ЖАЛЫНДЫ Жігерлі, қайратты. Қартқожа алапты, жігерлі, жалынды жігіт
болды (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ту басында тар ауданда саяси азаттық қана сұрап шыққан
пролетариат бұл ауданды кеңейткеннің үстіне адамзат тұрмысында теңдік, ортақтық
негізін құру деген жаңа жалынды тілек қосылды (М.Жұмабаев, Шығ.). Қазақ халқының
даңқты ақыны Жамбыл Жабаев 100 жасына келгенше өзінің жалынды жырларын
шығарудан жалыққан жоқ (С.Жұмабаев, Ұзақ өмір.). Мәншүк бұл кезде жалынды
үгітші ғана емес, мерген пулеметші де боп алған (Ә.Нұршайықов, Батыр.).
212.
ЖАНАСҚЫШ сын. Жұғымды, үйірсек. Аңдыса сөйлессе де, Нұрым бірден-
бірге қара жігіттің ақылды және адамға аса жанасқыш екеніне көзі жете бастағандай
болды (X.Есенжанов, Тар кезең). Әжептәуір емес пе, Қараңдаршы түсіне? Ып-
ыңғайлы-ақ кеңеске, Жанасқыш-ақ кісіге (Ә.Тәжібаев, Шығ.). Сымбатты тұлғасына,
сырт сұлулығына ақылы мен мінезі сай Сүгірәлі қай жағдайда болмасын ержүрек,
қашанда жарқын, адамдармен жанасқыш, қол астындағылармен тіл тапқыш сондай бір
сүйкімді командир болатын (Ө.Қанахин, Бақыт бәйшешегі).
213.
ЖАНАШЫР зат. Жан күйер, қолдаушы, жақтаушы. Ақыл таппай дағдарып,
Жанашыр таппай сандалып, Барарын қайда біле алмай, Жүрген бір күнде сан ғарып
(М.Дулатов, Шығ.). Жанашыр деген жігіттер де көзі көргенде есіркегені, қынжылғаны
болмаса, дүрмекке кірген соң, әркім өз қамына кетеді (Ж.Аймауытов, «Қартқожа»). –
Бұл кім? – деді әжем. – Бұл баяғы өзің берген кітапты жазған «барлық аналардың
жанашыры болған адам», – дедім (С.Ерубаев, Шығ.).
214.
ЖАНКЕШПЕ сын. 1. Жанкешті, өлермен, батыл. Сойылға жығылмайтын
жанкешпе боларлықтай маңдай сүйегі қалың емес, – деді ол (К.Оразалин). 2. Өлген-
тірілгенді білмейтін батыл, ер жүрек. Қол бастайтын батыр болады деуге, бет ажары
олай деп тұрған жоқ. Сойылға жығылмайтын жанкешпе боларлықтай маңдай сүйегі
қалың емес, – деді ол (К.Оразалин, Абайдан соң).
215.
ЖАНКЕШТІ сын. Өлген-тірілгеніне қарамайтын батыл, өлермен, жанкешпе.
Қазіргі мұрагердің бойында кезіндегі үйсін, қаңлы, ғұн халықтарына тән жанкешті рух,
отансүйгіштік, түркілік патриотизм бар ма, жоқ па, соны білгісі келеді. сол халықтарға
тән жер күзетшілік, ел қорығыштық қырағы қасиет бұлардың бойында қалып па, жоқ,
әлде ондай қасиеттен айрылып қалып па, соны білгісі келеді («Жас алаш»). //
Жанкешпе, батыл адам. Алаштың бас көсемі Әлихан Бөкейханұлы ... «Біз алаш ұранды
жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық», десе, бұл барша қазақ
оқығандарының идея-пікірі, әрі алда күтулі жаза – террор (ақ не қызыл) көмейіне
жұтылар жанкештілердің тұяқсерпер жан айқайы болатын (Тіл тағылымы). // Қан
майдан, қырғын, жойқын. Жанкештіге баратын өңкей ер жігіттерді сайлап ал
(Ғ.Сланов).
216.
ЖАНҚИЯР сын. 1. Ержүрек, өжет, батыл. Баулыған партия күніміз,
ОтанныңЖанқияр ұлымыз. Аттан сап қойсақ, лап уралап, Көккеөрлердауылпазүніміз
(Қаз. әндері). – Атыпкетіңіз, Шыдай алатын емеспін, – деп зарлап келеді. Жанқияр
жауынгер жолдасыңды көзің қиып, қалай ғана атарсың (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). 2.
Етжақын, шын берілген, адал. Сан қиын істе мені сынағанең, Жанқияр серігің боп
ұнаған ем (С.Сейфуллин, Шығ.). Билет бәрін сабырға, Кірме ажалсыз қабырға.
Сырласатын күн туар, Жанқияр жақын тамырға (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
217.
Достарыңызбен бөлісу: |