Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет124/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАРҚЫН ЖҮЗ [ЖҮЗДІ] Ақкөңіл, жайдары. Інілер, қош-аман бол, келіндерім, 
Жарқын жүз, жарық маңдай көрімдерім, Астанам Алматыға алты жылда Аққудай көл 
аңсаған келіп едім (К. Әзірбаев, Таңд. шығ.). Нашарға көшсе – көлік, қонса – тамақ, 
Бәріне де жарқын жүз, түзу қабақ. Не берсе, нашарлығы үшін берер, «Қызмет қыл» деп 
отырмас тиын санап. (С.Торайғыров, Алаш). Туысқандары Абайды жарқын жүзбен 
қуанып қарсы алды (М.Әуезов). Жарқын жүзді, жайдары мінезді, балажан Әмина 
балалар үшін өз шешелерін ұмыттырғандай шеше еді (Ғ. Мүсірепов, Кезд. кет.). 
224. 
ЖАУАПКЕР зат. Міндетіне алған, бір істің нәтижесіне жауап беретін адам. 
Жаңа заман мәселесін кең түрде келелі кеңес қылсаң, шығарманың идеясы биік, 
көркемдігі тамаша болып, сапалы шығуына жауапкер екенімізді ұғамыз (Ғ.Мүсірепов, 
Суреткер.). Жігітек қазір жауапкер ел, сондықтан өзгенің аңысын аңдау, ең үлкен тәсіл 
болмаққа керек (М.Әуезов, Шығ.). Ұрындым деп тіршілік кесіріне, Кір келтірме 
біреудің есіміне. Салмағы ауыр өмірдің сауалы көп, Жауапкері өзіңсің шешіміне 
(К.Салықов, Жезкиік.). Бұл жағдайға Көкшетау жағынан былтыр күзде ауысып, сол 
мектепке келген жолдасы жалғыз Асайын ғана жауапкер емес сияқты (С.Омаров, 
Өмір.).  
225. 
ЖАУАПТЫ 
сын. 
Міндетті, 
борышты; 
жауап 
беретін 
(адам). 
Шаруашылықтың бар саласына ол тікелей жауапты (Ы.Жақаев, Менің бақытым). 
Сәлмен осыған өзі жауапты адамдай қиналып, бір түрлі уайымдап, көңілі көншімей, 
күйреп отыр (Б.Тілегенов, Аққайнар.). Көркем шығармалар сапасының төмендеуіне
әлбетте, алдымен әдебиет сыны жауапты (Е.Ысмайылов, Сын.). Айына 300 доллар 
төлейік, ұқыпты, жауапты адамбыз, бізге жалға беріңіз («Жас Алаш»). 
226. 
ЖАУГЕР сын. 1. Батыл, ержүрек, қайтпайтын. Жалғыз-ақ қатты тауда 
дыбысталады, Шақырған жаугер қазақ бірін-бірі (І.Жансүгіров, Шығ.). Мен туғанда 
жерден алған көтеріп, Жаугер әкем ту көтерген қолымен (Р.Ниязбеков, Келер күн.). 
Қыпшақтардың жаугер, өлермен екенін біліп қалған (О.Сәрсенбаев, Сағым). 2. 
Айбатты, қажырлы; жауынгер. Жастайымнан жаугердің киімін кигізген 


173
(Д.Досжанов, Тұлпар.). Қыпшақтардың еркек-әйелі түгелдей жақсы жаугер еді 
(О.Сәрсенбаев, Сағым). Атқа бай елдің шатаққа жоғын көргенде, жаугер елдің баласы 
қапа болмай, қалай тұрмақ? («Қаз. әдеб.»). 
227. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет