Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет114/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   348
18.08.2023 dis

ЕЛЖІРЕГІШ сын. 1. Елжіреп тұратын; мейірленгіш, еміренгіш. Елжірегіш 
жүрегі, егілме жаны қара тасқа айналып, дүниенің бәріне қарс жабылған қатулы 
қабақпен қарайтын болды (С.Досанов, Қыран.). Мекіренгіш, елжірегіш аналар киноға 
деп, сауық кешке деп баласына әкесінен жасырып ақшаны асыра беріп жаман 
үйрететіні сирек кездесер жәйт пе? (М.Әлімбаев, Тәрбие.). 2. Егілгіш, езілгіш; күйрек
Осы сен-ақ елжірегіш екенсің!? Қашан көрсең де езіліп егіліп, күйректікке салынып 
отырғаның («Лен. жас»). 
174. 
ЕЛЖІРЕК сын. сөйл. Елжіреуік, елжірегіш, елжіреп тұратын (адам). Осы 
жаман неме кімге ұқсап елжірек болды, – деп Кәлен де баланы бауырына қыса түседі 
(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Анасының бұрын-соңды мұншалық елжірек кезін 
көрмеген Айғанша үрейленіп кетті (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең) 
175. 
ЕЛПІЛДЕК сын. 1. Елпілдеп тұратын, тілалғыш; елгезек. Ал Нақыш болса, 
жалпылда-ған ақкөңіл, кім көрінгенге сенгіш, біреудің сөзін екі етпейтін елпілдек қыз 
(М.Дүзенов, Ақәже). Ұзақ – тым ақкөңіл, елпілдек жан. Сондықтан да бөгде тілегін 
орындауға әрдайым әзір тұрады (Ж.Мұзапаров, Қаби қарт.). Сұрасаң аты Еркінбек, 
Сөйлесер сізге еркін кеп. Еңбекте озат өзгеден Ақжарқын жігіт елпілдек 
(Н.Сүлейменов, Жолда). 2. Жеңілтек, жаңғалақ, ұшқалақ, мінезі жеңіл. Жақпады білем 
бастан-ақ, Жарыңның саған бір ісі. Ертерек түскен шаштағы ақ, Елпілдек жүріс-тұрысы 
(С.Иманасов, Ақдариға). Гүлжан кейде паң, кейде бейқам, кейде елпілдек («Лен. жас»). 
176. 
ЕЛШІЛ сын. Ел қамын ойлаушы, елін жанындай сүюші; көпшіл. – Басым, 
көкірегім білімге толып біткендей, арманымнан шыққандай несіне елшіл бола қалам? 
(Д.Әбілев, Ақын.). Осыдан кейін еріксіз ойлайсың, жалпы оқулық атаулыны біз неге 
аса білімдар, елшіл, халыққа етене жақын, ұлтымыздың болмыс-бітімін айрықша терең 
білетін ірі тұлғаларға жазғызбаймыз («Жас Алаш»). Едігедей елшіл бол, Егескен жерде 
кек алған. Үлгі ал батыр Мәліктен, Өзіңмен бірге аттанған (А.Лекеров, Өмір.). Қазақ 
шенеуніктерінің, биліктің әртүрлі сала-сатыларында еңбек етіп жүрген қазақ 
шенеуніктерінің ішінде аса алғыр, аңғарымпаз, елшіл, шалымды, шебер 
ұйымдастырғыш (бір-екі күннің ішінде республикалық жиынды, бас-аяғы бір аптаның 
ішінде халықаралық конференцияны ұйымдастырып – өткізе алатын шенеуніктер де 
бар!), жедел қимылдайтын, ел ішін жиі аралайтын (мәселен, тәулігіне бар болғаны бес-
ақ сағат ұйықтайтын аудан әкімін өз көзіммен көрдім де!), шешен, кішіпейіл, 
денсаулығы темірдей, кімнің де болсын тілін таба алатын көпшіл, елгезек азаматтар аз 
емес. «Аз емес» деймін-ау, мұндайлар, тіпті, мол («Жас Алаш»). 
177. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет