Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет121/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАҚСЫ МЕН ЖАМАНДЫ АЙЫРҒАН Оң мен солын танитын, ақылы 
кірген. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы 
менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың (Абай, Тол. жин.). 
Жақсы менен жаманды айырған әуел Аллаңыз (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
209. 
ЖАҚСЫ сын. 1. Көңілге ұнайтын оңды, тәуір. Жұрт жинап жақсы кеңес құрған 
Түлкі, Зарланып жетімді аяп тұрған Түлкі. Аузына үшеуін де қағып салды – Өзі екен 
нағыз құдай ұрған Түлкі (А.Байтұрсынов, Шығ.). Жасаған-ай, жақсы хабар әкеле 
жатқан біреу болғай-ақты (Ж.Аймауытов Шығ.). Жақсы иттің белгісі Жұлмақ түгіл 
жаламас; Азған елдің бектері Қан шықса елін жұлмалар Қасқырменен аралас (Дулат 
Бабатайұлы, Замана сазы). Жақсы менен жаманды Айырған әуел Аллаңыз (Кердері 
Әбубәкір, Қазағым.). Бастай бер жақсы күнге өмір-арман, Көргенім көз бояғыш, көбі 
жалған. Молайсын ортайғанын деп тілеймін, Күндерде қолда барды төгіп алған 
(К.Салықов, Жезкиік.). 2. Адамгерлік қасиеті мол, тәрбиелі, игі, ізгі [адам]. Жақсының 
сөзі жылдайды, Тілі тәтті бал судан, Жаманның сөзі ащы-дүр, Адам ішпес зәр удан 
(Базар жырау, Шығ.). Ақынның елі сондай деп, Үлгісі жақсы қандай деп, Болыңдар елге 
өнеге. Елі-жұртым сізге айтам, Бірлікті бол, шырақтар (Қабан жырау. Алтын қазық). 
Жақсыға сырым жасырман, Жаманға, сірә, бас ұрман. Мен бір шапқан жүйрік ат, Бір 
желіксем басылман (Шал ақын, Өлеңд.). 3. Ауылдың белді, беделді адамы. Елдің 
жақсылары тегіс жиылды, бітімге билер кірісті, қажылар бас қосты (X.Есенжанов, Ақ 
Жайық).  
210. 
ЖАЛЫН АТҚАН поэт. Жігерлі, қайратты, күш-қуаты мол. Долы шал садаға 
кет махаббаттан, Сен бе екен жасты құшар жалын атқан (Қ.Аманжолов, Шығ.). Келдім 
іздеп кең даламның аспанын, Келдім іздеп жалын атқан жастарын (Ә.Тәжібаев, 
Аралдар). Сахараның сайран салып желіндей, Жанартаудың жалын атып лебіндей 
(С.Мәуленов, Алыс кетіп.). 


171
211. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет