Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет286/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   348
18.08.2023 dis

ҚУ [ҚУАҚЫ] ТІЛДІ Сықақшыл, әзілқой. Ол жасынан қазақ арасында өскен әзілқой, 
Қу тілді (Д.Әбілев, Ақын.). – Өздері қу тілді екен (Т.Иманбеков, Үш ай.). Федор Лавриенко 
– ұзын бойлы, көп сөйлейтін, қуақы тілді солдат (Ә.Нұршайықов, Батыр.).
599. 
ҚУ АУЫЗ 1. Сараң, қытымыр, қатты. Қу ауыз Дәменнің бұл қашанғы әдеті ғой
барды жоқ деп отыратын («Қаз. әдеб.»). 2. Аузы жаман, өсекші, жылпос адам. Ақанның 
осылай деп өктегенін, «Құламнан озар жылқы жоқ» дегенін, Жеткізді Батырашқа бір қу 
ауыз, «Құлаға бөктерілер көк» дегенін (І.Жансүгіров, Шығ.). Өйтетін болса Троицкі түгіл 
Мәкәржардан келсе де, қуып жіберу керек ондай қу ауызды! (Д.Әбілев, Ақын.). 3. Аузының 
салымы жоқ адам. Жып-жып етіп саусақтар, Қалдырмайды бір қауыз, Мылжың, кесел 
ішінен, Көрмедім бір қу ауыз (І.Жансүгіров, Шығ.). 
600. 
ҚУ АЯҚ Ала аяқ, залым, зымиян, арамза. Сол елде Қоңқаш деген бір қу аяқ жігіт 
болатын (Абай, Тол. жин.). Бір күні далада аң аулап жүргенде, оған қу аяқ кемпір кез 
болады (Қаз. ертег.). Мәсен ит сол бұзық, қу аяқтарды менің соңыма салды (С.Сейфуллин, 
Шығ.).  
601. 
ҚУ БАСТАН ҚУЫРДАҚ ЕТ АЛАТЫН Өте сараң, жоқтан барды жасайтын адам 
туралы да, арам ниетті адам туралы да айтылады. Және қу бастан қуырдақ ет алды 
дейтін қан сүлік Әбділда болатын (М.Әуезов, Шығ.). 
602. 
ҚУ ЖАҚ Сөз кезегін бермейтін, не болса соны айтып мазаны алатын, әзілқой, 
қалжыңбас, сөзуар. – Мына алшынның қу жақ даугері менен тағы қоныс даулайтын түрі 
бар ғой, – деп ызғарлана сөз бастады (С.Бегалин, Бала Шоқан). Ет пен қаймаққа бір тойып 
қайтуға шыққан қу жақтар не демейді сіздер сияқтыларға (З.Ақышев, Жесірлер). Жантас 
секілді қу жақ балалар сол мезетте-ақ атыңды тоғыз саққа жүгіртіп, тәлкек ете бастайды 
(Б.Соқпақбаев, Менің атым.). 
603. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет