170
көшпелі ел үшін құм арасынан жайлы қоныс табу қиын (Ө. Қанахин, Жер бас.). Әрине
қыс жайлы болса амалдап шығып кететін жағдай бар еді (Т. Ахтанов, Боран). 2.
Жанға
жағымды, рақат. Дегенмен дастарқаны жаюлы бейілді үйде
Дәрмен өзін жайлы
сезінді (Т.Әлімқұлов, Сейтек). Қазан астындағы қызыл таптың денең жайылып сала
беретін жайлы қызуы бар (Ә.Кекілбаев, Дала.). ...Күн желсіз ашық болса да, тоғай
арасынан бір жайлы самал сезіледі (Қ.Исабаев, Соңғы.).
203.
ЖАЙРАҢ МІНЕЗ Жайдары мінез, ашық мінез. Бұрынғы жайраң мінез,
бұрынғы ерке қылық жоқ (Ә.Кекілбаев, Бір шөкім.).
204.
ЖАЙРАҢ сын.
Көңілі шат, жайдары. Амангелдінің әйелі арық, өңсіз Рәш ас
дайындап жүр. Жұқа ернінде жайраң, момақан күлкісі бар (М.Жұмағұлов, Қыран.). –
Қойшы, Әбе, қайдағыны айтпай. О заман да, бұ заман әйел көкпар тартып не қиратушы
еді... – деп жанары жайраң бір ұшқын шашып, жарына жалт қарады ол (С.Ақтаев,
Дала.). ...Байболатов өз кабинетінде
қарсы алды Еңсегей бойлы, ер тұлғалы жайраң
жігіт екен (Ақ бидай).
205.
ЖАЙРАТҚЫШ сын.
Сұлатып, серейтіп салғыш, қиратқыш. Жайратқыш –
бомба, Қиратқыш – бомба, Қарақшы – сәуле, Қасапшы сәуле.
Бәрін де сендей
(Ш.Смаханұлы, Ұры тіс).
206.
ЖАЙСАҢ сын.
Жадырап жайраңдаған, жарқын. Қас-қабағы қиылған, дөң
маңдай. Аман болса нағыз жайсаң жігіт болайын деп тұр (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.). –
Осында соға кетсе жақсы болар еді, көріп қалатын. Жайсаң жігіт қой өзі (Д.Исабеков,
Қара шаңырақ). Өзі де етінен ет кесіп беретін жайсаң жігіт еді (Ғ.Мүсірепов, Оянған
өлке). Ағаң да бүгін тойса, ертеңін уайымдамайтын еді. Көңілі ақ,
жаны жайсаң еді
бейбақтың (Қ.Тоқмырзин, Оқшау отау).
207.
ЖАҚСЫ АДАМ Қоғамда қалыптасқан әдеп, ахлақ, ізгілік нормаларына сәйкес
мінез-құлық, әрекет иесінің жалпы атауы. Жақсы адам қайда жүрсе қор болмайды
Шексе де жол бейнетін ашып-арып, Қуантып ағайын мен ата-анасын (Қамбар батыр).
208.
Достарыңызбен бөлісу: