Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет119/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАҒЫМТАЛ сын. жерг. Кісіге жаққыш, ұнағыш. Аталы сөзді айтқан жұртқа 
жағымтал Шыман төре еді (Н.Әбуталиев, Қайран Нарын). Орысқа жағымтал боламын 
деп, орыс жетегінен жем жеймін деп бишара біздің ішімізде болған бір-екі қазақ сөз 
үйретіп жатыр (Ә.Бөкейханов, Шығ.).  
197. 
ЖАЙБАРАҚАТ сын. 1. Сабырлы, салмақты, байыпты. Мәртебең жерде 
тұрмақ жыр өзі ілген, Жөн ғой, жөн өзіне көз тіге жүрген. Мен мұнда ұстаз да емес, 
шәкірт те емес, Кеп түстім жайбарақат мінезіммен (Ж.Жұматаев, Ләйлә). 
198. 
ЖАЙДАРЛЫ сын. Жылышырайлы, жарқын мінезді. Жігіттің... сөзуарлығын 
көрсетер дүрдиген ерні болмаса, қабағы тым жайдарлы (К. Тоқаев, Көмескі із). Жаз 
мінезі жайдарлы: Бұлбұл бақта сайрады, Былдырады бұлақтар, Сыбдырады құрақтар... 
(Ә. Табылдиев, Гүл.). Хал-жағдайларын, жұмысты қалай істеп жатқандарын сұрап 
сыпайы, жайдарлы әңгімелесіп отыр (І.Есенберлин, Маңғыстау.). 
199. 
ЖАЙДАРМАН сын. 1. Жайраңдаған, ақжарқын. Әзімхан қара борандатып, 
қорқыта сөйледі. Алғашқыдағы жайдарман жүзі суып... түйіліп қапты (Д.Әбілев, 
Арман.). 2. Мәз-мейрам, көңілді. Ұзақ мәз-мейрам боп, арқасы кеңіп қалды. Лезде үй 
ішінде бір жайдарман көңілділік орнады (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш). 3. ауыс. Жайма-
шуақ. Ауыл-аймағымен жазғытұрғы жайдарман шақта көшіп бара жатып, көңіліне 
көктем нұры ұялаған жігіттер... осылай жамыраса, шалқалай күлер еді (Ә.Шәріпов, 
Алыс.).  
200. 
ЖАЙДАРЫ сын. 1. Ашық мінезді, ақжарқын. Ойы анық, әрдайым жайдары, 
әрбір істің ақырына жеткенше асығатын капитан Ахмет Сүлейменовті талай рет көргені 
барды Родионовтың (К.Тоқаев, Тасқын). Қабираның жібектей жұмсақ үні, баладай ерке 
қылығы, жайдары ашық мінезі, жүріс-тұрысы, киім киісі – бәрі-бәрі бөтен еді 
(М.Сқақбаев, ұят туралы аңыз). Сол бала оқуға өте болды зерек, Торғайда ондай бала 
туған сирек. Ыбырайдың бәйбішесі Айғанысты Жайдары мінезімен кетті билеп 
(О.Шипин, Дастан). Жайдары ең, жасқанбаушы ең, жайнаушы едің, Жамылып ақ 
сәулеңді ойнаушы едім. Шығыстан шарадай боп көтерілсең, Шынымен құдірет деп 
ойлаушы едім (М.Мақатаев, Шығ.). Тым жайдары, мейірімді мына тана көз қандай, Ол 
қараса көл де тұнып қалатындай қозғалмай! (М.Шаханов, Ғасыр). 2. Жылы шырайлы
Сақал-шашы аппақ, қара торы қарт бізбен жайдары ғана сәлемдесіп, үйге шақырды 
(А.Сатаев, Ақын.).  
201. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет