2.2.2.2. Денсаулық сақтау
2008-2010 жылдар аралығында ауданымызда демографиялық жағдайдың оң барысы байқалады: халықтың туу дәрежесінің 100 мың. тұрғынға шаққанда (2009ж.) 18,4-н (2010ж.) 19,1 дейін өсуі), 2010 ж. өлім көрсеткіші 8,2 төмендеді (2008ж.-8,7); 100 мың. тұрғынға шаққандағы халықтың табиғи өсу коэфиценті (2008 ж). «+10,8» қарағанда (2010 ж.) «+10,9-ы» құрады.
ШҚО Зайсан ауданы бойынша туу мен өлімнің қозғалысы.
11-сурет
Аудандағы демографиялық жағдай оң сипат алуда: 2010 ж қорытындысы бойынша аудандағы туу денгейі 19,1көрсетіп облыстық көрсеткіштен жоғары болды (16,76); өлім денгейі 8,2 құрап, облыстық көрсеткіштен (11,72) төмен болды.
Аудандағы тұрғындардың жастық құрылым типі-стационарлық балалар 24,6%, 50 жас және жоғалы 24,4 %. Аталған жағдай аудандағы әйелдер мен ерлердің күтілетін жас ұзақтығы денгейіне көрініс береді: 2009ж. бұл көрсеткіш жоғарлап 65,9 құрады, ал 2008 ж. 65,3 болғандықтан олбыстық көрсеткіштен – 67,2 төмен болды.
Аймақтағы экологиялық жағдай халықтың денсаулығына кері әсерін тигізуде, сонымен қатар облысымыздың шекаралас болуы және белсенді миграциялық процесстер де халықтың денсаулығына әсерін тигізуде.
Аудандағы бала туу жасындағы әйелдер 25,1% құрайды, әйелдер мен балалардың денсаулығының төмендігін қалыптастырып репродуктивтік денсаулықтың мәселелерін тудырады. 2008-2009жж. Ана өлімі тіркелген жоқ.
Аудан бойынша жас нәрестелер өлімінің көрсеткіші оң сипат алуда, былтырғы жылмен салыстырғанда 1000 тірі туылған нәрестелерге шаққанда 2010 ж. бұл көрсеткіш 33,1 ден (2009ж) 23,5 дейін төмендеді, бірақ 2008 жылы енгізілген тірі және өлі туудың халықаралық критерилерін енгізуге байланысты облыстық көрсеткіштен (2009ж.-22,9) жоғары болды.
ШҚО Зайсан ауданы бойынша жас нәрестелер мен ана өлімінің сипаты
12-сурет
Жас нәрестелер өлімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңде туындайтын әр түрлі жағдайлар болып табылады. Нәрестелер өлімінің құрылымында екінші кезекте туа біткен потологиялар шығады, яғни жүргізілген ерте диагностиканың (жүкті әйелдерді туа біткен потологияларға тексеру скринингі) жеткіліксіздігі, облысымыздағы және аудандағы қолайсыз экологиялық жағдайлар.
5 жасқа дейінгі балалар өлімінің көрсеткішінің төмендеуі байқалады, яғни 2009 ж. 0,7 ден 2010 ж. 0,4 дейін болып 2009 ж. облыстық көрсеткіштен (25,74) төмендеді.
Ауданымызда Қазақстан Республикасының өкіметінің 2007жылғы 28 желтоқсанындағы №1325 қаулысымен бекіген 2008-2010 жж. арналған балалар мен ана өлімін төмендету бағдарламасын жүргізу жүзеге асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыру үстіміздегі кезеңде босандыру орындарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарттып 81,1% көрсетті, балалар мекемесінде 47,48% құрады. Сонымен қатар, жүктілік пен босандыруды жүргізуде жаңа технологияларды, перинаталдық көмектің аймақтандырылуын енгізуге мүмкүндік берді.
Ауданымызда соңғы 3 жылда халықтың сырқаттылығы төмендеп 2008ж. 92437,0 -ден 2010 ж. 89314,6 –ға түсті, аталған көрсеткіш облыстық төрсеткіштен 67570,3-тен жоғары.
Көптеген аурулардың кластары бойынша аудандық денгейдің артуы байқалады: тыныс алу жолдарының аурулары, несеп жыныс жүйесі, қан айналу жүйесі.
Өткен жылдар бойынша халықтың әлеуметтік маңызды аурулардан өлуі мен таралу көрсеткіштерінің өсуі байқалады.
Ауданда түбекрүлез ауруы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2008ж. 15,6 – дан 2012ж. 150,0 артқаны байқалады, облыс көрсеткішінен жоғары – 121,3
Аудан және ШҚО бойынша түберкүлез ауруымен аурушаңдық
(100 мың. тұрғын.)
13- сурет
Түберкүлезден қайтыс болғандар 100 мың тұрғынға шаққанда 2009 жылы 7,6-дан 2010ж. -12,6-ға артқаны байқалады, бірақ облыс көрсеткішінен төмен- 21,1.
Аудан және ШҚО бойынша
түберкүлезден қайтыс болғандар көрсеткіші
(100мың. тұрғынға.)
14 –сурет
Тіркелгендер арасында жұмыссыздар және әлеуметтік бейімделмеген топтардың қатарындағылардың аурушаңдық салмағының артқаны байқалады, аурудың дәріге төзімділік түрімен аурушаңдығы артқаны да байқалады.
2010 жылы түберкүлез ауруы балалар арасында 2, жасөспірімдер арасында 1 жағдай тіркелді.
Ауруды дер кезінде анықтау үшін ауданның жалпы емдеу ұйымдары шешу қаблеттілігі жоғары бинокулярлық микроскоптармен қажетті мөлшерде қамтамасыз етілген.
Түберкүлез бойынша бағдарламаны орындау барысында атқарылған іс шараларға қарамастан, ауруларға әлеуметтік көмек көрсету (тұрғын үй бөлу, жолақы қаражатын төлеу, балаларды қосқанда түберкүлезбен ауыратын науқастарға тамаққа қаржы бөлу) өзекті мәселе болып қала береді.
Ауданда қатерлі ісік ауруымен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 2009 жылы 135,7- ден 2010 жылы 139,6- ға дейін өсіп отырғаны байқалады, облыс көрсеткішінен төмен - 264,4.
Ауданда және ШҚО қатерлі ісік ауруымен аурушаңдық
(100мың. тұрғын.)
15 -сурет
Ауданда қатерлі ісік ауруының өлім көрсеткішінің 100 мың тұрғынға шаққанда 2009жыжы 97,2- ден 2010 жылы 102,7 –ге артқаны байқалады, бірақ облыс көрсеткішінен төмен - 153,0.
Амбулаториялық жағдайда жаңа диагностикалық әдістерді енгізу арқылы, аурудың алғашқы сатысында анықтау бағытында тұрғындарды аладын ала текстеру жүргізіледі.
Ауданда және ШҚО қатерлі ісік ауруының өлім көрсеткіші
(100мың. тұрғын.)
16 -сурет
Тұрғындар ауруларының арасында әлеуметтік маңызы бар аурулармен қатар қан айналымы аурулары аса маңызды болып табылады. Жалпы өлімнің 53,9 пайыздан басым салмағы қан айналымы ауруларынан қайтыс болғандардың үлесінде (ҚАА).
Қан айналымы ауруларының өлім көрсеткішін төмендету мақсатында ауданда қардиология бөлмесі ашылып, жоғары дәрежелі дәрігер жұмыс істейді. Ауданның кардиологиялық науқастарына клиникалық- диагностикалық көмек жақсартылды. Соның нәтижесінде науқастар каранарографияға және жүректің ишемиялық ауруларымен хирургиялық ем алуға (шунттауға, стенттеуге) облыстық кардиологиялық бөлімдерге, республикалық кардиохирургиялық орталықтарға жолдамамен жіберілуде.
Жедел каранарлық синдроммен науқастарға тромболитикалық ем жүргізу енгізілген.
Кардиологиялық науқастарды емдеуге 50 пайыз жеңілдікпен дәрі- дәрмектер таратылуда, санымен қатар, аудандағы емдеу- сауықтыру мекемелерінің дәрігерлерімен қайтыс болғандығы туралы анықтаманың дұрыс және нақты толтырылуы бойынша аудандық терапевт, кардиологтың бақылауы жолға қойылған.
Соның нәтижесінде қан айналымы ауруының өлім көрсеткіші 2008 жылы- 511,5 –тен 2010 жылы -279,3-ке төмендеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін саланың профилактикалық бағыты нығайтылған, жеке топтағы тұрғындарды профилактикалық тесерумен қамту артып келеді, азаматтардың және бірінші кезекте балалардың физикалық белсенділігін көтеру мақсатында іс шаралар атқарылуда.
2010 жылдың наурыз айынан бастап ауданда СӨСҚ бөлмесі жұмыс істейді, ол облыстық СӨСҚ орталығының филиалы болып есептеледі.
Соңғы 3 жылда АҚТҚ инфекциясы тіркелген жоқ.
2010 жылдың басында аудандағы денсаулық сақтау жүйесі 2 ауруханалық ұжымнан құралған, оның ішінде 2 мемлекеттік мекеме.
Ауданның тұрғындарына амбулаториялық – поликлиникалық көмекті 9 ұйым, оның ішінде 9 мемлекеттік меншіктегі мекеме көрсетеді.
Аудан халқына дәрігерлікке дейінгі көмекті көрсету 1 ФАП, 12 медициналық пункттер (ары қарай МП) арқылы жүргізіледі, 12 жеке ғимаратсыз медициналық қызметкер (ары қарай ЖҒМҚ), яғни бұлар толыққанды медициналық пункт ретінде қызмет атқару үшін ғимарат бөлуді қажет етеді. Аудан халқының мемлекеттік емдем-профилактикалық ұйымдарының төсектермен қамтылуы 2009ж. 43,6 құрады, 2010 ж. 48,8 яғни 10000 тұрғынға шаққанда 2009 ж. облыстық көрсеткіштен 71,4-тен төмендеді.
ШҚО және аудан бойынша (10 мың. тұрғынға шаққанда) төсекпен қамтылу.
17-сурет
Стационар алмастырушы көмек дами түсті, амбулаторлық поликлиникалық ұйымдарда күндізгі стационардың 44 төсегі жұмыс істейді. Көрсетілетін көмектің жоспарланған көлемінің 3 есе артуына байланысты қаржыландыра отырып штаттық бірлікке сәйкес медициналық персоналдармен қамтамасыз ету қажет. 2010 ж. жедел медициналық көмек көрсетуге халықтың сұранысы 11575 өсті. Күтпеген жағдайлар бойынша шақыру 3,5 %, шұғұл жағдайларға шақырту 58,8% өсті. 2010 ж. 1000 тұрғынға шаққандағы халықтың жедел медициналық көмек көрсетуге шақырту 323,0, 2009 ж. 279,8 яғни облыстық көрсеткіштен 450,0 төмен. Ауданда барлық емдеу-профилактикалық ұйымдарда МККСБК тексерісі бойынша бекітілген кезеңдік емдеу және диагностикалы протоколдар енгізілді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шығындары 2009 ж. 335328362 мың тенгеден 2010 ж. 437196229 мың тенгеге өсіп аудандағы денсаулық сақтаудың тұрақты дамуына жеткіліксіз болды. Соңғы жылдары аудандағы 1 тұрғынға денсаулық сақтаудың шығындары 2009ж. 9655 тенгеге және 2010ж. 12732 тенгеге артты.
Аудан бойынша денсаулық сақтаудың және МККСБК шығындары
(МККСБК мың.теңге)
18 - сурет
Аптекалық ұйымдар орналаспаған тұрғылықты жерлерде халыққа дәрілік көмек көрсету БМСК обьектілері жүзеге асырылады.
Аудандық денсаулық сақтауда күрделі мәселе ретінде мамандандырылған кадрлармен қамтамасыз ету қалады. 01.01.2010ж. дәрігерлер саны-79, орта медициналық қызметкерлер 231.
Халықтың барлық бағыттағы дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз етуі біршама өсуі байқалып, 2008 ж. 20,0ден 22,0 дейін 2010 ж. 10000 адамға шаққанда артты. Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 2009ж. 97% көрсетті.
2010 ж. соңында кадр жетіспеушілігі 12 дәрігерге жетіп, соның ішінде 7 ауылдарда. 2010 ж. ауданға жұмысқа 6 дәрігер келді, оның ішінде 6 жас мамандар, әр-түрлі себептермен 6 дәрігер кетті.
Дәрігерлік кадрлардың қартаю тенденциясы байқалады:50 жастан асқандар – 29,5%, 30 жасқа дейінгілер 10,2%. 25 жылдан асқан еңбек стажы бар мамандардың меншікті салмағы артып 41,0% құрады, бұл өз кезеңінде жас мамандардың келуінің азайуын көрсетеді.
SWOT-анализ:
Күшті жақтары:
1.Демографиялық көрсеткіштерді жақсарту, тууды жоғарлату өлімді төмендету,
табиғи өсуді арттыру;
2.Ана өлімінің көрсеткішінің болмауы (2008 - 2010);
3.Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында халаққа медициналық көмек көрсетудің сапасын және қолжетімділігін жақсарту;
Осал жақтары:
1.Халықтың денсаулығына әсер ететін экологиялық жағдай;
2.Нәрестелер өлімінің жоғары болуы;
3.Дәрігерлердің жетіспеуі;
4.Көрсетілетін медициналық көмектің сапасының жеткіліксіздігі;
5.Медициналық жабдықтар мен қамтудың төмен денгейі және медициналық мекемелердегі типтік ғимараттардың болмауы.
Қауіптер:
1.Саланы толдыққанды қаржыландырмау медициналық құрал-жабдықтардың едәуір тозуына, сондай-ақ, медициналық ұйымдардың ғимараттарының да тозуына әкеліп соғады, бұл ауруды дер кезінде диагностикалауға, сондай-ақ тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің сапасын да төмендетеді.
2. Мамандар жетіспеушілігінің артуы.
Мүмкіндіктер:
1.Әлеуметтік маңызы бар аурулармен - қатерлі ісік аурушаңдығымен, түберкүлез аурушаңдығын қоса тұрғындардың аурушаңдық деңгейін төмендету, аймақтың экологиялық проблемалары және денсаулық сақтау мәселелеріне сектор аралық қатынастың аз әсер етуі, тұрғындар тарапынан өз денсаулықтарына жауапкершіліктерінің жетіспеушілігі.
2.2.2.3.Халықты әлеуметтік қорғау.
Халықты әлеуметтік қорғау саласының ахуалын талдау кезінде ауданда соңғы 3 жылда әлеуметтік қамсыздандыру сферасының динамикасының дамуын көрсетеді. Әлеуметтік саланың дамуына тұрақты түрде бюджеттен бөлінген қаржының өсуі, аз қамтылғандардың саны 7,4%-ға төмендеуі, жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың санының жыл сайын өсуі, жұмыссыздардың үлес салмағының 0,4 % төмендеуі.
2011 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 20686 адамды құрады. 010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 860 адамға өсті.
Соңғы үш жылда еңбек нарығындағы ахуал төмендегі бағытта құрылды; жұмыс күшінің ұсынысы жұмыс берушілердің жұмыс қолынан сұранысы артық. Ауылдық жерде жұмыс күшіне сұраныс пен жұмыс күшінің ұсынуының теңсіздігінен бос жұмыс орындары жоқ болып табылады.
2008 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтар саны 7,4 %- ға азайып, 2010 жылдың аяғында 2,3 мың теңгені құрады.
2010 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1292 алушыға төленді, 2008 жылмен салыстырылғанда алушылар саны 21,5 %-ға азайды.
2011 жылдың 1 қаңтарына аз қамтылған 1614 жанұяға, оның ішіндегі 3999 балаға балалар жәрдемақысы төленді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2,4 % -ға төмен (балар жәрдемақысын тағайындау және төлеу 2006 жылдан басталды).
2010 жылы тұрғын үй көмегі 89 жанұяға төленді, 2008 жылы - 109 жанұяға көрсетілді. 2010 жылы бұл көмектің орташа көрсеткіші 1079 теңгені құрады (2008 жылы-1288 теңге болған).
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінде жұмысқа қабілеттілердің үлес салмағы 2010 жылы 2008 жылмен салыстырылғанда 1,2 %-ға азайып, 31,2%-ды құрады.
Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2010 жылы 2008 жылмен салыстырылғанда көбейіп 878 теңгеден 1501 теңгеге дейін өсті.
ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге ай сайын 5 және 2 мың теңгеден коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақылар төленеді.
Тұрақты түрде ҰОС ардагерлері мен мұгедектеріне және оған теңестірілгендерге, көп балалы ананарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету екі бөлімшеде 192 адамға көмек көрсетіледі, оның ішінд 91 жалғыз басты қарт адамдар, мүмкіндіктері шектеулі 101 балалар, олармен 37 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Әлеуметтік көмек бөліміне 2010 жылы 13306,0 мың теңге қаржы бөлінген. Бір әлеуметтік қызметкерге шыққан шығын 29,6 мың теңге құрайды.
2010 жылы 38 мүгедекке 2086,1 мың теңгенің міндетті гигиеналық құралдар берілді, ал 2008 жылы 28 мүгедекке гигиеналық құралдарды алуға 181 мың теңге жұмсалды. Гигиеналық құралдарды алушылардың саны 10 адамға өсіп, 35 % құрады.
12-кесте
Аудан бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласының даму бағдарламасының көрсеткіштері .
|
Көрсеткіштердің атауы
|
Ед. изм
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
1
|
Жұмыссыздық деңгейі
|
%
|
5.2
|
4,8
|
4,8
|
4,8
|
4,6
|
|
1.1
|
Жұмыспен қамту мәселесі бойынша келгендердің ішінен, жұмысқа орналасқандардың үлес салмағы
|
%
|
78,3
|
78,3
|
78,5
|
78,5
|
78,7
|
|
1.2
|
Шетелдік жұмыс күшіннен тартылған мамандардың үлес салмағы
|
%
|
0
|
0
|
0
|
0
|
0
|
|
1.3
|
Жаңадан құрылған жұмыс орындарының санын көбейту
|
%
|
160
|
165
|
165
|
170
|
170
|
|
1.4
|
Өзін өзі жұмыспен қамтитындардың барлық жұмыс істейтіндер ішіндегі үлес салмағы
|
%
|
48,4
|
47,7
|
47,1
|
46,5
|
45,9
|
2
|
Күнкөріс деңгейінен төмен қірісі бар халықтың үлесі
|
%
|
9.5
|
6,0
|
5,9
|
5,8
|
5,7
|
|
2.1
|
Күнкөріс деңгейінің өсу қарқыны
|
%
|
107,5
|
107,0
|
106,5
|
106,5
|
106,5
|
|
2.2
|
Номиналдық ақшалай кірістің өсу деңгейі
|
%
|
108,2
|
114,0
|
114,0
|
114,0
|
114,5
|
|
2.3
|
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылырдың ішінен жұмысқа қабілетті халықтың үлес салмағы
|
%
|
29,7
|
29,2
|
28,7
|
28
|
28
|
3
|
Жеке меншік спекторларының арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған адамдардың үлес салмағы(осындай қызметке мұқтаж барлық адамдардың ішінен)
|
%
|
97,7
|
97,5
|
97,0
|
91,8
|
95,1
|
|
3.1
|
Меншік нысандағы (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) сектордағы арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген адамдардың үлес салмағы
|
|
0,3
|
0,22
|
0,37
|
0,36
|
0,36
|
Жыл көлемінде 137,0 мың теңгеге бұқаралық ақпарат басылымдарымен 47 УОС және тыл ардагерлері қамтылды.
SWOT – сараптама
Күшті жақтары:
1.Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер саны 1,3 %-ға төмендеуі
және төлемақының орташа мөлшері 1,7 %-ға өсуі атаулы көмектің атаулылығын көрсетеді.
-
Кедейшілік деңгейінен төмен тұратын халықтың үлесі 3% дан 2,5%-ға
төмендеуі.
Осал жақтары:
1.Кедейшіліктен төмен тұратын халықтың үлес салмағы орташа облыстық деңгейден 0,6 пайызға артып тұр.
2.Атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері орташа облыстық мөлшерден 61 теңгеге артық.
3.Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері орташа облыстық мөлшерден 26 теңгеге артық.
Қауіп:
1.Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың мемлекет тарапынан берілетін көмектерге масылдық пиғылда болуы.
Мүмкіндіктері:
1.Жұмыспен қамтудың белсенді тәсілдерін пайдалану, тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастыру, кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға жіберу, ақылы қоғамдық жұстарға орналастыру, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, сондай-ақ кедейшілік «пулынан» бұл категориядағы халықты шығару үшін аудандық бағдарламаларды әзірлеу.
2.Халықтың нақты кірісінің өсуі.
3.Әлеуметтік қызмет көрсету секторында мемлекеттік емес ұйымдардың белсенділігін арттыру.
2.2.2.4.Мәдениет.
Соңғы жылдары мәдениет саласы қарқынды дамуда. 2007 ж мәдениет саласының қызмет жасауына бөлінген қаржы көлемі 54,3 млн. теңгені, 2008-2009жж. 197,4 млн.теңгені құрады, соның ішінде 2010ж-61,9 млн.теңге , 2011ж-178,8 млн.теңге, 2012жылы -152,7 млн. теңге құрады. 2010 жылы бөлінген қаржы 2007 жылмен салыстырғанда 7,6 млн.теңгеге артық (1,14 есе) артқаны байқалуда.Бұл көрсеткіш мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейту арқылы және мемлекеттік «Жол картасы» бойынша қаржыландыру арқылы ұлғайды.
Мәдениет нысандар саны 2010 жылы -21 бірлікті құрады, 2011 жылы- 23 бірлік, 2012 жылы -23 бірлік құрады. 2011жылдан бері нысандар саны артқан жоқ.Ауданда 11 клубтық ұйым, 9 кітапхана, 1 мұражай, 1 видеомобиль жұмыс атқарады.
2011 жылдан бастап кітапхана жүйесінде бірыңғай компьютерлік ақпараттық жүйе іске асырылған. Интернет жүйесіне 1бір аудандық кітапхана қосылған. Кітапханалардағы компьютер саны үш және екі принтер бар.
«Халықтық » атағы бар ұжымдар саны-7. «Дайыр» халық театры, Трио «Жігіттер» вокалы, «Айнакөл» халықтық ән-би ансамблі, халықтық «Тамаша» театры, «Ақ әже» халықтық ән-би анасамблі, «Мұрагер »ұлт- аспаптар оркестрі, Зайсан халық театры. «Үлгілі» атағы бар ұжымдар саны-4. «Балауса» би ансамблі, «Жалында» би ансамблі, «Зайсан сұлу» би ансамблі, бейнелеу студиясы.
2011 жылы мәден ошақтар үйінде 863 әр түрлі мәдени шаралар өткізілді, аудан кітапханаларында 8,4 мың адамға қызмет көрсетілді , 168422 кітап оқуға берілген. Кітапхана жүйесінің қоры 97,9 мың дананы құрады.
2011 жылы кітапхана қызметкерлерімен 98 кітап көрмесі ұйымдастырылды, 65кітап шолу, 37 түрлі шаралар өткізілді.
Ауылдық кітапханалардың компьютермен жабдықталуы мен интернет жүйесіне қосылмауы облыстық кітапханалардың қорларына кіру мүмкіндігін шектейді.
Қаржы көзінің жетіспеушілігі ескерткіштерді сақтау мен қалпына келтіру, мұжажайлар мен кітапханалардың қорларын цифразациялау, жоғары деңгейлі реставратор-мамандарды жұмылдыру, компьютерлік бағдарламалармен қамтуға толық мүмкіндік бермеуде.
Күшті және осал жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жасалды:
Күшті жақтары:
-
Мәдениет нысандарына келушілердің деңгейінің өсуі;
-
Халықты нысандар қызметімен қамтамасыз ету дәрежесінің өсуі;
-
Мәдениет саласы қызметкерлерінің санының өсуі.
Әлсіз жақтары:
1. Күрделі және ағымдағы жөндеуге қаражаттың жеткілікті бөлінбеуі.
Мүмкіншіліктер:
1.Әлеуметтік аз қамтылған топтар өкілдеріне тегін қызмет көрсету мәдениет қызметін қол жетімді етеді.
Қауіптер:
1.Материалды –техникалық жабдықталудың төменділігі;
2.Мәдени қызметкерлердің қатарының ұлғайған жаста болуы орын алады, әсіресе кітапханалық қызмет жүйесінде.
2.2.2.5. Тілдерді дамыту.
Ауданда тіл саясаты саласындағы жұмыстардың дамуы – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
Аудан халқының құрамын 94%-қазақтар, орыстар-4,5 %, басқа ұлттар-1,5%.
Ауданда жалпы білім беретін 29 мектепте 6614 баладан, оның ішінде 187 оқушысы орыс тілінде оқиды, ал 5 балабақшада 365 баланың 16-сы орыс тілінде,
Ауданда тіл саясаты саласындағы жұмыстардың дамуы – ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.
Аудан халқын негізінен қазақ ұлты құрайтындықтан, ауданда мемлекеттік тілді үйрету үйірмелері жұмыс істемейді.
Ауданда жалпы білім беретін 29 мектепте оқитын 6614 баланың 6527 қазақ тілінде оқиды, оның ішінде 187 оқушысы орыс тілінде оқиды, ал 5 балабақшада 365 бала тәрбиеленеді.
Ауданда білім саласы бойынша тілдерді оқытуға байланысты, оқыту сапасын арттыру үшін оқушыларға арналған оқу құралдары, оқытудың бірінші деңгейі үшін электрондық оқулар, сөздіктері, үйірме жетекшілері үшін мәтіндер жинағы әзірленіп бекітілді.
Аудан мектептерінде мемлекеттік тілден басқа орыс тілінде 41, ағылшын тілінде сабақ беретін 32 мұғалім бар. Мектептерде қосымша оқу үрдісінен тыс, ақы алмайтын, орыс тілін тереңдетіп үйрететін құрамында 65 тыңдаушысы бар 6 үйірме жұмыс істейді. Сонымен қатар, 37 тыңдаушысы бар ағылшын тілін үйрететін 2 үйірме жұмыс жасайды.
Ауданды мемлекеттік тілде 3300 данада шығатын «Достық» газеті шығады.
2008 жылы аудандық газетте тіл мәселесін насихаттайтын 20 материал, 2009 жылы -25 материал, 2010 жылы -35 материал жарыққа шықты.
1998 жылдан бастап мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік органдардағы іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, іс қағазын жүргізудегі қазақ тілінің үлесі 97%.
Ауданда қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдік құрылыс үдерісін одан әрі кеңейту және тереңдету үшін алғы шарттар жасалған. Бұл тұтастай алғанда мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамның үйлестірілген мақсатты бағытталған күш жұмсауының нәтижесінде қол жетті.
Мемлекеттік органдардың оңтайлы қызметтік-лингвистикалық кеңістік құру жөніндегі қызметі бірнеше үрдістерге байланысты болады.
Біріншіден, еліміздің дамуының жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласында жаңа тәсілдерді жасау мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Ұлттың әрі қарай тұрақты дамуы үшін, ең алдыменұлт адында тұрған стратегиялық міндеттеррді бірыңғай түсіну негізінде аудан тұрғындарын шоғырландыру қажет.
Екіншіден, Қазақстанның қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру нәтижесінде Қазақстанның дүниежүзімен саяси-экономикалық жүйедегі рөлінің өзгеруі.
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қоғамдық өмірдің барлық салаларында орыс тілі қажеттілікке сай қолданылады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге 2008 жылы – 150 мың теңге, 2009 жылы – 150 мың теңге, 2010 жылы 150 мың теңге қаржы бөлінді.
Күшті және осал жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жасалынды.
Күшті жақтары:
1.Мемлекеттік тілмен аудан халқының тілдерін оқытудың
инфрақұрылымы кеңейді;
2.Мемлекеттік тілді оқытуды қамтамасыз етудің әдістемелік жүйесі
құрылды;
3.Мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді түрде іске асты;
4.Көптілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы
кеңеюде.
Осал жақтары:
1.Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарты жоқ;
2.Тілдік сала нормативтік-құқықтық заңдылықтармен қамтамасыз
етілмеген.
Мүмкіндіктер:
1.Аудан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде
мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;
2.Көптілді орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке
мемлекеттік тілді енгізу;
3.Аудан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.
Қауіптер:
1.Мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар
екендігі;
2.Аудан халқының тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |