Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет123/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАНСЕБІЛ ЖАН Жанкешті, қайтпас қайсар адам. Абайдың көңіліне әлдебір 
жолбарыстай, қабыландай қайратты, жансебіл жандар елестеді (М.Әуезов, Абай жолы). 
218. 
ЖАНСЕБІЛ сын. 1. Жанкешті, батыл. Орыс князьдарының бастары қосыла 
бастаған күндерден кейін кешегі қабыландай қайратты, жансебіл жандар, кенет 
құдайдың қарғысы ұрғандай, бастарына сор нөсерлей жауып, сан мәртебе оңай жеңілді 
(I.Есенберлин, Алмасқылыш). 2. Өлермен, жанкешпе. Арманның тәтті азабын тартқан, 
әлсіз үміт жетегінде жансебіл болған, сонда да тауы шағылмаған, тағдыры қасарысқан 
адамның қалпы (Б.Аманшин, Көкжар). Сасық күзеннен қайсар, онан жансебіл аң бар 
ма екен дүниеде (З.Ақышев, Ақбеласуы). Адам деген қандай жансебіл, өлермен келеді 


172
(С.Бақбергенов, Кентау). «Өтірік қанша жансебіл болса да, өсіп-өркендейтін тек 
шындық қана» деп, сол шындық күресінің ұранын көтерді (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). 3. 
Жойқын, қырғын. Жансебіл қырғын елдің есіндегі, Ізі айқын Ұлытауда, Есілдегі. 
Қызылжар қаласында колаланды Қос батыр бір тұғырда есімдері (К.Салықов, 
Жезкиік.). 4. жерг. Бейнетқор, еңбексүйгіш. Қасым нағыз жансебіл, ұзақ күнге 
шаршамайды (Қаз. тілі. аймақ. сөздігі). Әуезовтің жаны не деген сірі, жансебіл, төзімі 
темір, беріктен жаратылған – деп таңқалар еді («Жұлдыз»). 
219. 
ЖАНЫ БЕРІК Қуатты, мықты. Бірақ сен өлмейсің ғой жаның берік, 
Құтқарсаң бар әлемді шыны өліп. Өлмесең де өлтірем өсе келе, Жүрмеспін жолдас 
болып саған еріп (С.Торайғыров, Шығ.).  
220. 
ЖАНЫ СІРІ [ТЕМІР] Шыдамды, мықты, төзімді. Қыздың жаны сірі екен, 
көпке дейін құлаған жоқ (Б.Тоғысбаев, Асыл адам айнымас). Жаны сірі-ақ өзінің. 
Әкесінің соңынан Сібірге ере барып қайтты, өлетін түрі жоқ, – деді әлдекімдер 
мысқылдай сөйлеп (Ә.Әлімжанов, Махамбет). Қой жоғалса, өлсе төлеулі. Байдың бұл 
қойлары суға салса батпайтын, отқа жанбайтын бір жаны темір қойлар болды 
(І.Жансүгіров, Шығ.). 
221. 
ЖАНЫ ҮЛКЕН Үлкен жүректі, ақыл-парасаты мол. Сен болмасаң жолда 
қалып, Жастанар ем бір төбені. Кіп-кішкентай болсаң да өзің, Жаның қандай үлкен еді 
(С.Мәуленов, Алыс кет.). 
222. 
ЖАРҚЫЛДАҚ ауыс. 1. Ақжарқын, көңілді, жайдары. Ойлап отырса, көрші қыз 
соншама еркін, ашық-жарқын, жарқылдақ екен (О.Бөкеев, Қайдасың.). Зина кісіге 
сенгіш, ақкөңіл, жарқылдақ жан (К.Тоқаев, Түнде.). Жаңағы бір жарқылдақ мінезі су 
сепкендей басылған (М.Сүндетов, Ескексіз.). 2. Әсіре; мәнсіз; даңғаза. Осы 
мазмұндағы өлеңдердің де жарқылдақ ұраншылдығы, сөзуарлығы азайды («Уақыт 
және қаламгер»). 
223. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет