Зайсан ауданының 2011-2015 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы (бұдан әрі - Даму бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлығын 2010 ж. 19 наурыздағы № 958, ҚР 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын, ҚР Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары, 21 шілдедегі № 118 Қазақстан Республикаы Президентінің Жарлығымен бекітілген елдің аумақтық – кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамдық схемасы бағдарламаларын орындау мақсатында әзірленген.
Даму бағдарламасы халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын көтеруге бағытталған, ол даму межесін қалыптастырудағы аймақты дамыту саясатына жағдай жасаудың қисындық жалғасы болып табылады. Құжат аймақты орнықты және теңгерімді дамыту арқылы экономиканы көтеруді бағдарлауды қамтамасыз етуге бағытталған. Жобада 2015 жылға дейінгі даму Стратегиясы мен бәсекелестік Стратегиясын дамыту экономика саласын дамытуға бағытталған негізгі тұрғыда шоғырланған.
Даму бағдарламасы аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының қазіргі жағдайына талдау жасалып, күшті және әлсіз тұстары, қауіп-қатері мен даму мүмкіндіктері анықталды.
Даму бағдарламасының іс-шаралары қолда бар артықшылықтар және де қауіп-қатер мен мүмкіндіктер ескеріле отырып, орнықты әлеуметтік, экономикалық және инфраструктуралық даму жағдайында халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын арттыруға бағытталған. Стратегиялық мақсат экономиканың барлық саласының дамуын қамтамасыз ету, инженерлік инфраструктураның тиімділігін, әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік саланы барлық ішкі және сыртқы әсерлерді пайдалана отырып, ауданның халқына қолайлы жағдай жасау.
Аймақтың жалпы сипаттамасы.
2.1. Табиғи потенциалы.
Зайсан ауданы 1928 жылы құрылған, облыстың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1997 жылы аудан аумағына Шілікті ауылдық округі қосылған. Аумағы- 10,4 мың. кв. км.
Аудан Қытайдың Синьцзян-Уйгур автономиялық аймағымен шекаралас.
Әкімшілік орталығы – Зайсан қаласы.
Ауданда 9 әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде 8 ауылдық округ, 1 қала округі бар.
Халық саны– 40,4 мың адам. 2010 жылдың 1 қаңтарына этникалық құрамы: қазақтар – 93,8 %, орыстар – 4,5%, басқа ұлттар – 1,7%.
Ауданның аумағы су ресурстарына бай. Басқы су артериясы Қара Ертіс болып табылады. Оған Үйдене, Жеменей, Кендірлік және басқа тау өзендері келіп құяды. Бұдан басқа ұсақ көлдер, су қоймалары бар, оның ішінде ең үлкені Үйдене су қоймасы.
Аудан климаты тез континентальді, ауа температурасының маусымдық және орташа жылдық өзгерісі үлкен амплидулалы.
Ауданда тас көмірдің кен орны және сланцтың, газ, құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізат қоры бар.
Транспорттық комплексті автомобиль және әуе қатынасы құрайды.
Аймақтың ортақ қолданыстағы автомобиль жолдарының жүйесі – 460 км.
Автомобиль жолының қатты қабатты бөлігінің жалпы автомобиль жолының ұзындығына үлесі 43,7% құрайды.
Аймақтың аумағынан Омск – Майқапшағай автомагистралі өтеді.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасы нақты секторда да, әлеуметтік салада және инфраструктура комплексінде де оң өзгерістермен сипатталады.
2.2. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайының сипаттамасы.
2.2.1. Экономикалық даму.
2.2.1.1 Агроөнеркәсіптік кешен
Ауданның экономикалың дамуында басты роль агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі. Оның дамуы аудандағы азық-түлік қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың деңгейін анықтаудағы шешуші фактор.Аграрлық сектордың үлесне ауданның ішкі жалпы өнімінің 72%-ына тиесілі.
Ауданның ауыл шаруашылығы негізінен мал шаруашылығы, дамыған өсімдік шаруашылығымен қоса.Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 70 %-ын мал шаруашылығы құрайды.
Ауданда етті ірі қара,қой, жылқы, құс және марал шаруашылықтары ойдағыдай дамуда. Мал шаруашылығының саласының ішінде жылқы шаруашылығы қарқынды дамуда, соңғы үш жылда осы малдардың өсу қарқыны 13,8 %-ды құрап отыр.Анағұрлым төменгі өсім етті ірі қара мен қой шаруашылықтаныда сақталуда, соңғы үш жылда ірі қара малының саны 5,2% өсті, қой малының саны 11,6% кеміген, соңғы 3 жылда маралдардың саны 10% өскен.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 30% өсімдік шарауашылығы саласына тиесілі. Өсімдік шаруашылығының өнімдері негізінен суармалы жерлерде өндіріледі.
Шаруашылықтың барлық түрлеріндегі ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымының 36,5%-ы дәнді астыққа, оның ішінде бидай дақылы-91% майлы дақылдарға 23%-ы тиесілі. Қалған 22,9 % мал азығындық дақылдар, 11,3% -ы картоп, 6,1%-ын көкөніс бақша дақылдары құрайды.
2007-2010 жылдар аралығындағы кезеңде ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4620 млн. теңгеден 6663,4 млн. теңгеге өсті, немесе 1,4 есе.
1-кесте
2007-2010 жылдардағы физикалық көлемінің өсу динамикасының индексі
Көрсеткіштер/жылдар
|
2007
|
2008
|
2009
|
2010
|
физикалық өнім көлемінің индексі
|
136,4
|
81,8
|
108,4
|
104,8
|
оның ішінде
мал шаруашылығы
|
123,9
|
100,3
|
101,1
|
104,0
|
өсімдік шаруашылығы
|
165,6
|
46,6
|
134,5
|
94,0
|
2007-2010 жылдардағы физикалық көлемінің өсу динамикасының индексінің диаграммасы
1-сурет.
Мал шаруашылығы саласы үдемелі қарқынмен дамыды. Соңғы үш жылда шаруашылықтың барлық түрлерінде ірі қара малы 6,0% өсіп, 57,2 мың басқа, қой-ешкі 11,6% -ға кеміп,129,8 мың басқа ,жылқы 13,8%-ға өсіп,12,3 мың басқа жетті. 2007 жылмен салыстырғанда ет өндіру 18,1 %, сүт -5,7 %, жүн-22,8 %-ға, жұмыртқа - 6,2%-ға өсті.
2007-2010 жылдардағы мал басының өсу динамикасы
2-сурет.
2007-2010 жылдардағы мал өнімдерінің өзгеру динамикасының диаграммасы
3-сурет
Мал шаруашылығы негізінен ұсақ шаруашылықтардан тұрады. Мал басының негізгі бөлігі (93 %-ға дейін) тұрғындардың үйі жанындағы шаруашылықтарында және ұсақ шаруа қожалықтарында шоғырланған. Үй шаруашылықтарында барлық жұмыс қолмен атқарылады.
Қазіргі кезде малдардың асылдандыру және асыл тұқымды шаруашылықтар құру жұмыстары жүргізілуде. Алайда, асыл тұқымды мал басының өскеніне қарамай, жалпы мал санындағы асыл тұқымды малдарының үлесі өте төменгі деңгейде: ірі қара малы бойынша - 0,4%, қойда - 2,0%.
Сараптама көрсеткендей мал шаруашылығы саласы экстенсивті жолмен дамуда, былайша айтқанда мал басының өсуі арқылы өнімді көбейтуде. Ауданда халықтың мал өнімділігіне қажеттілігі толық қамтамасыз етілген.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өсуіне саланы қаржылай қолдау шараларының қабылдануы, қосымша мал бордақылау алаңдарының және асыл тұқымды шаруашылықтардың құрылуы, қажетті ірі сабақты және құрама жемдердің дайындалуы әсер етті.
Ауданда мал дәрігерлік бөлім құрылып, жұмыс істеуде. 8 ауылдық, 1 қалалық округтерге 9 мал дәрігерлік мамандары бекітілген. Сонымен бірге аудандағы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінінің қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы «Зайсан аудандық ветеринария қызметі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылған. Келісім –шарт негізінде 37 лицензиант-мал дәрігерлері жұмыс атқаруда. Ауданда мал қораларын заласыздандыруға арналған 1 автокөлік, 2 мал дәрігерлік дәріхана жұмыс істеуде. Аудан инфекциялық және инвазиондық аурулардан таза. Биылғы жылы ірі қара, қой-ешкі малдарының бруцеллез ауруы бойынша қолайсыз пункт тіркелген жоқ. Жұқпалы ауруларға қарсы қаражат республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінуде. Аудан көлемінде бруцеллез ауруының алдын алу және жою үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жұмыстар жүргізілуде.
2-кесте
2007-2010 жылдардағы негізгі мал шаруашылығы көрсеткіштерінің өзгеруінің динамикасы
Наименование показателей
|
2007
|
%
өткен
жылға
|
2008
|
%
өткен
жылға
|
2009
өткен
жылға
|
%
өткен
жылға
|
2010
өткен
жылға
|
%
өткен
жылға
|
Мал басы (мың , бас):
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ірі қара
|
54,6
|
110,7
|
57
|
104,4
|
57
|
100,5
|
60
|
105,2
|
қой-ешкі
|
146,8
|
103,4
|
146,8
|
100
|
147,5
|
100,5
|
129,8
|
88
|
Жылқы
|
9,7
|
112
|
10,8
|
111,3
|
11,3
|
104,6
|
12,3
|
108,8
|
Марал
|
0,19
|
76
|
0,2
|
105,2
|
0,21
|
105
|
0,22
|
104,7
|
Құс
|
28,6
|
106,7
|
28,9
|
101
|
32,6
|
112,8
|
38,8
|
119
|
Малдардың өнімділігі:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1 сауын сиырдан сауылған сүт,кг
|
1796
|
93,1
|
1802
|
100,3
|
1801
|
99,3
|
1849
|
100,4
|
1 қойдан қырқылған жүн, кг
|
3,1
|
100
|
3,1
|
100
|
3,2
|
103,2
|
3,2
|
100
|
100 бас аналықтан алынған төл:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
бұзау, бас
|
72
|
88,9
|
85
|
118
|
86
|
101,2
|
85
|
101,7
|
қозы, бас
|
98
|
107,7
|
98
|
100
|
100
|
102
|
85
|
85
|
құлын, бас
|
83
|
98,9
|
86
|
103,6
|
85
|
98,8
|
73
|
85,8
|
Өнім өндіру, мың. Тонн
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ет,тірі салмақта
|
9,3
|
120,7
|
9,9
|
106,4
|
10
|
101
|
11,7
|
117
|
ет, сойыс салмағында
|
4,9
|
89
|
5,3
|
108,1
|
5,3
|
100
|
6,2
|
116,9
|
Сүт
|
36,2
|
116
|
36,3
|
100,2
|
36,9
|
101,6
|
38,4
|
104
|
Жұмыртқа, млн. дана
|
3,1
|
106,8
|
3,2
|
103,2
|
3,5
|
109,3
|
3,4
|
97,1
|
жүн, тонн
|
209
|
105
|
231
|
110,5
|
230
|
100
|
283,8
|
123,4
|
Агро азық-түлік бағдарламасын орындау мақсатында республикалық бюджеттен эпизоотиялық шараларға жылына 37-39 млн. теңге қаражат бөлінуде, бұл өз кезегінде эпизоотиялық ахуалды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.
Мал шаруашылығын қолдауға және дамытуға 2009 және 2010 жылдары республикалық бюджеттен 5,47 және 22,7 млн. теңге субсидия төленді. Қабылдандан шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні ауданда 20 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеуде.Оның ішінде 600 бас ірі қараны бордақылауға арналған жаңа типтегі бордақылау алаңы жұмыс істейді.
Ауданда 3 асыл тұқымды мал шаруашылығы жұмыс істейді.
Өсімдік шаруашылығында айдалатын егістік жерлерді ұлғайту жөнінде шаралар атқарылуда. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жалпы көлемі-836,4 мың га немесе барлық жердің 80,1% -ын құрайды.
Ауыл шаруашылығы жерлеріндегі айдалатын егістік жерлердің үлесі 34,5 мың га (4,1 %), көпжылдық шөптер 3,0 мың га (0,35 %), шабындықтар 53,8 мың га (6,4 %), жайылымдықтар 747,9 мың га (89,1%).
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне барлығы 308,1 мың га, оның ішінде айдалатын егістік жер 24 мың га, шабындықтар 27,3 мың га, жайылымдық 256,8 мың га бекітіліп берілген.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс құрылымындағы дәнді астықтың үлесі -36,5%, оның ішінде бидай-4,7 мың га..
Күнбағыс егістігінің көлемі ауданда соңғы 2 жылда орташа 1,0 мың гектарға кеміді. Аудандағы шаруашылықтарда топырақтың климаттық ерекшеліктеріне байланысты күнбағыстың өнімділігі 7,4-9,9 ц/га құрайды.
Күнбағыс дақылының дәнін өндіру ауданда 2010 жылы 2,1 мың тонна болып, 2009 жылғы деңгейден 1,1 мың тонна кем болды. Күнбағыс дақылының дәнін өндірудің кемуі оның егіс көлемінің кемуіне байланысты.
Ауданда өндірілетін күнбағыс дәні аудан халқын өсімдік майына деген сұранысын толық қамтамасыз етеді, басым бөлігі (70 %) ауданнан тыс жерлерге өткізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарының құрылымындағы күнбағыс дақылының үлес салмағы 2009 жылы 31%, 2010 жылы 23% -ды құрап, ғылыми негізделген ауыспалы егістікті игеруге кедергі келтіруде. Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштармен өсімдік қорғау құралдарын пайдалану жеткіліксіз.Осы факторлар жердің тозуына және өнімділіктің төмендеуіне әкеп соғуда.
Мал шаруашылығын берік мал азығымен қамтамасыз ету мақсатында мал азығындық дақылдардың егіс көлемі артуда.Сараптама жасап отырған мерзімде ауданда мал азығындық дақылдардың көлемі 50%-ға артып, 3,0 мың га құрады, егіс құрылымдарындағы мал азығындық дақылдардың үлесі 23,2 % құрайды.
Өсімдік шаруашылығы саласын диверсификациялау басталды. Өндірісті диферсификациялау нәтижесінде күнбағыс дақылының егіс көлемі жылдан-жылға кемуде. 2009 жылға дейін ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын ылғал сақтау технологиясы бойынша егу пайдаланылмаса, 2010 жылдан бастап осы технология 2,1 мың га алқапқа пайдалануда.
Ауданда есепте 28,3 мың га суармалы егістік болса оның суаруға жарамдысы 19,6 мың га, оның жылына 12-13 мың гектары пайдалануда. Соңғы жылдары ауданда 6 ауылдық су пайдаланушылар кооперативтері құрылды. Бүгінгі күнге ауданда 6-6,5 мың га суғаруға жарамды жерлер пайдаланылмауда, жердің топырақтық мелиоративтік жағдайына байланысты 2 мың га, қалған жерлер суару жүйелерінің жарамсыздығынан пайдаланылмауда.
Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын оңтайлы мерзімде аяқтауға аудан дихандарына 2010 жылы 27 млн. теңгенің субсидиясы бөлініп, игерілді.
2010 жылғы қолданылған шаралар және ауа райының қолайлы жағдайы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға ықпал етті. Аудан бойынша орташа әр гектардан дәнді астықтан 18,3 картоптан-138, көкөністен-145, бақшадан-140, күнбағыстан – 7,4 центнерден өнім алныды. Бұл өз кезегінде ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 9,5 мың тонна дәнді астық, 19,3 мың тонна картоп, 9,8 мың тонна көкөніс, 3,8 мың тонна бақша, 3,6 мың тонна күнбағыс дәнін жинауға мүмкіндік берді.
Дегенмен, саланың жұмыс нәтижесі көпшілігінде ауа райы, климаттық жағдайларға тәуелді. 2008 жылы ұзаққа созылған қуаңшылық салдарынан ерте егілген дәнді астық, күнбағыс дақылдары зардап шекті және өсімдік шаруашылығының өнімі өткен жылдардағыдан анағұрлым төмен болды.
2007-2010 жылдардағы егіншіліктің негізгі көрсеткіштерінің
өзгеру динамикасы
4-сурет
Минералды тыңайтқыштарды жеткілікті мөлшерде пайдаланбағандықтан ауданда химияландыру деңгейі төмен. Аудандағы минералды тыңайтқыш пайдалану қажеттіліктің төменгі деңгейінің небәрі 2 пайызын құрайды.
3-кесте
2007-2010 жылдардағы егіншіліктің негізгі көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы
көрсеткіштер атауы
|
2007
|
%
өткен
жылға
|
2008
|
%
өткен
жылға
|
2009
|
%
өткен
жылға
|
2010
|
%
өткен
жылға
|
Егіс көлемі, мың. га
|
13,5
|
91,3
|
12,5
|
92
|
12,9
|
100
|
12,9
|
100,0
|
а) дәнді астық
|
4,38
|
92,4
|
3,0
|
68,5
|
3,8
|
100
|
4,7
|
123,6
|
оның ішінде,бидай
|
3,14
|
95,7
|
2,17
|
69,1
|
2,9
|
100
|
3,0
|
103,4
|
б)күнбағыс
|
2,9
|
120,8
|
4,5
|
155,1
|
4
|
100
|
2,9
|
72,5
|
в) мал азықтық дақылдар
|
2,94
|
110,9
|
2,0
|
67
|
2,2
|
100
|
2,9
|
131,8
|
г) картоп
|
2,1
|
92,5
|
1,43
|
68
|
2,1
|
95,4
|
2,1
|
100
|
д) көкөніс,бақша
|
1,1
|
76,4
|
0,87
|
79
|
0,8
|
80
|
0,8
|
100
|
Суармалы егістік
|
14,7
|
91,3
|
12,9
|
87,7
|
14,8
|
94,2
|
14,8
|
100
|
оның ішінде,тұрақты
сауарылатыны
|
14,7
|
91,3
|
12,9
|
87,7
|
14,8
|
94,2
|
14,8
|
100
|
Орташа түсім,
|
|
|
|
|
|
|
|
|
дақылдар, цен/га
|
18
|
108,9
|
11,5
|
63,8
|
17,1
|
108,9
|
17,1
|
100
|
а) дәнді астық
|
9,8
|
85,3
|
6,3
|
64,2
|
9,9
|
85,3
|
9,9
|
100
|
б) күнбағыс
|
107,1
|
107,1
|
86
|
80,2
|
107,1
|
107,1
|
107,1
|
100
|
в) картоп
|
159,7
|
116
|
104
|
65,1
|
154,4
|
116
|
154,4
|
100
|
г) көкөніс
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өнім өндіру,
мың. тонн
|
7,3
|
101,3
|
2,3
|
31,5
|
7,5
|
101,3
|
7,5
|
100
|
дәнді астық
|
2,5
|
92,5
|
2,8
|
112
|
2,5
|
92,5
|
2,5
|
100
|
күнбағыс
|
22,4
|
103,6
|
12,3
|
54,9
|
22,5
|
103,6
|
22,5
|
100
|
Картоп
|
12,7
|
91,1
|
6,9
|
54,3
|
12,4
|
91,1
|
12,4
|
100
|
көкөніс
|
3,9
|
82
|
2,1
|
53,8
|
3,9
|
82
|
2,1
|
55,1
|
бақша
|
-
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
1
|
-
|
Тұқым шаруашылығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ауданда 17 картоп-көкөніс сақтайтын сиымдылығы 1,8 мың тонналық қоймалар бар, оның ішінде жұмыс істейтіні 16, сиымдылығы 17,5 мың тонна. Аудандағы қолда бар картоп-көкөніс сақтайтын қоймалардың 2-і соңғы 3 жылда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өз қаржыларына салынды.
Мал шаруашылығын мал азығымен толық қамтамасыз ету үшін мал азықтық дақылдарының егіс көлемін 3,6 мың гектарға жеткізу жоспарланған.
АӨК –ін техникалық жағынан сапалы жарақтандыру мақсатында соңғы үш жылда 6 МТЗ -82 тракторы, үш СК-5 астық комбайны, 60 ҚХР –ның шағын тракторлары жалпы құны 67 млн. теңгеге сатып алынды.
SWOT анализ:
Күшті жақтары:
1.Өндірістік мүмкіндіктің барлығы;
2.Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы;
3.Аудан халқының негізгі азық-түлік түрлерімен, атап айтқанда ет, сүт, картоп, көкөніс өнімдерімен толық қамтамасыз етілуі;
Осал жақтары:
1.Өндірістің ұсақ болуы;
2.Ауыл шаруашылығы техникалары мен құрылғылардың физикалық және моральды тозуы;
3.Суармалы егістіктің тиімділігінің төмендігі;
4.Асыл тұқымды малдардың үлесінің төмендігі;
5.Мал азығы қорының жетімсіздігі;
6.Ауылдық тұтыну кооперативтерінің және сервистік дайындау орталықтары желілерінің дамымауы;
7.Көпшілік ауыл шаруашылық тауар өндірушілердегі негізгі және айналмалы қорлардың жетімсіздігі;
8.Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің несиелік ресурстарға қол жетімсіздігі;
9.АӨК –дегі маман кадрлардың жетімсіздігі;
Қауіп:
1.Құрғақшылыққа және табиғи апаттарға байланысты ауданның азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төну;
2.Ауданның облыс орталығынан қашықта орналасуына байланысты инвестициялар тартудағы қиыншылықтар;
3.Малдардың аса қауіпті ауруларды
Мүмкіндіктер:
1.Агроөнеркәсіп кешенінің мүмкіндіктерін толық пайдалану;
2.Бәсекеге қабілетті өнім өндіру;
3.Техникалық жарақтандыру деңгейін көтеру;
4.Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру;
5.АӨК дамытуға көзделген шараларды іске асыру (тауарлы сүт фермаларын, мал бордақылау алаңдарын салу)
6.Ауылдық тұтыну кооперативтерінің және сервистік дайындау орталықтарының желісін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |