамалық-шұғыл және интерактивтік) қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. Мемлекеттік мекемелердің электрондық қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ауданда 5 қоғамдық қолжетімді пункт орнатылған.
«е-үкіметтің» базалық компоненттерімен интеграциясы
Аудандағы жергілікті атқарушы орган деңгейінде жұмыс атқарылатын е-үкіметтің базалық компоненттері төмендегілер:
-
ҚР бірыңғай электронды құжатайналым жүйесі (бұдан әрі БЭҚАЖ).
-
Мемлекеттік ақпараттық жүйе «Мекенжай тіркелімі».
Қазіргі кезде аудан әкімі аппаратында аудан әкімі мен 5 дербес бөлімдер арасында IBM «Lotus Notes» компаниясының бағдарламасы орнатылған. БЭҚАЖ енгізілген барлық жұмыс орны-13.
Әкімнің аппаратындағы локальдық жүйеге 18 жұмыс орны қосылған.
«е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Бүгінгі кезде «Мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін аудандағы мемлекеттік мекемелер 65 сандық сертификат алды.
Ведомоствоаралық БЭҚАЖ жүйесінде жұмыс істеу үшін 5 электрондық сандық қолдар және «ШҚО әкімінің тапсырмаларының есебі» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу үшін 1 электрондық сандық қолтаңба сертификаттарымен қоса алынды. Сонымен аудандағы мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық қорлар мен жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бүгінгі таңда төмендегідей қажеттілік туындайды:
Мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік құпиялар мен ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға байланысты дайындау және қайта дайындықтан өткізу;
Мемлекеттік органдарда серверлік бөлмелер ашып жабдықтау;
Мемлекеттік қызметкерлердің әкімдіктегі ақпараттық жүйемен жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларды сандық сертификаттар мен электрондық сандық қолдармен қамтамасыз ету.
Жұмысшыларға арналған нұсқаулықтар әзірлеу және тұтынушыларды оқыту.
SWOT- талдаудың ағымдағы жағдайдағы нәтижесі:
Мықты жақтары:
-
Локальдық жүйенің техникалық жағынан толық жабдықталуы;
-
Зайсан қаласында қызмет атқаратын 5 қоғамдық қолжетімді пункт;
-
Аппараттың өз сайтының болуы;
Осал жақтары:
-
Жауапты мемлекеттік органдар мен электрондық мемлекеттік қызметті
тұтынушылар арасындағы өзара байланыс тәртібінің нормативтік-құқықтық жетілдірілмеуі;
-
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ведомоствоаралық және
тұтынушылармен өзара байланыс жасаудың нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы;
-
Қазіргі кездегі халықаралық үздік іс-тәжірибені ескере отырып
мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына және тиімділігіне мониторинг жүргізу методологиясының жетілдірілмеуі;
-
Басқарудың негізгі бизнес-әрекеттерінің автоматтандырылмауы;
-
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін жеңілдетуге бағытталған
ақпараттық жүйенің жоқтығы;
-
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жергілікті бизнес-әрекеттерін
автоматтандыру бағытындағы ақпараттық жүйенің жоқтығы;
-
«е-үкіметтің» негізгі компоненттерінің өзара әрекет байланысының
жоқтығы;
-
Қоғамдық орындардағы қоғамдық қолжетімділік пунктінің
жеткіліксіздігі;
-
Мемлекеттік қызметкерлерді жұмыс орнында компьютерлік техникамен
жабдықтаудың жеткіліксіздігі.
Мүмкіндіктер:
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өндірісін дамытуды
мемлекеттік қолдау;
-
Аймақтардағы тұрғындардың электрондық түрде мемлекеттік
қызметтерді пайдалануға қызығушылығы;
-
«е-үкімет» құруда басқа мемлекеттердегі халықаралық
тәжірибені пайдалану;
Қатерлер:
-
«е-үкіметтің» негізгі компоненттері арасындағы өзара әрекет
байланысының жоқтығынан интерактивті электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудегі жергілікті атқарушы органдардың дайын еместігі;
-
Облыс тұрғындарының ақпараттандырылуының жеткіліксіздігінен
электрондық қызметке деген сұраныстың төмендігі;
-
Тұрғындардың көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызмет
сапаларына қанағаттанбауы.
Достарыңызбен бөлісу: |