мемлекеттік саясатына талдау.
Қолданыстағы мемлекеттік реттеу саясаты халықты жұмыспен қамтуға, өмір сүру деңгейін көтеруге, бірқалыпты экономикалық өсімге жету мақсаттарына бағытталған..
Біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында Зайсан ауданында 11 аймақтақ бағдарлама жүзеге асырылды: құқық қорғау және тәртіп сақтау саласында (3), аграрлық секторда (2), ішкі саясатта (1), білім беру (1), құрылыс (1), жұмыспен қамту (1), шағын кәсіпкерлік (1), дене шынықтыру және спорт (1).
Аймақтақ бағдарламаларды аграрлық сектор, құрылыс, білім беру салалары бойынша іске асыру 2010 жылы аяқталғанмен, бағдарламада жоспарланып шешімін таппаған мәселелерді 2015 жылға дейінгі аймақтық даму бағдарламасы аясында іске асыру қажет.
2.4.Жиынтық жағдайлар сипаттамасы, тәуелділік, бәсеке басымдылығы және мүмкінділік.
Ауданның даму жағдайына талдау жиынтығы төмендегі кестеде жинақталған:
20 кесте
Аймақтың даму жағдайына SWOT-талдау
Күшті жақтар(S)
|
Осал жақтар (W)
| -
Маңызды әлеует және табиғи-климаттық жағдай мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, және ауыл шаруашылығын өңдеудің орнықты дамуына жағдай туғызады.
-
Ауыл шаруашылығының пайдалы, жеткілікті мөлшердегі құнарлы табиғи шабындық және жайылымдардың бар болуы.
-
Агроөнеркәсіптік кешенінде ауыл шаруашылығы кластерін құруға ыңғайлы дамыған инфрақұрылымның болуы.
-
Жұмыссыздық деңгейінің төмендігі.
-
Етпен, бидаймен, картоппен қамтуда жан басына шаққандағы жеткілікті деңгей.
-
Нақты секторды, оның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуда әлеуеттіліктің басымдылығы.
-
Ара өсіруді дамыту
-
Құрылыс материалдарын шығару және тау-кен өнімдерін өндіруді орнықты дамыту үшін қажетті шикізат көзінің болуы .
-
Құрылыс саласында маңызды технологиялық әлеуеттің болуы.
-
Кәсіптік лицей, нақты секторда білікті мамандардың бар болуы .
-
Мектепке дейінгі білім беру қызметі мне балаларды қамту көрсеткіштерінің өсуі
-
Маңызды сауда әлеуеті.
-
Орнықты денсаулық сақтау әлеуеті .
| -
Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде ең төменгі үлеске ие.
-
Азықтық дақылдардың (сенаж,силос) жеткіліксіз базасы, бордақылау рационының құнарсыздығы малдардың өнімділігін азайтады.
-
Асыл тұқымды малдардың үлесінің аздығы.
-
Мал шаруашылығының дамуына кері әсер тигізетін жеке шаруашылықтардағы малдардың үлесінің азаюы.
-
Бәсекелестікті төмендетуге ықпал ететін энергожетіспеушіліктің ұлғаюы, жүйелерде шығынның жоғарылауы, тұрғындардың жағдайына әсер етуі.
-
Өнеркәсіп өнімдерінің төмен деңгейдегі диверсификациясы.
-
Белгілі кәсіпорынның өнімнің бір түрін шығарумен шектелуі.
-
Нақты секторда негізгі қордың жоғарғы дәрежеде болуы.
-
Жоғарытехнологиялы, ғылымды қажет ететін өндірістің жоқтығы.
-
Индустриялы-инновациялық және инвестициялық даму жобаларының көпшілігінің тар шеңбер аясында болуы.
-
Азаматтар үшін тұрғын үйдің қол жетімсіздігі.
-
Ауылдың инфрақұрылым әлеуетінің шашыраңқы дәрежеде болуы.
-
Мемктепке дейінгі балалардың 36,6% мектеп алды біліммен қамтылмауы.
-
Мектепке бейімделген ғимараттарда мектептердің болуы
-
Бұрынғы Семей ядролық полигонының зардаптарының болуы.
-
Онкологиялық, түберкулез және жүрек-қан тамырлары ауруларының жоғары деңгейлігі.
-
Дәрігер кадрларының жетіспеушілігі.
Қалалық жерлерде су және канализация желілерінің тозуының жоғары деңгейде болуы.
|
Мүмкіндіктер (O)
|
Қауіп (T)
| -
Ыңғайлы географиялық жағдай. Қарқынды сауда-экономикалық дамуға ықпал ететін облыстың екі аймағымен және Қытаймен шекаралас.
-
Ет жіне сүт кластерін құруға барлық жағдайлар жасалған.
-
Аймақта ауылдық тұтыну кооперативтерін құру.
-
Ауылшаруашылық құрылымда-рын үлкейту.
-
Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында нақты сектор мен шағын кәсіпкерлікті дамытуда күшті мемлекеттік қолдау .
-
Ішкі нарықта отандық тауар өндірушілерді қолдау(кедендік жеңілдіктер).
-
Мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мақсатында кепілдендірілген өндірілген өнімді сату.
-
Ауданның экономикалық дамуына елеулі серпін беру мақсатында Зырян қаласынан Майқапшағай кеден постына дейін темір жол салу және Қытайға газ желісін салу жобаларын жүзеге асыру.
-
Республикалық бюджет және даму қоры есебінен ауданның экономикасын дамыту әлеуетін көтеру, белгіленген индустриялық және инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік саладағы жобаларды іске асыру.
-
Жалпы сектордың ресурстарын тиімді пайдалану үшін жеке сектор мен жергілікті атқарушы билік арасында институциалық серіктестікті дамыту.
-
Білім нысандарын салуда мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.
Тұрғын-үй құрылысын және арендалық үй құрылысын дамыту іс-шараларын жүзеге асыру.
| -
Ауыл шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтың басым болуы саланың дамуына кері әсерін тигізеді, жаңа технологиялардың енгізілуіне кедергі жасайды және бәсекелестік өнімнің басымдылығын төмендетеді.
-
Ауыл тұрғындарының кепілдік базаның әлсіздігінен несие алуда қиындықтарға кезігуі, тұрғындардың ауыл кооперациясы және несиелеу механизмдерінен хабарсыздығы.
-
Экономиканың даму үрдісінің өндірілетін өнімге бәсекелестіктің аздығынан бәсеңдеуі.
-
Өндірілетін өнімге сұраныстың төмендеуінен өндірілетін өнім көлемінің азаюы.
-
Несие ресурстарының жоғары бағада болуына байланысты қолжетімділіктің қиындығы
-
Көлік және жол салаларының ағымдағы даму деңгейін сақтап экономиканың даму бәсекелестігін ерекше төмендету.
-
Қажет болғанда экономикалық жағдайды сауықтыру іс-шараларының жетіспеушілігі.
-
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өсуінің елеулі үрдісі және мемлекеттік реттеудің болмауы халықтың өмір сүру деңгейін төмендетеді.
-
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік сала қызметтеріне біркелкі қолжетімділіктерінің болмауы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |