айнымпаз, ала мінез, алақұйын, антбұзғыш, антқор, аумалы, аумалы-
толқымалы, ауытқығыш, ауытқымалы, аяғын сұйылдырғыш, әлпейім, әр
нәрсенің басын бір шалатын, байлауы жоқ, басы бапан, аяғы сапан, басы
таудай, аяғы қылдай, берекесіз, бұлтарғыш, бұлтарма, дәйексіздеу, екісөзді,
жалтарғыш, көтайналғыш, күдікшіл, қалай болса, солай, қашпаған қашардың
[сиырдың] уызы, құбылғыш, құбылмалы, құбылымпаз, құл мінез, құрғақ уәдеден
94
қуырдақ қуыратын, қылт етпе, қылт-сылты көп, опасыз, өзгергіш, өзгермелі,
сатқын, сатымсақ, сенімсіз, сиыр құймышақтандырып жіберетін, сөзбұйдаға
салғыш, сөзі екіұшты, сөзінің аяғы құрдым болатын, сылдыр бақай, табаны
тайғақ, табанының бүрі [бұдыры] жоқ, тайқалақ, тиянақсыз, тұрақсыз,
тұрлаусыз, уәде мырза, уәдеге күпті болған, уәдешіл.
Парықсыздықтан, ақылсыздықтан болатын, көбіне қыз бала, әйел адамның
бойынан табылатын, кейде жағымды болып та бағаланып жүретін бір мінез
сипатын ШОЛЖАҢДЫҚ деген концепт аясына топтастырдық. Олар (35):
байымсыз, бойы бұлғаң, бұла, бұла-болпаш, бұлаңдаған, бұлғақ қаққан, далдың-
дұлдың, ерке бұлан, ерке, ерке-тәйтік, ерке-тәлпіш, ерке-тотай, ерке-шолжаң,
жөн-жосықсыз, кербез, керім, көлең, құтырық, қырымпаз, пайымсыз, парықсыз,
сәйкі, сәнқой, сәнқұмар, сәншіл, сипаң, сылаңгер, сылқым, тәйтік, тәлпіш,
ұшқалақ, шолжақ, шолжақай, шолжаңбай, шолжың деген қатардан тұрады.
Қыз бала қылығымен дейтін қазақ халқы қыз баланың орынсыз қылық
көрсетуін, еркелікке салынуын, орнын білмеуін дұрыс мінезге санамаған.
Ондайды тыйып тастап отырған. Мінез атауына да ерке сөзімен қосарлап
жағымсыз реңктегі сөзді қатар беріп отырған: ерке бұлан, ерке, ерке-тәйтік,
ерке-тәлпіш, ерке-тотай, ерке-шолжаң, жөн-жосықсыз, тәйтік, тәлпіш,
шолжақ, шолжақай, шолжаңбай, шолжың.
Кербездік мінез аса жағымсыз болмаса да, осы топқа жатқызған себебіміз
өзін елден өзгеше көрсету, жасанды кірпияздыққа салыну, өз-өзінен кісімсіну,
сәнқойланып, жасанды кейіпке енгенді еш қай халық қабылдамаған. Ондай
адамдар ақылы жоқтықтан тіпті өзін «елде жоқ етіп көрсетіп», жүріс-тұрысын,
сөйлеуін, қарым-қатынасын өзіне ұқсамайтындай әсемдеймін деп жасандылыққа
ұрынады. Көпшіліктің мазағына айналады. Ондай мінез атаулары: бойы бұлғаң,
бұла, бұлаңдаған, бұлғақ қаққан, кербез, керім, сәнқой, сәнқұмар, сәншіл, сипаң,
сылаңгер, сылқым.
Жағымсыз мінез атауларының келесі тобы МАЗАСЫЗДЫҚ-қа топтасады
( 35 тілдік бірлік). Шыдамсыздану, сабыр сақтай алмау, қазымырлыққа салыну
жеке тұлғаның қадірін кетіретін мінез.
Ә.Табылды күйгелек адамның өмірдегі жақсы, жаман құбылыстардың тек
«жаманын» көретінін, тепе-тең тірлікті теріс ойлайтынын, ешнәрсені ұнатпай
жүретінін, үнемі абыржып, ашуланып жүретінін, тіпті отбасының «ойраны»
болатынын айтады [56, б. 7-11].
Қазақтың табиғаты момын, кейде жайбасар болғандықтан мұндай мінезді
жақтыра бермеген. Аптыққыш, асыққыш, әбігершіл, байбайшыл, байбаламшыл,
бая, баяпыр, бейапар, беймаза, бөспе, быжың, дегбірсіз, дыз етпе, дызалақ,
дызылдақ, дызылдауық, дігірлек, дікілдек, жайсыз, күйгелек, күйгелектеу, қазба,
қазбалағыш, қазымыр, мазасыз, сабырсыз, тағатсыз, тықылдақ, тынымсыз,
тынышсыз, шыдамсыз, шыжбалақ, шыж-быж болғыш, шыжылдақ,
шықылдауық деп жағымсыз реңкпен атаған.
Сонымен бірге болмысы момын, сабырлы, байсалды халық нәрсенің
байыбына бармай, парықсызданып, ұрыс шығаруға дайын, ұрда-жық мінезді
жақтырмаған. Осы мазмұндағы мінез атаулары ҰРЫСҚАҚТЫҚ (35) деген
95
топқа жинақталды. Олар: айқайлағыш, арсылдақ, ашуқор, ашуланғыш,
Достарыңызбен бөлісу: |