БАҒдарламасы зайсан қаласы, 2012 жыл мазмұны ағымдағы жағдайға талда



бет6/12
Дата12.07.2016
өлшемі1.49 Mb.
#195032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2.2.6. Дене шынықтыру және спорт


Зайсан ауданында 25 спорт түрінен секциялар жұмыс істесе: оның олимпиадалық түрі 22, қысқы спорт түрі-3. 2010 жылы Зайсан ауданындағы спорт нысандарының саны 68 бірлік болса (оның ішінде мектептердің спорт залдарын қоса есептегенде), оның 45-і ауылдық жерде орналасқан. 2010 жылы барлық дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны 1,8% немесе 3296 адамды құрайды немесе аудан халқы санының 8,2% құрап отыр.

Ауданда 1 стадион, 22 спорт зал (оның 15-і ауылдық жерде орналасқан), 5 мылтық ату тирі, 37 футбол, волейбол, баскетбол алаңдары бар, 1 хоккей корты және 2 қосыша салынған бөлмелер. Мектептерде спорттың 15 түрінен секциялар жұмыс істесе, онда 2546 бала шұғылдануда. 2010 жылы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 272 бала шұғылданса, «Сайхан» спорт клубында 61 бала шұғылданған.

Ауданда 41 физкультура коллективі бар, оның 29-ы мектептерде тіркелген. Аудан мектептерінде сыныптан тыс спорт секциялары жұмыс істесе, балалар футбол, волейбол, баскетбол, армреслинг, стол теннисі, жеңіл атлетика, шаңғы, бильярд және ат спортына қатысуда. Жыл сайын ауданда жоспарлы түрде мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылып отыр. 2010 жылы ауданда балалар және жасөспірімдер «Сайхан» спорт клубы құрылып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне беріліп, жұмыс істеуде. Клубқа аудан әкімінің ұсынысымен 10,5 млн. теңге қаржы бөлініп, жаттықтырушылар штаты, автокөлік және спорт құрал-жабдықтары алынып жұмыс істеуде.

Жыл сайын Президенттік тест нормалары физкультура коллективтерінде қабылданады. Ауданда білім бөлімімен бірлесе отырып балалар арасында спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында, мектеп оқушыларының спартакиадасы өткізіліп келеді. 2010 жылы өткен балалар мен жасөспірімдердің Облыстық V жазғы спартакиадасында ауданымыз жүлделі 2-ші орынға ие болса, облыс әкімі жүлдесіне арналған ХІҮ-халықтық спорт ойындарында аудан командасы 2-орынға ие болды. 2010 жылы қаладағы стадион күрделі жөндеуден өткізілді. Бірақ, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуда өзіндік қиындықтар болуда. Мысалы: балалар мен жасөспірімдер «Сайхан» спорт клубына, спорт мектебіне жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына спорт секцияларын жүйелі түрде жүргізуге спорт нысандары жетіспеуде.

Күшті және осал жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жасалынды.

Күшті жақтары:

1.Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын арттыру.

2.Қолайлы климаттық жағдай жасау.

Осал жақтары:

1.Материалдық-техникалық жағынан қамтылудың төмендігі;

2. Спорттық объектілер мен спортзалдардың жетіспеушілігі.

Қауіп:

1.Ауылдық жерлерде спорттық ғимараттардың, спортттық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктер:

1.Ауданда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін мүмкіндіктер туғызу(волейбол, баскетбол, теннис, шайбалы хоккей алаңдары).


2.2.2.7. Ішкі саясат.

Қазақстандық саясаттың ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісім тәрізді негізгі басымдықтары өзгеріссіз қалып отыр. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы ынтымақтастық мәселелері мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады және оның еліміздің саяси жүйесін жаңарту кезіндегі өзектілігі одан сайын артып келеді. Осы өзара іс-қимыл арқылы халықтың қоғамдық үдерістерге, қоғам мен мемлекет арасындағы сұхбатты дамытуға кеңінен қатысуы қамтамасыз етіледі.

Негізгі мәселелер ішінен діни экстремизм идеяларының таралу қауіпін бөліп атаған жөн. Аталған қауіптің жаһандық сипаты осы әлеуметтік-саяси көрініске пәрменді қарсы тұру жолдарын іздеуді талап етеді. Осы мақсатта ішкі саясат бөлімінің құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстарын жетілдіру қажет

Ауданда 4 саяси партия филиалы және республикалық қоғамдық ұйымдардың 1 өкілдігі жұмыс істеуде.

Кәіподақ ұйымы-қоғамдағы азаматтардың белсенді институты болып табылуда. Ауданда 4 салалық ұйымдарында кәсіподақ жұмыс істейді.

Еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттейтін үш жақты комиссия жұмыс істейді.

Ауданда 6 үкімететтік емес ұйымдар тіркелген, оның ішінде 1-і жастар.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық-насихаттық жолмен қамтамасыз ету басты мақсаттарға жетуге септігін тигізеді.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру жыл сайын өсіп келеді: 2008 жылы 2,548 млн. теңге, 2009 жылға 3 млн.теңге, 2010 жылы 5,408 млн.теңге болды.

Аталған сұхбат ауданда консультативтік-кеңестік органдар (Ақпараттық саясат Алқасы, ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Қоғамдық кеңес, Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті үйлестіру , жастар ісі жөніндегі кеңестері және басқалар) және сұхбат алаңдары арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінде ауданда жұмыс істеп тұрған 11 діни бірлестіктің қызметтеріне ерекше назар аударылуда.

Бүгінгі таңдағы жастар саясаты саласындағы басты басымдық елдің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті зиятты және рухани-адамгершілік қасиеттерге ие тұлғаларды қалыптастыру.

Жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаларды іске асыруды қаржыландыру көлемі 2008 жылға 250 мың теңге, 2009 жылға 335 мың теңге, 2010 жылы 500 мың теңге болды.

Ағымдағы жағдайды талдау үшін SWOT- сараптама жүргізілді:



Күшті жақтары:

1.Қоғамдық- саяси ахуалға, саяси партиялар және азаматтық қоғам институттарының жұмыстарына талдау зерттеулер жүргізілуде;

2.Азаматтық қоғам институттарымен бірлескен сұхбат алаңдарының жұмыстары жүргізілуде;

3.Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап аудандық «Достық» газеті А4 форматынан А3 форматына ауыстырылса, қазан айынан бастап аптасына екі рет шығарылуда.



Осал жақтары:

1.Ауылдық жерлердегі мемлекеттік емес ұйымдардың аздығы;



Мүмкіндіктер:

1.Тұрғындар арасындағы ақпараттық насихаттық жұмыстарды күшейтілуде;

2.Ауылдық жерлердегі МЕҰ ға методикалық көмектер көрсетілуде.
2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық.

Ауданымыздағы жедел жағдай бір қалыпты. Қылмыс деңгейі 1 мың адамға шаққанда 3,5-тен 4,0-ге дейін өсті.

Криминалдық ахуалды тұрақтандыру және түзеу мақсатында ішкі істер бөлімімен басқарушылық шешімдер қабылданды.

Алайда қабылданған шаралармен қылмысты төмендетуге қол жеткізу мүмкін болмай отыр.

2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстың саны 16,6% өскен. Қылмыстың аса ауыр түрі 66,7%, оның ішінде қасақана кісі өлтіру 66,7%, және бөтеннің мүлкін ұрлау 42,8% құраған. Сонымен қатар криминалдық жағдайды тұрақтандыру және түзеу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде ІІБ қылмыстың аса ауыр түрін -20%, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді –14,8% , бұрын сотталғандармен жасалған қылмысты -42,9 % түсіруге қол жеткізді.

19-сурет

Жедел жағдайдың анализі қабылданған қылмыстық ізге түсу шараларымен қатар қоғамдық тәртіпті, құқық тәртібін қамтамасыз ету жүйесін және құқық бұзушылықты алдын алу жүйесін құру қажеттілігін туындатып отыр.

Анализ жасалған 2007-2009 жылдар аралығында қоғамдық тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің индикаторы болып табылатын қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстардың азаюы байқалады.

Осы мәселені шешу үшін патрульдік-бекеттік қызметті күшейту қажет, автопатрулдерің, полицияның жылжымалы және стационарлық пункттерінің санын ұлғайу керек, оларды біріңғай мәліметтер банкіне қосылатын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету керек.

Жасөспірімдермен жасалатын қылмыстың саны тұрақты болмай отыр. Жасөспірімдермен жасалатын қылмыстың үлес салмағы 2007 жылы 3,8 % болса, 2009 жылы 8,3% құрап отыр.

«Мектеп» инспекторлары институтының дамуын жалғастыруымыз қажет. Бұл оқушылар арасында құқық бұзушылықты ерте бастан алдын алуға мүмкіндік береді.

Құқық бұзушылықты алдын алу үшін, алкогольдік ішімдіктерді және темекі заттарын кәмелеттік жасқа толмағандарға сатуды алдын алу мақсатында, есірткі затарын және психотроптық заттарды медициналық емес қолдану деректерін алдын алу үшін азаматтарды және үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмысты ары қарай дамытуды қажет етеді.

Аудан жолдарындағы апаттылық жағдай күрделі болып қала беруде. Оның себебі автокөлік парктерінің өсуі, қозғалыстың жиілігіне жолдардың сәйкес келмеуі, жүргізушілердің даярлық сапасының және тәртібінің төмендігі.

Жағдайды түзеу үшін жол қозғалысын бақылау және реттеудің заманауи техникалық құралдарын қолдану қажет. Осы мәселелер шешілетін болса жол көлік оқиғаларын жыл сайын 2-3% төмендетуге мүмкіндік береді.
2007-2010 жылдарға жасалған ЖКО санының, қайтыс болғандардың және жараланғандардың санының өзгеру динамикасы

20- сурет

Есірткіге қарсы үгіт насихаттың жалпымемлекеттік жүйесін қалыптастыру тәсілдерін ұйымдастыру оңтайлы жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық тұрғыдан жетілдіруді қажет етеді.

Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып әрекет ететін ақпараттық-үгіт насихат кешендерді қабылдау қажет.

Барлық ауылдық округтерде полицияның пункттері жергілікті атқарушы органдардың (әкімшіліктердің) әкімшілік ғимараттарында орналасқан. Соған байланысты учаскелік полиция пункітіне бөлек есіктен кіру мүмкіндігі жоқ.

Жергілікті бюджет есебінен учаскелік полиция пункттерін қайта жөндеуден өткізу, кіру есігін бөлек жасау, телефон байланысының жеке желісін тарту үшін қосымша ақша қаражатын бөлу қажет.

Күшті және әлсіз жақтарды анықтау үшін SWOT-сараптама жүргізілді.

Күшті жақтар

1.Азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша жағдай жасалған.

2.Құқықбұзушылықты алдын алуды және олардың өзара әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша нақтылы субьектілер анықталған.

3.Қоғамдық тәртіпті күзетуге және құқықбұзушылықты алдын алуға қатысатын азаматтар және ұйымдармен өзара әрекет ету түрлері келісілген.



Осал жақтар

1.Отбасылық –тұрмыстық тұрғыда, ІІО есепте тұрған тұлғалар арасында құқық бұзушылықты алдын алу бойынша шаралардың жеткіліксіздігі. Тұрмыстық ішімдікке салыну, есірткіге және алкогольге тәуелділік мәселелрінің шешімін таппауы.

2.Өмірдің қиын жағдайына душар болған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және оңалтудың деңгейінің жеткіліксіздігі.

3.Ішкі істер органдарының тиісті нормада жасақталмауы, кейбір

учаскелік полиция инспекторларының полиция пункттерімен қамтамасыз етілмеуі және пайдаланудағы учаскелік полиция пункттеріне қайта жөндеу жүргізу.

Мүмкіндіктер

1.Құқықбұзушылықты алдын алудың жүйесін жетілдіру.

2.Құқықбұзушылықтың және қылмыстың санының өсуін алдын алу бойынша дер кезінде шаралар қабылдау.

3.Алдын алу субьектілерінің қызметін үйлестіруді жоғарлату.



Қатерлер

1.Кеден одағы және болашақтағы біріңғай экономикалық кеңістік жұмыс істеп тұрған жағдайда транснационалды байланыстары бар қылмыстық топтардың әрекет етуіне қауіп төндіреді.



2.2.2.9. Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту.


Зайсан ауданының әртүрлі табиғи, таулы-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары ауданды табиғи апаттарға-жер сілкінісіне, тасқынға, желдерге, орман және дала өрттеріне, температураның күрт төмендеуіне және қарлы борандарға ұшыратуы анық.Құрал жабдықтардың және негізгі қорлардың ескіруі және тозуы техногендік қауіптердің өсуіне алғы шарттар жасайды. Аудандағы республикалық меншіктегі 4 гидроқұрылғылардан Үйдене су қоймасының беріктігі қазіргі талаптарға сай емес және Кеңсай, Жарсу, Бақасу ауылдарына қауіп төндіреді.Бүгінгі уақытта арнайы мекемелердің «ПостЭксКом» ЖШС, Востокводцентр»ЖШС, «ВостокМеридиан»ЖШС қатысуымен су қоймасының жағдайы тексерілді, ақаулық акт жасалып, жобалық-сметалық құжат дайындауға ҚР АШМ-нің су ресурстары Комитетіне жіберілді.

Ауданда тасқын қаупі болуы мүмкін учаскелер бар, оларда 21 мыңнан артық адам тұратын 6 елді-мекен орналасқан.2010 жылдың көктемінде ауа-райының апатты қолайсыз жағдайларынан, наурыздың ортасында +17 градус күрт жылынудан қар жаппай еріп Тасбастау, Қарабұлақ ауылдарын тасқын су басты.Осының әсерінен 105 тұрғын үй, 1 су өткізгіш құрылғы зақымданды.

Бүгінгі күні Тасбастау ауылында 34 түрғын үй жаңадан салынып, пайдалануға берілді, 65 тұрғын үйге және Қарабүлақ ауылында 6 үйге ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бюджетінің қаржысына 3 өрт сөндіру тірек пунктері жұмыс істейді, олар Біржан, Қаратал, Шілікті ауылдарында орналасқан.Осы тірек пунктеріндегі 3 өрт сөндіру автокөліктері 1983-1987 жылғы, ескіріп, тозған. Жылытылған гараждар жоқ.Аудан бюджетінде жаңа автокөліктер сатып алуға және автогарждар құрылысын салуға қаражат жетіспейді.Елді-мекендерді қорғауға және ормандала өрттерін өшіруге қосымша Сарытерек, Кеңсай ауылдарында тірек пунктерін құрып, өрт сөндіргіш автокөліктермен қамтамасыз ету қажет.

Ауданның басшы құрамын және халықты құлақтандыру жүйесі 30 жыл бұрын құрылған және қазіргі заманғы есептік технологиялық байланыспен нашар үйлеседі және түбірімен қайта құруды талап етеді. Соңғы 15 жылда жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және жүйе жаңаланған жоқ.Электрсиренамен құлақтандыру жүйесінде пайдаланылатын П-160 және П-164 аппаратуралары ескіріп, тозған, оргтехникалардан және басқа құрылғылардан болатын кедергілерге қарсылығы төмен,аудандық байланыс торабындағы есептік байланыс жүйесімен жұмыс істеуге қалыптастырылмаған.

ҚР индустрия және сауда Министрлігінің құрылыс және тұрғынүй- коммуналды шаруашылық жөніндегі Комитетінің 20.04.2006 жылғы № 154 бұйрығына сәйкес 1.07.2006 жылдан бастап СНиП РК 2.03-30-2006 «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» қабылданып, қолданысқа енгізілген. СНиП РК 2.03-30-2006 сәйкес Зайсан ауданы 7 және одан жоғары сейсмикалық ауданға жатады.Ауданда 45 әлеуметтік-мәдени нысандар жаман жағдайда.

Орын алған мәселелерді ретімен шешу,туындайтын жерсілкіністерінен болуы мүмкін материалдық шығындарды болжау және де конструкцияларды күшейту жолымен шығынды барынша қысқарту сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде кешенді болып табылады. Сейсмикалық күшейтуге инженерлік қорғау шараларын жүргізу және тексеру қомақты қаржыны қажет етеді, ал ол қаржы аудан бюджетінде жоқ.

Табиғи және техногенді апаттардың алдын алу және ескерту, алдын ала дайындалу халықты, аудан экономикасын, материалды және мәдени құндылықтарды дүлей апаттардан, авариялардан туындайтын қауіптерден тиімді қорғау болып табылады.

Орын алған жағдайлар бағасы келесі SWOT-сараптамада көрсетілген :

Күшті жақтары.

1.Табиғи өрттер ошақтарының шығуын ертерек анықтайтын космостық мониторинг жүргізу;



Осал жақтары.

1.Қазіргі жұмыс істеп тұрған құлақтандыру жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі кезінде немесе туындаған жағдайда халыққа толық көлемде шұғыл ақпарат беруге қабілетсіз;

2.АҚ және ТЖ аумақтық құрамалары авариялар мен дүлей апаттар болған аймақтарда шұғыл құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдықтармен, құтқару құралдарымен төмен деңгейде жарақталған.

Мүмкіндіктер.

Мақсатқа нәтижелі жету көбінесе басшылық органның, АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде шұғыл әрекет жасауға дайындық дәрежесіне байланысты.Халық арасында АҚ және ТЖ бойынша білімді ақпарат құралдары арқылы кең көлемде насихаттау жұмыстары, әр түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері туралы көрнекі құралдарды тарату төтенше жағдайлар зардаптарын төмендетуге көп септігін тигізеді.Өрт сөндіру тірек пунктерін дамыту және санын арттыру табиғи өрттерден келетін шығындарды азйтады, сондай-ақ аудан орталығынан шалғай орналасқан елді-мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді.Аудан әкімінің материалдық-техникалық қорын нығайту төтенше жағдай кезінде зардап шеккен тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз етуге кепілдік болады.



Қауіптер.

Аудан аумағында күші 7-9 балл күшті жер сілкінісі болу қаупі бар. Нысандарды тексеруді және сейсмикалық күшейтуді жобалауға қаржының жоқ болуы күшті жер сілкінісі болған жағдайда адамдардың өліміне әкеліп соқтыруы мүмкін, сондай-ақ тұрғын үйлердің, ғимараттардың құрылғылардың жаппай қирауы экономикаға көптеген шығын әкеледі.

1966 жылы салынған Үйдене су қоймасының жағдайын тексеруге және күшейту шараларына қаржы бөлінбегендіктен жобамен салынған беріктігі азайған, адамдар денсаулығына және өміріне, сондай-ақ техногендік авариялар тудыруға нақты қауіп төндіреді.

Қазіргі заманғы жеке қорғану құралдарын сатып алуға қаржы бөлмеу аудан аумағы химиялық уланған жағдайда адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін сақтап қалу қамтамасыз етілмейді.

Қазіргі заманғы қосымша қорғалған басқару пункті құрылысын салуға қаржының жоқтығы АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының қиын жағдайларда біріккен сенімді іс-қимыл әрекеттеріне қауіп әкеледі.

Мақсатқа жету жолдары:

Қойылған мақсатқа жету үшін халықты құлақтандыру жүйесін жетілдіру, аумақтық құтқару құрамаларын құрал-жабдықтармен жарақтандыру, төтенше жағдайлар туындайтын аса қауіпті жерлерді инженерлік қорғаныспен камту, тұрғын үйлер мен нысандарды сейсмотөзімділікке тексеру, жеткілікті материалдық-техникалық қор құру, қосымша 2 өрт сөндіру тірек пунктін құру қажет.


2.2.2.10. Мұрағат ісі.

Соңғы жылдардағы ауданның мұрағат қызметінінің даму сараптамасы мұрағат саласы қызметінің қанағаттанарлық жағдайын көрсетеді.

Мұрағат жүйесінде 15 адам, оның 7,5-маман-мұрағатшылар жұмыс істейді.

2010 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 136 жинақтау көздері- мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар есепте. 2010 жылдың 1 қаңтарына мұрағат қорының көлемі 81832 сақтау бірлігі.

Мемлекеттік сақтауға мерзімі өткен құжаттарды ведомствалық сақтауға беру жұмыстары жалғасуда. 2010-2015 жылдары мемлекеттік сақтауға барлық тасымалдарда 4500-ден астам іс қабылдау жоспарлануда. Мемлекеттік сақтауға келіп түскен құжаттардың өсу көлеміне саланың кадр әлеуетінің өсу серпінінің сәйкес келмеуі байқалады. Мұрағат қоры көбейсе де, қызметкерлер саны бұрынғы деңгейде қалуда.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін 200 мың сақтау бірлігіне арналған арнайы жабдықталған бөлме қажет.

Бұл келеулі мәселелер шешім тапқанда мұрағат қызметінің жоғарғы моделіне және құжаттандыру жүйесі мен мұрағат саласының қызметін жетілдіруге мүмкіншілік туғызады.

Осал және күшті жақтарды анықтау мақсатында SWOT-сараптама жасалды:



Күшті жақтар:

1.Ауданның мемлекеттік мұрағаты мемлекеттік органдардың біртұтас транспорттық жүйесіне қосылған (интернет порталға шығу, облыс әкімінің ресми сайты, билік өкілдерінің порталы, электронды қызмет көрсету орталығы), «Шығыс Қазақстан облысының мұрағат қызметі» сайтында мұрағаттың Web-беттері белсенді жұмыс істейді.



Осал жақтар:

1.Нормативтік-құқықтық негіздердің жетілмеуімен, мұрағаттық қызмет саласында білікті мамандардың жетіспеушілігімен анықталатын мұрағат саласының инфрақұрымының төмен дамуы;

2.Мұрағат сақтау алаңы мен мемлекеттік мұрағаттар сақтайтын құжаттардың өсуінің сәйкессіздігі;

3.Қазақстан халықтарының құжаттық мұрасын зерттеу, дамыту және насихаттаудың жеткіліксіз деңгейі;



Мүмкіндіктер:

1.Электронды қызмет көрсету, санды форматта ұлттық мұрағат қорының көлемін ұлғайту, азаматтардың мұрағат ақпараттарына қол жетімділігін кеңейту



Қатерлер:

1.Мұрағат қызметінде жергілікті атқарушы ұйымдардың белсенді жұмыс жүргізбеуі жергілікті атқарушы ұйымдардан мамандардың жылыстауына әкеліп соғады


2.2.3. Инфраструктуралық кешен.

Ағымдағы жағдайды талдау.

Зайсан ауданының инфраструктуралық кешені сумен қамту, жол саласы, көлік, телекомуникация салаларымен көрсетілген.

Аталған қызметтер халықтың сұранысын қамтмасыз етуге бағытталатын болады.

Аудан бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры 312,394 м2 құрайды.

Көппәтерлі тұрғын үй саны 67, жалпы ауданы 41000 м2, үйлердегі пәтер саны 839. Жалпы ауданы 22000 шаршы метрді құрайтын 15 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. Күрделі жөндеу шығыны -340 млн теңгені құрайды, оның ішінде: төбесін күрделі жөндеу – 80 млн теңге, тағанын жөндеуге – 25 млн теңге, сыртқы қабырғасына – 65 млн теңге, инженерлік жүйелеріне – 160 млн теңге және басқа да жұмыстарға 10 млн теңге.

2010 жылы Зайсан қаласында 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үй қолданысқа берілді. Зайсан қаласынан республикалық бюджеттен сметалық құны 240,0 млн теңгені құрайтын екінші 60 пәтерлі үйдің ЖСҚ жасалынып, биылғы жылы құрылыс жұмыстары басталды.

Ауданды абаттандырудың келелі мәселелерінің бірі қатты қалдықтар полигонын салу. 2011 жылы 81,2 млн теңгеге Зайсан қаласының шетінен қатты қалдықтар полигоны салынды.

Арнайы қалдықтар төгетін орын аудан орталығында ғана бар. Басқа елді мекендерде ұйымдасқан қатты қалдықтар төгетін орын ұйымдастырылып, шаруашылық қалдықтарын көму және жерді қалпына келтіру жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

Зайсан қаласында екі микрорайон, бұл микрорайондарда 2 және 3 қабатты үй құрылыстары бар. Микрорайон жанында 3 қабатты балабақша және Әуезов атындағы орта мектеп ғимараттары орналасқан. Бұрынғы кезде бұл ғимараттар орталықтандырылған жылу қазандығынан жылытылған. Қазіргі кезде ғимараттар автономды түрде жылытылады. Көпқабатты үйлердегі пәтерлер норма талаптарын бұза отырып пеш арқылы жылытылады.

Аудан халқын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге және коммуналдық мекемелердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін:

- елді мекендердің сыртқы көрінісін жақсарту мақсатында абаттандыру және көгалдандыруға бағытталған шаралардың өсу қарқынын;

- инженерлік инфрақұрылымның 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасының жобасын бекіту және оны іске асыруға байланысты облыстық бюджеттен қаржы бөлінуін қарастыру;

- «Зайсан» ККМК, «Зайсан Тазалық» ЖШС мекемелерінің жұмысын жақсарту мақсатында материалдық-техникалық базасын күшейту мақсатында арнайы техника алу және де қорларды үнемдеудің жаңа технологияларын енгізу мәселелерін қарау;

Аудан аумағында 488,5 км көше және жол, 5 саябақ, 5 сквер бар.

Ауданның елді мекендерін абаттандыру және қажетті санитарлық жағдайда ұстауға, халықтың санитарлық-эпидемиалогиялық жағдайын жасау үшін көктемгі және күзгі кезеңдерде жыл сайын көшелер мен жолдар, саябақтар мен тұрғын үйлердің аулалық аумақтарында, алаңдарда, мектептер мен мәдениет үйлерінің аумақтарында көркейту және көгалдандыру шаралары атқарылады.

Қатты қалдықтар төгетін арнайы орындар қанағаттанарлық жағдайларға келтіріліп, рұқсатсыз, тіркелмеген қоқыс төгетін орындарды тазалау және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.


Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен 17,0 мың түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылады.


Зайсан қаласында жаман су әкету және тазалау құрылғылары жоқ. Екі мөлтек ауданның, әскери бөлімнің және орталық аурухананың жиналған жаман суы қарапайым қазылған 4 жердегі шұңқырларға төгілуде. Аталған жағдай тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға айтарлықтай зиянын тигізуде.

Зайсан қаласының жаман су әкету және тазалау құрылғысының құрылысына 1384,0 млн теңгеге ЖСҚ жасалынды.


2.2.3.1. Телекоммуникация және байланыс.

Аудан бойынша байланысты қызметін Зайсан аудандық байланыс торабы. 2010 жыл бойынша кіріс мөлшері 120979 мың теңге, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 1,2 есе жоғары.

Өткен жылдар бойынша кіріс туралы статистикалық мәліметтер: 2008 жыл – 98725 мың, 2009 жыл – 119603 мың, 2010 жыл – 120979 мың теңге.

Байланыспен қамтамасыз ету саласында 50-ден астам адам жұмыс істейді. Орташа жалақы мөлшері 36000 теңге.

Телефон станциясын салуға, жаңалау мен жаңғыртуға кеткен шығындар мөлшері 2010 жылы 85529 мың теңге болды.

Аудан бойынша CDMA-450 желісіз қосылымын енгізу нәтижесінде аналогты АТС-тен CDMA-450 радиоқосылымына (радиодоступ) ауысу жүргізілді, 9 қала/округтер бойынша – 36.

2010 жылы ауылдық елді мекендерде қосымша 380 телефон орнатылды. Бүгінгі күнге ауылдар бойынша телефон номерлерінің саны – 2711, оның ішінде жеке тұлға – 2572, заңды тұлға – 139 номер.

Аудан аумағында мобильді байланыстың келесі операторлары өз қызметтерін көрсетеді: Activ, KCell, Beeline, Tele2.

Ауылдық елді мекендер бойынша коллективті телефондық қызмет көрсететін 28 пункт және коллективті интернет желісіне қосылудың 5 пункті бар.

Ақпарат берілісінің радиорелелік жүйесіне көшуге байланысты кабелді желілердің орнына транспорттық жүйені жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Келешекте бұл жүйеден талшықты-оптикалық ақпарат беріліс жүйесіне ауысу жоспарлануда. Бүгінгі күні аудан бойынша телефон байланысымен қамтылмаған ауылдық елді мекендер жоқ. Алыстағы ауылдар мен жеке фермалар SKY Edge спутниктік жүйесімен қамтылған.

Осал және күшті жақтарды анықтау мақсатында SWOT-сараптама жасалды:

Күшті жақтар:

1.Дамыған телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесі;

2.Жаңа Next Generation Networks сандық технологияларын енгізу арқылы АТС-ді жаңалау;

3.Интернет байланыс жүйесін барынша енгізу.



Осал жақтар:

1.Қалыптасқан байланыс бойынша тұтынушы абоненттердің тығыздығының төмен болуы;

2.Нарықта нақты бәсекелестіктің болмауы;

3.Кең мөлшердегі Интернет қосылымдарының болмауы;

4.Мобильдік байланыс құнының жоғары болуы.

Мүмкіндіктер:

1.Халықты және мекемелерді қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

2.Мекемелер мен бұқара халықтың күнделікті өмірде жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы;

3.Ауылдық елді мекендерді байланыс қызметтерімен толығымен қамту.



Қауіп:

1.Телекоммуникация нарығында бәсекестіктің жеткіліксіздігі;

2.Жеке тұрғындар қолданатын радиожиілік ресурстарының шектеулігі.

2.2.3.2. Құрылыс.

Әлеуметтік тұрғыда тұрғын үй қажеттілігі адамның негізгі өмірлік қажеттіліктерінің бірі болып келеді және бүкіл қоғамның басым проблемасы бола тұра тұрғын үй құрылысының дамуы қоғам дамуының басым міндеттерінің бірі болып қала бермек.

2005-2007 жылдары ауданда «2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын аймақтық дамыту» және «2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын аймақтық дамыту» бағдарламалары іске асырылды. Соңғы жылдардағы тұрғын үй құрылысының көлем динамикасының өсуінен оң нәтиже көрсеткіштерін көруге болады. Тұрғын үй құрлысының аймақтық бағдарламасын іске асыру мақсатында 2008-2010 жылдары барлық қаржыландыру көздері бойынша жалпы ауданы 12,043 мың кв.м. тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ауданы 3,472 мың кв.м. 60 пәтерлік арендалық тұрғын үй, жеке тұрғын үй құрылысын қосқанда ауданы 7,088 мың кв.м.

Оң нәтижелерге қоса, межелеген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуде бірқатар факторлар кедергі келтіруде. Бұндай факторларға қаржының жетіспеушілігі мен тұрғын үй құрылысын салу аудандарында инженерлік-коммуникациялық орналастырудың, тұрғындардың тұрғын үй коммуналдық қажеттіліктерін жақсарту мен тұрғын үй коммуналдық құрылысының даму механизімінде дәлелді экономикалық тиімділіктің жоқтығы.

Бүгінгі күнге қала құрылысының толық көлемді құжаттарының, оның ішінде құрылыс пен жерді пайдалану тәртібінің жоқтығы;

Тұрғын үй құрылысының әр түрін және қажетті кепілденген көлемді үлкен масштабты жобаларды іске асыру үшін инвестиция тартуды іске асыратын экономикалық ынталандыру жүйесінің дұрыс жетілмеушілігі;

Болашақ құрылыс алаңдарын қамтамасыз етуде инженерлік қамтудың біршама кейін қалуы;

Даму бюджетін іске асыру барысында проблемалық сұрақтар қатарында құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу мен құрылысты салудың бір қаржы жылында болуы, әлеуметтік инфраструктураның объекті желілерін дамыту деңгейінің төмендігі.

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес республикалық және облыстық бюджеттерге енгізілген үш жылдық бюджетке енгізілген объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттарды алдын ала дайындау қажет.

Ауданда толық теңестірілген тұрғын үй нарығын қалыптастыру үшін тұрғын үй құрылысы қамтамасыз етіледі. Бағдарламаның негізгі бағыты тұрғындардың барлық деңгейін қолжетімді баспанамен қамту. Сонымен қатар орта және әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарды үймен қамту бағытында іс-шаралар жүргізу.

Осал және күшті жақтарды анықтау мақсатында SWOT-сараптама жасалды:

Күшті жақтар:

1.Тұрғын үй құрылысы көлемінің оң динамикасы.



Осал жақтар:

1.Азаматтық тұрғын үй коммуналдық құрылысының даму механизімінде экономикалық дәлелденген және үнемі қолданыстағы дәлелді экономикалық тиімділіктің жоқтығы;

2.Қала құрылысының толық көлемді құжаттарының, оның ішінде құрылыс пен жерді пайдалану тәртібінің жоқтығы;

Мүмкіндіктер:

1. Бюджеттік кодекстің талаптарына сәйкес республикалық және облыстық бюджеттерге енгізілген үш жылдық бюджетке енгізілген объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттарды алдын ала дайындау.



Қауіп:

1. Қажетті кепілденген көлемді үлкен масштабты жобаларды іске асыру үшін инвестиция тартуды іске асыратын экономикалық ынталандыру жүйесінің дұрыс жетілмеушілігі.




2.2.3.3. Жолдар мен көлік.

Ауданның автокөлік жолдары ұзындығы 460 км, оның ішінде мемлекеттік маңызы бар - 168км, облыстық маңызы бар - 81 км, аудандық маңызы бар - 211км, олар ішінде аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының 29 км қара жамылғымен, 258 км тас-құм жамылғысы төселген, 24 км жамылғысыз.


2007-2009 жылғы жөндеу жұмыстарының динамикасы

13 кесте



Жыл

Жөнделген, км

Техникалық-пайдалану жағдайы, км

Көше-жолдар жүйесі

Барлығы

Көше-жолдар жүйесі

жергілікті маңыздағы авто-көлік жолдары

жұмыс түрлерінен

Құрылыс, қайта жаңғырту

Күрделі жөндеу

Орташа жөндеу

Жалпы ұзындығы

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанғысыз

2007

1,7

1,7




-

1,7

-

292

6

154

132

2008

12,3

2,9

9,4

-

7,9

4,4

292

6

151

135

2009

16,9

1,9

31

-

1,9

15

292

6

153

133

2007-2009 жылдарда аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарының техникалық-пайдалану жағдайы:

- жолдардың жақсы және қанағаттанарлық техникалық көрсеткіші 1 км төмендеді, осыған сәйкес қанағаттанғысыз көрсеткіштер ұлғайды, осымен қатар күрделі жөндеулер қажеттіліктері 265 тен 260 км- ге дейін төмендеп, 92 км күрделі жұмыстары мен 168 км орташа жөндеу құрады.

14 кесте


2008-2010 жыл аралығындағы көлік жолы

саласының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы


Барлық қаржыландыру көздерінен

2007

2008

2009

Жиыны

Республикалық бюджет

32,8

262,4

113,7

408,9

Аудандық бюджет













Облыстық бюджет




80,7

69,4

150,1

Жұмыс түрлері бойынша

32,8

66,7

44,3

143,8

Көпір құрылысы мен реконструкция




115




115

Күрделі жөндеу













Орташа жөндеу

-

115,0

-

115

Ағымдағы жөндеу және ұстап тұру

25,3

80,7

-

106

Барлық қаржыландыру көздерінен




25,9

98,1

124

Республикалық бюджет

7,5

40,8

15,6

63,9

Ауданның автокөлік жолдары саласына құйылған бюджеттік инвестицияның жалпы көлемі 2007-2009 жылдар аралығында 267,6 мың тенге болып, 91,2 шақырым жолдар және қала мен елдімекен көшелері жөнделді, оның ішінде жұмыс түрлері бойынша: күрделі жұмыстар – 11,5 км, орташа жөндеу – 19,4 км.

2008 жылы аудандық маңыздағы жолдар мен елді мекен көшелерін жөндеуге аудандық бюджеттен 42 318 мың тенге бөлінді. 2008 жылы «Аққойын көмір разрезі» аудандық маңыздағы жолдың 22-27 километрін жөндеуге республикалық бюджеттен 80 700 мың тенге мақсаттық трансферт бөлініп игерілді. Сонымен бірге 2008 жылы Зайсан қаласында Жеменей өзенінің көпірін салуға облыстық бюджеттен 115 000 мың тенге бөлініп игерілді.

2009 жылы аудандық маңыздағы жолдар мен елдімекен көшелерін жөндеп ұстауға 128 439 мың тенге бөлінді.

«Жол картасы» бойынша ортақ қолданымдағы аудандық маңыздағы «Омск-Майғапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра-Омск –Майқапшағай» жолының ағымдағы жөндеуіне 98 092 мың тенге, оның ішінде РБ-тен 69 439 мың, ЖБ-тен 28 653 мың тенге бөлінді.

Бөлініп отырған қаржының өсу тенденциясына қарамастан жолдың уақытынан бұрын тозуын болдырмау үшін жүргізілетін ағымдағы жөндеу мен қарауға бөлінетін қаржының әлі де жеткіліксіз екенін айта кету керек. Қаржының жетімсіздігінен автожолдарының жөнделуі мен қаралуы толыққанды жүргізілмейді, сондықтан жол жамылғысының, топырақ төсенішінің және жасанды құрылыстардын пайдалану мерзімі қысқарады. Көгалдандыру жұмысында жол жиегіндегі орман алқабына тек механикалық өңдеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа ағаш егу мен оны күту жұмыстары жүргізілмейді.

Мерзімнен бұрын тозу процесін тек қарау нормаларын қатаң бақылау нәтижесінде ғана тоқтатуға болады. Бұл, бірінші кезеңде, қайта құру мен орнына келтіру жұмыстары жүргізілген жол участоктарына қатысты. Одан басқа қаржы тапшылығы күрделі жөндеу мен орташа жөндеу жөндеуаралық мерзімді сақтамауға мәжбурлейді. Сонын салдарынан жыл өткен сайын толымсыз жөндеу көбейіп, кейіннен жолдарды толық қайта құруды керек етеді.

Қаржы шектеулігі арнайы жол салу және жол пайдалану техникаларының жетімсіздігіне де әсер етіп отыр.

Ауданда жолаушыларды және қол жүктерін автомобиль және әуе көлігімен тасмылдау жүргізіледі.

2010 жылы автомобиль көлігімен 269,0 мың жолаушы, әуе көлігімен 2204,0 жолаушы тасымалданды. 2010 жылы жолаушы айналымы 2417,3 мың жолаушы/км құрады. Жолаушыларға қызмет көрсетудің сапа көрсеткіштері – «Зайсан-Майқапшағай» бағыты және Зайсан қала ішілік бағыты бойынша тұрақты қозғалысы 2009 жылы 90,5 % құрады.

2010 жылы теміржол көлігінен басқа барлық көлік түрімен 259,9 мың. адам тасымалданды, ал жолаушы айналымы 2488,2 мың. жолаушы км. құрады

Жүк тасымалы көлемі (теміржол көлігінен басқа) 1524,2 мың тонна, ал жүк айналымы 0,1 және 0,6 % 2008 жылғы деңгейден артық.

15-кесте.

2008-2010 жылдарғы барлық көлік түрімен жолаушылар тасымалдаудың динамикалық өзгерісі

Жылдар

Барлық көлік құралдарымен тасымалданған жолаушылар (темір жол тасымалын қоспағанда), мың адам.

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге, %

Автомобиль көлігімен тасымалданған жолаушыларсаны , мың. адам.

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге, %

Әуе көлігімен тасымалданған жолаушыларсаны , мың. адам.

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге, %

2008

267,5

99.5

265,4

98.2

2054,6

101

2009

271,1

101.3

269,0

101.4

2120,4

103.2

2010

259,9

95.9

257,7

95.8

2204,0

103.9

16-кесте.




Жылдар

Көлік арқылы жолаушы айналымы (теміржолды қоспағанда), мың,адам.км.

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге, %

Автокөлік арқылы жолаушы айналымы, мың. жолаушы.км.

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге, %

Әуе қатынасының жолаушы айналымы жолаушы,км.

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге, %

2008

2395,2

101.2

2377,0

101.4

18274,2

102.3

2009

2436,1

101.7

2417,3

101.7

18850,3

103.2

2010

2488,2

102.1

2468,7

102.1

19593,5

103.9
2008-2010 жылдарға жолаушы айналымының өзгеру динамикасы

Ауданда қазіргі уақытта елді-мекендер арасындағы байланысы автокөлік арқылы 4 тұрақты бағытта жүргізіледі, оның 2-уі облыс аралық, 1-уі қалаішілік және 1-уі ауданаралық бағыттармен жүзеге асырылады. 2010 жылы автокөлік арқылы облыста 257,7 мың. жолаушы тасымалданды. Көлік жолаушы айналымы 2468,7 мың жолаушы/км. құрады.

Қазіргі уақытта Зайсан қаласында 1 автобекет тұрақты бағыттармен жүретін қозғалмалы құрамға қызмет көрсетуде.

Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалының жалпы көлемдегі үлес салмағы есептік кезеңде өзгеріссіз қалды.

2010 жылдың қортындысы бойынша жүк тасымалы саласында автомобиль көлігінің үлесі 99,9%, әуе арқылы-0,000004%-ды құрады.

17-кесте.



2008-2010 жылдардағы барлық көлік түрлерімен тасылған жүк көлемінің

өзгеру динамикасы.


Жылдар

Автомобиль көлігі, мың т.км

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге өсу қарқыны, %

Әуе көлігі, тонн

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге өсу қарқыны, %

Жүк тасымалы , мың. тонн

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге өсу қарқыны, %

2008

1221,6

105

1,1

106

150,0

106.3

2009

1480,4

121.2

1,2

109.1

165,7

110.5

2010

1524,2

103

1,3

108.3

173,4

104.6

18-кесте.



2008-2010 жылдардағы жүк айналымының өзгеріс динамикасы

Жылдар

Автомобиль көлігі, мың т.

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге өсу қарқыны, %

әуе көлігі, тонн

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге өсу қарқыны, %

Жүк айналымы, мың тонн

өткен жылмен салыстырмалы кезеңге өсу қарқыны, %

2008

10860,0

105

9,7

103

1333,5

104.7

2009

13160,7

121.2

10,6

109.3

1473,0

110.5

2010

13550,1

103

11,5

108.5

1541,5

104.7

Ауданда Зайсан қаласында орналасқан «Д» категориялы әуежай қызмет көрсетуде. Әуежайдан тұрақты облыс ішілік «Өскемен-Зайсан» бағытында ұшу жүргізілуде. Өскемен қаласының әуежайынан ұшу дүйсенбі, жұма күндері. 2008 жылы аталған бағыт бойынша 2054,6 жолаушы, 2009 жылы 2120,4 жолаушы тасымалданды.

2009 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитетінен құрылған комиссия келіп, ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандарымен бірлесе отырып әуежайды сетрификаттық зерттеу жүргізілді. Соның нәтижесінде әуежайдың сертификаты 2010 жылдың аяғына дейін ұзартылды.

Қазіргі уақытта комиссия нұсқаулығына байланысты 12 млн.тенгеге «Rapiscan» рентгендік тексеру қондырғысы алынып, орнатылды.

Осал және күшті жақтарды анықтау мақсатында SWOT-сараптама жасалды:

Күшті жақтары:

1. 2008 жылдан жолаушылар тасымалы 15,6 % өсті. Аудан халқын көлік қызметінің барлық түрінің қол жетімділігін қамтамасыз ету, ішкі әуе қатынасын жаңғырту, ішкі әуе қатынасын субсидиялауды ұйымдастыру.



Осал жақтары:

1.Автокөлік саласына халықаралық басқару стандарттарын енгізу;

2.Негізгі құндылықтардың нақты және моральдық тозуы(инфраструктура мен қозғалыс құрамының);

3.Мнновация мен автоматтандыру процесстерін енгізу деңгейінің төмендігі;

4.Жекелеген елді мекендердің тұрақты автомобиль қатынасымен қамтамасыз етілмеуі.

Мүмкіндіктер:

1.Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін дамыту;

2.Автомобиль жолдарының, көпірлердің транспорттық-эксплуатациялық көрсеткіштерін жақсарту және олардың пайдалану қасиеттерін ижоғарылату;

3.Автомобиль жолдары жүйесін сақтау және дамыту;

4.Автомобиль жолдарын күрделі жөндеу мен қайта жаңғырту жұмытарынан кейін олардың жөндеу аралық мерзімдерін сақтау.

Қауіп:

1.Сыртқы және ішкі конъюктуралардың төмендеуіне байланысты болатын макроэкономикалық қауіптер;

2.Бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы;

3.Бағалық тәуекелдіктер;

4.Заңдылық тәуекелдіктер;

5.Техногендік және экологиялық тәуекелдіктер;

6.Кадрлық тәуекелдіктер;
2.2.3.4.Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.

Сумен қамтамасыз ету.

Зайсан ауданы бойынша 37 елді мекеннің 7-де орталықтандырылған сумен қамту жүйесі жұмыс істейді. Халық санына шаққанда аудан халқының 67,6 %.

Ауданда коммуналды-тұрмыстық су жүйесі құбырларының ұзындығы 175,4 км (оның ішінде қала бойынша 81 % - 142 км). Құбырлардың жағдайы қанағаттанарлық емес, соның нәтижесі ретінде аудан бойынша үлкен мөлшердегі су жоғалту, сондай-ақ халықтың су тұтуының жоғары дейгейде болуы орын алуда.

Зайсан қаласы бойынша халықтың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу дейгейі 91 %, ал ауылдық жерлерде 69,7 %. Ауылдардағы халықтың қалған 30,3 %-ы жерасты және жерүсті суларын пайдаланады.

2008-2010 жылдары (19-кесте) Зайсан ауданы халқының орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу деңгейі 1,3 %-ға көтеріліп, 2010 жылдың 1 қаңтар күніне 63,5 %-ға жетті.

19-кесте


2008-2010 жылғы Зайсан ауданы халқының

орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу деңгейі және

аудан бойынша су құбырларының ұзындығы жайлы

ақпарат


Обеспеченность водой, %

Су құбырларының ұзындығы, км

Оның ішінде ауыстыруды қажет етеді

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

барлығы, км

%-қ үлесі

62,2

62,8

63,5

175,3

112,2

64

Аудан тұрғындарын коммуналдық- тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 175,3 км су құбырлары(оның ішінде қалада 81%-142 км). Су құбырлары жүйесінің 112,2 жүйесі қанағаттанғысыз жағдайда, оның салдары тұрғындардың суды пайдаланғанда көп мөлшердегі судың шығынына және белгіленген мөлшерден артық пайдалануына соқтыруда.

«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде Зайсан ауданы бойынша сумен қамту жүйелерін жаңғыртуға 2008 жылға Кеңсай ауылы бойынша – 21307 мың теңге, Сауыр ауылы бойынша – 27287 мың теңге, Біржан ауылы бойынша – 30536 мың теңге.

2009 жылға Кеңсай ауылы бойынша – 20000 мың теңге, Біржан ауылы бойынша – 5000 мың теңге бөлінді.

Аумақтық дамыту бағдарламасына сәйкес 2015 жылға дейін Зайсан ауданы бойынша 10 жобаның іске асырылуы жоспарланған. Ол жобалар негізінен су жүйелерінің құрылысы мен жүйелерді жаңғыртуға бағытталған.

7 елді мекендегі орталықтандырылған су құбырлар жүйесіне 1 коммуналдық мекеме қызмет көрсетеді.

Сумен қамту саласының жағдайын бағалау мақсатында SWOT сараптама жүргізілген.

Күшті жақтары:

1. Тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;

2. Ауыз судың жоғары қажеттілігі;

3. Қолданыстағы су жүйесінің болуы;

4. Халықтың сапалы суға қолжетімділік деңгейінің 91,5 %-ға жетуі;

5. Жүйені пайдаланатын мекемелердің (қызметтердің) болуы.



Осал жақтары:

1. Жерасты тұщы су қорларын жеткіліксіз түрде пайдалану;

2. Ауыз су объектілерінің жоғары деңгейде тозуы және соның нәтижесі ретінде авариялық жағдайларда көп мөлшерде су жоғалту (потери);

3. Өндіруші қорларының ескіруінің олардың жаңалануынан әлдеқайда жылдам жүруі.

4. Жаңа су жүйесі объектілерін салуға және ескі объектілерге жаңғырту жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі;

5. Жұқпалы аурулардың тарау қаупі;

6. Зайсан қаласында және ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су бұру мекемелерінің жеткіліксіз дамуы.

Қауіпті жақтары:

1.Скважиналарды пайдалану режимінің бұзылуы нәтижесінде жерасты су көздерінің жағдайының нашарлауы;

2.Су қондырғыларының тозып, істен шығып қалу мүмкіндігі;

3.Ұзақ пайдаланудың нәтижесі ретінде сумен қамту объектілерінің қанағаттанарлық емес жағдайда болуы;

4.Сумен қамту саласында қазіргі күні де ескі технологиялық әдістердің қолданылуы;

5.Су құбырларының тозуы нәтижесінде халықты сумен үздіксіз қамтумүмкіндігінің болмауы.



Мүмкіндіктер:

1.Халықты сапалы ауыз сумен қамту;

2.Су жүйелері қалпының жақсаруы, су дайындауға кететін шығындардың азаюы;

3.Материалды-техникалық базаның толығуына байланысты су жүйесін пайдалану деңгейінің жоғарлауы.


Жылумен қамтамасыз ету.

Аймақта 3 ірі көмір өндіретін Қаражыра, Майқұбық, Кендірлік көмір карьері бар. Өндірілген көмір аумақтың қажеттілігін ғана емес сонымен қатар республиканың өзге де облыс аумақтарына жеткізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2010 жылы аймақта жылумен қамту көздерінің саны 198 бірлікті, орнатылған қазандықтар саны 686 бірлікті құрайды.

Облыс бойынша екі құбырлы жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1 031,6 км, оның ішінде тарату желісі – 881,7 км (диаметрі 400 мм дейінгі). Жалпы жылу жүйелерінің 183,9 км (немесе 17,8%) ауыстыруды талап етеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс бойынша жылумен қамту мекемелері 2010 жылы - 8086 мың. Гкал жылу энергиясын өндірген, босатылған жылу энергиясы - 7100,6 мың. Гкал, соның ішінде жылу электр стансалары – 3912,6 мың. Гкал, қазандықтарда – 3151,3 мың Гкал. Жылу энергиясын өндіру мен босату бойынша облыс республика бойынша Қарағанды және Павлодар облыстарынан кейін 3 орында.

2009-2010 жылдар аралығында облыстық жылу көздерінің жылу энергиясын өндіруіде 7654,8 мың Гкал-дан 8086,0 мың Гкал дейін айтарықтай өсулер байқалған.

Саланың жағдайын бағалау мақсатында SWOT -сараптама жүргізілді:

Мықты жақтары:

1.Аудан халықын жылумен қамту 01.01.2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалуда.



Осал жақтары:

1.Жылу жүйелері қанағаттанарлықсыз жағдайда және ауыстыруды талап етеді.



Мүмкіндіктер:

1 Жылу жүйелері нысандарын қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстарының инвестициялық жобаларын іске асыру халықты жылумен қамту қызметінің өсуін қамтамасыз етеді.



Қауіптер:

1.Жылу жүйелерінің құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстарының

инвестициялық жобаларын қажетті мөлшерде мемлекеттік бюдждеттен қаржыландырмау жылумен қамту нысандарының уақтылы іске қосылмауы және аудан халқының санитралық-эпидемиалогиялық жағдайына кері әсерін тигізеді.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету.

Ауданда Үйдене ГЭС-і электр энергиясын өндіретін мекеме.

Өндіріс көлемінің динамикалық өзгерісі, жүйеге босату, электр энергиясын пайдалану мен қажеттілік көрсеткендей соңғы 3 жылда өндіріс көлемі 2,4 есеге өсті немесе Зайсан ГЭС-нің өндірісі 2008 жылы - 1719,9 мың кВт, 2009 жылы – 3669,7 мың кВт, 2010 жылы – 4212,3 мың кВт құрайды.

Аудан бойынша Бұхтырма ГЭС-нен электр энергиясының түсуі 2008 жылы - 38864,0 мың кВт.сағ, 2009 жылы – 41688,0 мың. кВт.сағ, 2010 жылы – 45011 мың кВт сағатты құрайды.

Электр энергиясын босату 2008 жылы – 33360,0 мың. кВт сағ, 2009 жылы – 36185,0 мың кВт сағ, 2010 году – 39996 мың кВт сағатты құрайды..

Электр энергиясын пайдалану 2008 жылы – 8,4 %, 2009 жылы – 13,2 %, 2010 жылы – 11,1 % төмендеді.

Зайсан аудандық энергетикалық жүйесі «ШҚ АЭЖ» АҚ болып табылады. Барлық қаржылық, инвестициялық сұрақтарды «ШҚ АЭЖ» АҚ арқылы шешеді.

Зайсан ауданының аумағында 12 қосалқы станция және 284 КТП жұмысістеуде. Электр желісінің жалпы ұзындығы 1524 км құрайды, оның ішінде: ВЭЛ 0,4 кВ – 438 км., ВЭЛ 10 кВ – 745 км., ВЭЛ 35 кВ – 203 км., ВЭЛ 110 кВ – 138 км.

Электр стансаларының, электр желілерінің жартысынан астамы нормаитік қодану мерзімінің қызметін атқарды.

Аумақтық электр желілері ауыр жағдайда, тозу деңгейі 50% құрайды. .

Аумақтық электр жүйесін 1999 жылдан АES компанисы алғаннан бастап тозған электр құрылғыларына жаңа электр құрылғыларын ауыстыру, сонымен қатар қолданыстағы электр жүйелерін қайта жаңғырту және техникалық қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізбеді. Уйдене ГЭС-і «Шығыс Қазақстан Қазсушар филиалы» АМК теңгерімінде. Энергетикалық кешен Зайсан АЭЖ теңгерімінде. 2008-2010 жылдар аралығында энергетика желілерін және Уйдене ГЭС-і құрылғыларын жөндеуге қаржы бөлінбеген.

Қазіргі жағдайды бағалау барысы электр желілерінің тозу деңгейінің жоғарлылығы мен электр энергиясын жеткізуге тәуелділікті көрсетеді.



Су әкету.

Зайсан қаласында су бұру жүйесі жоқ. Екі мөлтек ауданның, әскери бөлімнің және орталық аурухананың ағынды сулары қаланың төрт жеріндегі қарапайым су жинағыш шұңқырларға құйылады. Бұл өз кезегінде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Зайсан қаласының кәріз жүйесін салуға ЖСҚ жасалды. ЖСҚ жалпы құны 1384,0 млн теңге.

Су бұру саласының жағдайын бағалау мақсатында SWOT анализ жүргізілген:



Осал жақтары:

1. Кәріз жүйесінің болмауы.



Мүмкіндіктер:

1.Су бұру жүйесін, кәріз құбырларын салуға, жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы халықты сапалы су бұру қызметтерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.



Қауіптер:

1.Су бұру жүйесі құрылысын жеткіліксіз қаржыландыру жүйенің дер кезінде пайдалануға берілуіне және Зайсан қаласы халқының денсаулығына, санитарлы-экоогиялық жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін.


Газбен қамту.

Ауданда орталықтандырылған газ жүйесі жоқ. Газ тасымалды және балонмен сатылады.

Сарыбұлақ табиғи кен орнының игерілуіне байланысты бүгінгі күні Зайсан ауданының тұрғындарын газбен қамту мәселесі қаралуда. Барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша аудан аумағында мұнай мен газдың қоры 12 миллион тоннаны құрайтыны болжанып отыр. Газдандыру жобасы жасалуда. Газдың болжамды қорының көлемі 5 млрд. куб.м.

Саланың SWOT сараптамасы:



Мүмкіндігі:

1.Сарыбұлақ кен орнын игеру нәтижесінде табиғи газбен Зайсан ауданының аумағын қамтуға қол жеткізіледі жәнеде ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы үкіметаралық келісім негізінде Шығыс Қазақстан облысының нарығына жанғыш газды шығаруға мүмкіндік туады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет