БАҒдарламасы зайсан қаласы, 2012 жыл мазмұны ағымдағы жағдайға талда



бет3/12
Дата12.07.2016
өлшемі1.49 Mb.
#195032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2.1.2. Өнеркәсіп


Ауданның өнеркәсіп саласында тау-кен өндірісі 8,4%-ды, өңдеу өнеркәсібі 86,1%-ды, электроэнергиясын өндіру және бөлуі, су 4,4%-ды құрайды.

2010 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1720,6 млн теңгені құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 2,6 есеге артты, табиғи көлем индексі – 95,5%). Облыстық көлемдегі үлесі 0,3%-құрайды.



2007-2010 жылдардағы өнеркәсіптегі табиғи көлем индексі және

тауарлы өнімдерді өндіру көлемдерінің өзгеру

динамикасы

5 сурет
Ауданның тау-кен өндірісі бойынша көмір өндірумен «Сайқан» ЖШС-гі айналысады. Бұл кәсіпорын ауданның барлық бюджеттік мекемелері мен халқын тас көмірмен қамтамасыз етеді.

2010 жылы 145,1 млн теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, қолданыстағы бағамен алғанда 2007 жылдың деңгейінен 1,9 есеге артық. Өнеркәсіп өнімінің бұл саладағы табиғи көлем индексі 103,3%-ды құрады.

2009 жылы 49,4 мың тоннаның көмірі өндіріліп, 2007 жыл деңгейімен салыстырғанда 110%-ға өсті. Облыстық көлемдегі көмірдің үлесі 0,9%.


2007-2010 жылдардағы тау-кен өндірісіндегі тауарлы өнімдерді өндіру көлемдерінің өзгеру динамикасы

6 сурет
Өңдеу өнеркәсібінің негізін келесі салалар құрайды: тамақ өнімдерінің өндірісі, оның ішінде сусындар (86,1%), метал емес өнімдерді өндіру (2,2%).

2010 жылы 1428,2 млн теңгенің тауарлы өнімі өндіріліп, 2007 жылғы деңгейден 2,7 есеге артық, облыстық көлем үлесі 0,2%, табиғи көлем индексі – 92,9%.
2007-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі тауарлы өнімдерді өндіру көлемі мен табиғи көлем индексінің өзгеру

динамикасы

7 сурет


2007-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі тауарлы өнімдерді өндірудің динамикасы төменде көрсетілген.
2007-2010 жылдардағы өңдеу өнеркәсібіндегі

негізгі тауарлы өнімдерді өндірудің динамикасы

4- кесте


р/с

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Годы

Өнеркәсіптің облыс

көлеміндегі үлесі,%










2007

2008

2009

2010

1

2

3

5

5

6

7

7

1

Консервіленген және дайындалған балық

Тонна

657

804

805

551

18,6

2

Рафинадталмаған күнбағыс майы

Тонна

39

12

12

24

0,01

3

Минералды және газдалған су

мың литр

249

372

245,6

144,4

4,7

4

Алкогольсіз сусындар

мың литр




152,9

176,7

88,4

2,9

5

Өсімдік және дәнді дақыл ұны

Тонна

447

207

207

-

0,01

6

Жаңа піскен нан

Тонна

383

186

186




0,3

7

Жарма, ұнтақталған ұн, және басқа өнім

Тонна




36

36




0

8

Сыртқы киім, тоөымадан басқа, әйелдерге және қыздарға

Дана

0,2

333

333




11,3

9

Аптасына 4 реттен аз шығатын газет,басылған

мың дана

159,6

163,2

174,8







10

Бетон өнімдері (плитка, плиталар, кірпіштер)

Тонна

1,4




424

1071

0,1

11

Тауарлы бетон

Тонна

9052

12774

19523

12857

3,3


Құрылыс материалдарын өндірумен «СМУ-Шығыс» ЖШС-гі айналысады.

Кәсіпорын плитка, плиталар, кірпіштер және цемент, бетон немесе жасанды тастан ұқсас өнімдер шығарады. 2010 жылы 1071 тонна көлемінде өнімдер, 12,9 тонна тауарлы-бетон өндірді.



Тамақ өнімдерін өндіруде, оның ішінде сусындарды жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, кіші кәсіпорындар қатысады. 2010 жылы бұл салада 1426,9 млн теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, 2008 жылдың деңгейінен 2,4%-ға төмен болып, табиғи көлем индексі 102,4%-ды құрады.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласында, негізінен ескі тозған технологиялық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген кіші кәсіпорындардан тұрады.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде өндіру процесінде механизация мен автоматтандыру деңгейінің төмендігі негізгі шешімін таппаған мәселе болып табылып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға және әлемдік стандартқа көшуге мүмкіндік бермеуде.

Электр энергиясын өндіру және бөлуде, газ және суды өндіруде КГКП «Зайсан» мекемесі, ВКРЭК, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-і жұмыс атқарады.


Электр энергиясын өндіру және бөлуде, газ және суды өндіру саласындағы негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы

5-кесте


р/с

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

2007

2008

2009

2010

1

2

3

4

5

6

7

1

Электр энергиясы

мың кВт.с

4448

1068

2789

4810

2

Табиғи су

мың куб.м

649,7

638

571,4

562,1

3

Жылу энергиясы

мың Гкол

3,1

6

108

108

2010 жылы бұл салада 75,8,0 млн теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, 2007 жылмен салыстырғанда 31,5%-ға артық. Табиғи көлем индексі 151,9%-ды құрады.

Бұл салада шешімін таппаған мәселелер:

электр энергиясы жетіспеуінің өсуі;

электр энергиясына жоғарғы тарифтер;

электр энергиясына балама көздерді (күн, жел) пайдалану үлесінің төмендігі.

Саланың жағдайын бағалау төмендегі SWOT-сараптамада

Күшті жақтары:


  1. Өзіміздің табиғи шикізат базасының болуы;

  2. Өндіріс потенциалының болуы;

Осал жақтары:

  1. Еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

  2. Ішкі нарықтың аз көлемі;

  3. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Қауіптер:

  1. Басқа аймақтар кәсіпорындары тарапынан бәсекелестіктің болуы,

бизнестегі жоғары операциялық шығындар.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда тауар сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетуде қазақстандық мазмұн үлесін арттыру мәселесіндегі негізгі міндеттерді орындауда 2009 жылдан бастап отандық өнім өндірушілермен байланыс жасалып, оларды қолдауға, мемлекеттік сатып алуда қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша жұмыстар басталды.

Зайсан ауданы әкімшілігімен қазақстандық мазмұн мониторингі ауданның 4 орта кәсіпорнында жүргізіліп, тауар сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудің көлемі 2010 жылы 53600,0 мың теңгені құрады, қазақстандық мазмұн үлесі – 95,1%, ағымдағы жылдың өткен мерзімінде 3645,0 мың теңгені құрады, қазақстандық мазмұн үлесі – 78% немесе қазақстандық мазмұн үлесі – 17,1%-ға өсті.

2010 жылы кәсіпкерлік субъектілері бойынша мемлекеттік сатып алудың көлемі 79325,4 мың теңгені құрады, ал шағын кәсіпкерліктің үлесі – 56,7%. Қазақстандық мазмұн үлесі 82,4%. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік сатып алудың көлемі 14%-ға өсті.

СТ-KZ сертификатын «Зайсан құрылыс компаниясы», «СМУ-Шығыс», «Сайқан» ЖШС-тері 20 түрлі өнімге алды.
2.2.1.3. Туризм.

Туризм саласында Зайсан ауданы қолайлы өңір. Зайсан ауданының негізгі

саласы аграрлық болып келгенмен, ауданда экономикалық тұрғыда туристік шоп турлар (Қытайға емдік туризм, балық аулау, аң аулау) негізгі болып табылады.

Аудан бір жағынан Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр.

«Майқапшағай» кедені арқылы ауданда орналасқан «Айжан»тур, «Жібек жолы», «Востоктурсервис» фирмалары арқылы көрші елге бір күндік, жұмалық, айлық туристік сапарлар ұйымдастырылып тұрады. Зайсан ауданы географиялық жағынан туристік маршруттар ашуға өте қолайлы, биік Сайхан, Сауыр, Мұзтау таулары, қылқан жапырақты орман, ағынды Кендірлік, Үйдене, Теректі, Жеменей тау суы өзендері, Бозайғыр құмы, Зайсан көлі. Аудан аумағында Арасан-Талды шипалы емдік мекені және Шілікті, Шаған-Оба қорғаны бар. Аудан арқылы респуликалық деңгейіндегі Омск-Майғапшағай автокөлік жолы өтеді, жұмасына 2 рет ауданға облыс орталығынан самолет ұшады. Ауданда жұмалық «Менің Қазақстаным» атты туристік экскурциялар ұйымдастырылады.

2007-2009 жылдары «Шілікті қорғанын» қазу барысында, Қазақстандағы

үшінші «Алтын адам» табылды.

Аудан орталығы Зайсан қаласы тарихи қала, өйткені мұнда назар аударарлық

орындар бар. Сонымен қатар, аудан аумағында көптеген тарихи және мәдениет ескерткіштері орналасқан.

2007 жылдан бастап туризмді дамыту қызметі 2006-2008 жылдарға арналған туристік саланы аймақтық бағдарламасына және Шығыс қазақстан облысының 2009-2011 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасына бағытталды.

Зайсан ауданында туристік қызметті дамыту үшін, мемлекеттік қолдау және биік Сайхан, Сауыр, Мұзтау таулары, қылқан жапырақты орман, ағынды Кендірлік, Үйдене, Теректі, Жеменей тау суы өзендері, Бозайғыр құмы, Зайсан көліне инвестициялар тарту қажет.

Негізгі мәселелердің SWOT сараптамасы:



Күшті жақтар:

1.Ауданның экономикалық-географиялық тиімді орналасуы;

2.Ландшавтың алуан түрлілігі;

3.Әр түрлі туристік маршруттар бар(жаяу тау туризмі, аңшылық, балық аулау);

4.Қымызбен және шұбатпен емдеу мүмкіндіктерінің қайта жаңғыруы;

Осал жақтар:

1.Ауданда дамыған туризм инфроқұрылымының болмауы, жолдардың нашарлығы;

2.Кәсіби басқару және қызмет ету мамандарының болмауы;

3.Туристік мүмкідіктерді жарнамалайтын құралдардың жетіспеуі.



Мүмкіндіктер:

1.Туризімнің бәсекелес инфроқұрылымының құру;

2.Тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі;

3.Сыртқы және ішкі туризімнің дамуына байланысты бюджетке кіріс кіреді.



Қауіп:

1.Өзіндік ішкі ресурстардың болмауы, туризимді дамытуға арналған қаржының аздығы.


        1. Шағын және орта кәсіпкерлік.


Бүгінде аймақта шағын кәсіпкерлік экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын бизнес тұрғындардың басым көпшілігін қамтып, аудан бюджетіне салық түсімдерінің қомақты үлесін түсіріп, тауар және қызметтің кең өрісін қалыптастырады. Шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері облыста серпінді дамуы осы саланың оң беталысының айғағы.

2011 жылдың 01 қаңтарына аудан бойынша 2164 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 1745, бұл өткен жылмен салыстырғанда 100,5%-ға артты.

Тіркелген шаруа қожалықтарының саны – 1238, өткен жылмен салыстырғанда 104,6%-ды құрады, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен аудан бюджетіне 123271,0 мың теңге салық түсімдері түскен. Оңайлатылған декларациямен жұмыс жасайтын 321 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 103,2%-ға артты. Салық түсімдері 34146,0 мың теңге, патетпен жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері – 661, бұл өткен жылмен салыстырғанда 67,3%-ды құрайды, салық түсімдері 13184,0 мың теңге, шағын бизнес субъектілерінің тіркелген заңды тұлғалар саны – 41, өткен жылмен салыстырғанда 20,6%-ға артық және оның ішінде жұмыс істейтін адам саны – 129, салық түсімі 13471,0 мың теңге.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2007-2010

жылдардағы көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

6-кесте


Көрсеткіш атауы

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

Тіркелгендер саны, дана

1788

1957

2208

2287

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

1527

1685

1736

1745

Белсенді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

1298

1433

1476

1484

Жұмыс істейтіндердің саны, адам

2023

2193

2704

2347

Салық түсімдерінің сомасы, мың теңге

62159

95211

119105

123271

Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет көлемі, млн теңге

1306,3

1741,3

2176,3

2534,6


Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы


Заңды тұлғалар - 0,02%








Шаруа қожалықтары - 39,3%

Жеке кәсіпкерлер - 58,5%


8-сурет
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 2009 жылы аудан бюджетіне 119105,0 мың теңгенің салық түсімдері түссе, 2010 жылы 123271,0 мың теңгенің салығы түсті, немесе 103,5%-ға артты.

Шағын орта бизнесті дамытудағы әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі аудан әкімінің 2007 жылғы 28 ақпандағы №43 өкімімен жұмысшы тобы құрылған.

2009 жылыжұмысшы тобының 4 отырысы, 2010 жылы 2 отырыс өткізілді:

2010 жылғы 3 наурызда ауданда мемлекетттік органдармен рұқсат беру үрдістерін оңтайландыру мәселелері туралы;

2010 жылғы 26 мамырда ауданда мемлекеттік органдармен кәсіпкерлік қызметтерді реттеуге рұқсат беру үрдістерін оңтайландыру, қысқартуға байланысты.

«Экономика және бюджетті жоспарлау», «Мәдениет және тілдерді дамыту», «Ішкі саясат», «Кәсіпкерлік», «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар», «Ауыл шаруашылығы және ветеринария», «Қаржы» бөлімдері мемлекеттік мекемелері рұқсат беру құжаттарын берумен айналыспайды.

Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, Ішкі істер бөлімі, Шығыс Қазақстан облысы салық комитетінің Зайсан аудандық басқармасы, Зайсан ауданының әділет басқармасы, №2 халыққа қызмет көрсету орталығы, жергілікті атқарушы органдарға жатпайды, жоғарғы Министерствалардың мемлекеттік стандарттарымен, нормативтік-құқықтық актілерімен жұмыс атқарады. Сол себепті рұқсат беру үрдістерін оңтайландыру олардың құзырына жатпайды.

«Зайсан аудандық жер қатынастары», «Білім», «Сәулет және қала құрылысы», «Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары», «Ауылдық округтерінің аппараттары» ММ-і бойынша рұқсат беру құжаттарына оңтайландыру жүргізілді.

Оңтайландыруға байланысты ұсыныстар бекіген жағдайда аудан бойынша оңтайландыру 30% (50 % ауылдық округтер + 10% мемлекеттік органдар=60/2=30) құрайды.

Шағын және орта бизнес саласын бағалаудағы жағдайы бойынша жүргізілген SWOT-сараптама:

Күшті жақтары:


  1. Шағын және орта бизнесті дамытуға заңдылық негіздерінің болуы;

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің аудан халқының қомақты бөлігін

құрайтындығы.

Осал жақтары:

1. Айналымдағы өз қаражаттарының жетіспеушілігі

2. Кәсіпкерлердің әлсіз теориялық және тәжірибелік дайындығы, білікті

мамандардың жетіспеушілігі



  1. Салық салу кезінде кәсіпкерліктің дамуы, қызмет түрі және аяғына

тұру уақытына саралаудың жоқтығы.

Қауіптер:

  1. Кредиттік ресурстарға қол жетімділіктің шектелуі несие алу

сомасының мөлшеріне кепілдік мүлкінің жетіспеушілігі немесе оның жоқтығы, банк сарапшыларымен кепілдік мүлкін бағалау кезінде бағалаудың төмендетілу факторларымен негізделген;

  1. Бизнестің жоғары операциялық шығындарының қатынасы;

  2. Нақты секторда кепілдіктің жоқтығынан бизнес ашу мүмкіндігінің

болмауы.

Мүмкіндіктер:

1.Шағын орта кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік қаржы-несиелік қолдаудың

серпінді дамуы;

2.Рұқсат беру құжаттарын алу кезінде әкімшілік шығындардың қысқартылуы.



2.2.1.5. Сауда


2010 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына бөлшек тауар айналымының көлемі 1582,8 млн теңгені құрап, 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 16,2%-ға артық.

9-сурет
Зайсан ауданында 165 сауда мекемелері жұмыс жасауда, атап айтқанда, 12 сауда үйі, 20 азық- түлік дүкендері, 127 әмбебап сауда дүкендері, 6 сауда базары, оның 1 муниципиалдық. Ауданда сауда кәсіпорындарының саны 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға артты.

Сауда көлемінің даму серпінінен тауар айналымының тұрақты өсу тенденциясын байқауға болады.

Бүгінгі күні ауданда сауданың дамуында нақты бағыт байқалмаған, ішкі сауда өз ретімен дамуда.

Шешілмеген мәселелер:

сауда саласындағы қызметті реттеуде заңдылықтармен қамтамасыз етілудің

әлсіздігі;

сауда нарығында көлеңкелі қаржы айналымының жоғары деңгейі;

ішкі сауда инфраструктурасының дамуының жеткіліксіз деңгейі.

Ауданда 30 қоғамдық тамақтандыру және 49 халыққа қызмет көрсету

кәсіпорындары бар, 2009 жылы 98,4 млн теңгенің қызметі көрсетіліп, 2008 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге жоғары. Көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінде артық үлесін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары алады.

Сауда саласындағы бағалаудағы жағдайы бойынша жүргізілге SWOT-сараптама:



Күшті жақтары:

1.сауда көлемі және аудан халқының қамтамасыз етілуінің дамуының оң

серпіні;

2.бөлшек сауда нарығында қалыптасқан қатысушылардың болуы;



Осал жақтары:

1.Сауда бойынша заңдылықтың нашар қамтамасыз етілуі;

2.Қаржы айналымының жетіспеушілігі;

Қауіптер:

1.Шетел тауарларына тәуелділігі, азық-түлік, сондай-ақ шаруашылық тауарлары бойынша;

2.Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі себепті шығарылған тауарларға сұраныстың төмендігі.

Мүмкіндіктер:

1.Кедендік одаққа кіруге байланысты тауар нарығының даму келешегі;

2.Сауда жүйесіндегі бәсекелестікке қабілеттіліктің, бәсекелестіктің өсуі;

3.Тұтынушы тауарларымен ішкі нарықтың толықтырылуы.



2.2.1.6. Негізгі капиталға салынған инвестиция.


Негізгі каптиалға жұмсалған инвестиция көлемі 2010 жылы 3205,5 млн теңгені құрады, өткен 2009 жылмен салыстырғанда 126,7%-ға төмендеді, ал 2007 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,8 есеге ұлғайды.

2010 жылы қаржыландыру көздері бойынша инвестиция көлемінің үлес салмағы: республикалық бюджеттің – 333,6 млн теңге немесе 10,4%, жергілікті бюджеттің – 71,8 млн теңге немесе 2,2%, меншік қаражаты – 787,7 млн теңге немесе 24,8%, несие қаражаты – 2012,3 млн теңге немесе 62,8%-ын құрады.

Зайсан ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеімен жұмсалған инвестиция көлемі 2009 жылы 539,0 млн теңге, ал 2010 жылы 787,7 млн теңге, оның ішінде 787,8 млн теңге меншік қаражаты.

2010 жылы Зайсан қаласында – «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылыс комбинаты-темір-бетон өнімдерін және кірпіш шығаратын зауыттары жұмысын басталды, «Икеп» ш/қ-ның ұн зауытының құрылысы бітті Г.Исабаеваның халыққа қызмет көрсету орталықтары (мейрамхана, тұшпарара цехы, сұлулық салоны), сонымен қатар 1 кафе, 1 наубайхана, 2 сауда дүкені, 1 шаштараз ашылып, барлығына 732,0 млн инвестиция салынды.

2010 жылы ауданның шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бизнес-жобалары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұсынылып «БТА Банк» АҚ Зайсан аудандық бөлімінен 4 кәсіпкер барлығы 18,6 млн. теңгенің несиесін алып, қаржыландырылды.

Зайсан ауданы бойынша негігі капиталға салынған

инвестиция көлемінің өзгеру динамикасы (млн теңге)

10-сурет


Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған

инвестиция көлемінің өзгеру

динамикасы

7-кесте


Жылдар

2007

% өткен жылға

2008

% өткен жылға

2009

% өткен жылға

2010

% өткен жылға

Барлығы аудан бойынша млн теңге

467,6

2,1 есе

2310,8

4,9 есе

2394,2

103,6

3205,5

126,7

Республикалық бюджет

192,5

2 есе

192,6

195,1

405,6

2,1 есе

333,6

82,2

Жергілікті бюджет

44,8

119%

44,8

119,1

65,1

145,3

71,8

110,3

Меншік қаражаты

230,3

2,7 есе

230,3

100

231,5

136

787,7

3,4 есе

Шетелдік инвестиция

























Несие қаражаты













1692




2012,3

118,9



2.2.1.7. Аумақтың инновациялық дамуы.

Шетел аналогына бірдей «Зайсан» маркалы табиғи минералды суын өндірумен айналысатын «Зайсан Сулары» ЖШС мекемесі облыстық инновациялық белсенді мекемелер арасында өз үлесін қосты. «Зайсан» минералды суы қасиеті жағынан Солтүстік Кавказ минералды суларымен ұқсас болып табылады.

2008 жылы «Зайсан- Сулары» ЖШС-гі 64,1 млн. теңгенің минералды суын өндіріп, Шығыс Қазақстан облыстық «Алтын сапа» көрмесіне қатысып, жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар, 2008 жылдың 1-5 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында өткен 17-ші халықаралық Қытайдың ғылыми және техникалық жетістіктерінің сауда-экономикалық жәрмеңкесіне қатысып, «Зайсан-Сулары» ЖШС-гі Қытай фирмасымен минералды суға келісімшарт жасасты. 2009 жылы Қытай Халық Республикасының тұтынушыларының сұранысы бойынша 0,5 литр және 0,33 литр ПЭТ құмырасына өнім шығаруға жаңадан цехты іске қосты.

2009 жылы Астана қаласында отандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ съезінің аясында өткен қазақстандық өндірушілер тауары мен қызметінің «Отандық өнім» ұлттық көрме-жәрмеңкесіне ауданнан «Зайсан-Сулары» ЖШС-гі қатысып, халықтық сапа белгісі және дипломымен марапатталды.

2008 жылғы 25 қыркүйекте Өскемен қаласында өткен «Инвестициялар-табысты дамудың негізі» атты ІV Өңірлік Инвестициялық Форумға «Зайсан-Сулары» ЖШС-нің жоғарыда аталған цех бойынша стенді көрмеге қойылды.

Ауданнан 10 кәсіпкер қатысып, аудандық кәсіпкерлік және сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі, «Зайсан-Сулары» ЖШС-гі сертификатқа ие болды.Индустриалдық - инновациялық даму бағдарламасының негізінде Қарабұлақ ауылындағы ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты 2008 жылы өз қаражаты есебінен 8,9 млн. теңгенің инвестициясына жатахана салып, өндіріске зәру мамандарды тарту мақсатында қосымша жаңадан 5 жұмыс орнын ашты. 2009 жылдың 1 қаңтарына 643,6 млн.теңгенің балық өнімдерін шығарды.

«Бекзат» ЖШС 2009 жылы лимонад және газдалған сусындар шығаратын цех құрылысына 42,0 млн. теңгенің инвестициясын салып, іске қосып, 15 адам жаңадан жұмыс орнымен қамтылып, айына 1500,0 мың теңгенің өнімін шығарып, 750,0 мың теңгенің салығын төледі. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер М.Ахметжанов жылына 20,8 мың кг. өнім шығаратын «Рахат» кондитерлік цехын іске қосып, 6 жаңадан жұмыс орнын ашты, салынған инвестиция көлемі 7,0 млн. теңге, 2009 жылы осы цехты ұлғайтты.

2008 жылы ауданның өнеркәсіп орындары 952,1 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 2007 жылмен салыстырғанда 62,6 пайызға артты.

Тау-кен өндірісінде «Сайқан» ЖШС-гі 124,6 млн. теңгенің көмірін өндіріп, 110 адам жұмыс атқаруда.

«Зайсан құрылыс компаниясы» 88,675 млн.теңгенің асфальт- бетон өнімдерін шығарып, 531,492 млн. теңгенің құрылысын салды. «СМУ- Шығыс» ЖШС 498,0 млн.теңгенің құрылысын жүргізді.

2008 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы және екінші деңгейдегі банктер арқылы ауданның бес кәсіпкері 179,8 млн. теңгенің несиесін алса, 2009 жылы 12 кәсіпкер барлығы 64 млн. теңгенің несиесін алып, қаржыландырылды.

Ашылуы 2009 жылға жоспарланып, индустриалдық-инновациялық даму аясында іске қосылған инвестициялық жобалар:

«СМУ Шығыс» ЖШС-нің құрылыс материалдары комбинаты - қуаттылығы жылына 60,0 мың м.куб темір-бетон өнімін шығаратын зауыты мен қуаттылығы жылына 5,0 млн. дана кірпіш шығаратын зауыты, жеке кәсіпкер Р.Қадырхановтың ағаш өңдеу цехы, Қытай фирмасымен минералды суға жасасқан келісімшарт негізінде «Зайсан-Сулары» ЖШС-нің жаңа цехы, жке кәсіпкер Б.Абылғожинның ауыз су шығару цехы, жеке кәсіпкер М.Ахметжановтың «Рахат» кондитерлік цехын ұлғайтуы.

Ашылуы 2011 жылға индустриалдық-инновациялық даму аясында төмендегідей инвестициялық жобалар жоспарланған:

«Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС-нің базасында құрылған «Зайсан Астық» ауылдық тұтыну кооперативінің қуаттылығы күніне 120 тонна ұн шығаратын зауыты, «Бекзат» ЖШС-нің макарон өнімдерін шығаратын цехы, «СМУ Шығыс» ЖШС-нің құрылыс материалдары комбинатын-темір-бетон өнімдерін және кірпіш шығаратын зауыттарын ұлғайтуы, «Зайсан Сүт» ЖШС-нің сүт өнімдерін өндіретін зауыты.

Келешекте «Зайсан сулары» ЖШС-гі технологияны жаңалау мақсатында НИИ-мен бірлескен жұмыс атқаруды жоспарлауда.



SWOT-талдау:

Күшті жақтар:

1.Меншікті шикізат базасының болуы;

2.Өндірістік потенциалдың болуы;

Осал жақтар:

1.Еңбек өнімділігінің төмендігі;

2.Ішкі нарық көлемінің аз мөлшерде болуы;

3.Квалификациялы кадрлардың жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктер:

1.Жұмыстарды жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;



Қауіп:

1.Басқа аймақтардағы кәсіпорындармен бәсекелестіктің болуы, бизнестің

операциялық шығындарының сәйкесті жоғарылығы.

Электр энергиясын өндіру және бөлуде, газ және суды өндіруде КМҚК «Зайсан» мекемесі, ВКРЭК, «Шығысэнерготрейд» ЖШС-і жұмыс атқарады.

8-кесте



Электр энергиясын өндіру және бөлуде, газ және суды өндіру

саласындағы негізгі өнім түрлерін өндірудің динамикасы


р/с

Өнімнің атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

2007

2008

2009

1

2

3

4

5

6

1

Электр энергиясы

мың кВт.с

4448

1068

2789

2

Табиғи су

мың куб.м

649,7

638

571,4

3

Жылу энергиясы

мың Гкол

3,1

6

6

2009 жылы бұл салада 66,0 млн теңгенің тауарлы өнімдері өндіріліп, 2007 жылмен салыстырғанда 14,8%-ға артық. Табиғи көлем индексі 115,7%-ды құрады.

Бұл салада шешімін таппаған мәселелер:


  • электр энергиясы жетіспеуінің өсуі

  • электр энергиясына жоғарғы тарифтер

  • электр энергиясына балама көздерді (күн, жел) пайдалану үлесінің төмендігі

Саланың жағдайын бағалау төмендегі SWOT-сараптамада

Күшті жақтары:

- өзіміздің табиғи шикізат базасының болуы

- өндіріс әлеуетінің болуы

Осал жақтары:

- еңбек өнімділігінің төмен деңгейі

- ішкі нарықтың аз көлемі

- білікті кадрлардың жетіспеушілігі



Қауіп:

- басқа аймақтар кәсіпорындары тарапынан бәсекелестіктің болуы, бизнестегі жоғары операциялық шығындар.




2.2.1.8. Қоршаған ортаның жағдайы.


Ауданда жеткілікті әлеуеттік табиғи ресурстары бар.

Аудан облыс ішінде анағұрлым сумен қамтамасыз етілген өңірге жатады.

Зайсан қаласындағы атмосфералық ауаның ластануына пеш жағып жылытудағы, қазандық, мекемелердің шығындылары негізгі факторлары болып табылады. Қоршаған ортаның нашарлау жағдайына қатты-тұрмыстық қалдықтар мен қозғалыс құралдарының шығындары әсер етеді. Сонымен қатар, ауданның Семей ядролық полигоны сынақтарының зардаптарына шалдыққандығы әсер етті.

Қоршаған ортаның жағдайын жақсартудың басты бағыттарының бірі қатты-тұрмыстық қалдықтар полигоны мен қайта өңдеу және қалдықтарды пайдаға асыру технологиясын енгізу, тазарту қондырғылары бар кәріз желісінің құрылысын салу болып табылады.

Бүгінгі күнге ең өзекті мәселелер болып атмосфералық ауаның ластануының жоғарлауы, Семей ядролық полигонының сынақтары зардаптарының экологиялық мәселелері, тазарту қондырғылыры мен кәріз желісінің болмауы, қатты-тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигонның болмауы қалып отыр.

Аймақтың ормандары ағаштардың құрамы және табиғаттық климат ерекшелігі өрт шығу қаупінің жоғары деңгейімен және өртке қарсы алдын алуды қамтамасыз ету шараларын және тұтану ошақтарын жою шараларын жоғары деңгейде назарда ұстауды қажет етеді.

Бұл жағдайларда, ағаш көшеттерін отырғызу арқылы ормандардың табиғи қалпына келтіру шаралары басты назарда болады.

Саланың даму жағдайы бағалануы келесі SWOT сараптамада келтірілген:



Күшті жақтар:

1.Ормандарды сақтандыруды қамтамасыз ету;

2.Орманмен жабылған алаңдарды біртіндеп өсіру;

3.Орманды өрттен, олардың зиянкестерінен және ауруларынан қорғауды жақсарту.



Осал жақтар:

1.Энергия көздерінің балама көздерін өндіру қажетті деңгейде жүргілмейді;

2.Көшеттерді жеделдетіп өсіру технологиясының жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

1.Қайталап екінші рет өңдеуді енгізу және қалдықтарды пайдаға асыру арқылы табиғи ресурстарды үнемдеп, қалдық көлемін азайтып энергияны сақтау саясатының іске асырады;

2.Табиғи ресурстарды пайдаланғануға азаматтардың саналы қарауын қалыптастыру.

3.Ағаш-тұқымдық және көшеттік шаруашылықтарды ұлғайту;



Қауіп:

1.Қалдықтардың көдеюінің жалғасуы, сонымен қатар екінші рет қайта өңдеу және қалдықтарды пайдаға асыру технологиясының жоқтығы.

2.Табиғи-климаттық жағдайдың күрт өзгеруі;

3.Энергия тасығаштардың бағаларының тұрақсыздығына байланысты жанар-жағар май бағаларының өсуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет